Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар

Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:




Бекітілді__________________

«Көркем әдебиеттің қоғамдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні» тақырыбы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасы.

Топтаманың мақсаты: Көркем әдебиет туралы оқушыларға түсінік беру. Қазақ әдебиетінің негізгі тақырыптарын ашу, негізгі проблемаларды оқушыларға жеткізе білу, ақындар шығармаларындағы ортақ үндестікті табу, оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, сыни ойлауға дағдыландыру. Оқушылардың қазақ әдебиеті туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың бойларындағы елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімді, патриоттық сезімді ояту.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы « «Блум таксономиясының» «Кубизм» әдісі, «Б.Б.Ү.» әдісі, «Сиқырлы сұрақтар» әдісі, диалогтық оқыту, топтық әңгіме, сергіту сәттері, АКТ-ны қолдану.

Сергіту сәті: «Сәлемдесу», яғни оқушылар әр түрлі сәлемдесіп, жақсы тілектер айтады. Өлең жолдарымен топқа бөлінеді.


1 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Көркем әдебиеттің қоғамдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні



МАҚСАТЫ

Көркем әдебиеттің қоғамдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні туралы жалпы түсінік беру. Қазақ әдебиетінің негізгі тақырыптарын ашу, негізгі проблемаларды оқушыларға жеткізе білу, ақындар шығармаларындағы ортақ үндестікті табу, оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, сыни ойлауға дағдыландыру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: Оқушылар өз беттерімен, жұппен, топпен жұмыс жасауға дағдыланады. Көркем әдебиет туралы мағлұмат алып, шығармалары мәнерлеп оқып, идеясын аша алады, мәселені талдай алады, өз көзқарастарын тақырып бойынша білдіре алады, өлеңді талдауға дағдыланады, өз ойларын толық жеткізіп, оны дәлелдей алады.





МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

( 5 минут)

Жалпы көркем әдебиет туралы «Б.Б.Ү» кестесін толтырады. Көркем әдебиеттің негізгі тақырыптарын оқушылардан шығару.

Оқушылырға ой туғызатын сұрақ қойылады: Өлең оқыған кезде сендер ерекше елітіп, көркем де көрікті әлемге енесіңдер ме? Небір қызғылықты, шытырман, тарихи оқиғаларға құрылған әңгіме, повесть, романдарды оқығанда әсерлерің қандай?

Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар



Диалогтық әңгіме


Сұрақ-жауап

Үш шапалақ,

Смайликтер тарату

Бақылау парағы

Постер, маркер қолдану.


Табиғат көріністерін интербелсенді тақта арқылы көрсету

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

Мәтінмен өз беттерімен танысу.

(Білу, түсіну)

(Талдау)



Қолдану

Сабақтың тақырыбы: Көркем әдебиеттің қоғамдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні. Оқушылар өз беттерімен, жұппен, топпен, жұмыс жасау арқылы мәтіннің мазмұнымен танысады.

Әр топқа мәтіннен үзінді беріледі, сол үзіндіні класс алдына шығып мазмұндайды.

Көркем әдебиет, оның жанрлары туралы әр топ мәлімет дайындайды.

Көркем әдебиет туралы «Б.Б.Ү» кестесін толтыруды жалғастырады, яғни бүгінгі сабақтан нені білдім, алдағы уақытта әлі де нені білгім келеді деп оқушылар кестені толтырады.

Деңгейлік тапсырмалар

Диалогтық әңгіме

Топтық әңгіме

Топтық жұмыс

Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Жеке, жұппен, топпен жұмыс.

Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма

Бағалау парақшалары таратылады: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды

Әр топ мүшесі сөйлеп болған соң үш шапалақ, смайликтер таратылады

Жұлдызшалармен марапатталады

Әр топқа үш шапалақ

Интербелсенді тақтадан Ж. Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқиды


Интербелсенді тақтаға сұрақтар жазылады

Постер, маркер



Постер құру және қорғау



ІІІ.Ой-толғаныс

(10 минут)




Жинақтау 1) Топтық жұмыс: Оқушылар көркем әдебиет туралы эссе, төрт жолды өлең, синквейн жазады.

2) Жалпы қазақ әдебиеті туралы ойларын ортаға салады.

3) Кері байланыс. (Стикер)

Деңгейлік тапсырмалар

Бағалау парақшасымен әр оқушының, әр топтың жұмысын анықтау

Стикер таратылады

Үй тапсырмасы

«Көркем әдебиеттің қоғамдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні» тақырыбын оқып, мазмұндау




+







Бекітілді__________________


2 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Батырлар жыры туралы түсінік



МАҚСАТЫ

Оқушыларға батырлар жыры туралы жалпы мағлұмат беру, батырлар жырының басты: ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорға тақырыптарын өз беттерімен аша білуге үйрету. Оқушылардың бойындағы елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімді ояту.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: батырлар жырының жалпы тақырыптарымен танысады, шығармаларын мәнерлеп оқып, идеясын ашады, талдайды, өз сезімдерін, ойларын жеткізе біледі, өлеңнен теңеу, метафора, яғни көркемдеуіш құралдарды тауып өз сезім-қиялдарымен байланыстырып суреттей алады.



Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Сиқырлы сұрақтар» тәсілі.

Сергіту сәті: «түйме салу» ойыны. Мақал-мәтелдер құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

(5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың кері байланыста жазған «Көркем әдебиет түрлерімен танысқымыз келеді» деген өтініштері ескеріледі.

Қазақ халқының тарихы жайында слайд-шоу көреді.

Сұрақ қойылады:

Қазақ халқын сыртқы жаулардан кім қорғаған?

2-3 м. уақыт беріледі. Оқушылар өз ойларын жұпта, топта талқылайды, әр топтан бір оқушы ортаға шығып айтады.

Топқа бөлу



Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Бағалау парағы таратылады, бірін-бірі, топты бағалайды.

Қазақ халқының тарихы жайында слайд-шоу

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

Жаңа тақырыпты оқушылардан шығарып алу.

Мәтінді мәнерлеп оқу.







Сұрақ қою.


Әр топқа тапсырма беру.



  1. Оқушылар өз беттерімен «Батырлар жыры» деген мәтінді оқып шығады. Мәтін мазмұнын ой елегінен өткізіп алып, алдымен жұпта, содан соң топта талқылайды.

  2. Мәтінді бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қойып, бөлім бойынша мазмұндайды.

  3. Сұрақтарға жауап береді:

1) Ертегілер мен батырлар жырларын салыстырыңдар, қандай айырмашылықтар бар?

2) Батырлар жырындағы ерлік, батырлық, ел қорғау мәселесінің алдыңғы кезекте болатындығы неліктен деп ойлайсыңдар?

3) Батырлар жырына тән сипаттар қандай?

4) Батырлар жырының кейікеріне айналған қандай тарихи тұлғаларды білесіңдер? Олар тарихта қандай ерліктер көрсеткен?

Оқушылар бұл сұрақтарға алдымен өз беттерімен ойланып, содан соң өз ойын жұпта бөлісіп, кейін топта талқылайды, өздері топта ортақ шешімге келіп алып, сұрақтың жауабын класс алдына шығып айтады.

Деңгейлік тапсырмалар



Жеке, жұппен, топпен жұмыс

Жас ерекшеліктеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар

Жеке, жұппен,

топпен диалогтық жұмыс.







Үш шапалақ, жұлдызшалар тарату




Смайликтермен мараппаттау



Үш шапалақ, топ ішінде, басқа топтарды бағалау

Қазақ тарихы жайында слайд.


Интербелсенді тақтада сұрақтар жазылады.




АКТ-мен жұмыс







ІІІ.Ой-толғаныс

(10 минут)






  1. Ертегілер мен батырлар жырларын салыстырыңдар, қандай айырмашылықтар бар?

  2. Батырлар жырындағы ерлік, батырлық, ел қорғау мәселесінің алдыңғы кезекте болатындығы неліктен деп ойлайсыңдар?

  3. Батырлар жырына тән сипаттар қандай?

  4. Батырлар жырының кейікеріне айналған қандай тарихи тұлғаларды білесіңдер? Олар тарихта қандай ерліктер көрсеткен?

Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма

Екі жұлдыз, бір тілек.

Бағалау парақшасымен әр оқушының, әр топтың жұмысын анықтау





ІV. Үй тапсырмасы

  1. Батырлар жыры туралы түсінік

  2. Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер жаттау.




+



Бекітілді__________________


3 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

«Қобыланды батыр» жыры. Эпостық жырдың өзіндік ерекшелігі



МАҚСАТЫ

Оқушылар «Қобыланды батыр» жырының мазмұнымен танысыды. Жырды мәнерлеп оқып, мазмұнын түсініп талдау, идеясын ашу, композициясын анықтау, мәтіндегі ой-пікірлерді анықтап, өз қөзқарастарымен толықтыру, мәтінді талдай білу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: «Қобыланды батыр» жырының мазмұнымен танысыды, шығарманы мәнерлеп оқып, идеясын ашады, талдайды, өз сезімдерін, ойларын жеткізе біледі, өлеңнен теңеу, метафора, яғни көркемдеуіш құралдарды тауып өз сезім-қиялдарымен байланыстырып суреттей алады.



Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Сиқырлы сұрақтар» тәсілі.

Сергіту сәті: «түйме салу» ойыны. Мақал-мәтелдер құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

(5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың кері байланыста жазған «ХХ ғ. қазақ ақын-жазушыларының өмірбаяндары мен шығармаларымен танысқымыз келеді» деген өтініштері ескеріледі.

  1. Батырлар жыры туралы түсінік

  2. Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер жаттау.

Қазақ халқының тарихы жайында слайд-шоу көреді.

Топқа бөлу

Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Бағалау парағы таратылады, бірін-бірі, топты бағалайды.

Қазақ халқының тарихы жайында слайд-шоу

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

Жаңа тақырыпты оқушылардан шығарып алу.

Жырды мәнерлеп оқу.







Сұрақ қою.



Әр топқа тапсырма беру.


Оқушылар қазақ халқының тарихы, яғни қазақ-қалмақ соғысы жайында слайд-шоу көріп болған соң, сұрақ қойылады. «Елді, жерді сыртқы жаулардан кім қорғаған?» Оқушылар бүгінгі сабатың тақырыбын өздері анықтап береді.

Оқушылар жырды мәнерлеп оқиды, берілген сұрақтарға жауап береді.

  1. Қобыландының ерлік істері мен адамгершілік қасиеттері жырда қалай бейнеленген?

  2. Құртқаның ақыл-парасаты мен адамгершілік қасиеттері қандай оқиғалардан көрінеді?

Оқушылар берілген тапсырмаларды алдымен өз бетімен орындап алып, содан соң жұпта, кейін топта талқылайды.

  1. Жырдың мазмұнын жоспар құра отырып, өз сөздеріңмен баяндаңдар.

  2. Қобыланды мен Қараманға салыстырмалы мінездеме беріңдер.

  3. Жырдан монолог сөздерді тауып, мәнерлеп оқыңдар.

  4. Тайбурылдың шабысы суреттелетін тұсты мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар. Оның сөз айшықтарына көңіл бөліңдер.

Деңгейлік тапсырмалар



Жеке, жұппен, топпен жұмыс



Жас ерекшеліктеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар




Жеке, жұппен,

топпен диалогтық жұмыс.


Үш шапалақ, жұлдызшалар тарату




Смайликтермен мараппаттау









Үш шапалақ, топ ішінде, басқа топтарды бағалау

Интербелсенді тақтада сұрақтар жазылады.







АКТ-мен жұмыс







ІІІ.Ой-толғаныс

(10 минут)





«Қобыланды батыр» жырының басты қаһарманы – Қобыланды батыр. Олда басқа батырлар сияқты әдеттен тыс жағдайда дүниеге келген. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашқы ерлігін өһзіне жар таңдау сапарында көрсетеді. Оның жары да өзіне сай ер мінезді, ақыл-парасатқа бай, сезімтал, айнымас жолдас болып келеді. Жырда батырмен ажырамастай бірлікте сипатталатын бейненің бірі – оның аты. Батырдың аты жырда ерекше әсірелене суреттеледі. Сол сияқты жырда «Қобыланды сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді», «Қорамсаққа қол салды, қол салғанда мол салды» деген сияқты тұрақты қайталаулар болады.

Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма


Екі жұлдыз, бір тілек.



Бағалау парақшасымен әр оқушының, әр топтың жұмысын анықтау



ІV. Үй тапсырмасы

«Қобыланды батыр» жырын мәнерлеп оқу.

Жырдағы басты тұлға Қобыланды батыр бейнесін суреттеу.




+


Бекітілді__________________


4 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Шешендік сөздер туралы түсінік. Жиренше шешен.



МАҚСАТЫ

Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер, шешендік сөздердің ерекшеліктері туралы мағлұмат беру. Қазақтың шешендері Майқы би, Жиренше шешен, Асан қайғы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге тоқталып, шешендік өнердің қазақ халқына тән бір ерекше өнері екендігін дәлеледеу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады. Халық ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер, шешендік сөздердің ерекшеліктері туралы біледі. Қазақтың шешендері Майқы би, Жиренше шешен, Асан қайғы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге тоқталып, шешендік өнердің қазақ халқына тән бір ерекше өнері екендігін өз беттерімен біліп, дәлелдейді.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Б.Б.Ү» тәсілі, «Венн» диаграммасы, «Ассоциация» әдісі

Сергіту сәті: «Сыйлық» ойыны. Әр түрлі түстер арқылы топқа бөлу.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

(5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру.

«Қобыланды батыр» жырын мәнерлеп оқу.

Жырдағы басты тұлға Қобыланды батыр бейнесін суреттеу.


Деңгейлік тапсырмалар




Үш шапалақ


Эссе, өлең

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

Халық ауыз әдебиеті тақырыбы бойынша өткен шығармалардан нақты мысалдар келтіре отырып, алған білімдерін еске түсіріп, қайталау




Жаңа сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер туралы түсінік. Жиренше шешен.

Оқушылар алдымен мәтінді өз беттерімен оқып, түсінеді, содан соң жұпта талқылап, кейін топта ортаға салады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, мәтінді қалай түсінгенін мазмұндайды. Оқушыларға мынадай деңгейлік тапсырмалар беріледі:

  1. Шешендік сөздерді неге жанр дейміз?

  2. Шешендік сөздердің түрлерін көрсетіп, мысалдар келтіріңдер.

  3. Шешен-билердің халық арасындағы ықпалын, әсерін, атқарып келген ерекше қызметін айтып беріңдер.

  4. Би-шешендерге тән қасиеттер, олардың қоғамдағы, тарихтағы, өмірдегі орны мен рөлі қандай?

  5. Жиренше шешен туралы не білесіңдер?

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар.

Диалогтық: жеке, жұппен, топпен жұмыс түрлері

Талантты және дарынды оқушыларға арналған тапсырмалар

Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды



Екі жұлдыз, бір тілек.

Үш шапалақ.



Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды




«Ассоциация» құру, қорғау.

АКТ-ны қолдану

Ғаламторға шығу

Презентация құру


Презентация қорғау



ІІІ.Ой-толғаныс (рефлексия)

(10 минут)







Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер - ғасырлар бойы халық сынынан екшеліп өткен құнды мұра, асыл қазына. Қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.

Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке биден қалғанг сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.


Деңгейлік тапсырмалар

Диалогтық, сұрақ-жауап, әңгімелесу түрлері.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар.


Үш шапалақ арқылы марапаттау.

Стикер арқылы кері байланыс.


Барлық тақырыптар бойынша алған бағалары қорытылып, суммативті, яғни қорытынды баға қойылады.

«Б.Б.Ү.» сызбасын толтыру


«Б.Б.Ү.» сызбасын толықтыру




ІV. Үй тапсырмасы

  1. Шешендік сөздер туралы түсінік.

  2. Жиренше шешен.




+



Бекітілді__________________


5 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Қазақ билерінің қоғамдағы қызметі. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сөздеріне шолу.



МАҚСАТЫ

Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер, шешендік сөздердің ерекшеліктері туралы мағлұмат беру. Қазақтың шешендері Майқы би, Жиренше шешен, Асан қайғы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге тоқталып, шешендік өнердің қазақ халқына тән бір ерекше өнері екендігін дәлеледеу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады. Халық ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер, шешендік сөздердің ерекшеліктері туралы біледі. Қазақтың шешендері Майқы би, Жиренше шешен, Асан қайғы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге тоқталып, шешендік өнердің қазақ халқына тән бір ерекше өнері екендігін өз беттерімен біліп, дәлелдейді.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы « «Блум таксономиясының» «Кубизм» әдісі, «Б.Б.Ү.» әдісі, «Сиқырлы сұрақтар» әдісі, диалогтық оқыту, топтық әңгіме, сергіту сәттері, АКТ-ны қолдану.

Сергіту сәті: «Сәлемдесу», яғни оқушылар әр түрлі сәлемдесіп, жақсы тілектер айтады. Өлең жолдарымен топқа бөлінеді.



МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

( 5 минут)

Көркем әдебиеттің негізгі тақырыптарын оқушылардан шығару.

  1. Шешендік сөздер туралы түсінік.

  2. Жиренше шешен.

Оқушылар өткен сабақтағы алған білімдерін қорытындылай келе, жаңа сабақтың тақырыбын өздері анықтайды.

Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Диалогтық әңгіме

Сұрақ-жауап

Үш шапалақ,

Смайликтер тарату

Бақылау парағы

Постер, маркер қолдану.

Табиғат көріністерін интербелсенді тақта арқылы көрсету

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

Мәтінмен өз беттерімен танысу.

(Білу, түсіну)

(Талдау)







Қолдану

Сабақтың тақырыбы: Қазақ билерінің қоғамдағы қызметі. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сөздеріне шолу.

Оқушылар алдымен мәтінді өз беттерімен оқып, түсінеді, содан соң жұпта талқылап, кейін топта ортаға салады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, мәтінді қалай түсінгенін мазмұндайды. Оқушыларға мынадай деңгейлік тапсырмалар беріледі:

  1. Атақты шешен-билерден кімдерді білесіңдер? Сөз үлгілерінен мысалдар келтіріңдер.

  2. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би туралы әңгімеле. (Үш топқа осы үш би туралы посиер қорғап, мәлімет дайындау тапсырмасы беріледі) Әр топ өзінің тапсырмасын қорғайды.


Деңгейлік тапсырмалар

Диалогтық әңгіме

Топтық әңгіме

Топтық жұмыс

Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Жеке, жұппен, топпен жұмыс.

Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма

Бағалау парақшалары таратылады: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды


Әр топ мүшесі сөйлеп болған соң үш шапалақ, смайликтер таратылады

Жұлдызшалармен марапатталады


Әр топқа үш шапалақ

Интербелсенді тақтадан үш бидің өмірі жайында оқиды


Интербелсенді тақтаға сұрақтар жазылады


Постер, маркер


Постер құру және қорғау



ІІІ.Ой-толғаныс

(10 минут)




Шешендік сөз – халықтың тіл қазынасы, сан ғасырлар жүріп өткен тарихымыздың шежіресі. Халық әңгімелерінде Төле бидің білгір-көрегендігі, әулиелігі туралы көп айтылады. «Қарлығаш әулие» атану оқиғасының өзі – соның дәлелі.

«Қаз дауысты Қазыбек айтты» деген аталы сөз ел ішінде көп сақталған. Сондай-ақ Қазыбектің жаратылысынан дарынды, ойлау қабілетінің аса жоғарылығы оның ұлтымыздың ұлылық сипатын, істерін өрісі кең өнегелі ғибратымен жеріне жете жеткізуінде анық таныла түседі.

Деңгейлік тапсырмалар

Бағалау парақшасымен әр оқушының, әр топтың жұмысын анықтау

Стикер таратылады

Үй тапсырмасы

  1. Қазақ билерінің қоғамдағы қызметі.

  2. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сөздеріне шолу.




+






Бекітілді__________________


6 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Қанатты, нақыл сөздер. Қазақ нақыл сөздерінің мән-мағынасы

МАҚСАТЫ

Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер, оның ішінде қанатты, нақыл сөздердің ерекшеліктері туралы мағлұмат беру. Қанатты, нақыл сөздердің қазақ халқына тән бір ерекше өнері екендігін дәлеледеу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады. Халық ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер, оның ішінде қанатты, нақыл сөздердің ерекшеліктері туралы біледі. Қанатты, нақыл сөздердің қазақ халқына тән бір ерекше өнері екендігін өз беттерімен біліп, дәлелдейді.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Сиқырлы сұрақтар» тәсілі.

Сергіту сәті: «түйме салу» ойыны. Мақал-мәтелдер құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

(5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Қазақ билерінің қоғамдағы қызметі.

  2. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сөздеріне шолу

Топқа бөлу

Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Бағалау парағы таратылады, бірін-бірі, топты бағалайды.

Қазақ халқының тарихы жайында слайд-шоу

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

Жаңа тақырыпты оқушылардан шығарып алу.

Мәтінді мәнерлеп оқу.


Сұрақ қою.


Әр топқа тапсырма беру.




Жаңа сабақтың тақырыбы: Қанатты, нақыл сөздер. Қазақ нақыл сөздерінің мән-мағынасы.

Оқушылар алдымен мәтінді өз беттерімен оқып, түсінеді, содан соң жұпта талқылап, кейін топта ортаға салады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, мәтінді қалай түсінгенін мазмұндайды. Оқушыларға мынадай деңгейлік тапсырмалар беріледі:

  1. Шешендік сөздерді неге жанр дейміз?

  2. Шешендік сөздердің түрлерін көрсетіп, мысалдар келтіріңдер.

  3. Шешен-билердің халық арасындағы ықпалын, әсерін, атқарып келген ерекше қызметін айтып беріңдер.

  4. Би-шешендерге тән қасиеттер, олардың қоғамдағы, тарихтағы, өмірдегі орны мен рөлі қандай?

  5. Жиренше шешен туралы не білесіңдер



Деңгейлік тапсырмалар



Жеке, жұппен, топпен жұмыс


Жас ерекшеліктеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар

Жеке, жұппен,

топпен диалогтық жұмыс







Үш шапалақ, жұлдызшалар тарату



Смайликтермен мараппаттау


Үш шапалақ, топ ішінде, басқа топтарды бағалау


Қазақ тарихы жайында слайд.


Интербелсенді тақтада сұрақтар жазылады.







АКТ-мен жұмыс



ІІІ.Ой-толғаныс

(10 минут)










Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер - ғасырлар бойы халық сынынан екшеліп өткен құнды мұра, асыл қазына. Қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.

Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке биден қалғанг сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.

Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма




Екі жұлдыз, бір тілек.



Бағалау парақшасымен әр оқушының, әр топтың жұмысын анықтау






ІV. Үй тапсырмасы

  1. Қанатты, нақыл сөздер.

  2. Қазақ нақыл сөздерінің мән-мағынасы




+















Бекітілді__________________

«ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» тақырыбы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасы.

Топтаманың мақсаты: Көркем әдебиеттің адам өміріндегі орны туралы қысқаша мағлұмат беру. Қазақ әдебиетінің негізгі тақырыптарын ашу, негізгі проблемаларды оқушыларға жеткізе білу, ақындар шығармаларындағы ортақ үндестікті табу, оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, сыни ойлауға дағдыландыру. Оқушылардың қазақ әдебиеті туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың бойларындағы елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімді, патриоттық сезімді ояту.


7 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы. «О, Ақтан жас» өлеңі.



МАҚСАТЫ

Оқушыларды ақын өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсініп талдау, идеясын ашу, композициясын анықтау, өлеңдегі ой-пікірлерді анықтап, өз қөзқарастарымен толықтыру, мәтінді талдай білу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: ақын өмірімен танысады, шығармаларын мәнерлеп оқып, идеясын ашады, талдайды, өз сезімдерін, ойларын жеткізе біледі, өлеңнен теңеу, метафора, яғни көркемдеуіш құралдарды тауып өз сезім-қиялдарымен байланыстырып суреттей алады.



Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Сиқырлы сұрақтар» тәсілі.Сергіту сәті: «түйме салу» ойыны. Мақал-мәтелдер құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

(5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың кері байланыста жазған «ХІХ ғ. қазақ ақын-жазушыларының өмірбаяндары мен шығармаларымен танысқымыз келеді» деген өтініштері ескеріледі.

Қазақ халқының тарихы жайында слайд-шоу көреді.

Оқушылар өз беттерімен оқулықтан Д.Бабатайұлының өмірімен танысып, алдымен жұпта, содан соң топта талқылайды, әр топтан бір оқушы ортаға шығып мазмұндайды.

Топқа бөлу



Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Бағалау парағы таратылады, бірін-бірі, топты бағалайды.

Қазақ халқының тарихы жайында слайд-шоу

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

Жаңа тақырыпты оқушылардан шығарып алу.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Сұрақ қою.



Әр топқа тапсырма беру.



3) Сиқырлы сұрақтар:

1. «Айтқызбасымды айтқыздың» өлеңінің үзіндісін қалай түсінгендеріңді айтып беріңдер. Соған қарап Дулат қандай ақын болған деуге болады?

2. Өлеңді талда.

3. Мәтіннен Дулаттың өмірлік мақсатын, ақындық мұратын білдіретін жолдарды табыңдар.

4. Ақынның сыншылдығы мен шыншылдығын, батылдығын арнау өлеңдерін дәлелдеңдер.

5. «Сүлейменге» өлеңінің басқа төрелерге арнауынан айырмасы қандай?

6. Дулаттың туған жер, оның сұлу табиғаты туралы өлеңдерінде сүйініш пен күйініш сезімдерінің қатар суреттелетініне назар аударыңдар. Оның себебін мысал келтіре отырып анықтаңдар.

7. Дулаттың туған жер туралы толғауларының тәрбиелік мәнін көрсетіңдер. Жауаптарыңда «меніңше, менің ойымша, әдемі кестелеген, шебер суреттеген, тамаша бейнелеген, көрсете білген» деген сөз тіркестерін қолданыңдар.

Деңгейлік тапсырмалар



Жеке, жұппен, топпен жұмыс



Жас ерекшеліктеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар

Жеке, жұппен,

топпен диалогтық жұмыс.







Үш шапалақ, жұлдызшалар тарату




Смайликтермен мараппаттау



Үш шапалақ, топ ішінде, басқа топтарды бағалау

Дулат Бабатайұлының қысқаша өмірі мен шығармашылығы туралы слайд.


Интербелсенді тақтада сұрақтар жазылады.


АКТ-мен жұмыс




ІІІ.Ой-толғаныс

(10 минут)






Дулат Бабатайұлы ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. Ол өз заманында дана, ел тарихы, өмірі туралы білімі мол, түсінігі терең кісі болған.

Дулат – қазақ даласында отарлық билік толық орнаған заманның ақыны. Ақын ел арасынан шыққан әкімдердің ұнамсыз қылықтарын оларға бетпе-бет, көп адамның алдында айтады.

Дулат еркіндігі жоқ халықтың бірлігі, елдік қасиеті азаяды, әркім өзінің қамын ойлап, ел ішіне неше түрлі жаман қылықтар жайылады деп біледі.Өз мүддесін ғана ойлайтындарға ыза болады, бостандық дегенді ойларына алмай, бодандыққа көніп отырғандарына қатты сынап жырлайды.

Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма






Екі жұлдыз, бір тілек.



Бағалау парақшасымен әр оқушының, әр топтың жұмысын анықтау




ІV. Үй тапсырмасы

  1. Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы.

  2. Отан, туған жер, батырлық туралы мақал-мәтелдер жаттау.

  3. «О, Ақтан жас» өлеңін жаттау




+

Бекітілді__________________


8 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Махамбет Өтемісұлы. «Тарланым» өлеңі.



МАҚСАТЫ

Оқушыларды Махамбет Өтемісұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстырып, «Тарланым» өлеңінің мазмұнын, идеясын ашу, өлеңді талдап үйрену. Оқушылардың поэзия туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың бойларындағы елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімді, патриоттық сезімді ояту.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: Оқушылар өз беттерімен, жұппен, топпен жұмыс жасауға дағдыланады, өлеңнің мазмұнын түсінеді, өлеңді мәнерлеп оқып, идеясын аша алады, мәселені талдай алады, өз көзқарастарын тақырып бойынша білдіре алады, өлеңді талдауға дағдыланады, өз ойларын толық жеткізіп, оны дәлелдей алады.


Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Б.Б.Ү» тәсілі, «Венн» диаграммасы, «Ассоциация» әдісі

Сергіту сәті: «Сыйлық» ойыны. Әр түрлі түстер арқылы топқа бөлу.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

(5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы.

  2. Отан, туған жер, батырлық туралы мақал-мәтелдер жаттау.

  3. «О, Ақтан жас» өлеңін жаттау

Деңгейлік тапсырмалар




Үш шапалақ


Эссе, өлең

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

ХХ ғасыр қазақ поэзиясы тақырыбы бойынша өткен шығармалардан нақты мысалдар келтіре отырып, алған білімдерін еске түсіріп, қайталау арқылы оқушы білімін бақылау, тексеру, толықтыру.

Жаңа тақырып: Махамбет Өтемісұлы. «Тарланым» өлеңі.

Оқушылар Махамбет Өтемісұлының өмірімен, шығармашылығымен, «Тарланым» өлеңінің мазмұнымен алдымен өздері танысып алып, содан соң жұппен, топпен талқылап, қысқаша өз түсінгендерін ортаға шығып баяндайды.

Оқушыларға өлең бойынша берілген тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Махамбеттің өмірбаяны туралы айтып беріңдер.

  2. Махамбеттің ақындық өнері мен батырлығы туралы мысал келтіре отырып айтыңдар.

  3. Исатай екеуінің халықты көтеріліске бастауының мақсаты не еді? Ол туралы махамбеттің өзі не деді?

  4. Ақынның ел мен жер туралы өлеңдерін атаңдар. Алған әсерлерің туралы айтып беріңдер.

  5. «Тарланым» өлеңдерінде Исатайдың өлгенін қандай бейнелі сөздермен берген?

  6. Махамбеттің Исатай туралы өлеңдерінен көз алдарыңа қандай адамның бейнесі елестейді?

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар.


Диалогтық: жеке, жұппен, топпен жұмыс түрлері



Талантты және дарынды оқушыларға арналған тапсырмалар


Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды





Екі жұлдыз, бір тілек.

Үш шапалақ.



Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды



«Ассоциация» құру, қорғау.


АКТ-ны қолдану

Ғаламторға шығу

Презентация құру


Презентация қорғау


«Б.Б.Ү.» сызбасын толтыру

ІІІ.Ой-толғаныс (рефлексия)

(10 минут)






Махамбет поэзиясы – көтеріліс, соғыс, ондағы ерлік туралы өлеңдер. Ақын бостандық, ерлік пен ездік, өмір мен өлім, ел мен жер, халық пен билік, достық пен дұшпандық туралы арманының бәрін осы тақырыптың аясында жырлаған. Махамбет – халық кегінің жоқтаушысы. Оның өлеңдері – қарапайым халықтың жерін тартып алған отаршылдар мен хан-сұлтандарға деген ыза-кегі. Ақын барлық өлеңдерінде өмірлік мақсат-мұратын анық айтып, нақты көрсетеді. Махамбет – қандай жағдайға тап болса да ар-намысына дақ түсірмейтін қаһарман.

Деңгейлік тапсырмалар

Диалогтық, сұрақ-жауап, әңгімелесу түрлері.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар.

Үш шапалақ арқылы марапаттау.

Стикер арқылы кері байланыс.

Барлық тақырыптар бойынша алған бағалары қорытылып, суммативті, яғни қорытынды баға қойылады.


«Б.Б.Ү.» сызбасын толтыру



«Б.Б.Ү.» сызбасын толықтыру


ІV. Үй тапсырмасы

  1. Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұндау.

  2. «Тарланым» өлеңін мәнерлеп оқып, жаттау.




+

Бекітілді__________________


9 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Абай Құнанбайұлы. Өмірі, шығармашылық жолы.



МАҚСАТЫ

Оқушыларды Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, сыни ойлауға дағдыландыру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: Оқушылар өз беттерімен, жұппен, топпен жұмыс жасауға дағдыланады, өлеңнің мазмұнын түсінеді, өлеңді мәнерлеп оқып, идеясын аша алады, мәселені талдай алады, өз көзқарастарын тақырып бойынша білдіре алады, өлеңді талдауға дағдыланады, өз ойларын толық жеткізіп, оны дәлелдей алады.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы « «Блум таксономиясының» «Кубизм» әдісі, «Б.Б.Ү.» әдісі, «Сиқырлы сұрақтар» әдісі, диалогтық оқыту, топтық әңгіме, сергіту сәттері, АКТ-ны қолдану.

Сергіту сәті: «Сәлемдесу», яғни оқушылар әр түрлі сәлемдесіп, жақсы тілектер айтады. Өлең жолдарымен топқа бөлінеді.



МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

( 5 минут)

ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті туралы түсінік беру.

  1. Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұндау.

  2. «Тарланым» өлеңін мәнерлеп оқып, жаттау.

Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Диалогтық әңгіме

Сұрақ-жауап

Үш шапалақ,

Смайликтер тарату

Бақылау парағы

Постер, маркер қолдану.

ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ ақын-жазушыларымен танысады.

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

Мәтінмен өз беттерімен танысу.

(Білу, түсіну)

(Талдау)







Қолдану

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы.

Оқушылар өз беттерімен, жұппен, топпен, жұмыс жасау арқылы мәтіннің мазмұнымен танысады. Әр топқа мәтіннен үзінді беріледі, сол үзіндіні класс алдына шығып мазмұндайды.

Әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі, әр топ мәлімет дайындайды.

  1. Абай қандай қандай отбасында өмірге келген? Туғанда Ибрагим деген ат қойылса да, Абай аталып кетуінің себебі не?

  2. Абай отбасында қалай тәрбиеленді? Балалық шағы туралы әңгімелеп беріңдер.

  3. Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуы Абайдың шығармашылық өмірінде қандай рөл атқарды?



Деңгейлік тапсырмалар

Диалогтық әңгіме

Топтық әңгіме

Топтық жұмыс

Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Жеке, жұппен, топпен жұмыс.


Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма

Бағалау парақшалары таратылады: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды


Әр топ мүшесі сөйлеп болған соң үш шапалақ, смайликтер таратылады

Жұлдызшалармен марапатталады


Әр топқа үш шапалақ

Интербелсенді тақтадан Абай Құнанбайүлының өмірі мен шығармашылық жолы жалпы шолу


Интербелсенді тақтаға сұрақтар жазылады



Постер, маркер


Постер құру және қорғау



ІІІ.Ой-толғаныс

(10 минут)


Абай – қазақ әдебиеті тарихында жаңа дәуір ашқан ұлы ақын. Ол қазақтың реалистік жаңа – жазба әдебиетінің негізін салды. Оның шығармаларында өз тұсындағы қазақтың қоғамдық өмірінің, халық тіршілігінің шындығы шынайы да өте көркем бейнеленген.

Деңгейлік тапсырмалар

Бағалау парақшасымен әр оқушының, әр топтың жұмысын анықтау

Стикер таратылады


Үй тапсырмасы

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы мазмұндау.




+







Бекітілді__________________


10 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Абайдың «Жетінші қарасөзі». Абайдың қарасөздері туралы түсінік.



МАҚСАТЫ

Абайдың жалпы қара сөздері туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру, Абайдың қара сөздерінің мәнін жете түсініп, өз бетімен талдау, өз бойындағы жақсы және жаман мінездерін ашып айту. Абайдың қара сөздерінің философиялық мән-мағынасына жете түсініп, сараптап, басқалардың пікірімен санасып, ой түйіндеу.



КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: Абайдың қара сөздерінің мәніне түсініп, өз бетімен талдай алады, өз бойындағы жақсы және жаман мінездерін ашып айтып, достарымен бөліседі, Абайдың қара сөздерінің философиялық мән-мағынасына жете түсініп, сараптап, басқалардың пікірімен санасып, ой түйіндей алады.


Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Кубизм» тәсілі.

Сергіту сәті: «Қол қимылымен сыйлық ұсыну, оны табу». Үш түрлі магнитті кластағы дарынды оқушыларға таратып, оған жабысатын сол түстегі түйреуіштерді қалған балаларға таратып, сол арқылы топқа бөлінеді.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

(10 минут)

Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ: Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білесіңдер?

  1. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы мазмұндау.

  2. «Ақыл, қайрат, намыс» сөздерін кірістіріп төрт жолды өлең құрастырыңдар.


Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма

Үш шапалақ, смайликтер тарату



Үш шапалақ, смайликтер тарату

Интербелсенді тақта

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

Жаңа сабақтың тақырыбын шығарып алу.

Жаңа сабақтың тақырыбы: Абайдың «Жетінші» қара сөзі.

Оқушылар өлең мен қара сөздің айырмашылығын анықтайды. Ол үшін оқулықтағы Абайдың «Отыз бірінші қара сөзін» оқып, өлеңнен қандай өзгешелігі бар екенін айтады. Содан соң мәтінмен өз беттерімен танысып, алдымен жұпта, содан соң топта талқылап мазмұнын талдайды. Ол үшін мынадай тапсырмалар мен сұрақтар беріледі:

  1. Қарасөздегі ой-тұжырымдардың шынайылығы мен өміршеңдігіне көңіл аударыңдар.

  2. Ақын кеңесі мен өсиетін күнделікті тәжірибемен байланыстырып көріңдер.

  3. Абай айтқан ой кеселдерінен әрқашан бойларыңды аулақ ұстаңдар.

Оқушылар осы берілген тапсырмаларды ой елегінен өткізіп, талдап, күнделікті өз бойларындағы жақсы және жаман мінездерімен достарымен бөліседі.


Жас ерекшеліктері

не байланысты деңгейлік тапсырмалар

Жеке, жұппен, топпен жұмыс

Диалогтық жұмыс Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма


Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды









Әр топтан кейін

үш шапалақ


«Кубизм» әдісі. Кубик лақтыру.




Постер құру


«Венн» диаграммасы



Постер қорғау



ІІІ.Ой-толғаныс

(5 минут)




Абай ХІХ ғасырдың 90-жылдары өзінің ой толғаныстарын қара сөздермен жазған. Абайдың қара сөздері – көркем әңгіме емес, даналық сөздер. Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей өқрылған. Ел қамын ойлаған ұлы ойшыл ғалымның өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым-қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.

Талантты және дарынды оқушыларға жұмыс

Екі жұлдыз, бір тілек.

Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды

Кері байланыс

Интербелсенді тақта

ІV. Үй тапсырмасы

  1. Абайдың қара сөздері туралы мәлімет.

  2. «Жетінші» қара сөзін түсініп оқу және жаттау.




+













Бекітілді__________________

«20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіне жалпы шолу» тақырыбы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасы.

Топтаманың мақсаты: 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіне қысқаша шолу жасау. Қазақ әдебиетінің негізгі тақырыптарын ашу, негізгі проблемаларды оқушыларға жеткізе білу, ақындар шығармаларындағы ортақ үндестікті табу, оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, сыни ойлауға дағдыландыру. Оқушылардың қазақ әдебиеті туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың бойларындағы елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімді, патриоттық сезімді ояту.


11 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Ахмет Байтұрсынов. Мысал аудармалары. «Қырық мысал» жинағы



МАҚСАТЫ

Оқушыларды Ахмет Байтұрсыновтың аударма мысалдарымен таныстыру. «Қырық мысал» жинағындағы мысалдарды мәнерлеп оқу, мазмұнын түсініп талдау, идеясын ашу, композициясын анықтау, мысалдардағы ой-пікірлерді анықтап, өз қөзқарастарымен толықтыру, мәтінді талдай білу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: ақын өмірімен танысады, шығармаларын мәнерлеп оқып, идеясын ашады, талдайды, өз сезімдерін, ойларын жеткізе біледі, өлеңнен теңеу, метафора, яғни көркемдеуіш құралдарды тауып өз сезім-қиялдарымен байланыстырып суреттей алады.



Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Кубизм» тәсілі.

Сергіту сәті: «Қол қимылымен сыйлық ұсыну, оны табу». Үш түрлі магнитті кластағы дарынды оқушыларға таратып, оған жабысатын сол түстегі түйреуіштерді қалған балаларға таратып, сол арқылы топқа бөлінеді.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

(10 минут)

Үй тапсырмасын тексеру.


1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық өмірбаяны.

2. «Маса» жинағы туралы әңгімелеу.

Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығының үлкен саласының бірі – поэзия.Ол И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, «Қырық мысал» деген атпен – 1909 жылы Петербургте бастырып шығарды. А.Байтұрсынов Крылов мысалдарының сюжетін дамыта отырып, оған қазақ халқының тұрмысына сай жолдар қосады.

Жас ерекшеліктеріне байланысты

Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма

Үш шапалақ, смайликтер тарату



Үш шапалақ, смайликтер тарату

Интербелсенді тақта

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

Жаңа сабақтың тақырыбын шығарып алу.

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов. Мысал аудармалары. «Қырық мысал» жинағы.

Оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың мысал аудармаларымен, оның «Қырық мысал» жинағымен

өз беттерімен оқып, танысады. Әр топта жұппен, топпен жұмыс жасап, бірін-бірі тыңдап, талдайды.

  1. А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал» жинағындағы аудармаларының негізгі идеясы не?

  2. «Ала қойлар» мысалының отаршылдық саясатты әшкерелеуші идеясын айтыңдар.

  3. «малшы мен маса» мысалын» түпнұсқамен салыстырыңдар, ерекшелігін көрсетіңдер.

  4. «Қасқыр мен қозы» мысалында қазақ халқының тағдыры қалай көрсетіледі?

Жас ерекшеліктеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар

Жеке, жұппен, топпен жұмыс

Диалогтық жұмыс Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма

Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды




Әр топтан кейін

үш шапалақ

«Кубизм» әдісі. Кубик лақтыру.




АКТ. Ғаламторға шығу


Презентация құру




ІІІ.Ой-толғаныс

(5 минут)


Ахмет Байтұрсынов Абай аудармасымен жете таныс болғандықтан, Крыловтың түпнұсқасынан да, Абай аудармасынан да алшақтыққа бет бұрған. Крылов мысалдарын Байтұрсынов аударуындағы ерекшелік – Байтұрсыновтың өзіне дейінгі мысал нұсқаларына еш ұқсатпай жазып шыққандығында.

Ахмет өз жанынан бірде-бір мысал шығармады. Бұрыннан мысал сюжеті, адамзатқа ортақ алтын қазына болып есептеледі.

Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму тарихындағы биік белес. Ол қазақ әдебиетіндегі нағыз ұлт-азатшыл поэзияның негізін қалап, азаматтық жыр үлгісін алып келді.

Талантты және дарынды оқушыларға жұмыс

Екі жұлдыз, бір тілек.


Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды


Кері байланыс


Интербелсенді тақта

ІV. Үй

тапсырмасы

Ахмет Байтұрсынов. Мысал аудармалары. «Қырық мысал» жинағы

Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіндегі орны




+

Бекітілді__________________


12 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен қазақ» өлеңдері. Әдебиет теориясы, лирикалық қаһарман.



МАҚСАТЫ

Оқушыларды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаянымен, туындылармен таныстыру. «Қалың мал» романымен танысып, мазмұнын түсініп талдау, идеясын ашу, композициясын анықтау, мысалдардағы ой-пікірлерді анықтап, өз қөзқарастарымен толықтыру, мәтінді талдай білу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: ақын өмірімен танысады, шығармаларын мәнерлеп оқып, идеясын ашады, талдайды, өз сезімдерін, ойларын жеткізе біледі, өлеңнен теңеу, метафора, яғни көркемдеуіш құралдарды тауып өз сезім-қиялдарымен байланыстырып суреттей алады.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы « «Блум таксономиясының» «Кубизм» әдісі, «Б.Б.Ү.» әдісі, «Сиқырлы сұрақтар» әдісі, диалогтық оқыту, топтық әңгіме, сергіту сәттері, АКТ-ны қолдану.

Сергіту сәті: «Сәлемдесу», яғни оқушылар әр түрлі сәлемдесіп, жақсы тілектер айтады. Өлең жолдарымен топқа бөлінеді.



МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

( 5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру: Ақынның азаматтық жырлары.


Ахмет Байтұрсынов. Мысал аудармалары. «Қырық мысал» жинағы

Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіндегі орны.


Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Диалогтық әңгіме

Сұрақ-жауап

Үш шапалақ,

Смайликтер тарату

Бақылау парағы

Постер, маркер қолдану.

Табиғат көріністерін интербелсенді тақта арқылы көрсету

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

«Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы» тақырыбын оқушылардан шығару.

(Білу, түсіну)

(Талдау)



Қолдану

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы.

Оқушылар өз беттерімен, жұппен, топпен, жұмыс жасау арқылы мәтіннің мазмұнымен танысады. Әр топқа мәтіннен үзінді беріледі, сол үзіндіні класс алдына шығып мазмұндайды.

Әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі:

  1. С.Торайғыров шығармаларын атаңдар.

  2. С.Торайғыров өмірбаянын айтыңдар.

  3. С.Торайғыров жасөспірім кезінде алдына қандай мақсат қойды?

  4. С. Торайғыровтың өлеңдері қандай тақырыпқа жазылған?

  5. «Қамар сұлу» романының негізгі идеясы қандай?

  6. Сұлтанмахмұттың табиғат лирикасына қандай өлеңдері жатады?


Деңгейлік тапсырмалар

Диалогтық әңгіме

Топтық әңгіме

Топтық жұмыс

Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Жеке, жұппен, топпен жұмыс.

Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма

Бағалау парақшалары таратылады: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды


Әр топ мүшесі сөйлеп болған соң үш шапалақ, смайликтер таратылады



Жұлдызшалармен марапатталады


Әр топқа үш шапалақ

Интербелсенді тақтадан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқиды



Интербелсенді тақтаға сұрақтар жазылады



Постер, маркер

Постер құру және қорғау



ІІІ.Ой-толғаныс

(10 минут)




Жинақтау 1) Топтық жұмыс: Оқушылар 20 ғасыр қазақ халқының тұрмыс-салты туралы эссе, төрт жолды өлең, синквейн жазады.

2) 20 ғасыр қазақ әдебиеті туралы ойларын ортаға салады.

3) Кері байланыс. (Стикер)

Деңгейлік тапсырмалар

Бағалау парақшасымен әр оқушының, әр топтың жұмысын анықтау

Стикер таратылады

Үй тапсырмасы

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы.

«Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін жаттау.




+






Бекітілді__________________


13 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Жүсіпбек Аймауытов өмірі, шығармашылығы. «Әнші» әңгімесі, қала жастарының өнерді жоғары бағалауы.



МАҚСАТЫ

Көркем проза шебері – Жүсіпбек Аймауытов өмірімен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. Оқушыларды өз беттерімен «Әнші» әңгімесімен таныса отырып, ұлтымыздың салт-дәстүрі.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: өз бетімен Жүсіпбек Аймауытовтың өмірімен, шығармашылығымен, «Әнші» әңгімесімен таныса отырып, ұлтымыздың салт-дәстүрі, әншінің қатал тағдырымен қатар өр мінезді екенін дәлелдеп, әңгіме жайында өз ойларын жеткізе біледі.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Б.Б.Ү» тәсілі, «Венн» диаграммасы, «Ассоциация» әдісі

Сергіту сәті: «Сыйлық» ойыны. Әр түрлі түстер арқылы топқа бөлу.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

(5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру.


Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы.

«Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін жаттау.

Деңгейлік тапсырмалар




Үш шапалақ


Эссе, өлең

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

ХХ ғасыр қазақ поэзиясы тақырыбы бойынша өткен шығармалар

дан нақты мысалдар келтіре отырып, алған білімдерін еске түсіріп, қайталау арқылы оқушы білімін бақылау


Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов – көркем проза шебері. «Әнші» әңгімесі.

Оқушылар өз беттерімен Ж.Аймауытов, шығармашылығымен танысып, алдымен жеке, содан соң жұпта, топта талқылап, берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жауап береді.

  1. Ж.Аймауытов шығармалары қандай жанрларда жазылған және қандай әңгімелер жазады?

  2. Ж.Аймауытовтың алғашқы романы қалай аталады және оның негізгі идеясы қандай?

  3. «Ақбілек» романында автор нені суреттеуді мақсат етеді?

  4. «Қазақ әдебиетінің табысы» деген сөйлемді кеңейтіп, толық баяндаңдар.

  5. Ақбілек бейнесіне сипаттама беріңдер.

  6. Шернияздың тағдыры арқылы жазушы нені көрсетеді.

Талантты және дарынды оқушылар өз тапсырмаларына байланысты синквейн, төрт жолды өлең, эссе жазуға да болады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар.


Диалогтық: жеке, жұппен, топпен жұмыс түрлері

Талантты және дарынды оқушыларға арналған тапсырмалар


Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды






Екі жұлдыз, бір тілек.

Үш шапалақ.

Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды





АКТ-ны қолдану

Ғаламторға шығу



Презентация құру


Презентация қорғау


«Б.Б.Ү.» сызбасын толтыру


ІІІ.Ой-толғаныс (рефлексия)

(10 минут)






ХХ ғасырдағы қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетінің алтын қорына керемер көркем шығармалар қосқан, сан қырлы талант иелерінің бірі – Жүсіпбек Аймауытов. Ол – әдебиеттің барлық жанрында да өлшеусіз еңбек еткен жазушы. Өзін әдебиетте шағын әңгіме жанрында шеберлігімен таныта білген Ж.Аймауытовтың «Елес»,»Жол үстінде», «Әнші», «Жапырықтар», «Қара бақсы» әңгімелерінен кейінгі күрделі шығармалары «Қартқожа», «Ақбілек», «Күнікейдің жазығы» атты романдары. «Ақбілек» романы – қазақ халқының ұлы өзгерістер тұсында көрген қасірет-тауқыметін, қорлық-зорлығын, жаңа өмірге бет бұрысын қарапайым қазақ қызының тағдыры арқылы кең көлемде көрсеткен туынды.

Диалогтық, сұрақ-жауап, әңгімелесу түрлері.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар.

Үш шапалақ арқылы марапаттау.

Стикер арқылы кері байланыс.

Барлық тақырыптар бойынша алған бағалары қорытылып, суммативті, яғни қорытынды баға қойылады.


«Б.Б.Ү.» сызбасын толтыру

«Ассоциация» құру.

«Б.Б.Ү.» сызбасын толықтыру



ІV. Үй тапсырмасы

  1. Жүсіпбек Аймауытов – көркем проза шебері.

  2. «Әнші» әңгімесін оқып, мазмұндау.





+

Бекітілді__________________


14 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы. Мағжан лирик ақын.



МАҚСАТЫ

Оқушыларды Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсініп талдау, идеясын ашу, композициясын анықтау, өлеңдегі ой-пікірлерді анықтап, өз қөзқарастарымен толықтыру, мәтінді талдай білу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: ақын өмірімен танысады, шығармаларын мәнерлеп оқып, идеясын ашады, талдайды, өз сезімдерін, ойларын жеткізе біледі, өлеңнен теңеу, метафора, яғни көркемдеуіш құралдарды тауып өз сезім-қиялдарымен байланыстырып суреттей алады.



Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Кубизм» тәсілі.

Сергіту сәті: «Қол қимылымен сыйлық ұсыну, оны табу». Үш түрлі магнитті кластағы дарынды оқушыларға таратып, оған жабысатын сол түстегі түйреуіштерді қалған балаларға таратып, сол арқылы топқа бөлінеді.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

(10 минут)

Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ: Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білесіңдер?

  1. Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы.

  2. «Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқу.

Сәкеннің өмірбаянын қысқаша әңгімелеу, жазған шығармаларын атау. «Адамның шын пиғылдары қиыншылықта ғана анық білінеді екен» деген пікірді қалай түсінесіңдер?

Жас ерекшеліктеріне байланысты

Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма

Үш шапалақ, смайликтер тарату



Үш шапалақ, смайликтер тарату

Интербелсенді тақта

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)



Жаңа сабақтың тақырыбын шығарып алу.

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы. Мағжан – лирик ақын.

Оқушылар өз беттерімен тақырыппен танысады, түсінгенін жұппен, сосын топпен бөліседі, әр топтан бір оқушыдан шығып, өлеңді бөліп мазмұндайды.

Оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар беріледі:

  1. М.Жұмабаев өмірін баяндаңдар.

  2. М.Жұмабаевтың азаматтық көзқарасының қалыптасуына кімдер ықпал етті?

  3. Мағжанның «Жазғы жолда» деген өлеңінде қандай мұң сезіледі?

  4. Ақынның «Толқын» өлеңіндегі тынымсыз қозғалысты адам өмірімен салыстырыңдар.

  5. Мағжанның «Сүй, жан сәулем» өлеңінде махаббат ләззаты қалай суреттелген?

  6. Мағжан Жұмабаевтың қандай поэмалары бар?

  7. «Батыр Баян» поэмасының романтикалық шығарма екенін дәлелдеңдер.

  8. Баян образын әңгімелеңдер.

Оқушыларға сұрақтар мен тапсырмаларға алдымен өз беттерімен ойланып, содан соң жұпта, кейін топта талқылап, постер құрып, өз ойларын ортаға салады.


Жас ерекшеліктеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар


Жеке, жұппен, топпен жұмыс



Диалогтық жұмыс Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма

Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды








Әр топтан кейін

үш шапалақ

«Кубизм» әдісі. Кубик лақтыру.

АКТ.


Постер құру


«Венн» диаграммасы




Постер қорғау



ІІІ.Ой-толғаныс

(5 минут)








Мағжан – лирик ақын. Мағжан – сезімнің жыршысы, сыршыл ақын. Сыршылдық, әсіресе, оның махаббат тақырыптарына жазған өлеңдерінде өзгеше көзге түседі. Мағжан поэзиясының тақырыбы да әр алуан. Мағжан тарихи шындықтан өзі екшеп алып, туындысына көркемдік шындықты дарытқан. Тарихтағы Баян дәл мұндай болмаса да, дәл осылай ерлікпен қаза таппаса да, батыр Баянның көркем бейнесін жасаған. Шығармада өткен өмірдегі ерлік рухты жырлаудың романтикалық сипаты басым.

Жалпы алғанда, Мағжан шығармашылығы – қазақ поэзиясына өзгеше леп әкелген соны шығармашылық ізденіс жемісі.

Талантты және дарынды оқушыларға жұмыс




Екі жұлдыз, бір тілек.


Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды


Кері байланыс

Интербелсенді тақта

ІV. Үй тапсырмасы

  1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы. Мағжан – лирик ақын.

  2. Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін жаттау.





+






Бекітілді__________________


15 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Бейімбет Майлин өмірі мен шығармашылық жолы. «Айт күндері» әңгімесі.



МАҚСАТЫ

Бейімбет Майлиннің шығармашылық өмірімен танысып, поэзия, проза, драматургиясымен танысу. Б.Майлиннің «Айт күндері» атты әңгімесінің мазмұнымен, идеясымен ашып, әңгімедегі негізгі образдарды ашып көрсету.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: Оқушылар өз беттерімен, жұппен, топпен жұмыс жасауға дағдыланады, Бейімбет Майлиннің шығармашылық өмірімен танысып, поэзия, проза, драматургиясымен танысады. «Айт күндері» атты әңгімесін түсініп оқып, идеясын аша алады, мәселені талдай алады, өз көзқарастарын тақырып бойынша білдіре алады, өз ойларын толық жеткізіп, оны дәлелдей алады.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы « «Блум таксономиясының» «Кубизм» әдісі, «Б.Б.Ү.» әдісі, «Сиқырлы сұрақтар» әдісі, диалогтық оқыту, топтық әңгіме, сергіту сәттері, АКТ-ны қолдану.

Сергіту сәті: «Сәлемдесу», яғни оқушылар әр түрлі сәлемдесіп, жақсы тілектер айтады. Өлең жолдарымен топқа бөлінеді.



МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

( 5 минут)

20 ғасыр қазақ әдебиеті туралы түсінік беру.

  1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы. Мағжан – лирик ақын.

  2. Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін жаттау.


Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Диалогтық әңгіме

Сұрақ-жауап

Үш шапалақ,

Смайликтер тарату

Бақылау парағы

Постер, маркер қолдану.


Табиғат көріністерін интербелсенді тақта арқылы көрсету

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

Мәтінмен өз беттерімен танысу.

(Білу, түсіну)

(Талдау)







Қолдану




Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин өмірі мен шығармашылық жолы. «Айт күндері» әңгімесі.

Оқушылар өз беттерімен, жұппен, топпен жұмыс жасауға дағдыланады. Бейімбет Майлиннің шығармашылық өмірімен танысып, поэзия, проза, драматургиясымен танысады. «Айт күндері» әңгімесін түсініп оқып, идеясын ашады, мәселені талдайды, өз көзқарастарын тақырып бойынша білдіреді, өз ойларын толық жеткізіп, оны дәлелдейді. Әр топқа мәтіннен үзінді беріледі, сол үзіндіні класс алдына шығып мазмұндайды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Бейімбет Майлиннің өмірбаяны жөнінде қысқаша айтып беріңдер.

  2. Бейімбет Майлиннің әзіл-қалжыңы мен сатирасы туралы әңгімелеңдер.

  3. «Айт күндері» әңгімесінің сюжетінде нендей мәселе көтеріледі?

  4. Бейімбет шығармаларындағы жаңа типті адамдардың характерлері. Мысал келтіріңдер.

Деңгейлік тапсырмалар

Диалогтық әңгіме

Топтық әңгіме

Топтық жұмыс

Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Жеке, жұппен, топпен жұмыс.

Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма

Бағалау парақшалары таратылады: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды


Әр топ мүшесі сөйлеп болған соң үш шапалақ, смайликтер таратылады




Жұлдызшалармен марапатталады


Әр топқа үш шапалақ

Интербелсенді тақтадан Ж. Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқиды







Интербелсенді тақтаға сұрақтар жазылады



Постер, маркер


Постер құру және қорғау


ІІІ.Ой-толғаныс

(10 минут)




Жинақтау Қорыта айтқанда, Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетінің барлық жанрының да негізін қалаған үлкен суреткер.

Кері байланыс. (Стикер)

Деңгейлік тапсырмалар

Бағалау парақшасымен әр оқушының, әр топтың жұмысын анықтау

Стикер таратылады

Үй тапсырмасы

1) Бейімбет Майлин.

2) «Айт күндері» әңгімесін оқып, талдау.




+





Бекітілді__________________


16 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

6

ТАҚЫРЫП

І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы. «Анам тілі», «Домбыра».



МАҚСАТЫ

Оқушыларды ақын Ілияс Жансүгіров өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Ілияс Жансүгіровтің «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдерін мәнерлеп оқу, мазмұнын түсініп талдау, идеясын ашу, композициясын анықтау, өлеңдегі ой-пікірлерді анықтап, өз қөзқарастарымен толықтыру, мәтінді талдай білу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: ақын Ілияс Жансүгіров өмірімен танысады, шығармаларын мәнерлеп оқып, идеясын ашады, талдайды, өз сезімдерін, ойларын жеткізе біледі, өлеңнен теңеу, метафора, яғни көркемдеуіш құралдарды тауып өз сезім-қиялдарымен байланыстырып суреттей алады.


Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Сиқырлы сұрақтар» тәсілі.

Сергіту сәті: «түйме салу» ойыны. Мақал-мәтелдер құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

(5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру:

1) Бейімбет Майлин.

2) «Шұғаның белгісі» хикаятын оқып, талдау.

Топқа бөлу

Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Бағалау парағы таратылады, бірін-бірі, топты бағалайды.

«Көк тудың желбірегені» слайд-шоу

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

Жаңа тақырыпты оқушылардан шығарып алу.

Өлеңді мәнерлеп оқу.







Сұрақ қою.



Әр топқа тапсырма беру.


Жаңа сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері.

Оқушылар ақын өмірімен, шығармаларымен өз беттерімен оқып, танысады. Әр топта бірін-бірі тыңдайды.

Сиқырлы сұрақтар:

1-топ. «Анам тілі» поэмасында автор не жайлы айтқысы келген?

2-топ. Поэманың екі шумағын талда.

3-топ. Поэмадан теңеу, метафораларды тап.

Топтарға жалпы сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Ілияс Жансүгіровтің өмірбаяны жөнінже қысқаша әңгімелеңдер.

  2. Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу» өлеңіне М.Әуезов қандай баға берген?

  3. «Күйші» поэмасы не туралы жазылған?

  4. «Құлагер» поэмасының идеялық мазмұнын айтыңдар.

  5. «Ақан сері» трагедиясының Пушкин, Лермонтов трагедиясымен ұқсастығын түсіндіріңдер.

  6. І.Жансүгіров өлеңдеріндегі ұқсас ерекшеліктер туралы айтыңдар.

  7. «Дала» поэмасын неге «тарихи поэма» деп атайды?


Деңгейлік тапсырмалар



Жеке, жұппен, топпен жұмыс



Жас ерекшеліктеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар




Жеке, жұппен,

топпен диалогтық жұмыс.







Үш шапалақ, жұлдызшалар тарату




Смайликтермен мараппаттау






Үш шапалақ, топ ішінде, басқа топтарды бағалау

Ақын Сырбай Мәуленовтің қысқаша өмірі мен шығармашылығы туралы слайд.


Интербелсенді тақтада сұрақтар жазылады.





АКТ-мен жұмыс




ІІІ.Ой-толғаныс

(10 минут)







Қорыта айтқанда, Ілияс Жансүгіров шығармашылығында ХХ ғасырдың басында қазақ даласында болып өткен өзгерістер көрініс тапты. Ақын прогрессивті оқиғалармен қатар халықтың басындағы трагедияны да суреттеді. Сонымен бірге туған өлкесінің көрікті табиғатын, қазақ халқының тамаша өнерін жырлады.

Ілияс Жансүгіровтің «Гималай», «Әнші», «Жетісу суреттері» және т.б. өлеңдері, «Дала», «Күйші», «Құлагер» поэмалары, көркем фельетондары, т.б. шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қазынасын байытып, көріктендірді

Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма


Екі жұлдыз, бір тілек.

Бағалау парақшасымен әр оқушының, әр топтың жұмысын анықтау


ІV. Үй тапсырмасы

  1. Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы.

  2. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдерін мәнерлеп оқу, мазмұндау.





+

Бекітілді__________________

«ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» тақырыбы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасы.

Топтаманың мақсаты: Көркем әдебиеттің адам өміріндегі орны туралы қысқаша мағлұмат беру. Қазақ әдебиетінің негізгі тақырыптарын ашу, негізгі проблемаларды оқушыларға жеткізе білу, ақындар шығармаларындағы ортақ үндестікті табу, оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, сыни ойлауға дағдыландыру. Оқушылардың қазақ әдебиеті туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың бойларындағы елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімді, патриоттық сезімді ояту.


17 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП




МАҚСАТЫ

Оқушыларды ақын өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсініп талдау, идеясын ашу, композициясын анықтау, өлеңдегі ой-пікірлерді анықтап, өз қөзқарастарымен толықтыру, мәтінді талдай білу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: ақын өмірімен танысады, шығармаларын мәнерлеп оқып, идеясын ашады, талдайды, өз сезімдерін, ойларын жеткізе біледі, өлеңнен теңеу, метафора, яғни көркемдеуіш құралдарды тауып өз сезім-қиялдарымен байланыстырып суреттей алады.



Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Сиқырлы сұрақтар» тәсілі.Сергіту сәті: «түйме салу» ойыны. Мақал-мәтелдер құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

(5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың кері байланыста жазған «ХІХ ғ. қазақ ақын-жазушыларының өмірбаяндары мен шығармаларымен танысқымыз келеді» деген өтініштері ескеріледі.

Қазақ халқының тарихы жайында слайд-шоу көреді.

Оқушылар өз беттерімен оқулықтан Д.Бабатайұлының өмірімен танысып, алдымен жұпта, содан соң топта талқылайды, әр топтан бір оқушы ортаға шығып мазмұндайды.

Топқа бөлу



Жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар

Бағалау парағы таратылады, бірін-бірі, топты бағалайды.

Қазақ халқының тарихы жайында слайд-шоу

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

Жаңа тақырыпты оқушылардан шығарып алу.

Өлеңді мәнерлеп оқу.







Сұрақ қою.


Әр топқа тапсырма беру.

3) Сиқырлы сұрақтар:

1. «Айтқызбасымды айтқыздың» өлеңінің үзіндісін қалай түсінгендеріңді айтып беріңдер. Соған қарап Дулат қандай ақын болған деуге болады?

2. Өлеңді талда.

3. Мәтіннен Дулаттың өмірлік мақсатын, ақындық мұратын білдіретін жолдарды табыңдар.

4. Ақынның сыншылдығы мен шыншылдығын, батылдығын арнау өлеңдерін дәлелдеңдер.

5. «Сүлейменге» өлеңінің басқа төрелерге арнауынан айырмасы қандай?

6. Дулаттың туған жер, оның сұлу табиғаты туралы өлеңдерінде сүйініш пен күйініш сезімдерінің қатар суреттелетініне назар аударыңдар. Оның себебін мысал келтіре отырып анықтаңдар.

7. Дулаттың туған жер туралы толғауларының тәрбиелік мәнін көрсетіңдер. Жауаптарыңда «меніңше, менің ойымша, әдемі кестелеген, шебер суреттеген, тамаша бейнелеген, көрсете білген» деген сөз тіркестерін қолданыңдар.

Деңгейлік тапсырмалар



Жеке, жұппен, топпен жұмыс



Жас ерекшеліктеріне байланысты деңгейлік тапсырмалар


Жеке, жұппен,

топпен диалогтық жұмыс.






Үш шапалақ, жұлдызшалар тарату




Смайликтермен мараппаттау




Үш шапалақ, топ ішінде, басқа топтарды бағалау

Дулат Бабатайұлының қысқаша өмірі мен шығармашылығы туралы слайд.


Интербелсенді тақтада сұрақтар жазылады.

АКТ-мен жұмыс






ІІІ.Ой-толғаныс

(10 минут)








Дулат Бабатайұлы ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. Ол өз заманында дана, ел тарихы, өмірі туралы білімі мол, түсінігі терең кісі болған.

Дулат – қазақ даласында отарлық билік толық орнаған заманның ақыны. Ақын ел арасынан шыққан әкімдердің ұнамсыз қылықтарын оларға бетпе-бет, көп адамның алдында айтады.

Дулат еркіндігі жоқ халықтың бірлігі, елдік қасиеті азаяды, әркім өзінің қамын ойлап, ел ішіне неше түрлі жаман қылықтар жайылады деп біледі.Өз мүддесін ғана ойлайтындарға ыза болады, бостандық дегенді ойларына алмай, бодандыққа көніп отырғандарына қатты сынап жырлайды.

Талантты және дарынды оқушыларға тапсырма

Екі жұлдыз, бір тілек.



Бағалау парақшасымен әр оқушының, әр топтың жұмысын анықтау






ІV. Үй тапсырмасы

  1. Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы.

  2. Отан, туған жер, батырлық туралы мақал-мәтелдер жаттау.

  3. «О, Ақтан жас» өлеңін жаттау




+


Бекітілді__________________


18 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Махамбет Өтемісұлы. «Тарланым» өлеңі.



МАҚСАТЫ

Оқушыларды Махамбет Өтемісұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстырып, «Тарланым» өлеңінің мазмұнын, идеясын ашу, өлеңді талдап үйрену. Оқушылардың поэзия туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың бойларындағы елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімді, патриоттық сезімді ояту.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: Оқушылар өз беттерімен, жұппен, топпен жұмыс жасауға дағдыланады, өлеңнің мазмұнын түсінеді, өлеңді мәнерлеп оқып, идеясын аша алады, мәселені талдай алады, өз көзқарастарын тақырып бойынша білдіре алады, өлеңді талдауға дағдыланады, өз ойларын толық жеткізіп, оны дәлелдей алады.


Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Б.Б.Ү» тәсілі, «Венн» диаграммасы, «Ассоциация» әдісі

Сергіту сәті: «Сыйлық» ойыны. Әр түрлі түстер арқылы топқа бөлу.



САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

(5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы.

  2. Отан, туған жер, батырлық туралы мақал-мәтелдер жаттау.

  3. «О, Ақтан жас» өлеңін жаттау

Деңгейлік тапсырмалар




Үш шапалақ


Эссе, өлең

ІІ. Мағынаны ажырату

(30 минут)

ХХ ғасыр қазақ поэзиясы тақырыбы бойынша өткен шығармалардан нақты мысалдар келтіре отырып, алған білімдерін еске түсіріп, қайталау арқылы оқушы білімін бақылау, тексеру, толықтыру

Жаңа тақырып: Махамбет Өтемісұлы. «Тарланым» өлеңі.

Оқушылар Махамбет Өтемісұлының өмірімен, шығармашылығымен, «Тарланым» өлеңінің мазмұнымен алдымен өздері танысып алып, содан соң жұппен, топпен талқылап, қысқаша өз түсінгендерін ортаға шығып баяндайды.

Оқушыларға өлең бойынша берілген тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Махамбеттің өмірбаяны туралы айтып беріңдер.

  2. Махамбеттің ақындық өнері мен батырлығы туралы мысал келтіре отырып айтыңдар.

  3. Исатай екеуінің халықты көтеріліске бастауының мақсаты не еді? Ол туралы махамбеттің өзі не деді?

  4. Ақынның ел мен жер туралы өлеңдерін атаңдар. Алған әсерлерің туралы айтып беріңдер.

  5. «Тарланым» өлеңдерінде Исатайдың өлгенін қандай бейнелі сөздермен берген?

  6. Махамбеттің Исатай туралы өлеңдерінен көз алдарыңа қандай адамның бейнесі елестейді?

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар.



Диалогтық: жеке, жұппен, топпен жұмыс түрлері

Талантты және дарынды оқушыларға арналған тапсырмалар

Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды





Екі жұлдыз, бір тілек.

Үш шапалақ.



Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды


«Ассоциация» құру, қорғау.

АКТ-ны қолдану

Ғаламторға шығу


Презентация құру



Презентация қорғау

«Б.Б.Ү.» сызбасын толтыру

ІІІ.Ой-толғаныс (рефлексия)

(10 минут)





Махамбет поэзиясы – көтеріліс, соғыс, ондағы ерлік туралы өлеңдер. Ақын бостандық, ерлік пен ездік, өмір мен өлім, ел мен жер, халық пен билік, достық пен дұшпандық туралы арманының бәрін осы тақырыптың аясында жырлаған. Махамбет – халық кегінің жоқтаушысы. Оның өлеңдері – қарапайым халықтың жерін тартып алған отаршылдар мен хан-сұлтандарға деген ыза-кегі. Ақын барлық өлеңдерінде өмірлік мақсат-мұратын анық айтып, нақты көрсетеді. Махамбет – қандай жағдайға тап болса да ар-намысына дақ түсірмейтін қаһарман.


Диалогтық, сұрақ-жауап, әңгімелесу түрлері.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар.

Үш шапалақ арқылы марапаттау.

Барлық тақырыптар бойынша алған бағалары қорытылып, суммативті, яғни қорытынды баға қойылады.

«Б.Б.Ү.» сызбасын толтыру


«Б.Б.Ү.» сызбасын толықтыру


ІV. Үй тапсырмасы

  1. Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұндау.

  2. «Ереулі атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдерін мәнерлеп оқып, қалауы бойынша бір өлеңін жаттау.




+


Бекітілді__________________


19 сабақ

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Шешендік сөздер турады түсінік. Жиренше шешен.



МАҚСАТЫ

20 ғасыр қазақ поэзиясының тақырыбын ашу, негізгі проблемаларды оқушыларға жеткізе білу, ақындар шығармаларындағы ортақ үндестікті табу, оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, сыни ойлауға дағдыландыру. Оқушылардың поэзия туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың бойларындағы елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімді, патриоттық сезімді ояту.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: 20 ғасыр қазақ поэзиясы туралы өз көзқарастары қалыптасады. Оқушылар өз беттерімен, жұппен, топпен жұмыс жасауға дағдыланады, өлеңнің мазмұнын түсінеді, өлеңді мәнерлеп оқып, идеясын аша алады, мәселені талдай алады, өз көзқарастарын тақырып бойынша білдіре алады, өлеңді талдауға дағдыланады, өз ойларын толық жеткізіп, оны дәлелдей алады.


Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Б.Б.Ү» тәсілі, «Венн» диаграммасы, «Ассоциация» әдісі

Сергіту сәті: «Сыйлық» ойыны. Әр түрлі түстер арқылы топқа бөлу.

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕН-ЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушылықты ояту

(5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру.

1. Қ.Шаңғытбаевтың өмірі мен шығармашылығы.

2. «Сабалақ» өлеңін толық оқу.

3. «Елін қорғаған ерлер» тақырыбына эссе жазу.

Деңгейлік тапсырмалар




Үш шапалақ


Эссе, өлең

ІІ. Мағынаны ажырат30 минут)

ХХ ғасыр қазақ поэзиясы тақырыбы бойынша өткен шығармалардан нақты мысалдар келтіре отырып, алған білімдерін еске түсіріп, қайталау арқылы оқушы білімін бақылау

  1. ХХ ғасыр қазақ поэзиясы тақырыбы бойынша өткен шығармалардан нақты мысалдар келтіре отырып, алған білімдерін еске түсіріп, қайталау, қорытындылау мақсатында оқушылар өткен сабақтарды қайталайды.

2. Оқушылар «Адамгершілік» тақырыбына бірінші сабақта бастаған ассоциацияны толықтырады.

3. Әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі:

1-топ: «Қазақ жерінің сұлу табиғаты»;

2-топ: «Қазақ елінің тарихы»;

3-топ: «Қазақ халқының салт-дәстүрі» тақырыптарына ең алғашқы сабақтағы бейнетаспаны еске түсіре отырып, өткен сабақтарды қайталай отырып, алдымен жеке, сосын жұппен, топпен талқылап, әр топ өз деігейіне байланысты постер, презентация құрып, оны ортаға шығып талқылайды.

Талантты және дарынды оқушылар өз тапсырмаларына байланысты синквейн, төрт жолды өлең, эссе жазуға да болады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар.


Диалогтық: жеке, жұппен, топпен жұмыс түрлері



Талантты және дарынды оқушыларға арналған тапсырмалар

Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды



Екі жұлдыз, бір тілек.

Үш шапалақ.



Бағалау парақшасы: оқушылар өздерін, топ мүшелерін, басқа топтарды бағалайды





«Ассоциация» құру, қорғау.


АКТ-ны қолдану

Ғаламторға шығу

Презентация құру



Презентация қорғау


«Б.Б.Ү.» сызбасын толтыру

ІІІ.Ой-толғаныс (рефлексия)

(10 минут)







  1. Оқушылар ХХ ғасыр қазақ поэзиясы тақырыбы бойынша өткен шығармалардан нақты мысалдар келтіре отырып, алған білімдерін еске түсіріп, қайталау арқылы өз білімдерін қорытындылайды.

  2. Оқушылар ХХ ғасыр қазақ ақындары, яғни Ж. Молдағалиевтың «Ар-ұят туралы» өлеңі, С. Мәуленовтің «Менің Республикам» өлеңі, Қ. Шаңғытбаевтың «Сабалақ» шығармаларындағы ортақ үндестік пен ортақ идеяларды тауып, әңгімелейді.

  3. «Адамгершілік» тақырыбына бірінші сабақта бастаған ассоциацияны толықтырып, өз сөздік қорларын толықтырады.

  4. «Б.Б.Ү.» сызбасын толтыру.

Деңгейлік тапсырмалар

Диалогтық, сұрақ-жауап, әңгімелесу түрлері.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар.


Үш шапалақ арқылы марапаттау.

Стикер арқылы кері байланыс.

Барлық тақырыптар бойынша алған бағалары қорытылып, суммативті, яғни қорытынды баға қойылады.

«Б.Б.Ү.» сызбасын толтыру

«Ассоциация» құру.


«Б.Б.Ү.» сызбасын толықтыру



ІV. Үй тапсырмасы

  1. ХХ ғасыр қазақ поэзиясы тақырыбы бойынша өткен оқушылар өткен сабақтарды қайталайды.

  2. ХХ ғасыр қазақ ақындарының өлеңдерінің идеясы тақырыбына эссе жазып келу.







Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Краткое описание документа:

ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Көркем әдебиеттің қоғамдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні

МАҚСАТЫ

Көркем әдебиеттің қоғамдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні туралы жалпы түсінік беру. Қазақ әдебиетінің негізгі тақырыптарын ашу, негізгі проблемаларды оқушыларға жеткізе білу, ақындар шығармаларындағы ортақ үндестікті табу, оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, сыни ойлауға дағдыландыру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

ОҚУШЫ: Оқушылар өз беттерімен, жұппен, топпен жұмыс жасауға дағдыланады. Көркем әдебиет туралы мағлұмат алып, шығармалары мәнерлеп оқып, идеясын аша алады, мәселені талдай алады, өз көзқарастарын тақырып бойынша білдіре алады, өлеңді талдауға дағдыланады, өз ойларын толық жеткізіп, оны дәлелдей алады.

Автор
Дата добавления 05.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1182
Номер материала 265425
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх