997743
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое Научные работыҚазақ әдебиетінен эссе "Жыр жұлдызы-Жұмекен"

Қазақ әдебиетінен эссе "Жыр жұлдызы-Жұмекен"

библиотека
материалов


Жыр жұлдызы - Жұмекен

(естелік -эссе)


Мендегі өмір сен деп өмір сүреді,

Менің елім, менің елім – жыр елі.

Ж. Нәжімеденов


Қазақтың әдебиеті өзінің арғы-бергі ұлы кезеңдерінде ұлт мерейін үстем етер, халқымыздың ойлау, пайымдау қабілетінің орасан кеңдігі мен ересен тереңдігін танытар жалпы адамзаттық биікке көтерілген көркем туындылар мен кемел тұлғаларға бай.

Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын- Алланың  айрықша мейір- шапағаты түскен пендесіне қиял-ғажайып нұры. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қылып қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі-жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген жыр жұлдызы Жұмекен болатын..

Аты шартарапқа таралған, ақындық әлемі нұрлы, лирикалық өлеңдердің өршіл жүйрігі Жұмекен Нәжімеденов қайраткерлігімен де, адамгершілігімен де аңызға айналған абыз ақындардың бірі.Тамыры тереңге кетіп таспен тістесіп өнген, адаса жүріп ақтықта ақиқатқа жеткен, қандай жағдайда да аппақ арының биік жұлдызы – темірқазық бағыттан табан аудармаған қиын тағдырлы,күрделі өмірлі қайсар ақын. Поэзияға жаңаша өрнектер мен айшықтар енгізген, өз өлеңдерінің мағынасымен, шығармашылық жұмысының жоғарлығымен қазақ  әдебиетін бір сатыға жоғары көтерген ақын тұлғасы қазақ  жыр сүйер қауымы үшін  әрдайым асқақ  көрінеді. Жұмекен шығармаларын терең  ұққан сайын  оның  жұлдызы биіктей  береді. Жұмекеннің  ешбір өлеңін самарқау да салғырт оқи  алмайсың. Жұмекен өмірден көргенінің бәрін жанының  сүзгісінен өткізіп, кеудесінен шығар бар асыл ойын жарқыратып көрсете  алады. Қай  өлеңін алсақ та адам образы көз алдыңа  келеді.Оның поэзиясының тақырып ауқымы да мол.

Жұмекенді басқа  ақындардан оқшауландыратыны–оның ойлау  ерекшелігі. Ол  табиғаттағы құбылыстардан адамның мінезінен, тіпті түрлі түспен ешкім ойламаған ерекше керемет түйін жасайды. Мұны Жұмекеннің мына өлең жолдарынан айқын көруге болады

Алдыра бермеді ғой биік маған,

                   Сондықтан да кезім аз ұйықтаған.

                   Әр жинағым арқылы – оқушы емес,

                   Дос пен қасты өз басым үиіп табам.

                   Алдыра бермейді екен биік маған,

                   Қас мерейі- түндерім ұйықтаған

                  Күшті жауым кезде бір иықтаған.

    Міне, осы  өлең жолдары Жұмекен өлеңдерінің мазмұнын ашатын алтын кілт десек артық айтпаған болар едік.

Жазушы Әбділдә Тәжібаев ағамыз: «Жұмекен поэзиясы – біздің ұлттық мақтанышымыз, біздің ашылар алтын сандығымыздың бірі. Ешкімге ұқсамайтын ақынның әрбір шумағы тың қазыналар. Мен поэзияны жақсы түсінетін талантты жас сыншыларды осы алтын сандықтағы асыл байлықтарды ашуға шақырамын,» - деген екен.

«Сәл шыдай тұр, ағайын,

мен өнерде енші алам,

ұқсамайтын ешкімге

жаңадан бір жол салам» деп, өзі айтқандай, ол-ұлттық поэзиямызға ерекше із қалдырған, кейінгі жыр сүйер қауымы табиғаты, болмыс бітімі бөлекше, ой мәнері мәйекті акын Жұмекен Нәжімеденовтің қаламынан туған жыр жауһарының тереңде жатқан асылын іздеп табу, оны насихаттау- бүгінгі ұрпақтың міндеті болып саналады, сонымен қатар, поэзиядағы қолтаңбасы да көзге ұрып тұратын салмақты ой мен философиялық иірімдерге толы ақын өлеңдері жастарды парасат биігіне жетелейді.

Ендеше Жұмекен шығармалары  бүгінгі таңда жастарымызды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге қызмет етеді. Сондай-ақ  Жұмекен шығармаларының келешек ұрпақтың игілігіне айналарына еш күмән жоқ өйткені ақын шығармаларының тамырлары тереңде бұтақтары биікте. «Жыр жұлдызы Жұмекен» атты естелік- эссемді

Бұтақтарым биікте,

Тамырларым тереңде, - деп жырлаған ақын өзін сүйіп оқитын оқырманының сезімін адамгершіліктің биік мұраттарына сілтеп, санасын өмірдің терең сырларымен сусындатады. «Мұндай тереңнен нәр, биіктен нұр емген жыр бәйтерегі,жыр жұлдызы ешқашан сөнбекші емес...»,- деген көркем әдемі тіркеспен қортындылауды жөн көрдім.




















Атырау облысы Исатай ауданы








Жыр жұлдызы Жұмекен

(естелік -эссе)









«Жалпы білім беретін Нарын орта мектебі»

мемлекеттік мекемесінің жоғары санатты

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бөбек Есмағанбетова Ғалымжанқызы













Атырау -2016 жылы


Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Маркетинг: теория и методика обучения в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Педагогическая риторика в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Экскурсоведение: основы организации экскурсионной деятельности»
Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс повышения квалификации «Финансы: управление структурой капитала»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: взаимодействие с органами государственной власти и управления, негосударственными и международными организациями»
Курс профессиональной переподготовки «Уголовно-правовые дисциплины: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинговой деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Гражданско-правовые дисциплины: Теория и методика преподавания в образовательной организации»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.