Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ әдебиетінен оқу құралы (7-9 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ әдебиетінен оқу құралы (7-9 сынып)

библиотека
материалов


Алғы сөз


Құрметті оқырман!

Сіздерге ұсынылып отырған бұл оқу құралы мектеп оқушыларына халқымыздың біртуар ұлдарының бірі - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен оның шығармаларын кеңінен таныту, сол арқылы болашақ қазақстандықтардың өмірлік айқындамаларын қалыптастыру, интеллектуалды, рухани дүниесі бай азаматтарды қалыптастыру мақсатын көздейді.

Қадірлі оқушылар!

Бұл құрал Сіздердің оқырмандық мәдениеттеріңізді жетілдіріп, ақыл-ойды, тілді дамыту, көркем шығарманы оқумен қатар оны талдау дағдыларыңызды жетілдіріп әрі шығармашылықпен айналысуға бағыт-бағдар береді.

Кеңес дәуірінде Мәшһүр Жүсіптің өмірі мен шығармашылығы туған ұлты үшін жат дүние еді. Сөйтсек, Мәшһүр мұралары 70 жыл бойы жас ұрпақ үшін қымбат көмбе екен. Әлемдегі өзге елдермен еліміздің терезесі тең дамуы үшін болашақ ұрпақты оқытып-тәрбиелеуде Мәшһүр мұраларының маңызы зор. Өйткені Мәшһүр Жүсіп мұрасы – ұлттық игілігіміз. Мұнда ұлт тарихы мен этнографиясына, философиясына, жыраулық әдебиеті мен фольклортануға, Қазақстанның саяси-құқықтық мәдениеті мен қазақ әдебиеті тарихына қатысты ұшан-теңіз деректер, ағыл-тегіл мәліметтер, әдеби нұсқалар бар.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858—1931) — қазақтан шыққан көрнекті ақын, тарихшы, этнограф, тарихшы-шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиеті мұраларын жинап, зерттеуші, ұлы ойшыл, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы, заманының озық ойлы әулиесі болған; әрі өмір сүрген дәуірі, ортасы жағынан, рухани тұрғыда сусындаған қайнар бұлағы Абай, Шәкәріммен үндес, жолы бір адам болған.

Сондықтан Мәшһүр Жүсіпті мектепте оқыту ісі –ұстаздар үшін сауапты іс, ал оқушылар үшін – тұңғиық-терең ғылымға сүңгу, одан інжу-маржандарды тергенмен бірдей. Бұл оқулық сондай қажеттіліктеріңізді өтейді деп үміттенемін.

Автордан











Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатпайды.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатпайды.


Таза мінсіз асыл тас

Шер толқытса шығады.

Таза мінсіз асыл сөз

Жел толқытса шығады.


Асан қайғы























Мәшһүр Жүсіптің Көпейұлының ата-баба шежіресін суреттеген сызба


hello_html_7dd8cf6f.png



Тапсырма.

  1. Мәшһүр Жүсіптің ата-баба шежіре-сызбасын дәптерге сызып алыңыздар.

  2. Мәшһүр Жүсіп туралы қосымша жадығаттар жинастырып, ата-баба шежіресіне қатысты деректерді дәптерге жазып қойыңыздар.


Мәшһүр – Жүсіптің (Адамжүсіптің)

ата – тек шежіресі


Еліміздің Егемендік алуымен байланысты Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мол мұрасын зерттеуге кеңінен мүмкіншілік туды. Әсіресе, Елбасының қолдауымен басталған «Мәдени мұра» бағдарламасына орай, мәшһүртанушылар ақынның туғанына 150 жыл толуына «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары жинағының» 20 томдығын дайындап, басып шығаруға белдерін бекем буып отыр. Қазір мәшһүртанушылар ақынның шығармашылық лабораториясын әр қырынан қарастыруда. Осы орайда, ақынның өмірбаяны туралы мағұлымат бірінші рет жан - жақты толық жазылып отыр. Мәшһүр – Жүсіптің өзін тану үшін алдымен оның ата – тегі кім, қандай адамдар болған деген сұрақ кімді болса толғандырары сөзсіз.

Құран кәрімде: «Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық» - депті (49-хұжрат сүресі, -Б. 517). Смағұл Садуақасов: «Ж. Көпеев ең алғаш ақындардың өзін, өз руын ғана мақтайтын белгілі әдет дағдысынан бас тартып, халықтың қайғы-мұңын айтып, қасіретін жырлайтын өлеңдер жазды. Оның өлеңдері тұңғыш рет жазба түрде жарық көріп, қазақ әдебиетінің тарихында халықшылдық пен атайтын жаңа бір ағымның арнасын ашып берді» - деп, алғаш баға берген ақынның шыққан ата - тегі туралы қысқаша әңгіме болмақ.

Ал, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ю.И.Барашнев: «С незапамятных времен было замечено: в семьях, где в брак вступают близкие родственники, чаще рождаются неполноценные дети» - дейді («Здоровье» №6, 1987. –Б. 24.). «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» т.б. сияқты келелі сөздер бекерге айтылмаса керек. Бұл – сөздердің мәні мен мазмұны қаншалықты терең екендігіне көзіміз әбден жетті. Оның жарқын көрінісі, нақты қайталанбас мысалы Мәшһүр – Жүсіптің өмірбаяны да болмақшы.

Гүн > Күн. Адамзат ойланғаннан бастап, өзін: қайдан тудым? қалай жер бетіне пайда болдым? - деген мәңгілік сұрақ мазалап келді, әлі де мазалап келеді. Біз де бұл сұраққа жауап бере алмаспыз. Демек, Құранға жүгінеміз. Адам Ата топырақтан жаратылғаны әмбеге аян. Әйел еркектің қабырғасынан жаратылды дегенге де біреу сенеді, біреу сенбейді. «Оғыз қаған» әңгімесіндегі: «Оғыз қаған тәңірге жалбарынып отырғанда көктен жарық келіп, оның ішінен бір қызды көріп Оғыз қаған ғашық болып, кейіннен сол қыз жүкті болып, үш ер бала көтереді» - деген оқиғамен тығыз байланысы бар сияқты. Күн тіршіліктің иесі, жерге нәрін береді. Жан-жануар күннің сәулесін асыға күтеді. Абай: «Күн күйеу, жер қалықтық сағынысты, Екеуінің құмары сондай күшті», Мәшһүр-Жүсіп: «Аспан көк – байы, Жер - қалыңдық» - деп, білмей, көрмей ойжота айтып отырған жоқ, белгілі бір ақиқатқа жүгінгені анық қой. Одан кейінгісі есте жоқ ескі заманда биологиялық жолмен аталық, аналық ұрықтардың қосылысы арқылы өрбігені хақ. Номада өркениетінің түбіне жеткен топан су болғаны да шындық. Әйтпесе, шежірені таратқанда ата саны ары кеткенде 34-35 атаға дейін жетуін қалай түсіндіреміз. Одан арғысы бұлдыр. Ақселеу Сейдімбектің «Шежіре және уақыт» деген ғылыми мақаласы да осы ойға жетелейді (Егеменді Қазақстан. №115-116 (20588) 22 сәуір, 2008). Сондықтан да біз тарихтың түбі жоқ тұңғиығына сүңгімей-ақ, бергі жағынан қайтамыз.

Мәшһүр – Жүсіп: «Әркім өзін таныса, сонда Тәңірісін таниды» - деп жазды. Мәшһүр-Жүсіптің әр аталарының ауызша жеткен тарихы шамамен төмендегідей: Жанарыс – Ақжол (бірде осы ата аталады) – Қарақожа – Арғын – Құтан (Қотан) – Мейрам – Сүйіндік – Суғыншы – Шуманақ – Құлболды – Күлік – Тілеуімбет – Бесім – Ақжігіт – Сермұхаммед – Көпжасар (Көпей) – Мәшһүр-Жүсіп.

Жанарыс. Көне көз шежірешілер Қазақтан: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс туған дейді. Ақарыс – Ұлы жүз, Жанарыс – Орта жүз, Бекарыс – Кіші жүз. Аңыз, аңыз болса да біз үшін шындық. Соның бірі мынандай: Жанарыстың екі әйелі болған екен. Бірде, бірінің пұшпағы қанамай «бізге күн көру қайда, жас иісті баланы-ай» - деп зарығып жүрген кезі екен дейді. Содан ойламаған жерден алты қожа кез болып, қонағаға келіпті. –Ой, Құдай-ай, берді ғой! Бала беретін әулиелер келді деп қуаныпты. Сыйынбасам маған серт, қолдамасаң саған серт! Сарт болсаң садағам кет! – деп, алтауына алты қой сойыпты. –Кір қоңдарыңды жуыңдар, аттарыңды суытыңдар. Осы қойдың етін жеп тауыспай, сендерді жібермейміз деген екен. Сонда риза болған қожалар, - осы алтауымыздың да атын бердік, алты ұлға ата-ана боласыңдар деп баталарын берісіпті. Ол қожалардың аттары: Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа, Смағұлқожа, Қасымқожа деген екен.

Арғын. Арғынның Әргүл деген бәйбішесінен Мейрам сопы туады. Арғын бабамыздың кіші әйелі Момыннан: Ақжолсопы, Қызылсопы, Қарасопы, Сарысопы туған екен. Арғын бабамыз жүз алты жасқа келгенде құмасы Айнакөзден Тәнбіс сопы туған. Асылы Арғын он екі атаның ұлына қарайды. Қазақ кейде «алты атаның ұлы - Арғын» - деп сөйлейтіні содан болса керек.

Құтан (Қотан). Әргүлден екі бала туады: Құтан және Ботан. Ботан жас кезінде өледі де артында ұрпақ қалмайды. Құтанның Қарашаш деген жалғыз қарындасы және Мейрамсопы деген ұл қалады:

Сұрасаң арғы атамды ер Қотанды,

Сұлтанбек Әзілден ол бата алды.

Мейрамұлы Қарашаш бір қыз туып,

Қуандық, Сүйіндік боп сонда атанды

- деген өлең жолы ел аузында сақталған.

Уақ Жарқын би Көтеш ақыннан «Бұл ақындық ата-бабаңыздан бар ма еді, нағашы тегіңізде бар ма еді?» - деп сұраған екен. Сонда Көтеш ақын:

Қазақта арғын аға болған зерек,

Басқадан ол кісінің жөні бөлек.

Біздердің түп атамыз ақын Қотан,

Өзгеден өлеңге үстін болса керек

- деп жауап беріпті.

Бұхар жырау да айтыпты деген бір сөз бізге жеткен:

Бәрімізді сұрасаң,

Қотанбайдың баласы.

Арғындардың сабасы.

Қарақожа бас болып,

Қабыл болған дуасы.

Арғында екі Құтан өткен екен. Бірі – Қоғамның Құтаны. Ол қазақ «Үш жүз» деген атқа ілінбей, бөлінбей тұрғанда өмір сүрген. Бұхарада болған Оғыз дәуірінде хан болған қызыл Арыстанның заманында өмір сүрген. Жақсы Ғабдолла ханмен тізерлесіп жүрген. Ғабдолла хан «Құлбаба» - дейді екен. Әзірет Әлі сұлтанның (Қожа Ахмет Ясауии-А.Қ.) жанынан жер алып, сарай салдырған. Содан бері «Арғынның ақ сарайы» аталады. Мінекей, сол күннен бастап Арғынның қадірлі би, байлардың, дуалы кісілердің сүйегін апарып қоятын болған. Шаншарұлы Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Бертістің Тілеукесінің баласы Жарылғап, Едіге баласы Шоң би т.б. сонда жерленген. «Көкелташ» медіресесін кейде «Құлбаба» - деп атайтын көрінеді. Екіншісі – Бұтанның (Ботан) Құтаны. Бұл екеуі де туысқан.

Мейрам (Мейрамсопы) қайын жұрты Алшын Құдысбай екен. Алған әйелінің аты – Нұрфая. Қыс ішінде ұзатылған көрінеді. Нұрфаяның өз шешесі өліп қалып, ұзатылғанда қасына түйенің басын жетектейтін бір жетім - Қарқабат және ағасының әйелі еріпті. Елге жеткен соң екі елдің арасы жауласып, жеңгесі ұзақ жатып қалыпты. – Нұрфая. Ағамның төсі тиген жеңгем еді деп Мейрамсопының өзіне жеңгесін де, күңді де әйелдікке алдырыпты. Нұрфаяның өзінен Қуандық, Сүйіндік туады. Жеңгесінен – Бегендік, Шегендік ал күңінен Болтақожа туады. Бесеуі де өсіп-өніп «Бес Мейрам» атанған. Нұрфая өмірі Мейрам бабаның етіне су, табанына сыз тигізбей күтіп, балаша мәпелеген. Отын тергенде қу көдені көп қылып алып келіп, Мейрамсопының табанының астына төсейді екен. Құманды жылы болсын деп қойнына алып жататын болған. Мейрамсопы ертерек өліп, Нұрфая бәйбіше «бес берекенің біріне» қосылған, халқына ұйытқы, құт бәйбіше атанған екен. Нұрфая бәйбіше Сүйіндік, Бегендік, Шегендікті, асыранды бала – Олжакелді төртеуіне өз қолынан әйел әперіп, еншісін беріп, сол төртеуі – ел ішінде «Төртуыл» аталып кеткен. Шежіреде: Бегендігі – Қозған, Шегендігі – Қақсал, Олжакелдісі – Қаржас – деп аталады. Туысы басқа болса да жау келгенде, барымта мен сарымта да бастары бірігіп, «Төртуыл» дегенде төртеуінің бастары қосыла кетеді екен.

Сүйіндік. Нұрфаядан туған Қуандық марқа болып қалғанда, Сүйіндікпен екеуінің арасы тым алыс, кенжелеп барып дүниеге келген көрінеді. Бегендік жастай қайтыс болып, оның әйелін Сүйіндік алған. Одан бір ұл – Суғыншы туған. Суғыншыдан екі бала – Шуманақ пен Мәжік туған.

Суғыншы. Суғыншының әйелінің аты – Жолбике. Жолбикеден: Жанболды, Құлболды, Жолболды туады.

Шуманақ. Шуманақпен бір туысқан Мәжіктен-Малай, Жәдігер. Бұрынғы ақындардың аузында мына бір шумақ өлең жолдары сақталып, бізге жетіпті:

Мәжікпен бір туысқан ер Шуманақ,

Қойыпты Құлболдыны Құдай қалап.

Құлболды. Бәйбішесінің аты – Мақпал. Мақпал Бәйбішеден – тұңғышы Күлік, ортаншысы – Тұлпар, кенжесі – Айдабол. Айдабол он үшінде «Айдабол би» атанған екен. Ол заманда Арғын Сырдарияның күнбатысында жүреді екен. «Арғын дариядан өтіп, Қаратау жайлайды» - деген сөз естіле бастаған соң, Қарақалпақ, Алшын: - Арғын бұ жаққа келсе, таң атырып, күн шығармайды. Өткелден өткізбейміз! – деп, өткел аузында тұрып алыпты. Сыр суында аяқтап өтетін өткел болмайды. Сонда Мақпал бәйбішенің астында торы жорға аты бар, сексен нар жетелеп, судан өтерде қара шұбар манат белдемшесінің етегін жинап алып, іркілместен, аты да үйректей қайқаңдап, жүк-мүгімен нарлары да шегініп тұрмай, өте шығыпты. «Өткізбейміз» деп тұрғандар ләм-мим демеген. Тек қана. –Бай-бай, бәйбішенің бөксесіне болайын! – деседі. Сонда Мақпал бәйбіше: - Күлсең, күлерсің! Күндердің күнінде көбің езуіңді жия алмай жүрерсің! «Бұл қай бөксе?» - десең, Айдабол шыққан бөксе. Артың болса, Айдаболдай ұл тап! – деп жүре берген көрінеді.

Күлік. «Күлік – күлік жүрген жерің бүлік» - деген көнеден сөз қалған. Қырғыз тілінде «күлік» - деген «жүйрік» - деген сөз екен. Жалпы бұл – сөздің түбір тұлғасы «сәйгүлікпен» және көне түркі лексемасы «көлікпен» тығыз байланысты.

Мына:

Қыс шілдеде - жілік жүгіреді,

Жаз шілдеде - Күлік жүгіреді

- деген де сөз босқа айтылмаса керек. Күліктің екі әйелі болған, бәйбішесінен – Тілеуімбет, Наурыз, Дәулет; тоқалынан - Өтепберді, Данияр, Сексен. Осы Сексеннен Жүсіпбектің сегізінші атасы Оймауыт туады. Сонда Мәшһүр – Жүсіппен он бірінші ата Күлікте барып қосылады.

Тілеуімбет. Ұлы аталары он алты ұлды Тілеуімбет батырлықпен, билікпен аты шыққан Қалмақтармен он алты баласын тастамай соғысыпты, жауын ойран қылып атағы ел ішіне жайылыпты /Қазақ шежіресі/.

Күліктің ең үлкені Тілеуімбет,

Қайратты, қайсар екен қайтпаған бет.

Бір өзінен он алты ұл туып-өсіп,

Соғысып, көп қалмақпен болыпты мерт.

Он алты ұлдың бәрін де қалмақ алған,

Мен өтірік айтпаймын сөзді жалған.

Бесім, Қойтан екеуі тірі қалып,

Мінекей, біз солардан нәсіл қалған

- дейді екен ақын. Бұл – атаның тарихы біршама айқын. Күліктің бәйбішесінен Тілеуімбет тұңғышы екен. Өсе келе «Он алты ұлды Тілеуімбет» атаныпты. Үй тентек, айран көз, белдеу ұстап, безерлік қылуға жақын тұрыпты. Содан кейін болса керек: «Арғында – Тілеуімбет, Алшында - Жолымбет» - деп аттары шығыпты. Қазаққа қалмақ маза бермей тынымсыз шабуылдап тұрған шақ екен дейді. Өзі жұтап, жұттан қашып, шұбырып келе жатқан қазаққа қалмақ тосыннан тиіпті. Алты баласымен інісі Наурыз әрең дегенде қашып құтылыпты. Жау қоршауында қалған Тілеуімбет батыр он бес баласымен қашпай ұрыс салыпты. Сол мезетте Орманшы: Бапке-Тайлақтың Тайлағы «Бала батыр» - атанған күні екен, қалмақпен соғыса жүріп, қақ жарып, жаралы жатқан он бестің үшеуін құтқарып қалыпты. Күліктің сексен жасында тоқалынан туған үшінші ұлы Сексен, «Сары атты Сексен» атанған қалмақтардан жүкті түйені шөгімен алып қашып құтқарыпты. Ол түйенің шөгіне артқан бесікте және кебежеде екі ер бала бар екен. Бірінің аты – Бесім, екіншісінің аты – Қойтан. Бесімнің бәйбішесінің аты – Бөктік. Қыпшақ Қатықұлақ мергеннің қызы екен. Бөктік бәйбішеден туған үш бала: Жанжігіт, Ақжігіт, Қармыс. Ақжігіттен – Құлмағамбет (Құлмұхаммед), Сермұхаммед, Досмұхаммед, Ізмұхаммед (Ізден абыз) тарайды. Сермұхаммедтен – Шаншар молда, Мыңжасар, Жүзжасар, Көпжасар (Көпей), Мағырып - деп әртүрлі таратады. Тілеуімбеттің он бес ұлының ең үлкені - Аспантай одан тұқым жоқ, онан соңғысы – Амантай екеуі де қалмақпен соғыста алдымен оққа ұшқан. Амантайдан: Қарашек, Айтқожа, Жаңабай. Бір баласының аты – Күнту. Мұнан жақсы Жанайдар би, мұнан - Өтеміс абыз туған. Және Ізден абыз шыққан. Мәшһүр – Жүсіп: «Егер Тайлақ пен Сексен болмағанда, Тілеуімбет тұқым қалмас керек екен. Сол Бесімнен өсіп-өнген нәсілден келіп мен мұны сөйлеп тұрмын. Мұны ұмытпай жүргенім, осындай ата-бабам қалмақта не үшін қырылды? Кейінгі үрім-бұтағына жер-су алып беремін деп қырылды. Жалғыз менің ата-бабам емес, жер-суға таласып көп қазақ қырғын тапты. Бұл Сарыарқа біздің қазаққа атасының құны болып, олжа болып еді. Біреу біреуге: «соңымнан қалмастай атаңның құны бар ма еді?» - дейді ғой. Сондай-ақ, атамның құны болғаны үшін, жер-судан айрылып, қаңғып қоныссыз жүргеніме ішім күйіп өлсем, ойымнан кетер емес» - дейді (Сарыарқаның кімдікі екендігі?., Қазан, 1907 жыл. –Б. 4.).

Бесім. Бесімнің бәйбішесі Қыпшақ-Қатықұлақ мергеннің қызы, үлкен тәуіп, емші болған, үшкіргені ем болып, құмалақ салғаны екі айтқызбай түседі екен. Бесімнің бәйбішесі қыз күнінде қалмақтың қолына түсіп қалып, екіқабат болып, ер бала туып, оның атын – Орынбай қойған екен дейді. Бесімнің аулы күллі Төртуыл Ұлытау, Кішітауды мекен қылған. Жайлаулары Сорқара мен Сортынды болған. Ұрпақтары Баянаула, Қызылтауға көшпекші болғанда Бесім Ақжігіт пен Жанжігітке биыл мен өлемін, сүйегімді осы Ұлытауға қойыңдар деген екен. Содан көшіп барған жылы, Бесім Қызылтауда Ашамай тасқа қыстаған жылы өліпті, балалары әке өсиетін орындап Ұлытауға қойыпты. Бесім жерленген жер «Бесім дарасы» атаныпты. Бұрынғы заманда Ұлытаудың теріскей жағына қарай ағатұғын сайларды «Бесімнің бес саласы» - дейді екен.

Ақжігіт абыздың ең үлкен қызы – Зарауха. Одан соңғы қыздарының аты: Дәме, Дана. Ақжігіт Зарауханың сегіз жасында Оспанқұл деген молданы ұстап бала оқытыпты. Үйінің сыртына ақ қос тігіп, балаларды жинап, әңгіме-дүкен құрғанды жақсы көреді екен. Қазақта әуелі молда ұстап, бала оқытуды бастаған да сол кісі көрінеді. Ақжігіт намаз оқып отырса, от басында ойнап отырған қыз төрт шиді алып, бірінің аты – Құлмұхаммед, екіншісінің аты – Сермұхаммед, үшіншісінің аты – Досмұхаммед, төртіншісінің аты – Ізмұхаммед деп ат қойыпты. Ақжігіт абыз намаз оқып болып, құдағиын шақырып, көрдің бе, баланың ойнын байқадың ба? –Сен төрт ұл табасың «баланың аузы періштенің аузы» осы төрт атты қоямыз деген екен. Ақжігіт жолаушылап келе жатып, бір жерге ат шалдырып, түс көрген екен. –Мен көп ұзамаймын өлемін. Мені осы түс көрген жерге қойыңдар деген екен. Ақжігіттің әйелі екі қабат екен, ұл бала дүниеге келеді, менің ізімді жоғалтпас атын Ізмұхаммед деп қойыңдар деп аманат қылыпты. Ақжігіт қырық тоғыз жасында қайтыс болды. Көкшетау баурындағы Қыздың қара суы, Шүртек қарағай деген жерге сүйегі қойылыпты.

Сермұхаммед. Сермұхаммед жетпістен асып өліп, Қызылтауға сүйегі қойылған.

Көпжасар (Көпей) 1816 жылы (барыс жылы) Қызылтауда өмірге келген. Көпей қораш, уақтау туғаннан: «Көпей» - атанып кеткен. Ал қазақта көпе (көрпеш) қозы деп ерте туған қозыны да айтады. Мысалы, Қозы көрпеш. Бес ағайынның ішіндегі көзге түсе бермейтіні де осы – бала Көпей екен. Көпей он сегіз жасында оқу іздеп Қызылжар қаласына келіпті. Медіреседе оқып жүргенде 3-4 ай қатты ауырып қалған көрінеді. Ауырған айларына есеп айрылысу үшін Қызылжардың ноғай байлары Ахмет, Жаудыр дегендерге қара малайлыққа жалданыпты. Сол ноғайлар Көпейді босатпай өздерімен Ташкент, Түркістанға алып кетіп, саудаға үйретіп, көп қаражат беріп, кейіннен Арқаға саудаға шығарыпты. Өр Қуандықта, Қарсұнда, Керней, Алтеке, Сарымда, Тамада жалғыз қара саудагер болып «Көпей саудагер» атаныпты. Сонда сауда қылып жүргенде, орнығып көбіне жататын жерлері, атақты, іргелі халыққа жағымды байлардың: Алтайда - Игілік байдікі, Төреде Қоңырқұлжанікі, Тоқада – Телқозы, Байқозы, Қарақозыда, Нұра бойында – Елеу мырзанікі, Мәмбетте - Өзден, Сазанда, Алтеке – Сарымда – Жанқұттыда, Тамада – Ханкелділердің қона-жайлары мен үйлері болған. Ол күні Ферғана мен Қоқан, Ташкент Ресей патшалығына бағынбаған, қарамаған уақыт екен. Орысқа қараған қазақ пен сарт жауласып, қазақ Бұхара, Ташкентке сауда жасауға бара алмаған соң, әлгі жоғарыда аты аталған бай саудагерлер сарт жұртынан: кілем, көрпе, өрік, мейіз, күріш сықылды нәрселерді аманат қосып, 10 түйеден, 5 түйеден үй басы құр қалтырмай алдырып отырған. Сөйтіп, жүргенде Ташкент пен Түркістан арасында сарттың «ақ жалауы» керуенді қамап, осында қазақ саудагер Көпей деген бар екен «Үш қозының малы бар, үш елдің малы бар», «Алтай-Игілік, Алдажұман малы бар» - дейді. Соны тауып беріңдер, өзін өлтіреміз, жүгін талаймыз деп қорқытыпты. Содан Ахмет, Жаудыр деген ноғай саудагерлер Ташкенттен шыққан керуенге Көпейді әйел киімін кигізіп, «Ақ жалау» қосынан өткізіп жіберіпті. «Ақ жалау» деген сарттардың қарақшылары отыратын қос болса керек. Қазақта сол уақыттың қиын кезеңін көрсететін: «Ақ жалау барда малы бар деме, Ғазірейіл барда жаным бар деме» - деген мақал-мәтел қалған көрінеді. Елге кетіп бара жатқан Көпейге Қоңырқұлжа төре осында Алтай-Мұрат ішінде Танаш, Қанай деген менің балдыздарым бар. Саған лайық сол Танаштың бір қызы бар. Бұл – менің балдызым, сен соны ал, - дейді. Қанай: - Елсіз, күйсіз қаңғып жүрген Күлікке берер қызым жоқ деген екен. Қоңырқұлжа ашуланып, ол өзі қаршадай бала болса да, көп баланың ішінен Құран оқыған даусына құлағым сүйсінуші еді. Қызыңды дін қуған, оқудың қасиетін білетұғын жанға кез келтірді. Баланың бағын байлама, қызыңды бер деп, бір ауыз сөзбен Қанайдың бетін қайтарған екен. Танаш қызы Ұлбаланың сол уақытта жасы он үшке келген, жылы сиыр екен. Қолына алысымен Қараөткелде Ысхақ деген хазіреттің абыстайы ноғайдың қыздарын жинап оқытады дегенді естіп, Ұлбаланы сол кісіге оқуға беріпті. Бірер жылдың ішінде өзі де зерек Ұлбала сауатты, хат танитын, өз бетімен жаза, оқи алатын дәрежеге жетіпті. Көпей он сегіз жасынан қырық жасына дейін 22 жыл жат жерде барлық жастық шағын, қызықты өмірін қиыншылықпен өткізеді. Көпейдің үйлі-баранды екі ағасы, бір інісі Мағрұп деген болған. Мағрұптың қатыны Қаракесек Ұлдыбай қызы Бөжей, Мәшһүр-Жүсіптің 68 жасында тоқсандамын – деп отырады екен. Қаракесек пен Сүйіндік арасынан Желтау, Шоқпардың маңайынан Күйеушоқы деген жерге бір жаз жайлап, су ағызып егін-жай жасап, еңбек еткен. Қолындағы малдары өсіп сиыры 100-ге, қойы 400-ге жетіпті. Мәшһүр-Жүсіптің үш жасында 1861 жылы «тауық жұты» болып, Көпейдің бар малын қырып кеткен екен. Содан қыстың көзі қырауда Қызылтауға көшіп келіп, жаз шыға «дүние жолдас емес, мал да жолдас емес, ғылым жолдас екен» - деп, Баянауылға қоныс аударыпты. Захар Гришковтың төрт бөлмелі үйін сатып алыпты. Қалалы жер ғой деп Баянауылдың күнбатысынан мешіт салдырыпты. Кейіннен қаланың көкжелкесінде бес шақырым «Смайыл қызылағаш» - деген жерде Сатылған: Асубай, Жұмабай, Сегізбай, Садырбай .сияқты жатақтармен қыстап, үш-төрт жыл солармен аулы аралас, қойы қоралас дегендей бірге тұрған. Көпей хатқа жүйірік, өте сауатты болған адам. Түркі, араб, парсы тілдеріндегі: «Сопы Алдияр», «Хикмат бақырған», «Фазайыл шуһір», «Зүбдәтіл», «Мәсәйіл» т.б. кітаптарды оқып, білгенін жатқа айтып отырған.

Ақын: «Мен өз атым Юсуф, қырық тоғыз жаста отырмын. Әкем аты Көпей, жылы барыс еді. Жетпіс үш жасында барыс жылы өліп, Баян аулаға қойылды» - депті. Көпей 1889 жылы 73 мүшелінде Баянауыл қаласында қайтыс болып, Баянауыл қалашығындағы «Көп жатақ» - деп аталатын зиратқа жерленген. С.Көпеев Төлеубайдан естігенін былай хатқа түсіріпті: «Ертеңгілік Мәшһүр атам жанына бір топ адам ертіп зират басына келді. Денесінің ауырлап кеткен шағы еді, орта торы атын дара жектіріп өзі трәшпенке үстіне отырып дұға етті. Зират шеткерілеу, тас қоршауға жақын еді. –Тұрымтай тұсында дегендей заман болып барады. Бұдан былай Көпей әкем басына келіп дұға етіп тұруға жағдай бола ма, болмай ма-ол болжамсыз. Көзім тірісінде мына немерем (Мәшһүр-Жүсіптің үлкен ұлы Шәрәпи осы-Шәрәпидің үлкен ұлы Төлеубай) 1917 жылы туған, Мәшһүр-Жүсіп көзіндей көріп, соңынан ерткен бел немересі-автор) бар және сіздерге әкейдің зиратын көрсетіп қоюға ниет етіп отырмын. Бірде болмаса біреулеріңнің назарларыңда болар деген ойдамын» - депті. Мәшһүр-Жүсіптің бұл айтқаны 1928 жыл екен.



Мәшһүр Жүсіптің дүниеге келуі, туып-өскен ортасы, «Мәшһүр Жүсіп» атануы


Мәшһүр Жүсіптің әкесінің аты –Көпжасар. Оны халық Көпей деп атап кеткен.

Көпей 1858 жылы қыста керуеншілікте жинаған табысына мал алып, Қызылжардан көшіп келіп, Қызылтауға қоныс тебеді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы жерде әкесі Көпжасардың 42 жасында, шешесі Ұлбаланың 18 жасында (Павлодар облысының Баянауыл ауданы өңірінде Баянтау және Қызылтау деген екі таудың арасындағы Ашамайтас деген жерде), қыс түнінде, 1858 жылы (қой жылы, ережеп айы) жұма күні дүниеге келеді. Азан шақырып қойған аты –Адам Жүсіп болған.

1861 жылы Адам Жүсіп үш жасқа толған кезде әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, «ақ сирақ» болып қалады. Сонда Көпей: «Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас»- деп, ұлы Жүсіпті ауыл молдасына оқуға береді. Жүсіп оқумен бірге жасынан қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып, халықтық жыр-дастандарды жаттап өседі.

7-9 жасында «4 жігіттің өлеңі», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» сияқты халық жырларын, шығыс қиссаларын жатқа айтқан. 9 жасында қисса-дастандарды жатқа айтып, ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған Баянауыл дуанының аға сұлтаны Мұса Шорманұлы Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «Өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен» -деп, лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді. Дала уәлаяты газетіне хат-хабар, мақала жіберіп, тілші болып, «Мәшһүр» аты елге жайылады.


Тапсырма.

1. Адам Жүсіптің «Мәшһүр Жүсіп» атануы туралы баяндауға дайындалыңдар. 2.Жаяу Мұса туралы мәлімет жинап, оның өз қоғамындағы орнына баға беріңіздер және Мәшһүр Жүсіппен салыстырыңыздар.




















Қосымша оқу материалы


Ғұлама ғұмыры


Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы өлең жазып, кітап бастырып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған ағартушылық бағыт көзқарасындағы өкілдері деп біз бұл күндері Ақмола Мұхамедияровты (1839-1895), Әбубәкір Шоқановты (1858-1912), Мақыш Қалтаевты (1865-1916) айта аламыз. Олардың қатарына Шығыстың ежелгі әдебиеті мен мәдениетінен үлгі алған, тамаша шежіреші Мәшһүр Жүсіп Көпеевті де (1858-1931) қосамыз. Өйткені ол өзі өмір сүрген дәуір –ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қараңғылыққа, надандыққа, феодалдыққа, ескілікке қарсы шығып, халықты оқытуды, оятуды арман етті. Мұны біз оның сол кездегі ескі-хадимнің орнына, қазақ арасында өз уақытымен салыстырғанда прогресшіл болған жаңа оқу –«усули жәдитті» жақтап, ел арасында соны барынша дамытуға әрекеттенген, жаңа ережемен жазылған кітаптарды таратқан ағартушылық жұмыстарынан айқын аңғарамыз.

Өзінің өмір сүрген уақыты - заман деңгейіне көтерілуде, ондағы оқиғалар мен қоғамдық құбылыстардың мән-жайын жете аңғаруда Мәшһүр Жүсіп Көпеевке көзіқарақты сауаттылығымен қатар табиғи дарын ақындық, құймақұлақ шежірешілдік, халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға деген ықыластылық аз әсер етпесе керек. Оның үстіне ол жас кезінде Бұқарадағы «Көклән» медресесінде оқып, араб, парсы, тілдерін жақсы білген жандардың бірі болған. (Т.Ш.Шарапиев, С.Ш.Көпеев «Ғұлама ғұмыры» 10-бет)


Тапсырма. 1. Мәтінді түсініп оқып, ғұлама адамдар жайлы түсінгендеріңізді айтуға дайындалыңыз. 2. ХХ ғасыр басындағы ағартушылық бағыт көзқарасындағы өкілдерді атаңыз.

3. Ескі-хадим, «усули жәдит» жазулары жайлы өз беттеріңізбен жадығат дайындап келіңіз.










Мәшһүр Жүсіптің білімдену жолы


Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 5 жасынан бастап ауыл молдасынан білім алады. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып, халықтық жыр-дастандарды жаттап өседі. 1870 жылдары 7 жыл бойы Баянауылдағы Хамеретдин қазіреттің медресесінде оқиды. Мұнда ғылымның көп салаларын үйренеді. Молда оған бір ғана дін сабағын емес, араб, парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. Кітаптың тек қарасын танытып қоймай, ішкі мазмұн, мән-мағынасына дейін тәптіштеп түсіндіреді. Мәшһүр Жүсіп 1 жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өседі. 7-9 жасында «4 жігіттің өлеңі», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» сияқты халық жырларын, шығыс қиссаларын жатқа айтқан. 9 жасында қисса-дастандарды жатқа айтып, ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған Баянауыл дуанының аға сұлтаны Мұса Шорманұлы Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «Өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен» -деп, лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді.

15 жасында медреседе оқып жүргенде өлең шығара бастайды. 1872-1874 жылдары Бұқарадағы «Көкілташ» медресесінде оқиды. Онда оқыған кезде ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін үйреніп, еркін меңгереді. Қазақ тарихымен терең танысып, ел аузындағы шешендік сөздерді жинай бастайды.

Мәшһүр Жүсіп 1887, 1895, 1907 жылдары Орта Азияны аралап, Самарқан, Ташкент, Түркістан, Бұқара қалаларында болады. Араб, парсы тілдерін үйреніп, Шығыстың классикалық әдебиетімен жете танысады. Мұсылмандық білімін де молайтады. Ел ішін, ірі қалаларды аралап жүріп, халықтың рухани мұрасымен, тұрмыс-тіршілігімен де етене танысады.

Араб, парсы тілдерімен қатар түркі тектес өзге де көптеген тілдерді білген. Тіл үйренумен қатар тіл ғылымының грамматика саласын, оған қоса логика, анатомия, жаратылыстану, табиғаттану ғылымдарын, Шығыспен қатар Батыс және әлемдік өркениеттерді жетік меңгерген жан жақты адам болған. Абай, Шәкәрімдерше Құран-Кәрім философиясын, Қожа Ахмет Иасауи ілімін терең зерттеген. Ол тек өз білімін жетілдіріп қана қоймай, ұстаз да болған. Күндіз сабақ беріп, түнде өзі үйіп оқитын ақын шығармаларына сарыла үңіліп, білімін үздіксіз көтеріп отырған.


Сұрақ-тапсырма.

1. Мәтінді пайымдап оқып, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының білімдену жолы, рухани тұрғыда сусындаған қайнар бұлағы жайлы әңгімелеңіз. Мәшһүр Жүсіптің білім алған, сапар шеккен жерлерін көрсеткен карта жасаңыз. 2. Адамжүсіп қалай Мәшһүр Жүсіп атаныпты? 3. Алғашқы ұстазы Мәшһүр Жүсіпке неліктен ерекше ықылас қойып оқытты деп ойлайсыз?

Мәшһүр Жүсіптің өмірбаяны


Мәшһүр - Жүсіп туған күні Қашқынбай, Босқынбай, Қармыс балалары, Босқынбайдың әйелі Қисық жерден көтеріп алып, кіндігін кескен. Мәшһүр-Жүсіп қисықтық, қыңырлық мінез сол кіндік шешемізден жұққан деп отырады екен.

Ізмұхаммед (Ізден) абыз: - Бұл шырағым жұма күні туды. Атамыз Адам ата жаралған күн. Мұның аты – Адамжүсіп болсын! - депті. Сөйтіп, Мәшһүр-Жүсіптің азан шақырып қойылған шын аты – Адамжүсіп болады. Мәшһүр-Жүсіп 39 жасында тауық жылы Ташкент жаққа барып қайтады. Сонда Қыпшақ - Ыбырай баласы Мұхамеджан: - Шырағым, «Мәшһүр Жүсіп» - деп, жұрт сенің атыңды білмей айтып жүр екен. «Мәшһүр» - деген екіұшты: жақсылықпен де, жаманшылықпен де мәшһүрлік табылады. Сенің атың «Адамжүсіп» - деуге лайық деген екен.

М-Ж. Көпейұлын жете танып, зерттеу жұмысын жүргізу үшін ақын өмірбаянын білу өте маңызды. М-Ж. Көпейұлының өмірбаянына ғылыми тұрғыда әлі түсінік берілген жоқ. Әр түрлі әдебиеттерде туған, өлген жылдары туралы түрлі жазылып келе жатқандығы да сонан юолса керек.

М-Ж. Көпейұлының өз тұстастарынан ілгері жағы өзінің өмірбаянын өзі жазып кеткендігі. Қолжазбада болсын, өлеңінде болсын әркез балалық, жігіттік, кәрілік уақытын қосып отырған.

Мысалы:

Заты арғын, нәсілі қазақ, ұраны алаш,

Көпеев-фамилиясы, Мәшһүр Жүсіп

- дейді бір сөзінде, ақын.

М-Ж.Көпейұлының туған жылы күні-бүгінге дейін нақты жазылмай жүр: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1857-1931) «Қазақстан тарихы» (Қазақстан тарихы. Қазақ мемлекет баспасы, 1957. -Б. 581); С.Мұқанов та (1857) жыл туған (С.Мұқанов. Халық мұрасы. - А., Қазақстан, 1974. - Б. 22). Т.Нұртазин (1857) жылы туған (ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті бағдарлама /Октябрь алдындағы дәуір/ - А: 1968. - Б. 10); Б.Кенжебаев (1957-1931) (Б. Кенжебаев. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушысы. Қазақ мемлекет баспасы, 1958. - Б.57); 1957 жылы туған (Б. Кенжебаев. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. - А., Мектеп: 1976. - Б. 63);

1959 жылғы конференцияда М-Ж. Көпейұлының туған жылы туралы кәдімгідей талас туады. Жарыс сөзге шыққан Ш.Кәрібаев: «Х. Сүйіншәлиевтің «Известияға» бастырған бір мақаласында Мұрат, Балқы, Базар, Керделі, Әбубәкір - осылардың шәкірті Мәшһүр болды дейді, Меніңше, Мәшһүрге бұл қиянат. Мәшһүр Мұратқа шәкірт, Балқы Базар Мәшһүрге ұстаз болған жоқ. Әбубәкір 1858 жылы туып, 1930 жылы өлген» -дейді (Әдеби мұра және оны зерттеу. - А., Қазақ ССР Ғылым академиясы: 1961. - Б. 248).

«Мәшһүрдің өмірбаяны жөнінде қосымша баяндамада аз ғана мәліметтер келтірілген. Баяндамада Мәшһүрді 1857 жылы туған дейді Меніңше, ол 1858 жылы туған. Туған жері Баянаулы дейді, олай емес, Мәшһүрдің өзінің айтуынша, Қызылтауда Назатас деген жерде туған екен. І.Жарылғапов жолдас Мәшһүр білімін көтеру жөнінде Орта Азияның бәрін аралады деді. Мұсылман фанатизімінің орталығы болған Самарқант, Бұхара, Ташкент-бәрінде болды дегенді айтты. Біздегі мәлімет бойынша Мәшһүрдің үш рет ол жаққа барғаны рас. Ол 1880 жылдардың аяғы мен 1890 жылдардың ортасында Бұхарада болып, онда Ұлықбек медресесінде, Ташкентте болған.

Мұсылманша ең жоғары білім алып шыққан деді, бұл туралы біз әлі ештеңе білмейміз» - деді (Әдеби мұра және оны зерттеу. - А., Қазақ ССР Ғылым академия 1961. - Б. 249). Осында айтылып отырған қосымша баяндаманы І.Жарылғапов жасаған. Б.Кенжебаев: «І.Жарылғапов жолдас Мәшһүр Жүсіп туралы қосымша баяндама жасады. І.Жарылғапов өз пікірін дәлелдегенде Мәшһүрдің кітап болып басылған еңбектеріне сүйенбей, қолжазбаларына сүйенді» - дейді (Әдеби мұра және оны зерттеу. - Алматы: Қазақ ССР Ғылым академия 1961. - 249).

Демек, І.Жарылғапов М-Ж. Көпейұлының ғылыми өмірбаянына алғашқы рет қалам сілтеген кісі болып шығады. Біз бұдан үш мәселені анықтаймыз. Біріншіден, М-Ж.Көпейұлының туған жылының жаңсақтығын; екіншіден, туған жерінің дұрыс жазылмағанын; үшінші, Орта Азияға барған сапары туралы деректердің дұрыс еместігі т.б. Бұл жадығаттар кейінгі зерттеулерде де ескерілмей қалған сияқты. Ш. Кәрібаевтің М-Ж. Көпейұлы 1958 жылы туған дегені дұрыс еді. Бірақ, тиянақты дәлелдің жоқтығынан кейінгі оқулықтарда 1957 жылы туған деп қате жазылды. Тіпті, М-Ж. Көпейұлының туған жылын «Қазақстан КП/б/ Орталық Комитетінің «Социалистік Қазақстан» газетінде» «Көпеев-ұлтшыл, діндар ақын» деген атпен жарияланған мақала туралы» 1952 жылғы 10 декабрьдегі қаулысында: «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің (1853-1931) творчествосы буржуазиялық ұлтшылдық пен діни мистицизм рухын өзек еткен», деп көрсетілді … » («Семей таңы» Семей облысының газеті. №239(/16139)., - 1989). Бұл қаулыда М-Ж. Көпейұлы 1853 жылы туған деп өрескел қате жіберді. Ақынның туған күніне де мән берілмеушілік байқалды. Қалай болса, солай жаза салу ақынды бағаламау болып табылды. Қайым Мұқамедханов пен Қуандық Жүсіп жазған «Мәшһүр - Жүсіп мұрасы жөнінде» - деген көлемді мақала бірден - бір М-Ж. Көпейұлының мұрасын зерттеу, әдеби шығармашылығын талдаудағы құнды жадығат болып табылады. Осы мақалада «М-Ж.Көпеев 1858 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған» - делінген (Қ.Мұхаметханов., Қ.П.Жүсіпов. «Жұлдыз журналы». // Мәшһүр – Жүсіп мұрасы жөнінде .-№3. 3 март, -1984; Мәшһүр-Жүсіп мұрасы // Білім және еңбек журналы. -№8. -1984; Мәшһүр – Жүсіп қазынасынан. // «Мәдениет және тұрмыс» журналы., №12. -1984); Қ. Жүсіп., Қ.Мұхаметханов.// Мол мұраның иесі. // «Семей таңы» газеті. №210. 3 ноябрь, 1989); Уәлихан Қалижан. Мәшһүр - Жүсіп. -А., Атамұра 1998. - Б. 3); С. Сүтжанов. Мәшһүр мұрасы. -Павлодар: 2001. - Б. 9); С. Дәуітов. Қазақ әдебиеті. №34 (1696). 26 тамыз, 1983); Мәшһүр - Жүсіп Көпеев. Таңдамалы. Қазақ ССР-інің Ғылым баспасы. 1990. – Б. 4); С. Көпеев (ақынның үлкен ұлы Шәрәпиденнің баласы-автор). «Сарыарқа самалы» газеті. №33 (12223). 26 наурыз, 1994); С.Ш. Көпеев. Көпей зираты қамқорлыққа алынса. // Мәшһүр – Жүсіп өмірі. -Павлодар. 2000 . - 132 б);

М-Ж. Көпейұлы өзі бұл турасында былай деп өлеңге қосады:

Қой жылы, жұма күні Қызылтауда,

Көріппіз туып сонда жалған жүзін...


немесе, Қой жылы бала екенмін жерге түскен,

Кіндігім Қызылтауда Тоқтық кескен ...

(Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Таңдамалы. -А., 1990. - Б. 52, 116).

Мұндай нақты мысалдар М-Ж. Көпейұлының өлеңдерінде өте жиі ұшырасады. Сол сияқты «Мәшһүрдің өзінің айтуынша, Қызылтауда Назатас (қазір «Найзатас» деп айтып жүр – автор) деген жерде туған екен деп айтады». «Найзатас» деген жерде дүниеге келеді». М-Ж. Көпейұлының шығармаларынан «Назатас» деген жерде тудым деген сөзді ұшырата алмадық. Тек қана «Қызылтауды» ерекше жырлап өткен. Баянауылда әр тастардың өздерінің аттары болған: «Ақбеттау», «Үш шошақ», «Көгілдір тау», «Зеңгір тас», «Күркетас», «Қойтас», «Серектас», «Көктас», «Аралтас»,«Найзатас», «Ертас» т.б. Демек, М-Ж. Көпейұлы нақты туған жері Қызылтау екен. «Ер туған жеріне» демекші сол байдан ұлықсат алып Қызылтауға қайтып оралады» - деп жазды Көпей бабасы туралы С.Көбеев.

1861 тауық жылы Мәшһүр - Жүсіптің үш жасында әкесі Көпей Қызылтаудан көшіп Қызылағаш, Бұзаутасты қыстаған. Баласының білім алуын ерте ойлаған әке, тауық жылы 1861 жылдары баласы үшін мешіт күзетсем де деген оймен үй салады:

Тауық жылы салам деп бастаған үй, Кемдікпен шатырсыз боп сол жыл бітті (117- бет).

«Баянда жатақтың өмір кештік» - дейді бір өлеңінде Мәшһүр – Жүсіп. «Сол себепті әулие Қызылтауды тастап, Баян қалашығына көшіп келген» - дейді ақынның немересі С.Көпеев.

Мәшһүр – Жүсіптің әкесі түрікше хат таныған, ескіше сауатты, көкірек көзі ашық адам болған. М-Ж. Көпейұлы бұл турасында:

Бар еді үш кітабы жазба түркі,

Белгілі жұртқа мағұлым дінге беркі …

Күндіз-түні жалықпастан оқушы еді

Зүбдатіл Масайлыны бізден сұрап (110 - бет)

- дейді.

Сөйтіп, әкесінің білімге құштарлығын еске алады. Бала үшін ноғайларға жалданып жұмыс істеп, баласына ескі, жыртық «Мұхаммедия» алып беріпті. Осының бәрі бала Мәшһүр - Жүсіптің ойында қалыпты. Үш теңгеге сатып әперген «Мұқтасардың» өзін қастерлеп ұстап, оқыған Мәшһүр - Жүсіп кейіннен Рабғұзидің «Қиссасу-л әнбиясын» оқығанда бұл кітапты жас кезінде оқи алмағанына қатты өкінеді. Өйткені ол кезде бір құран 15 қой немесе бір аттың құны, «Әптиек» қозылы қой, бес құранды бастыру үшін бір бойдақ қой керек.

1863 доңыз жылы Мәшһүр – Жүсіпті бес жасқа толғанда әкесі Көпей Баянауылдың ескі хазіреті Байжан Ишағұлдың медіресесіне бала оқытып жүрген хазірет Нәжімедденге, білім алсын деп беріпті. Нәжімедден хазірет Мәшһүр-Жүсіпті алдына отырғызып «Ағзузы бісмілләні» айтқызыпты.

А, сопы, балаң Бұхарай – Шәріптің баласындай екен. Бұл – Баланы «Шар кітапты оқысаң, әр кітапты оқырсың!» - деген. «Шар», «Михат» кітаптарынан бастап, оқытайын дейді. Мәшһүр – Жүсіп бас-аяғы 5-6 жасында араб, парсы, шағатай, түрік тілдерін жетік меңгеріп алады, балалардың алды болады.

Мәшһүр - Жүсіп өзі өлеңмен былай дейді:

«Мә»-ні оқыған жоқ менен басқа бала,

Араб, парсы, - өлеңдей жатқа және.

Самардай қақсағаным – бар жазығым,

Үш жылдай жер аударды ата – ана...

немесе:

Атамыз берген екен әуел баста,

Мектепке доңыз жылы дәл бес жаста.

«Ысмайыл Қызылағаш» деген жерде

Бес шақырым жерде ауыл: «Бұзаутаста» (114 - бет)

- дейді ақын. Бұдан кейін Баянауыл (қыр қазақтары үшін расында қала сияқты көрінді). Байжан Смағұлдың медіресесінде дәріс алуға отырады. Нәжімеддин қазірет өте білімді адам болған. Тіпті, М-Ж. Көпейұлын білімі үшін еркелетіп «Бұхарлығым» - деп отырады екен. Бір қыс Баянда пәтер жалдап, қыстап шығады. Сәтқожа молдалық құрып, дүкен ұстайды екен. М-Ж. Көпейұлының аулы Бұзаутаста отырады. Мектепке әкесінің қалай алып келгенін бала Мәшһүр - Жүсіп былай өлеңге қосады:

Атамыз дін жолында белін буды,

Бұл Мәшһүр сол секілді ерден туды.

Көшенің қақ басынан қуғанынан,

Жеткенше медресеге атпен қуды (115 - бет).

Бұл - көше (Байжан қазірет) көшесі деп аталады екен. Ауыл балалары емес пе, алысады, жұлысады «Түйбас» ойын қылып жас Мєшћ‰р - Жүсіпті жабылып ұрады екен.

1864 тышқан жылы Жүсіп 6-ты жасында Шөкел ұғлы Дүржанбай халфеден білім алып «Шығыс әдебиетінің» небір қызық жайттарымен танысады. Ауыз әдебиетінің үлгілерін ертегі, жырларды жатқа біліп, ел-ішінде айтып жүреді. 1865 сиыр жылы Жүсіп 7-ті жасқа толады. Қызылтауда тұрған Төртулы халфе Орманшы Қожан дегеннен де дәріс алады.

Моласы-Дүржанбай, халфе-салпе,

Оларды біз тауыстық гөй-гөй күйін - дейді (117 - бет).

Бес жасынан оқуға келген Жүсіп 6 жасында «Шар кітабын» тауысып, араб, парсы тілдерін меңгеріп шығады. Өзі зерек, суырып салма ақын, талантты бала өзге балалардың алдына түсіп, көзге ерте ілінеді. Бұл өзімен бірге оқыған балаларға ұнамайды. Олардың Жүсіпке тағатын кінәсі сен берген тапсырманы тез орындайсың біз үлгермейміз деп зар жылайды екен. Анда- санда Жүсіпке «Ақ түйебас» ойнын жасап қоятын болған. Өзі турасында Мәшһүр – Жүсіп:

Сабақ білмей, болмаса ойын ойнап,

Мен таяқты молдадан жеген емен-дейді (117-бет).

Бес жасынан екі жыл Баянда (1863-1865) жылдар оқып, одан кейін бір жыл Қызылтауда (1865-1866) жылдар болып, «Шар» кітапты жатқа соғып, оған өзі де өлең қосып, ел ішінде ақын бала атанады.

Шар кітап -алты жаста ұстағаным,

Сол күнде өлең жаттап қостағаным,

Екі жыл Баян, бір жыл Қызылтауда,

Үш жылдай, түнеп түзге қыстағаным (116 - бет)

- деп жырлады балалық кезеңі туралы Мәшһүр – Жүсіп.

1861 тауық жылғы жұттың да тауқыметін көрген Мєшћ‰р-Жүсіптің көкірек көзі оянады. Өз құрбыластарынан оқ бойы озып кетеді. 1866 жылдың аяғында Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлы Баянаулаға оқуға қайта келеді. Мєшћ‰р - Жүсіптің бұл кезде жасы 8-ге толады. Баян жаққа келген қазірет, Мерген Жақып дегеннің үйінде пәтер жалдап тұрады. Халфенің бәйбішесі Бибі оқыған білімді адам болады.

М-Ж. Көпейұлы бұл турасында:

Халфенің Бибісінен сабақ алып,

Өткіздік өмір сонда ала қыстай (115 - бет)

- деп еске алады. 59 жастағы халфенің Бибісінен 19 жастағы бір ұл, 9 жастағы бір қыз ғана бар екен. Бала Жүсіппен төрт жан бірге тұрады. Жастайынан білім қуған бала Жүсіп халфенің (молданың) да, Бибінің де алдында өз білгенін білім кернеп айтып қалып отырады. Бидан /Бибі/ ғылымның 12 пәнін меңгерген, сондықтан да жастарға дәріс берген. Бұл орайда, Мәшһүр - Жүсіп:

Ғылымның он екі пән өзі білген,

Кісі еді, сөзге ұста, шешен тілді.

Айтқанын доптай қағып түсірмейтін,

Алдына дәл өзіндей бала келген (118 - бет)

- деп, Бибінің ақылын, білімдарлығын асыра мақтайды, бағалай біледі. Бұл Жүсіптің көңіліне үлкен ой салады. Құтболды, Фазыл, Мағзұм үшеуі бір жыл қыстай осы үйде оқып шығады. «Мәшһүр-Жүсіп 8 жасында Камаридден хазіреттен оқи бастайды. Жас кезінде Бұхарай - Шарифтен оқып, дін ғылымын бітірген, кейін Ақмола облысында дуанбасы Керей Тұрсынбектің қасында бірнеше жыл тұрып, одан соң Омбы облыстық ахуны болып жүрген жерінде дуанбасы Мұса Шорманұлы шақыртуымен Баянға келген. Камаридденнің шығыс мәдениетін, қазақтың ауыз әдебиетін кең білуі және насихаттауы бәрі - болашақ ақынға шешуші ықпал еткені анық. Бұрын ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілері тек ауызша айтылып, оны қағазға түсіру дәстүрі болмаса, Қамаридден хазірет ала келген: «Қозы көрпеш Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Төрт жігіттің өлеңі» т. б. жырларды қағазға түс іріп, ауызша жырлап айтуы мен Мәшһүр Жүсіптің 8 жасынан бастап-ақ ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерін қағазға түсіріп, халыққа тарата бастағанын дәлелдейді»-деп жазды Нартай Қуандықұлы.

Мәшһүр - Жүсіп 8-ден 9-ға қараған жасында күллі Баян еліне өлеңші бала атанды. Бұл сөз Мұса Шорманға да жетті. Кезінде, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мен бірге оқыған Жаяу Мұсаның өлеңге қосып айтып жүретін бір баласы: «Шорманның Мұстафасы атымды алып, атандым сол себепті Жаяу Мұса» дейтін Шорман бидің ұлдарының бірі - Мұстафа осы - Мұстафа.

Мұса Шорман үш жұрттың тілін білген (қазақ, орыс, француз) тілдерін. «Үш тіл білген адам басқадан үш елі биік тұрады» - дейді екен Мұса. Шорман би өлгенде Мұса ұзақ жоқтау шығарыпты «Оның «Қисса Мұса мырза» атты 38 беттік жоқтауы Қазан университетінің Н.И. Лобочевский атындағы ғылыми кітапханасының сирек қолжазбалар бөлімінде сақталған». Мұса Шорманов 16 жасынан Ақкелін болысының старшыны болып 18 жыл 1853 жылға дейін атқарған. 1853 жылдан, 1868 жылға дейін 15 жыл Баянауыл дуанның аға сұлтаны болған. Мұсаның тұңғыш ұлы Садуақас Шорманов. Мұса Шормановтың туған жиені Шоқан Уєлиханов, Шорманың қызы Зейнеп Шоқанның анасы Шыңғыс төре Уєлихановтың зайыбы, Мұсаның туған жездесі. Шоқанның оқуына көп жағдай жасаған. Мұса Шорман полковник атағымен (1819-1885) жылы дүниеден озды. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы Мұса өліміне қатты қайғырып 345 жолдық жоқтау шығарған. Бұл жоқтауды алғашқы рет тауып, оқырманға таныстырған Мұздыбай Бейсенбаев (Семей, Абай мұражайының қызметкері-тін). Жоқтау «Боздағым» - деген кітабына, кейіннен «Сарыарқа самалы» газетінде басылды. Жоқтау қолжазба күйінде Ленинград (қазіргі Санк-Петербург) қаласында Березин архивінде сақталған. Мұса 1885 жылы 66 жасында Омбы қаласында қайтыс болды.

Мәшһүр -Жүсіп жоқтауда:

Мұса бала атанып он үште орын сайлаған,

Бас қосылған жиында бұлбұлдай болып сайраған

- деп, Мұсаның халқына жасаған бар жақсылығын паш етеді, қатты егіледі. Зиялы Еуропаша оқығаны бар Мұса, М.Ж. Көпейұлының өлең өнері жолында тұсауын кесіп, Мәшһүр деген айдар таққан:

С. Мұқанов бірде былай: «Оның өз аты – Жүсіп, «Мәшһүр» арабтың «Белгілі» деген сөзі. Ол өз жазғандарының кейбірі жарияланып, елге атағы жайылған шақта, Жүсіп өз атына «мәшһүрді» қосып алған да «Мәшһүр Жүсіп» лақабымен кеткен» - дейді. Расында солай ма? Ақынның өзіне жүгінсек:

-Қаққай,-деп құдай мұнан көз бен тілді,

-Мынау Мәшһүр болатын бала екен-деп,

Ер назары тиюмен нәпсі қылды (120 - бет)

Немесе:

…Аяумен мейірі түсіп, бұлайша айтты:

-Балаңа мұнан былай үкі тақ – деп.

М-Ж.Көпейұлы өлең жолдарында осылай есіне алады.



Тапсырма.

Жоғарыда берілген зерттеу материалдарын оқи отырып, Мәшһүр Жүсіптің өмірі туралы зерттеушілердің пікірлері мен деректерді салыстырып, өздеріңіз де тұжырым жасап үйреніңіздер.

Үлгі:


Тарихи уақыт

Тарихи оқиға

Тарихи тұлға

тұжырым









Мәшһүр Жүсіп – Абай, Шәкәрімдермен үндес, жолы бір адам


Мәшһүр Жүсіп те Абай, Шәкәрімдер сияқты қазақтың бай, мол, тереңнен бастау алатын халық ауыз әдебиетінен тұщына сусындаған.

Ес біле келе Мәшһүр Жүсіп те Абай, Шәкәрімдер сияқты шығыстың тамаша әдебиетімен, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йүгнеки, Сүлеймен Бақырғани, Рабғұзи, Құтып, Хорезми, Хұсам Кәтіп, Сейф Сарай шығармаларымен үндестік табады, жыр-дастан, рубаиларынан нәр алады. Мәшһүр Жүсіп те, Шәкәрім де ел көріп, жер көріп, өз білімін әрі қарай тереңдету мақсатында Ташкент, Бұхар, Түркістан сияқты ірі қалаларға бірнеше рет сапар шегіп, Шығыс мәдениеті, Шығыстың ғұлама ғалымдары мен ақын, ойшылдарының шығармаларымен жақыннан танысады.
Осы сапары жөнінде Мәшһүр ақын:
Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,
Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап.
Самарқан, Бұхар, Ташкен - бәрін кезген,
Жасында бір кем отыз тәңірім айдап - деп хабар бере кетеді.

Мәшһүр ақын ұлы Абайды өзіне ұстаз тұтып, оның ағартушылық идеясы мен ақындық дәстүрін жалғастырушылардың бірі болды. 1902 ж. Абаймен хат алысады. Абай өлеңдерін жаттап алып, ел ішінде таратуда, насихаттауда берік ұстаным тұтынды. Ол Абай соқпағымен «тас қияға өрлегендердің» бірі еді. Абайдың тірі кезінде оның өлеңдеріне алғаш рет талдау жасап, баға берген де Мәшһүр Жүсіп болды. «Дала уәлаятының газетінде» 1989 жылы жариялаған «Баянтаудан хабар: Абай творчествосы туралы мәлімет» деген мақаласында Абай шығармашылығы туралы өз ойларын ортаға салады. Мәшһүр Жүсіп өз туындыларында Абай сияқты сол кезде әлеуметтік топ ретінде пайда болған ел ішіндегі пысықтарды, ұлықтарға арқа сүйеген жағымпаздарды аяусыз сынайды, ел бірлігін ойлап, Абай жолын таңдайды. Абай туралы «бұл - біздің соңғы пайғамбарымыз» деп жоғары баға береді («Абай», Энциклопедия, «Атамұра» баспасы, 1995, 403-404 беттер). Шәкәріммен бірнеше рет жүздескен деген дерек те бар.

Мәшһүр Жүсіп те араб, парсы тілдерін үйреніп, Шығыстың классикалық әдебиетімен жете танысқан. Шығыс дастандарының үлгісімен дастан да жазды. Ислам дінін терең оқып-үйреніп, ислам ілімін, пайғампарлар мен сахабалар жайлы да өз жырларында толғады.

Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп үшеуі де – Батыс мәдениетімен, әдебиетімен және әдебиет өкілдерімен жете танысып, қазақ поэзиясына зор жаңалық енгізген ірі тұлғалар.

Тапсырма. 1. Жоғарыда берілген мәтінді түсініп оқып, ұлылар шығармаларындағы үндестікті мұғалім ұсынған шығармалар арқылы дәлелдеңіздер.

Қосымша оқу материалы


МӘШҺҮР – ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ (1858 - 1931 )

 1858 ж. әкесі Көпей қыс ішінде Қызылтауға Ашамайтасқа көшіп келіп 4 жыл тұрады.

1858 қой жылы әкесі - Көпей марқұмның 42 жасында, анасы - Танашқызы Ұлбаланың 18 жасында Қызылтауда Ашамай тастың түбінде, ережеп айында, жұма күні Мәшһүр Жүсіп (азан шақырып қойған шын аты Адамжүсіп) дүниеге келген.

1861 жылы Мәшһүр – Жүсіптің 3 жасында, Көпейдің 45 жасында Қызылтаудан «Тауық жұты» болып, мал қырылып, Баян қаласына көшіп келеді. 1861 – 1865 жылдары үй салынып біткенше Қызылағаш, Бұзаутас деген жерді мекен қылады. Ақын осы өскен жерін жиі есіне алып, өлеңіне арқау қылған.

1863 жылы 5 жасында Мәшһүр Жүсіп, Баянауыл қаласында Байжан деген хазіреттің ұйымдастыруымен ашылған медіреседе бала оқытып жатқан Нәжімеддин молдадан дәріс алады. 1864 - 1865 жж. 6-7 жасында Баянаула, Қызылтауда өткізеді. Қызылтауда Төртуыл халфеден бір қыс оқып, Дүржанбай молда, Бибі деген әйел молдадан сабақ алады. 1866 ж. 8 жасында Қамар (Қамараддин) хазіреттен дәріс алады. 1866 – 1867 жж. 8 - 9 жасына қараған шағында Шорманның Мұсасы Жүсіпке «Мәшһүр» деген атты қосақтаған. Сөйтіп, осы кезден бастап Мәшһүр – Жүсіп атанды. 1867 ж. 10 жасында Шорман ауылындағы Жүніс молданың алдынан сабақ алады. 1866 – 1872 жж. Мәшһүр Жүсіп Қамар хазіретке 8 жасында кездескеннен 15 жасқа дейін 7 жыл рухани жолдасы болады. Өз бетімен білімін жетілдіреді. Дінге, ғылымға ден қояды. Атбасар, Қызылжар маңын жайлайтын Алтай, Қуандық, Тоқа елдерін аралап, халықтың ауыр тұрмысын көріп, қайғы - мұңымен танысып, ортақтасады. Өлең жазады. 1874 ж. 16 жасында Әкімбек деген бай жалғыз баласы Қабылбекті оқытуға алып кетеді. 1874 – 1876 жж. Әкімбектің қолында 2 жыл тұрып ұстаздық қылады, бала оқытады. 1873 ж. 15 жасында Мәшһүр Жүсіптің Түркістан, Ташкент жаққа сапарға жолы түседі. Сол жылдары Бұхарға барып «Көклән» медіресесінде білімін жетілдіреді. 1877 – 1887 жж. ақын Сарыарқаның барлық жерлерін аралап, бай мағұлымат (ауыз әдебиетін) жинайды. 1881 ж. В.В. Радловпен кездеседі. 1887 ж. 29 жасында екінші рет Бұхар, Ташкент, Түркістан жаққа барады. 1889 -1890 жж. «Дала уалаяты» газетіне үзбей мақалалар жазып тұрады. Өлең және дастандарын жазады. 1891 ж. Қазан, Омбы, Томбы, Семей жақтарын аралайды. 1895 ж. 37 жасында үшінші рет Орта Азияға сапарға шығады. 1900 – 1903 жж. – 1967 - 1968 жылғы «Жаңа низамға» өзінің пікірін айтып, толықтырулар ұсынады. Орыс демократиялық төңкеріске көзқарасын білдіреді. 1902 ж. Абаймен хат алысады. 1907 ж. «Қанды жексенбіні», «Манифесті» айыптап өлең жазады. Тұңғыш рет Думаға депутаттар сайлау жөнінде және мұсылмандардың басын біріктіру туралы идея көтереді. Қазақ өмірінің тарихынан, орыс империясының отаршылдығын әшкерелеп «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» - деген саяси өлең жазады. 1907 ж. Қазан жандармеясы ақынға іс қозғап 2 – статьямен сотқа тартады. 1907 ж. 49 жасында төртінші рет Орта Азияға сапарға шығады. 1907 – 1916 жж. Мәшһүр – Жүсіп елден қашып кетуге, уақытша бой тасалап жүруге мәжбүр болады. 1911 – 1914 жж. «Айқап» журналына мақалалары өлеңдері жарияланып тұрады. 1916 жылы Ұлт азаттық көтеріліс басталғанда қайтып оралады. 1917 – 1923 жылдары ақпан, қаңтар төңкерісін, қызылдардың қырғынын көреді. Кеңестің түбі құрыйтынын болжап өлең шығарады. 1921 ж. ортаншы ұлы Әмен Ташкентте төңкерістің құрбаны болады (1916 жылғы көтерілістің басы қасында болған, кейіннен Ғани Мұратбаевпен бірге жүрген). 1922 ж. Әмен ұлының басына бармақшы болып жиналып, ақ пен қызылдың қырғын соғысының салдарынан бара алмай қалады. 1923 - 1928 жылдардағы колхоздастыру кезеңінің қателігін айыптап, өлең шығарады. 1929 – 1931 жылдардағы аштықты көзімен көреді, жүрегі ауырады. 1916 – 1931 ж. арасында бос қарап жатпай, Ескелдіде өзі жинаған дүниелерін «Қара месін» жинақтап, көшіріп ретке келтірді. 1931 ж. 17 қарашада «Ескелді» деген жерде дүние салды.

МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ


Мәшһүр Жүсіп мұрасы – ұлттық игілігіміз. Өйткені, ұлт тарихы мен этнографиясына, философиясы мен фольклортануға, Қазақстанның саяси-құқықтық мәдениеті мен қазақ әдебиеті тарихына қатысты ұшан-теңіз деректер, ағыл-тегіл мәліметтер, әдеби нұсқалар, атап айтқанда, Адам Ата, Хауа Ана, Нұқ дәуірінен Уыз ханға дейін; Алла тағаланың құдіретін, сипатын келістіре жырлаудан бастап, сегіз жұмақ, жеті тозақ, жеті қат көк, жеті қат жердің жаратылуына дейін; Мұхаммед пайғамбардың өмір тарихы, пайғамбарлыққа ие болуы, Миғражға самғауы, хадистері, дүниеден кеткеніне дейін; әулие-әмбиелер, періштелер, патшалар, жомарттар турасындағы ой- толғаулардан бастап, Мұхаммедтің ісін ілгері апарушы Ахтам Хазірет, Ғалы арыстанға дейін; 92 баулы Қыпшақ пен 32 баулы Өзбектен Алаша ханға дейін, Әз-Жәнібек ханнан Абылай ханға дейін, Майқы биден Саққұлақ биге дейін алуан-алуан тарихи аңыз-әңгімелер, жырлар, дастандарды хатқа түсірген әрі өзі таңғажайып қабілетпен, шалқар шабытпен, небір сұлу өлең-жырлар туындатқан. Бұған:

Болды екен Мәшһүр шешен қандайында,

Басылған құдірет мөрі таңдайында, - деген Мәшһүр Жүсіптің өз лебізі айғақ.


Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – атақты ақын


Мәшһүр Жүсіп он бес жасында медреседе оқып жүріп өлең жаза бастайды. Он бес жастан кейінгі өмірінің бәрін дерлік өлеңмен сөйлеген деседі. Ол туралы ақынның өзі былай дейді: 

Жабысты маған өлең он бес жаста,
Жұрт айтты: «Не қыласың» - деді баста
Дегенмен қоя алмадым үйренген соң,
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.

Шүкірлік, бергеніңе, құдай патша,
Он бесте шабыттандым жүйрік атша.
Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде,
Кеудеме өлең толды сызған хатша.  

Академик М. Қаратаев та ХХ ғасырдың бас кезіндегі ақындардың творчествосын саралай келіп: «М. Көпеевтің қазақ әдебиетінде әрі ақын, әрі жинаушы ретінде алатын орны ерекше» - деп  бағалапты.(«Қайта қарауды қажет ететін мәселе», «Қазақ әдебиеті» (1956).

1888 жылдан бастап жас ақынның өлеңдері мен мақалалары қазақ тіліндегі тұңғыш баспасөз үні «Дала уәлаятының газетінде» жиі жариянана бастайды.
Мәшһүр Жүсіп 1905 жылғы патша манифесінің жалғандығын әшкерелейді, елдің уақытша көзін бояу үшін шығарылған жалған бұйрық екенін де ешнәрседен тайсалмай қазақ ақындарының ішінде алғашқысы болып толғайды. 1907 жылы Қазандағы Хұсайыновтар баспасынан Мәшһүр Жүсіптің «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал» деген үш кітабы бірінен соң бірі басылып шығады. Бұл кітаптарында қазақ халқының басына түскен ауыр хал мен тұрмыс тауқыметтері, жоқшылық пен теңсіздік шынайы көрсетіліп, әлеуметтік өмірдегі келеңсіздіктер мен қайшылықтар өткір сынға алынады, жастарды оқу-білімге, өнерге шақыру үні айқын сезіледі. Осы әрекеті үшін де ақын қуғынға ұшырайды. Профессор Ә.Қоңыратбаевтың: «Мәшһүр Жүсіптің жоғарыдағы үш кітабының заңға ілігіп, таратылмауы, оны басып шығарған Хұсайыновтарға 12 мың сом ауыр айып салынуы, ақынның қамалушылар тізіміне ілігіп, ел ішінде бұғып жүруі осыдан» деген сөзі өте орынды.(Қазақ КСР Ғылым Акаднмиясы кітапханасының қолжазбалар қоры, П-№1173, 16 бет).

Мәшһүр Жүсіптің ақындығы сан салалы, өлеңдеріне арқау болған тақырып та әр алуан. Айталық, Мәшһүр ақын көпшіліктің берекесін алатын, жарастығын бұзатын озбырларға үнемі қарсы тұрып келіпті. Жан-жағын жұтып жіберердей алара қарайтын бай-шонжарлар, қысы-жазы ауыл маңы айғай-шу, бос дүрмек, оқу іздеп, өнер қуып жүрген бірде-бір жастарды көре алмаған ақын халыққа қарап:

Қазағым, өнер ізден, ұрлық-зорлық,
Қыласың бір-біріңе неге озбырлық?
Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,
Басыңа келген жоқ па талай қорлық? - деп ел ішінің ауыр жағдайын, береке-бірлігі жоқ жүдеу қалпын ашына айтады.

М. Көпеев өлеңдерінің айрықша бір қасиеті - қарапайымдылығында. Ол ерекше бояу, тыңнан жаңалық іздемейді, жұртты таңырқата қояйын деген ой ақында атымен жоқ. Ақынның сөзі - жүрек түбінен шыққан сөз. Ақын сөз өнерін өте жоғары бағалаған. Адам баласы мен адам баласының табыспайтын, жақындаспайтын ұғыспайтын кезі болмайды. Өйткені, бірінің ішкі жан сырын бірі сөйлесу арқылы түсінеді дей келіп:
Кем емес кейбір сөзім жанған шоқтан,
Әркімге ауыр тиер атқан оқтан.
Ұшқан құс, жүгірген аң - жануарлар,
Атанды бәрі хайуан - тілі жоқтан, - деп адамның ғажайып құдіретін, оның жарық дүниенің қожасы екенін әдемі сипаттаған.
Мәшһүр Жүсіптің бөліп айтуға тұрарлық бір ерекшклігі - өлеңдерін жазып шығарған. Ол әрбір жырын мұқият қағаз бетіне түсіріп, рет-ретімен тәртіптеп, шашау шығармай ықтияттап ұстаған.

М. Көпеев қазақтың өз заманының ақындарымен де таныс, сырлас болыпты. Ақан серімен бірнеше рет кездескенін, онымен сырласып, пікір алысқанын айта келіп, былайша тебірене сөз етеді: «Ақан серінің Құлагері өлген соң бұрынғы серілік мінезді қалдырып, көп бас қосатын ас, жиын-тойға жүрмейтін, бармайтын болып, дүние махаббатынан мүлде көңілін суытты. Ақан сері адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі еді, жігіттің құлпы жібегі еді» - деп Ақан серінің басындағы қайғылы жағдайымен қоса, оның ақындық өнері жайлы да толғамды ой айтқан.
Мәшһүр Жүсіптің игі істеріне қанық қазақтың зиялы қауымы оны ерекше құрметтеп, бағалаған, ақындардың пайғамбарына теңеген, әруағына сиынған.  

Жұма күні, қой жылы аштың есік,
Қазақтың кең даласын қылдың бесік.
Дәл сондай жұма күні, қой жылында,
Көз жұмдың жалғаныңа қош бол десіп. (К.М)

Мәшһүр Жүсіптің қай шығармасын оқысаңыз да, ойға, сезімге, қиялға, тілге бай. «Мұса Шорманұлы», «Өлең және қар сөз ғибраты» дейтін толғаныстарында қазақ тілінің құдіреті мен ойдың інжу-маржандары айқын көрініс тапқан. Тайбурылдың шабысындай ақындық қуат қандай!

Біз Мәшһүр Жүсіптің ақындығына тағы да тоқталсақ, оның нәзік те отты, ойлы өлеңдері халықтың өз ішінен қайнап шыққан талант екенін көрсетеді. Ел ішінің жағдайына жастай қанық ақын ағайын-туыс, бауырдың жан сырын терең жырлайды, нәзік тербейді. Олардың мінез-құлқын салмақты баяндап, сабырлы түйіндейді. Бір қызығы, әрқайсының мінезі әртүрлі, бірі біріне кереғар, күле салуы да жылдам, ренжи салуы да оңай. Енді ақынға сөз берсек, ол:

Аманыңда елжіреп мақтайтын ағайын,

Алыстамай айналып жақтайтын да ағайын.

Ауырыңды жеңіл ғып жоқтайтын да ағайын

Еркелетіп бетіңнен қақпайтын да ағайын, –

десе, бұл күнделікті өзіміз көріп, өзіміз қоян-қолтық араласып жүрген ел тірлігі. Халқымыз “Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол”, – дейді. Ағайынның тағы бір мінезіне ашынып, “Туысқан бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды”, – деп те ашылады. Қалай болғанда да өзіңнің өскен жұртыңа жетері жоқ. Осыны Мәшһүр Жүсіп тіпті әдемі толғайды, ақынға құлақ ассақ:

Әуел баста аңдамай тартып жүрме сазайын,

Толып жатыр түрлі сөз қайсыбірін айтайын.

Түсінсе түйткіл сөзімді улы тілмен шағайын,

Өскен ордам жамандап жақсыны қайдан табайын, – дейді.

Мәшһүр Жүсіптің осындай жақсы жырларының қатарына оның “Жеті жетім”, “Қажылық иман шарттары”, “Адам екі түрлі”, “Жанайын ба?”, “Дауасыз дерт”, “Күндіз бен түннің айырмасы”, “Сырға сөз” секілді өлеңдерін атар едік.

Оның нәзік те отты, ойлы өлеңдері халықтың өз ішінен қайнап шыққан талант екенін көрсетеді. Ел ішінің жағдайына жастай қанық ақын ағайын-туыс, бауырдың жан сырын терең жырлайды, нәзік тербейді. Олардың мінез-құлқын салмақты баяндап, сабырлы түйіндейді. Бір қызығы, әрқайсының мінезі әртүрлі, бірі біріне кереғар, күле салуы да жылдам, ренжи салуы да оңай. Енді ақынға сөз берсек, ол:

Аманыңда елжіреп мақтайтын ағайын,

Алыстамай айналып жақтайтын да ағайын.

Ауырыңды жеңіл ғып жоқтайтын да ағайын

Еркелетіп бетіңнен қақпайтын да ағайын, –

десе, бұл күнделікті өзіміз көріп, өзіміз қоян-қолтық араласып жүрген ел тірлігі. Халқымыз “Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол”, – дейді. Ағайынның тағы бір мінезіне ашынып, “Туысқан бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды”, – деп те ашылады. Қалай болғанда да өзіңнің өскен жұртыңа жетері жоқ. Осыны Мәшһүр Жүсіп тіпті әдемі толғайды, ақынға құлақ ассақ:

Әуел баста аңдамай тартып жүрме сазайын,

Толып жатыр түрлі сөз қайсыбірін айтайын.

Түсінсе түйткіл сөзімді улы тілмен шағайын,

Өскен ордам жамандап жақсыны қайдан табайын, – дейді.

Біз өз уақтысында “Жалайридың жел жетпес жүйрігі” атанған Бақтыбай мен Сыр бойының ақыны Бұдабайдың түс көріп, түсінде көген емес, өлең алып, ақын боп оянғанын жақсы білеміз”. Ал, Мәшһүр Жүсіптің қалай ақын болғандығы жайлы әңгімесі оның өзінің алдындағы өнерпаздарға ұқсастығымен бірге, айырмашылығының да бар екендігін анық танытады. Мұны “Он бесте шабыттандым жүйрік атша, кеудеме өлең толды сызған хатша” деген жолдардан ұғынуға болады. Одан бұл кезде жазу-сызудың қазақ өлкесіне кең қанат жая бастағанын, Мәшһүр Жүсіптің де сауаттылықты жоғары бағалап, оған құрметпен қарағанын аңғарасың.

Мәшһүр Жүсіп, өзі айтқандай, он бес жастан кейінгі өмірінің бәрін дерлік өлеңмен сөйлеген. Ақын дүние танымын, адамдармен қарым-қатынасын, нені сүйіп, нені жек көретінін, кімнен үйреніп, кімнен жиренетінін де өрнектеген. Біз оның мұндай туындыларынан сол кездегі адамдардың өмірге деген көзқарасын, ішкі жан дүниесін, тұрмысын жан-жақты танығандай боламыз.

Ақын той мен топта, ел мол жиылған аста бай мен болыстан, би мен бектен ығыспаған, олардың қателіктері мен кемшіліктерін тіке айтып, жуанға істеген “жақсылығын”, жіңішкеге көрсеткен “қорлығын” бетіне басып отырған. Осы ақ ниеті үшін артынан опық жеген кездері де аз емес екен.

Расында да ол бала болып ойнамаған, бес жасынан бастап оқуға зейін қояды, ержетіп бозбалалық шаққа жеткен соң да ала қағаздан бас алмаған. Ақын шарқ ұрып ізденудің нәтижесінде білімге де, парасатқа да ерте жетіпті. Күннің шуағын бірінші болып қарсы алып, батып бара жатқан шапағын да өзі шығарып салатын заңғар таудың құзар басы сияқты, алдымен не көрсе де білімді жан көрмек. Ақылды, білімді адам өмірдің соққан бар дауылына төтеп бермек. Мәшһүр Жүсіпті де осындай жан деп білеміз. Оның жанының нәзіктігін, көңілінің жомарттығын, “өзім не болсам да мейлі – өзгенің жаны жараланбасын, басқаның басына бақытсыздық, күңгірттік келмесін”, – деп іштей жақсы тілеумен жүретінін айтып жеткізу мүмкін емес. Мәшһүр жырлары оқушысын еңбекке, адалдыққа, мейірімділікке үндеумен қымбат.

Мәшһүр Жүсіптің “Сарыарқаның кімдікі екендігі” атты кітабы тұтас халқымыздың ішкі-сыртқы жағдайын толғайтын дүние. Бұл еңбек 1907 жылы баспадан шықса да 1917 жылы cәтті бастама көтерген алаш азматтарының ой-арманымен тоғысып, үйлесіп жатыр. Ақын діннің, жердің, малдың кеткенін, елдің азып-тозып нашарлағанын айта келіп: “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді”, – десе, халқының қамын ойлаған озық азаматтың пікіріне толық қосыламыз.

Ақын үзбей өлең жазып, халықты өнер-білімге шақырғаны мәлім. Мәшһүр Жүсіптің түпкі арманы – халықты жаппай сауаттандыру еді. Алайда, ол мұндай игілікті іс тек сөзбен ғана іске аспайтынын, ол үшін қолда билік болуымен қатар, мол қаражаттың қажет екендігін кейін сезінді. Амалсыз ішкі мұң-шерін тағы да өлеңмен шертті.

Ол көпшіліктің берекесін алатын, жарастығын бұзатын озбырларға үнемі қарсы тұрып келіпті. Бұл турасында профессор Б.Кенжебаев: “Мәшһүр шығармаларының көпшілігінде заман жайын айтады, қазақтың теріс мінездерін, қазақ арасындағы ескіліктің қалдығын, би-болыстарды, патша үкіметінің чиновниктерін сынайды”, – десе, ғалым жіті байқап, дұрыс бағалаған деп білеміз.

Мәшһүр Жүсіптің өмір сүрген тұсы — бір рудың малын екінші бір рудың елі барым­талап, шетке шыққан жылқы-сиырын сіңіріп кете беретін, әлсіздің күні қараң, күштінің сөзі жүріп тұрған феодалдық қоғамның нағыз қаны тамып тұрған кезі еді. Қысы-жазы ауыл маңы айғай-шу, бос дүрмек. Оқу іздеп, өнер қуып жүрген бір де бір жасты көре алмаған ақын халыққа қарап:

Қазағым, өнер ізден, ұрлық-зорлық,

Қыласың бір-біріңе неге озбырлық, – дейді.

Ақын сөз өнерін өте жоғары бағалаған. Ол адамзат баласының бір-бірімен табыспайтын, жақындаспайтын кезі болмайды, олар бір-бірінің ішкі жан сырын сөйлесу арқылы түсінеді, ұғысады дей келіп:

Ұшқан құс, жүгірген аң-жануарлар,

Атанды бәрі қайуан – тілі жоқтан, –

деп түйіндейді. Бұл жерде ол адамның “ұшқан құс, жүгірген аңнан” артықтығы – ақылында дегенді айтып отыр.

Мәшһүр Жүсіп өз өлеңдерінде әркім өз еңбегімен күн көрсін дегенді үндейді, сонымен бірге біреудің есебінен тірлік кешу арамтамақтардың ісі екенін де есінен шығармаған.

Ақын адам өміріндегі ең бір қымбат дүние достық екенін, досы мол жанның бақытты екенін жан-жақты толғайды.

Ақынның бөліп айтуға тұрарлық айрықша бір ерекшелігі, өлеңдерін жазып шығарған. Ол әрбір жырын қағаз бетіне түсіріп, рет-ретімен тәртіптеп, шашау шығармай ықтияттап жинап отырған. Оның алғашқы өлеңдері “Дала уалаяты” газетінде 1889 жылдан бастап көріне бастады. Ақын 1889 және 1890 жылдар аралығында бірнеше мақаламен қоса, бес өлең жариялады. Олар мыналар: “Әңгіме”, “Бәрі қысқа, еркін дүниеге келеді екен”, “Кедейлікке үш қырсық оралады”, “Күн шықпай ерте тұрып”, “Білмейді ел өнерлісін аулақ болар”. Бұл өлеңдердің бәрінің сарыны ортақ, ой арнасы біреу – ол жастарды еңбекке, өнер-білімге, егін салуға, сауда істеуге шақырады. Ал, ел ішінде бос тентіреп кәсіпсіз жүрген кейбір желбуаз бозбаланы сынап мінейді:

Әр істі ойлау керек әуел бастан,

Не пайда өнер жоқ жігіт жастан.

Осылай дей отырып, еңбек етпейтін, сыбай-сылтаң жүрісті жандарды ұрыспай, сөкпей, тілдемей, жай ғана сыпайы сөзбен ұялтып, қызартады. Оларға “мынадай бол, мынадай істе” деп те ақыл айтпайды. Тек қана еңбек ет, еңбек адам баласының – анасы дегенді меңзейді. Мәшһүр Жүсіпті өз көзімен көрген, оның барлық еңбегімен таныс-біліс болған сол кездегі орыс оқымыстысы Белослюдов төмендегідей ой қорытады: “Мәшһүр Жүсіп халықтың мұңын жырлай бастайды. Мәшһүр Жүсіп өлеңді жазып шығарды, мұның өзі қазақ әдебиетінің тарихында халықтық сипаттағы жаңа бағыттың дамуына зор түрткі жасады. Бұрын өлең көпшілік алдында ауызша айтылатын, ал ақын атану үшін біреумен айтысқа түсетін, жыршы міндетті түрде суырып салма ақын болуы шарт еді. Енді Көпеев өлеңдері оқырманға жазбаша түрде ұсынылды, ақын деген сөз тек ақын-жырауларға қатысты ғана емес, өлең жазуға қабілетті талант иелеріне де қолданыла бастады”.


Хал-ахуал”, “Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз”, “Сарыарқаның кімдігі екендігі” деп аталатын үш кітабы жарық көрген.

«Шонтыбай қажы»,«-Екі жігіт пен бір шалдың әңгімесі». «Хаятбақшы», «Соқыр, саңырау, жалаңаш хикаясы», «Әдһам диуана және Ибраһим», «Ғали Арыстан әңгімесі», «Ай мен күндей, һәммаға бірдей» – демегінің мағынасы», «Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы», «Ібіліс лағын, шайтан хикаясы», «Жер мен көк» т.б. дастандары, хикаялары, қиссалары, әңгімелерінің мазмұны ғибратқа, адамгершілікке, аспан әлеміне, жұлдыздардың адаммен арақатынасына құрылған.

«Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі туралы» // «Сарыарқаның кімдікі екендігі? - автор/ «Хал-ахуал» деген үш кітабында қазақ даласын жайлаған жоқшылық пен теңсіздіктің күштілігін де, себебін де ашып береді, ашына сынайды.

Сұрақ-тапсырмалар.


1.Жоғарыда берілген мәтінді топқа бөліп оқып, мазмұнын түсініңіздер.

2. Мәшһүр Жүсіп неше жасынан өлең шығара бастапты?

3. Өлеңдеріне қандай тақырыптарды арқау еткен?

4. “Жеті жетім”, “Қажылық иман шарттары”, “Адам екі түрлі”, “Жанайын ба?”, “Дауасыз дерт”, “Күндіз бен түннің айырмасы”, “Сырға сөз” қатарлы өлеңдерін оқып, талдаңдар.



Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – ірі аудармашы


М-Ж. Көпейұлының «Хаятбақшы», «Соқыр, саңырау, жалаңаш хикаясы», «Әдһам диуана және Ибраһим», «Ғали Арыстан әңгімесі», «Ай мен күндей, һәммаға бірдей» – демегінің мағынасы», «Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы», «Ібіліс лағын, шайтан хикаясы», «Жер мен көк» т.б. дастандары, хикаялары, қиссалары, әңгімелерінің мазмұны шығыс әдебиетінде де кездеседі.


Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – көсемсөз шебері, ұлтының қамын ойлаған ірі қайраткер


Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Түркістан уалаятының газеті», 1910 жылдан бастап жарық көре бастаған «Айқап» журналының да белсенді авторларының бірі болған. «Айқап» журналы Қазақстандағы шыққан алғашқы демократиялық бағыт ұстанған ұлттық журнал еді.

Мәшһүр Жүсіптің публицистикасын екі салаға бөліп қарастырамыз. Біріншісі - өлең түрінде жазылған публицистикалық шығармалары. Өлең түріндегі публицистикалық дүниелеріне 1907 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» және «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітаптарын жатқызамыз. Әуелгі сөз осы еңбектер жайлы болмақ.

Бұл екі кітаптағы өлеңдердің мазмұны ұқсас. Екеуінде де XXғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының қоғамдық-саяси, шаруашылық өмірі жазылған.

«Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітабының, «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабынан өзгешелігі – мұндағы бір бөлім қара сөзбен жазылған. Өлеңдердің негізгі түйіні – патша империясын отаршылдық езгісінен құтылу. Мұнда Ресейдегі саяси-шаруашылық өзгерістердің қазақ өміріне әсері баяндалады. Ғасыр басындағы Қазақстанның саяси өмірі мен әкімшілік-басқару құрылымы, ұлттық психологиясы жан-жақты ашып көрсетілген.

Мысалы, «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітабы 6 өлең топтамасынан тұрады. Бірінші өлең 9 бөлімнен құрылған. Екінші өлең тақырыбы «Қара өлең», «Қазақтың қылып жүрген жұмысы», «З рет сөз» (13 бөлімнен құралған), «Сәлем хат», «Жалғанда таппай бір…»

Қазақ оқығандары үшін сол кездің басты мәселесі – отаршылдықты жою еді. Сол жолда күрескендерді Мәшһүр Жүсіп былай деп жырлайды:

Бар құдай бізге жарық таңыңды атыр,

Болар ек, атса таңың біз де батыр.

Қазаққа құлақ пен көз болған ерлер,

Тұтқында білесіз бе, неден жатыр.

Бұл жерде Мәшһүр Жүсіптің айтып отырған ерлері кімдер еді? Патша езушілеріне қарсы үн көтерген адамдар қазақтың ақсүйектері арасында да аз болмаған. Үкімет саясатына қарсы шығып, ұлт мүддесін көздегендерді патша чиновниктері қызметтен аластатып, қуғынға түсірген. Сондай қуғын көрген азаматтар қазақ жерінде де болған. Сталиндік репрессия, кейінгі тоқырау жылдары тұсында ақсүйек әулеттерінен шыққандар қуғын көріп, баспасөз бетінен орын ала алмады. Сөйтіп, олардың есімдері архивтерде шаң басып жатып қалды. Сондай басты тұлғалардың бірі – Поштаевтар әулетінен шыққан азамат. Мәшһүр ол туралы «Сәлем хат» өлеңінде былай деп жазады:

Қарадан хан боп өткен бабаң Поштай,

Қолына жұрт билігін туған ұстай.

Халқына бақташы боп болған қорған,

Шарықтап ағып түскен қыран құстай.


Поштаймен қатар шығып Шоң мен Шорман,

Сонда бір түзу заман болып тұрған.

Наурызбай, Кенесары толқынында,

Поштай еді көп жұртқа болған қорған.[1;293]

Сөйтіп, Мәшһүр Жүсіп қазақ қоғамының жан айқайын түсіне білді. Оны ашына жырлады. Қазақтар босқа даурығысып, құр мансапқа таласып жүргенде, ел мен жерді орыстар басып алып, қоныстанып жатқандығын айтты. Ол қазақтың ата қонысының қолдан кете бастағанына күйінеді. Жұрттың күйзелген қамын ұлт ынтымағы арқылы түзетуге болады деп ұғынады.

Біздің сөз етіп отырғанымыз теңіз тамшысындай ғана нәрсе. Ал Мәшһүр Жүсіп жинаған мұра орасан мол құнды дүниелер. Ерте оқып, ерте білім алып, ерте есейген ғалым өз қара басының қамын ойламай, ел –жұрты үшін аянбай еңбек еткен. Кейде жейтін қара нанға, кейде бір жұтым айранға қолы жетпей, кедейліктің зарын тартып жүрсе де ол ауыз әдебиетінің алтын қорын жинауды әсте тоқтатпаған. Мәшһүр бір өлеңінде:

Кедейлік кер кеткенге болады өш,

Еңсеріп алып кетсе бермейді күш.

Аяқ пенен қолынды жіпсіз байлап,

Ұйқы үсінді басады ертеңді – кеш, -деп зарлана толғаса, артынан өз көңіліне өзі демеу беріп:

Еске түсті-ау, басымнан кешкен күндер,

Талай уын жалғанның ішкен күндер. Неше түрлі көкейді кескен күндер,

Текке шаршап зарықпа қызыл тілім, - дейді. Сөйтіп, еңбегінің

зейнетін көретініне сеніммен қарайды. Өйткені, ғұлама жинаушының баяндап айтқан әрбір аңыз – ертегілері «Мың бір түннің» әңгімелеріндей бірінен – бірі қызық, ішкі сазы, ішкі үндестігі, ой мен қиялдың сабақтасып тоғысуы айрықша өрнек тапқан. Ел алдындағы ерен еңбегі, зор таланты Мәшһүр Жүсіпті ешқашан да ұмыттырмақ емес. Ертегілерде айтылатындай, алып батырлардың жаны әр түрлі құпияда сақталса, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің есімі көне мұрамызға сіңірген еңбегіне байланысты мәңгі есте қалып, жасай бермек.




Тапсырма.

Жоғарыда берілген мәтінді түсініп оқып, Мәшһүр Жүсіптің қайраткерлігіне дәлел келтіріңдер.




Мәшһүр Жүсіп –тарихшы, шежіреші, этнограф


Мәшһүр Жүсіп Көпеев көрнекті ақын, публицист, аудармашылығымен қатар тарихшы, шежіреші, этнограф та болған. Мәшһүр Жүсіп ел ішінен қазақ тарихына қатысты мол деректер жинаған және Орта Азия қалаларына сапар шеккен кезінде сол өңірлердегі тарихи әңгіме, аңыз, шежіре сөздерін жазып алады. 1887 ж. Бұхар сапарынның барар жолында Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи, Ташкенттегі Зеңгі Ата кесенелерін көріп, қайтар жолында Шу мен Сырдария, Ұлытау, Кішітауды, Есіл мен Нұраны асықпай аралап сапар шегеді, мағлұматты молынан жинайды әрі оны зерттейді, саралайды. Ғалым атамыз сөйтіп жиырмасыншы ғасырдың жиырманшы жылдары саяси-қоғамдық өмірмен байланысын үзіп, ақындықпен қош айтысып, «Қазақ түбі» үлгілерін (ХХ ғ. 20 жылдары) құрастырып жинай бастады. Адам Ата, Хауа Ана, Нұқ дәуірінен Уыз ханға дейін; Алла тағаланың құдіретін, сипатын келістіре жырлаудан бастап, сегіз жұмақ, жеті тозақ, жеті қат көк, жеті қат жердің жаратылуына дейін; Мұхаммед пайғамбардың өмір тарихы, пайғамбарлыққа ие болуы, Миғражға самғауы, хадистері, дүниеден кеткеніне дейін; әулие-әмбиелер, періштелер, патшалар, жомарттар турасындағы ой- толғаулардан бастап, Мұхаммедтің ісін ілгері апарушы Ахтам Хазірет, Ғалы арыстанға дейін; 92 баулы Қыпшақ пен 32 баулы Өзбектен Алаша ханға дейін, Әз-Жәнібек ханнан Абылай ханға дейін, Майқы биден Саққұлақ биге дейінгі тарихи, шежіре, этнографиялық деректерді жинақтап, реттеп, қағаз бетіне түсірген. «Біздің қазақта тасқа таңба басқандай анық шежіре жоқ. «Оқуға сенген ұмытшақ» деп оқуды керек қылмаған. «Жазуға сенген жаңылшақ» деп жазуды керек қылмаған. Оқу мен жазудың жоқтығынан жазылған шежіре болмаған. Ел ішінде естігенін ұмытпайтұғын, құлағының тесігі бар, ұқпа құлақ жандар болған. Сондай жандардың айтуымен кеудесі хат, естігені, көргені жад болған қариялар кейінгіге ауыздан-ауыз айтумен үлгі-өсиет қалдырған» деп жазады дархан дарын Мәшекең.

Ұлт тарихындағы ұлы тұлға Мәшһүр Жүсіптің «Қазақ түбі» дейтін қолжазба мұрасының өзі 175 баспа табақты құрайды. Ұлттық деректану тарихында мұның орны, мәні, мазмұны алабөтен.

Осыншалық өлшеусіз мұра қалдырған Мәшекеңнің даналық тағылымдары, меруерттей мөлтілдеген сөздері, ғибратты толғамдары, тәмсілдері, ауызша тарихнама деректері, халық фольклорының үлгілері, Кенесары-Наурызбай жайындағы тарихи әңгімелер, жер-су аңыздары 30 томдық дүние екен. Бұл – ұлт қазынасы!



Мәшһүр Жүсіп – ауыз әдебиеті мұраларын

жинап, зерттеуші


Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетін, жыраулар әдебиетінің үлкен жанашыры болған, оны жинап, жүйелеудегі еңбегі де аса зор.

Камаридденнің шығыс мәдениетін, қазақтың ауыз әдебиетін кең білуі және насихаттауы бәрі - болашақ ақынға шешуші ықпал еткені анық. Бұрын ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілері тек ауызша айтылып, оны қағазға түсіру дәстүрі болмаса, Қамаридден хазірет ала келген: «Қозы көрпеш Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Төрт жігіттің өлеңі» т. б. жырларды қағазға түс іріп, ауызша жырлап айтуы мен Мәшһүр Жүсіптің 8 жасынан бастап-ақ ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерін қағазға түсіріп, халыққа тарата бастағанын дәлелдейді»-деп жазды Нартай Қуандықұлы.

Мәшһүр - Жүсіп ауыз әдебиетінің үлгілері «Қозы көрпеш – Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Төрт жігіттің өлеңі» т.б. қиссаларды жатқа соғып, ел ішінде айтып жүреді.

Сол уақытта жұрттың «Көпейдің жас баласы бар екен, білмейтін сөзі, айтпайтын өлеңі, қиссасы жоқ, сайрап тұрған бір бұлбұл деген сөзі» ел құлағы елу сол уақытта Баянаула дуанын билеп тұрған аға сұлтан Мұса Шорманның құлағына да шалынады. Мәшһүр – Жүсіпті өзіне шақырып алдырады, әңгімесін, қиссасын, өлеңдерін тыңдап болғаннан кейін,

- Сопы, мына балаңызға бұдан былай бас киіміне үкі тақтырып қойыңыз. Көз-тілге шет болмасын! Бұл өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен! – деп лепес қылған. Содан бері Жүсіптің атына «Мәшһүр» деген ат қосылған. Мінекей, «Мәшһүр» деген аттың қосылу тарихы осындай. «Мәшһүр» - арабша танымал, белгілі деген сөз екен. «Тегі Мәшһүр Жүсіптің «Мәшһүр» деп аталуы оның тек салдық құрып, ел қыдырып, өлең айтуы арқылы ғана емес, сонымен қатар осы «Дала уалаяты газетіне» көп жазып, атағы шығуы арқылы да болуы керек»; Б.Кенжебаев; Д.Әбілев: «Мәшһүр арабтың белгілі ғұлама деген сөзі. Жазғандары жарияланып, есімі елге жайылған шақта халық оны «Мәшһүр» деп атайды. Содан былай Мәшһүр Жүсіп атанады». М-Ж. Көпеевтен бұрын жалпы қазақта «Мәшһүр» деген атқа ие болған, ерекше айдарлап, үкі тағып қошеметтеп, аты мен заты қатар жүрген адам ілеу де біреу. Жүсіптің атына лайықты айқындауыш сөзді табудың өзі қиын. Сондықтан, Жүсіпке мәңгі өшпестей қосарлы ат беріп, айдарлаған Мұса Шорман да осал кісі емес. Осы арада, Уалихан Қалижанның: «Жаратқан ием әр пендесіне атты /есімді/ өзіне лайықтап беретін сияқты, біз азан шақырылып қойған Көпейұлының «Жүсіп» деген атының кейінен «Мәшһүр» атанып, расында «әкесінің баласы болмай» халықтың қамын жеп, ел-жұртының перзенті болғанына таңданбаймыз» деп айтылған пікірлер орынды болар.

Содан кейін барып, хазіреті бәйбішесі Бибі Мариям 9 жастағы жалғыз қызының басындағы шоқ үкіден бір тал шоғын алып жас бала Жүсіптің бас киіміне тағады. Сөйтіп, үкіні Мұса Шорманұлы таққызған, үкі таққан Ғабдолла, халфе қызы Бибі Мария екен. Сөйтіп, 9 жасында Жүсіп, Мәшһүр (танымал, әйгілі) атанады.

1874 ит жылы М-Ж. Көпеевті Әкімбек болыс баласын оқыту үшін арнайы келіп алып кетеді. Жас Мєшћ‰р-Жүсіптің ұстаздық жолы басталады.

Әкімбек он алтымда алып кетті,

Жалғызы Қалибекке ұстаз етті (111- бет)

-дейтіні ақынның сондықтан.

Екі жыл Әкімбекте бала оқытып,

Он сегіз бұрып сонда, жеттім жасқа (111- бет)

М-Ж. Көпейұлы 18 жасына дейін 1876 тышқан жылы, екі жыл Әкімбектің аулында бала оқытады.

М-Ж.Көпейұлы былай дейді:

Әкімбек жақсы күтті, құрмет етіп,

Әкеме беріп дүние, сыйлап күтіп… (111 - бет.).

-демек, 1874 ит жылынан, 1877 жылға дейін Мєшћ‰р-Жүсіп ұстаздық етіп бала оқытады. Мәшһүр-Жүсіптің еңбек ақысына Ақша көлдің жайлауына әкесіне бір үйір жылқы беріп бақтырады, жұмыс тауып береді. Екі-үш жылдағы малдары 30-40-қа жетіп жығылады. Көк қасқа айғыр үйір жылқы болып, Мєшћ‰р-Жүсіптің еңбегі өсіп, малды болады. Бірақ, Мєшћ‰р-Жүсіп байлыққа, малға қызықпады, қарамады. Білімін тағы да жалғастыруды арман етті.

Бұл аралықта 1873-тің жазында 15 жасында Мєшћ‰р-Жүсіп Көпейұлы Түркістан, Ташкент сапарына жолға шығады. Бұл сапарын:

Ел-жұртым, қатын-бала-бәрі қалып,

Он бесте түсіп жолға болып ғаріп (103 – бет)

-деп, жырлайтыны бар. Әкімбектің алып кетіп жүргені 1874 жылдың шамасы. Түркістанға, Ташкентке сапары, Жүніс молдадан білім алып жүрген кезі біраз бұлдыр, біздің ойымызша, ақынның сапары 19-20 жасында болған дейміз.

1877-1887 жылға дейін М-Ж. Көпейұлы Сарыарқаның елін, жерін түгелге жуық аралайды. Бұл турасында ақын шөбересі Нартай Жүсіп: «…Әр таптың, әр дуанның аты, атағы бар адамдармен жолығып, пікір алысады: Қарқаралы дуанында заманында халқына қария, үлгі болған, көпті көрген көне, қажыға бірнеше рет барған Жүсіп қажы Бердалы қожамен, Атбасар дуанында Әліке, Байдалы, Аққошқар Сайдалы тұқымдарымен және де Атбасарда Мейрамқажы Жанайдар Батыр баласымен т.б. танысып көптеген уақыттарын бірге өткізеді. Мейрам қажыға 23 жасында, яғни 1881-ші жылдары кездеміп, үйір болып танысып, көп уақыттар, жазы-қысы қолында болады /көне қолжазбалар мен кітаптарды ақтарып, әдеби мұра сөздерін көп зерттейді/. Сондай-ақ Мәшекең Ақмола дуанында Қоңырқұлжа төре тұқымдарымен, Жәңгір төремен т.б. танысады. Жәңгір төре де сөзге шешен, ұғымды, ұқпа құлақ қария, сауатты адам болған. Ақмола дуанына қараған Қама, Жапар елінде атақты Бөгенбай батырдың немересі жүз жасаған Саққұлақ шешенмен, заманында Орта Жүз шежіре атанған қариямен ауыз жұлысып, тарих жағынан, қазақ әдеби мұра сөздерін жазып алып хатқа түсіреді. Ал, Көкшетауда Абылай тұқымы көп төрелермен танысады. Сыздық төре Кенесарыұлымен Ташкент қаласында т.б. жерлерде бірнеше рет кездеседі. Атақты Атығай, Қарауылдан шыққан Ақан серімен жиі кездесіп жүреді: «Ақан сері Құлагер өлген соң бұрынғы серілік мініезді қалдырып, көп басқан ас, жиын-тойға жүрмейтін, бармайтын болып, дүние махаббаттан мүлде көңілін суытты,-дейді» -Құлагер өлген соң Ақан серінің басынан бақыты тайды. Ақан сері адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі, жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі еді …деп, М - Ж. Көпеев жазады».

1887 жылы 29 жасында М-Ж. Көпейұлы екінші рет Бұқар, Ташкент, Түркістан т.б. жерлерге жол-сапарға шығады. Білім мен ғылымның нұры болған Орта Азия Шығыс мәдениетіне иек артқан еді. М-Ж. Көпейұлы сол білімнен сусындау үшін осы сапарын таңдап алды. Онда Дамолда хазіреттен, Хамза хазіреттен 9 ай дәріс алады. Ұстазы Қамар «Уәй Құзғын-ай!» деп Мєшћ‰р-Жүсіпке қатты сүйсінгеннен айтады екен. Дамолда : «Уәй әулие!» деп Мєшћ‰р-Жүсіптің біліміне таңданып айтады екен. Бұхар қаласында Мєшћ‰р-Жүсіп Көпейұлы көптеген жазған қолжазбаларын жоғалтып, ұрлатып алады. Өкініші кетпейтін бұл іс Мәшһүр - Жүсіпті қатты қапаландырады. Өкінгенмен іс бітпейді Мәшһүр-Жүсіп одан әрі Самарқант, Хоқан қалаларын аралайды. Бұл сапары жөнінде, ақынның өзі: «Аралап Орта жүзді үлгі шашып» - дейді. Ақын осы сапарында түркі тілдерінің бір сыпырасын меңгеріп, еркін сөйлеп, жаза білетін хәлге жетеді. «Келесі жылы Бұхардан қайтып, Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Яссауий басындағы Әмір Темір салдырған көк күмбезін көреді. Онда да бірсыпыра уақыттар болып, бірнеше ғалымдармен танысады. Одан әрі Сыр өңірін аралайды. Майлы қожамен жолығады, жеті атасы тұқымынан ақындық үзілмеген дуана қожа Көшек, Күдері қожа тұқымдарымен танысады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлытау мен Кішітауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қылған Алтай, Найман, Қоңырат, Қыпшақ т.б. елдерін аралайды» - деп жазды Н.Жүсіп.

М-Ж. Көпейұлы:

Бұхар, Ташкент, Самарқант, Түркістанды,

Бір түгіл, үш-төрт барып тамаша еттім (113-бет)

  • дегеніне қарағанда ақын, бұл өңірде расында да төрт рет болған.

  • Үшінші рет 1895 қой жылы 37 (мүшелінде) жолға шығады. Ал «Мәшһүр Жүсіп мұрасы жөнінде» деген мақалада 1894 жылы М-Ж. Көпейұлы 36 жасында сапар шеккен дейді. Бір жыл ертерек болса да ақының сапары, жылы біршама жете берілген. Бұл кезеңде ақын кемеліне келіп, толысқан шағы оң мен солын біліп таныған кезі болады. Оны халқының тұрмыс-салтына арналған өлеңдерінен де байқауға болады.

М-Ж. Көпейұлы шығармалары Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йгүнікей, Сүлеймен Бақырғани, Рабғұзи, Құтып, Хорезми, Хұсам Кәтіп, Сейф Сарай шығармаларымен үндестік табады. Әсіресе, осы сапары М-Ж. Көпейұлының рухани өсуіне ақындық тұлғасының қалыптасуына көп септігін тигізеді. Айталық: «Шонтыбай қажы»,«-Екі жігіт пен бір шалдың әңгімесі». «Хаятбақшы», «Соқыр, саңырау, жалаңаш хикаясы», «Әдһам диуана және Ибраһим», «Ғали Арыстан әңгімесі», «Ай мен күндей, һәммаға бірдей» – демегінің мағынасы», «Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы», «Ібіліс лағын, шайтан хикаясы», «Жер мен көк» т.б. дастандары, хикаялары, қиссалары, әңгімелерінің мазмұны тек қана ғибратқа, адамгершілікке, аспан әлеміне, жұлдыздардың адаммен арақатынасына құрылды. М-Ж.Көпеевтің жазғандарынан Шығыс философиясын, тарихын, тілін, әдебиетін, мәдениетін өте жақсы меңгергенін көреміз. Орта Азия оқымыстылары да М-Ж. Көпейұлының қиялын ұштай түсті, кей шығармаларын таза ақыл, ғибрат мәселесіне жазды.

Сондықтан да М-Ж. Көпейұлы єулие болып өмірден өтті. Байлық қумаған, дүние жинамаған, оқу мен білімді бірінші орынға қойған. Қожа Ахмет Яссауйиді рухани ұстазы тұтқан, сопылық дәстүрді қалап алған, бірақ өмір ислам дүниесінің шеңберінде ой ойлап, халық мүддесінен шығуға үмітті еткен. Тұрмыс М-Ж. Көпейұлы үшін қазақ елін танудың басты құралы болған, сол арқылы М-Ж. Көпейұлы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын біліп, өз шығармаларына мазмұн иесі ретінде арқау еткен.

Ел ауызынан жинаған шығармаларының қатарына мыналарды жатқызуға болады.

«Мес» жинағы. «Үлгілі сөз», «Бата», «Жар-жар», «Беташар», «Сыңсу», «Жоқтау», «Қара өлең», «Қайым өлең», «Айтыс», «Бақсының сөзі», «Өтірік өлең», «Жақсылардың мысал сөзі», «Тақпақ», «Мақал-мәтелдер», «Шешендік сөз», «Лиро-эпос», «Батырлар жыры». Бұқар жырау, Көтеш, Абай, Ұлбике, Қүдеріқожа, Жанақ ақынның өлең-толғауларын, қазақ билері мен батырлар туралы мәліметтерді хатқа түсірген.

1887-1990 жылдары Орта Азияны аралап, Самарқанд, Ташкент, Түркістан, Бұқара қалаларында болған жылдары түркітанушы-ғалым В. Радловпен танысып ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісін әрі қарай жалғастыра түседі (тұрмыс-салт жырлары, халық өлеңдері, ертегілер, мақал-мәтел, аңыздар, күлдіргі сөздер, шешендік өрнектері, айтыс үлгілері т.б.). Халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін – дастандар мен хикаяларды, тарихи жырларды («Көрұғлы», «Ер Көкше», «Сайын батыр» т.б.) хатқа түсірді. Бұқар жырау, Шортанбай, Шөже т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұрасын жазып қалдырды.

Сәбит Мұқанов «Халық мұрасы» атты кітабында Мәшһүр Жүсіптің халық мұрасын жинауда орасан зор сіңірген еңбегіне ерекше баға берген.


Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы

Мәшһүртану ғылыми - практикалық орталығы 4 мамыр 2004 жылы ашылды. Бұл орталық Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің мұрасы мен өмірі мен шығармашылығын зерттеу мақсатымен ашылды.

hello_html_m77d8f454.png

 

Тұрышев Айтмұхамет Қасымбайұлы

1956 жылы 18 шілдеде Семей облысының Аягөз қаласында дүниеге келген.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы. Мәшһүртанушы. Көптеген монографиялар мен еңбектердің авторы.

1981 жылы Семей қаласындағы Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институтының «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығын алған. 1991 жылы Павлодар педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, филология факультетінің декан орынбасары болып тағайындалған.

2004 жылдан бері – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі Мәшһүртану ҒПО-ның директоры.

2005 – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Еңбектері: 2008 жылы шыққан «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы» 1 том, «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы» 2 том, «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы мифологиялық мәдениет лексикасы» 3 том, «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы метрологиялық терминдер» 4 том, «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының этномәдени аспектісі» 5 том, 2009 жылы «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері» 1 том, «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары тілінің әдеби тілге қатысы» 2 том, «Мәшһүр тағылымы» жинағының 1 томы. 2010 жылы «Мәшһүр-Жүсіптің лингвистикалық көзқарасы» оқу құралы, «Мәшһүр тағылымы» жинағының 2 томы.

hello_html_323ffa9d.png


Мұқатай Тлеубайұлы Тезекбаев


1947 жылы маусым айының 20 – шы жұлдызында Новосібір облысы, Қарасуық ауданының Алыбай ауылында дүниеге келген.


1969-73 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының студенті болып, орыс тілі және әдебиет пәндерінің оқытушысы мамандығын игерген. 1977-1979 жылдары аталмыш оқу орнында ғылыми тәжрибе алып, 1981-1984 жылдары сонда аспирантураны тәмәмдап, кандидаттық диссертация қорғап шықты (билингвизм теориясы). 1995 – 1997 жылдар арасында ҚР Ғылым академиясының А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкер міндетін атқарды.


Қазіргі таңда Мәшһүр – Жүсіп Көпеевтің шығармашылық өмірбаянын жазу үстінде.


Қостілділік теориясы мен практикасы бойынша және мемлекеттік тілдің проблемалары бойынша 50 – ден астам ғылыми еңбектері жарық көрген. Филология ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті. Қазақстан республикасы оқу ісінің үздігі. (1996 ж.)

 




 

Талқанбаева Қарлығаш Қажымәлікқызы

 hello_html_3cb25db6.jpg

1976 жылы 2 қаңтарда Семей облысының Үржар ауданының Мақаншы ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Мақаншы қазақ орта мектебін бітірген. 1995 жылы Пәкістан мемлекетінің астанасы Исламабад қаласындағы «Халықаралық ислам университетіне» түсіп, 2003 жылы «Араб филолог» мамандығын алған. 2007 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ филология мамандығының магистрі атанды. «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығының кіші ғылыми қызметкері.

Еңбектері: «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы ислам мәдениеті» оқу-әдістемелік құралы 1 том 2007, «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы ислам мәдениеті» оқу-әдістемелік құралы 2 том 2008, «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы ислам мәдениеті» оқу-әдістемелік құралы 3 том 2008. «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармалары» 14 том.-Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2008. «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармалары» 15 том. - Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2009. «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармалары» 18, 19, 20 томдарын дайындау үстінде.

 hello_html_m2bfbc93.jpg

Хайруллина Райса Тәшенқызы

1965 жылы 19 тамызда дүниеге келген. 1986 жылы Алматы қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. 2005 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ қазақ филологиясы кафедрасында «Лингвистика» мамандығы бойынша магистр атанды.


Еңбектері: 1998 жылы «Ертіс өңірінің әдебиеті» бағдарламасы, 2007 жылы «Мәшһүр-Жүсіп шығарма-ларындағы метрологиялық лексика» атты монографиясы, 2009 жылы «Мәшһүртану» пәні бойынша арнаулы курс бағдарламасы.

 




 hello_html_718d40af.png

Ысқақ Сарагүл Әмірханқызы


Е.Букетов атындағы Қарағанды мем-лекеттік университеті филология факультетінің 1993 жылғы түлегі. 1993 жылдан бері Павлодар мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кіші, аға ғылыми қызметкер болып еңбек етіп келеді. ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми ізденушісі, ғылыми жетекшісі ҚРҰҒА академигі Рабиға Сыздық. Екінші жоғары білімге ие: заңгер, финансист, дизайнер.


Мәшһүртану және Мұхтар Әуезов шығармаларының тілі бойынша 50 шақты ғылыми мақаланың авторы. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» тұлғалық энциклопедиясы басылымының ұжымдық жұмысында 20 мақаласы жарияланды. Мәшһүр Жүсіп шығармалары және басқа да тақырыптар бойынша студенттердің, магистранттардың, дарынды оқушылардың ғылыми жобаларына және мектеп мұғалімдеріне ғылыми басшылық жасап келеді. «Мәшһүр Жүсіп шығармаларының лингвостилистикасы», «Мәшһүр Жүсіп шығармалары синтаксисі» тақырыбындағы оқу-құралдарын баспаға ұсынуда.

Анафина Нәйлә Қаткенқызы

hello_html_440239.png


1968 жылы 8-ші қыркүйекте Баянауыл ауданының Октябрь ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Большевик орта мектебін бітірген. Жоғары білімі: Павлодар педагогикалық институтының филология факультеті, «Фемида» Қарағанды заңгерлік институтының заң факультеті Көкшетау филиалы. 1989-1992 жылдар аралығы орта мектеп мұғалімі. 1999-2000 жылдары сауда, банк қорғау жүйелерінде аудармашы, заңгер болып қызмет атқарды. Ақапарат бұқаралық құралдарында қоғамдық саяси тақырыптарға мақаларды жарыққа шығарған.


2010 жылдың ақпан айынан «Мәшһүртану» ҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ізденушісі. «Религиозная культура в современной Республике Казахстан» атты монография және «Пословицы – символ народной мудрости» атты оқу әдістемелік құрал жазылу барысында. М.-Ж. Копеев шығармаларының «Шежіре» атты 10 томы аударылуда. Келесі ғылыми мақалалар жарияланған; «Mashkhur - Zhusip and the world’s languages», «Религия в Казахстане», «Руми и Машхур-Жусуп; преемственность религиозных взглядов», «The philosophy of the history». Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен ғылыми жұмыс жүргізеді.

 hello_html_1419fd58.jpg


Ахметниязов Балабек Әлібекұлы
1984 жылы 13-ші маусымда Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жолболды ауылында дүниеге келген.
1991-2001 жж. Естай атындағы орта мектепте білім алған. 2001-2005 жж. Алматы қаласының «Нұр-Мүбәрак» университетінің исламтану факультетін бітіріп араб тілі мамандығын алған. 2005-2006 жж Египеттің Каир қаласында Әл-Асхар университетінде тәжірибеден өткен. 2007 жылдан бері «Мәшһүртану» ҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері.


Еңбектері: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармалары» 14 том.-Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2008, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармалары» 15 том.-Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2009. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармалары» 17 том.-Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2009.


Қазіргі таңда: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармалары» 18, 19, 20 томдарын және «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы ислам мәдениеті»- атты оқу- әдістемелік құралдарын баспаға дайындау үстінде.

 hello_html_m7e84a898.jpg


Көпеев Арслан Жастілекұлы
21.08.1986 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жанажол ауылында (Мәшһүр Жүсіп ауылы) дүниеге келген.

2007 ж С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша тәмамдап, бакалавр академиялық дәрежесін алады.

2007-2009 жж. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде магистратурада оқиды. «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының лингвостатистикалық зерттеудің ғылыми негіздері» атты тақырыпта қорғап шығады. Магистратурада оқып жүрген кезінде студенттердің Work and Travel бағдарламасына қатысады. Осы бағдарлама бойынша 3 ай бойы АҚШ-та болып, GDIF Inc-да менеджер болып жұмыс істейді.


2010 жылдың қыркүйек айынан бастап «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығының кіші ғылыми қызметкері. «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев» сайтының модераторы.

Еңбектері: «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев тілі сөздігі», «М-Ж. Көпеев шығармаларының лингвостатискалық сипаты», «Мәшһүртану қоржыны» (электрондық кітапхана) жұмыстары дайындалуда.

















Біздің жетістіктер мен көрсеткіштер





hello_html_m3592d595.jpg

Мәшһүртану ғылыми - практикалық орталығы 4 мамыр 2004 жылы ашылды. Осы уақыттың ішінде орталық қызметкерлері барлық семинарлар мен форумдарда, университетте және басқа да білім ордасы мен ғылыми орталықтар аймағында өтетін аймақтық және халықаралық, республикалық конференцияларға ат салысып қатысуда.  Орталық қызметкерлері М-Ж. Көпеевтің өмірі мен шығармашылығына байланысты  қаламыздың жалпы білім беру ордасында дәріс оқып, Мәшһүртану пәнін енгізуде.

Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығымен орталық, облыстық және қалалық кітапханалар, Г.Потанин атындағы өлкетану мұражайы, Бұқар-жырау атындағы әдеби мұражай, «Шаңырақ» халықтық шығармашылық үйімен  және Қазақстан халықтарының облыстық Ассамблеясының мәдени орталықтарымен тығыз байланыста. 5 жылдың ішінде Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы елеулі жетістіктерге қол жеткізді: М-Ж.Көпеевтің таңдамалы шығармаларының ағылшын және орыс тіліндегі 3 томы, ақын шығармаларының 15 томы, дала кемеңгері Мәшһүр Жүсіп шығармаларының  тіл білімінің ерекшеліктерінің әр түрлі сұрақтарына  байланысты, діни, философиялық, эстетикалық проблемасын арқау ететін  монографияларының  5 томы жарық көріп, мәшһүртанушылардың үлкен және қысқаша энциклопедилары баспаға дайын.

Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Айтмұхамет Қасымбайұлы Тұрышев  2003 жылы «Ш.Уалиханов атындағы гуманитарлық ғылым саласындағы үздік зерттеулері үшін» марапатталды. 2005 жылы  «Жоғарғы оқу  орнының үздік оқытушысы»  номинациясының мемлекеттік  грантын  ұтып алды.



Еліңді тану - өзіңді тану

Біздің аймақта «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ғылыми — зерттеу жұмыстарының орталығы болып отыр. Бағдарламаның аса бір маңызды бөлігінің бірі — жас ұрпаққа этникалық және мәдени құндылықтарды тереңдете зерттетіп, көптеген тарихи мұраларды жандандыру. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында университетімізде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның бірі — «Өлкетану» экспедициясы.

Биылғы шілденің 8-13 аралығында өткен «Өлкетану — 2007» экспедициясы Павлодар облысының 70-жылдығына арнап ұйымдастырылды. Экспедицияға біздің университеттің үздік студенттері қатысты.

Бағдарламаның мақсаты: Павлодар өңірінің аса көрнекті тұлғаларының есімдерімен байланысты мұражайлар мен мазарларға бару, тарихи мұраларды зерделеу және Павлодар өңірінің мәдениеті, этнологиясы, тарихы туралы деректерді кеңінен тарату, тарихи, этностық және мәдени құндылықтардың шындықтарына тереңдеу, қайта ойлап қорыту, танымдық дүниелерге студенттерді тарту болып табылады.

Күлімдеген жайдарлы шілденің сегізі күні «Өлкетану — 2007» экспедициясының алғашқы сапарына бет алдық. Бағытымыз: Ертіс өңіріне аты танымал, жерлес ақиық ақынымыз Ақтоғай ауданы Естай ауылындағы Естай Беркімбаев мазарына барып, аруағына бас идік. Осы күнгі келесі бағытымыз жезтаңдай әнші қызымыз қала сыртындағы Майра Шамсутдинованың зираты болды.

Екінші күні таң шапағы қылаң ата бастаған шақта киелі Баян жеріне жолға шықтық. Бағытымыз: Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мұражайы, Қаныш Сатпаев мұражайы, Мәшһүр-Жүсіп мұражайы және кесенесі.

Ең алдымен Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мұражайды тамашалап, Баянауыл ауданындағы ең сұлу, ең тамаша табиғатымен саяхатшылардың назарын өзіне еріксіз тартатын көл Сабындыкөлге келіп тоқтадық. Бұл көлдің жібектей жұмсақ суына шомылған кезде жаның рахат табады. Осындай табиғат аясында университетіміздің «Баянтау» Демалыс үйі орналасқан. Сабындыкөл жағасында, қарағайлар арасында салынған демалыс кешені бәріміздің шаршағанымызды бір мезет ұмыттырып жіберді.

Демімізді басып, үшінші күн дегенде Қаныш Сатпаев мұражайына жол жүрдік. Содан кейін Баянауылдың әсем де, сұлу табиғат тартуын тамашалап, серуенге аттандық. Аптаған ыстықта Жасыбай көлінің рахатын кештік. Әсіресе, жаныңа Ұлылық сыйлайтын Баянауыл тауларына таңданып, сүйсіне көз тоқтаттық.

Төртінші күні киелі әулие бабамыз Мәшһүр атамыздың кіндік қаны тамған «Жаңажол» ауылында орналасқан мұражайына жол бастадық. Нақышына келтіріліп, қазіргі заманға сай безендіріліп өрнектелген мұражайға қарап қайран қалдық. Шын мәнінде атамыздың ұлылығы көркем бейне алған. Оның өмір бойы өнеге етіп кеткен жазба шығармалары, тұрмыс-тіршілігінде қолданған бұйымдары қаз қалпында сақталып жиналған. Осындай болашақ үшін өте қажетті дүниелерді жинақтап, іске асырып, елге паш етіп отырған мұражайдың директоры шөбересі Әсет Қажымұқанұлына алғысымыз шексіз. Күнмен таласқан биік мүнарада орналасқан атамыздың кесенесінің орны бір басқа.

Саяхаттан кейін, әр кеш демалушылар үшін ашық аспан аясындағы би кештері, жағажайдағы серуен, жанған оттың жанындағы сұхбат ұмытылмас әсер қалдырды.

Бәрінен бұрын, елім, жерім деп аңсап өткен бабаларымызды ұмытпай, тағзым ету баршамыздың ұлы міндетіміз. Сондықтан да осындай тәлім-тәрбиесі мол істермен айналасып жүрген университет ұжымына және ректор Ерлан Мұхтарұлына жастар атынан рахметімізді айтамыз.

«Өлкетану» экспедициясының өмір жасы ұзақ болып, қанаттары талмай самғап, әлі де ашылмаған, зерттелмеген жерлерді елге кеңінен таратарына кәміл сенімдеміз.

Ал енді «Өлкетану — 2007» экспедициясында болып қайтқан бірнеше студенттердің пікірлерін назарарыңызға ұсынамыз.





































Пайдаланылған әдебиетттер

1. Пазылов Әсет «Бабалар ғұмырнамасы және Мәшһүр Жүсіп Көпеев» Екібастұз,Көпеев» Екібастұз, 2007

2. Бес ғасыр жырлайды.

  • Ахметова Г. Г. Взаимосвязь этического и эстетического в творчестве М. Ж. Копеева, С.Торайгырова и Ж.Аймаутова: Автореф.дис…канд.филос.наук: 09.00.03-История философии.- Алматы, 2003.- 30 с.

  • Машхур Жусуп Копеев // Баянаул: Фотоальбом / Сост. В.Григорьев.-Алма-Ата, 1985

  • Машхур Жусуп Копеев (1859—1931 гг.) // Казахи: 9-томный популярный справочник. Том 2.Исторические личности.-Алматы, 1998.-С.397-399

  • Машхур Жусуп Копеев // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия.-Павлодар, 2003.-С.401-402

  • О Машхур Жусупе Копееве // Чокин Ш. Четыре времени жизни.-Алма-Ата, 1992.-С.39-44

  • Ахметова Г. Взаимосвязь эстетического и этического в творчестве казахских мыслителей начала XX века // Поиск. Сер.гуманит. наук.-2001.-N4-5.

  • Ахметова Г. К вопросу о счастье в этических взглядах казахских мыслителей начала XX века (Ж.Аймаутов, М. Ж. Копеев, С.Торайгыров) // Поиск. Сер.гуманит. наук.-2002.-N1.

  • Ахметова Г. Особенности художественного творчества казахских мыслителей начала XX века // Поиск. Сер.гуманит. наук.-2001.-N1.






52



Автор
Дата добавления 28.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1832
Номер материала ДВ-204365
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх