Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ әдебиетінен "Құран Кәрім" тақырыбындағы ашық сабақ жоспары (5 сынып)

Қазақ әдебиетінен "Құран Кәрім" тақырыбындағы ашық сабақ жоспары (5 сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:             «Қасиетті Құран Кәрім жайында»

Сабақтың мақсаты:

білімділік:                             оқушыларға Ислам діні, қасиетті Құран Кәрім жайында түсінік беру;

дамытушылық:                  оқушылардың мұсылман діні туралы білімдерін кеңейте отырып, ата салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу;

тәрбиелік:                             халқымыздың ұмыт болған салт-дәстүрін жалғастыруға, инабаттылыққа, имандылыққа, адалдыққа, ұқыптылыққа, талаптануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                   жаңа сабақ, аралас.

Әдісі:                                     түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі:       мешіт макеті, Құран кітабы, сүрелер жинағы, қағба суреті, қажетті көрнекі сөздер (плакаттар), интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:                а) оқушыларды түгендеу;  ә) сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Тақырыбы:                         «Сырым мен Малайсары»

Малайсары би мен Сырымның арасындағы әңгімені диалог түрінде мазмұндап айту.

  1. Амандасу.
  2. Сырымның келген жұмысына көшуі.
  3. Сырымның Ақсуат бидің аулына келуі.
  4. Малайсары қарияның ризалығы, бата беруі.
  5. Малайсары би берген батаның шешуі.

 

Өткен сабақты қорытындылап, жаңа сабаққа көшу.

Сонымен, балалар, біз ауыз әдебиетінің тағы бір саласы шешендік сөздер, оның озық үлгілері, аузы дуалы би-шешендер, олардың айтқан өнеге, өсиетке толы, ұшқыр ойлары мен тапқыр сөздерін оқып, сусындадық. Ендеше кім айтады? Қазақта қандай би-шешендер өткен?

Біз кімдер туралы өттік?

Олардың қандай тапқыр сөздері ұнады, естеріңізде қалғаны бар ма?

 

Діни шығармаларды оқыту – дінді уағыздау емес. Оқушыларға қысқаша Ислам діні, Құран Кәрім жайында түсінік беру мақсатында оқулыққа енгізілген діни әңгімелерді оқуды бастағалы отырмыз.

- Осы жақында ғана қандай мұсылман мейрамы өтті?

- Құрбан айт мейрамы.

- Мейрам неше күнге созылады?

- 3 күнге.

- Ораза айынан неше күн өткенде басталады?

- 70 күн.

- Тағы да қандай мұсылман мейрамдарын білесіз?

- Рамазан айты, Мәуліт мерекесі, Қадір түні, Миғраж түні қасиетті деп танылып, ерекше бағаланады.

 

Жаңа сабақ:                        

-                     Сыйынарымыз – Алла, тегіміз – түрік, табынарымыз – қасиетті Құран Кәрім.

Бүгінгі сабағымыз қасиетті Құран Кәрім жайында болмақ.

Намаз оқыған мұсылмандарды діншіл, ұлтшыл деп қудалауға ұшыратқан кеңестік саясат халқымызды дінінен алшақтатып жіберген еді. Қудалауға ұшыраған дініміз қайта оралып, ұрпақ тәрбиесіне қызмет атқарып отырғаны – еліміздің тәуелсіздігінің жемісі.

            Қандай іске кіріссең де Бисмиллаһир-рахманир-рахим деп бастасаң, сонда сол істің сауабы тиеді, істеген ісің жақсылыққа бастайды. Міне, біз де бүгінгі сабағымызды Бисмиллаһир-рахманир-рахим деп бастаймыз.

            1. Құран – барша мұсылмандардың ерекше қадір тұтып, ұстанатын, Ислам дінінің ең негізгі басты кітабы. Ол діннің ғана емес, араб әдебиетінің классикалық үлгісі. Дүние кілті – Құранда. Ішінде қазына жатыр. Кілтті ал да, ашып қара. Құр сәнге қойғаннан пайдасы жоқ. Пайдасы – ішіндегі қасиетті сөзінде. Оны жаны да, тәні де таза пенде парақтап, ішіндегі ұлы сөзді бойына сіңіргенде ғана киелі ілімнің қасиеті дарымақ. Әр адам әр кезде Құран ұстар алдындағыдай таза, пәк жүрсе, дүние, мүмкін, басқаша болар ма, қастық, жауыздық атаулы мүлдем болмас па еді?! Құранға дейін Забур, Таурат, Інжіл кітаптары түсірілген. Аллаһ тағала құранды түсіру арқылы алдыңғы кітаптардың үкімін жойды. Ал Құран қияметке дейін ешқандай өзгермейді. Діни кітаптардың соңы Құран болса, пайғамбардың соңы Мұхаммед болған. Құран Кәрімде 25 пайғамбардың есімі аталған, бұл пайғамбарлар жеке қауымдарға, бөлек халықтарға жіберілген болса, Мұхаммед – тұтас дүниежүзі халықтарына жіберілген Алланың елшісі және жер бетіндегі үмбетіне (пенделерге) шарапатын тигізуші ең соңғы пайғамбар.

            2. Құранда 114 сүре бар. Сүренің әр жолы «аят» деп аталған. 6666 аят бар. Құран Кәрім аяттарын Алла тағала Жәбірейіл періште арқылы пайғамбарымыз Мұхамедке 23 жыл ішінде әр түрлі тарихи оқиғаларға байланысты уаһи (хабар) түсірген. Кейін І Халиф Әбубәкір Сыдық пайғамбарымыз Мұхаммедтің сахабасы Зейд ибн Сәбитке кезінде пайғамбарымыздан жаттап, ұғып алған адамдар арқылы құран аяттарын ел арасынан жинауды тапсырды. Өйткені ол көп елдің тілін меңгерген, сауатты да білімді, пайғамбарымыздың сенімін ақтаған сахабаның бірі ғана емес, бірегейі еді. ІІ Халиф Хазрет Омардың уақтысында соғыс жорықтары салдарынан көптеген сахаба хафиздердің арасы сиреді. Сол себепті құран аяттарын жинастырып, топтастыра бастады. Ал Хазрет Оспанның кезінде Құранды толық етіп жинап, кітап қылып шығарды. Құран Кәрім барлық іс бір Алланың әмірімен болатынын айтып, адамдарды сабырлы, салиқалы, мейірбан, қайырымды, күнәдан пәк болуға тәрбиелейді. Оны толық меңгерген адам қари атанады.

Топтастыру стратегиясы арқылы түсіндіру.             

3. Мұхаммед 570-ші жылы Меккеде дүниеге келген. Оның әкесі Абдулла, атасы Әбдүлмүтәліп, әкесі болашақ пайғамбар дүниеге келмей тұрып қайтыс болған. Ал анасы Әмина Мұхаммед 6 жасқа келгенде қайтыс болды. Сондықтан Мұхаммедтің тәрбиесі атасы мен ағасының мойынында болды. Бала жастайынан адал әрі тәрбиелі болған, жұрт оны «Әл-Әмин» деп атап кетті. Мұхаммед пайғамбар 23 жыл пайғамбарлық сүрелерін адамзатқа жеткізумен болады. 63 жасында Мәдинеде көз жұмды. Содан бері Құранның бір сөзі де өзгертілген жоқ.

4. Кітаптан мәтінді оқыту.

5. Сөздікпен жұмыс.

Алла – Ислам діні ұғымында күллі ғаламды жаратушы.

Уаһи – хабар

Сахаба – пайғамбарымыздың әрдайым қасында жүріп, уағыздары мен соғыс жорықтарына қатысып, ислам дініне үлес қосқан серіктері.

Қари – Құранды жаттап, оны жеті түрлі қырағатқа (әуенге) салып оқушы адам.                                        

Хафиз – құранды жаттап, үнемі есінде сақтаған адамдар.

 

6. Ислам дінінің маңызы мен тәрбиелік мәнін әлемдік деңгейде ой толғаған ұлы тұлғалардың өздері де мойындаған. Лев Толстой Құранмен терең танысып, Мұхаммедтің  шын мәніндегі Пайғамбар екенін түсінген, Ислам дінін мойындаған. Құранды Гете неміс тілінде, Пушкин орыс тілінде, Абай мен Шәкәрім қазақ тілінде жырға қосқан.

 

7. Қазіргі уақытта өзге діни ағымдар, түрлі секталар елімізде кең өріс алуда. Ислам діні мен өзге діни ағымдар арасын ажырата аламыз ба? Бұл туралы не білеміз?

 

8. Сабақты қорытындылау мақсатында сөзжұмбақ шешу.

 

Қ

ұ

р

а

н

 

 

 

Қ

Ұ

н

а

н

б

а

й

 

О

Р

а

з

а

 

 

 

 

Қ

А

ғ

б

а

 

 

Ә

м

и

Н

а

 

 

 

 

 

М

е

К

к

е

 

 

Ш

ә

к

Ә

р

і

м

 

 

 

Қ

а

Р

и

 

 

 

П

І

т

і

р

 

М

ұ

х

а

м

М

е

д

 

 

 

1.      Ислам дінінің қасиетті, негізгі бас кітабы.

2.      Меккеде мешіт салдырған, Абайдың әкесі.

3.      Бес парыздың бірі.

4.      Меккедегі сыйынатын қасиетті тас.

5.      Пайғамбардың анасы.

6.      Пайғамбар қай жерде дүниеге келді?

7.      Екі рет қажылыққа барған Абайдың немере інісі.

8.      Құранды жаттап, оны жеті түрлі қырағатқа (әуенге) салып оқушы адам.

9.      Рамазан айында әр жан басының амандығына берілетін садақа.

10. Пайғамбарымыз кім?

 

9. «Батаменен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дейді халық мақалы. Дұға оқып, бата жасау қазақ халқының ең бір маңызды дәстүрі болып табылады. Дұға өлілерге де, тірілерге де аса қажет. Дұға оқылып, бата жасалғанда ізгі тілекке көп болып атсалысады. Алла тағала да «көптің тілеуін берейін» деген.

            Оқушыларға күнделікті өмірде қасиетті дұғалар қай уақытта оқылатыны айтылады.

  1. Бейіт басына барғанда өлі аруақтарға;
  2. Қасиетті жұма күні (7 шелпекке);
  3. Адам қайтқанда (жаназада);

Күнделікті өмірде жиі оқылатын «Фатиха», «Ықылас» сүрелерімен танысайық. Бұл сүрелер қасиетті, 3 рет оқыса, сауабы, оң ниетпен тілеген тілектің тигізер пайдасы өте мол, ауру-сырқатқа, іс-әрекеттің табысты болуына себебі тиеді. Сондықтан да намазда, өлім-жітімде де жиі оқылады, өте сауапты.

«Ықылас» сүресі. (Батырхан арабша оқиды)

«Фатиха» сүресі. (Саламат қазақша аудармасын оқиды)

           

10. Сабақты қорытындылау. Жер бетіндегі халықтың көбі бір Аллаға табынады. Алладан қорқады, сыйынады, осы үлкен сенім адам баласына көмектеседі. Аллаға сену ұлтымыздың бірлігін нығайтады. Дініміз – халқымыздың ұйытқысы, отаншыл ой санасының асыл арқауы. Еліміздің келешегі үшін Алланың қағидаларына мойынсынуымыз қажет.

 

11. Үйге тапсырма. Құран Кәрім жайында оқып келу. «Ықылас», «Фатиха» сүрелерін жаттау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ әдебиетінен "Құран Кәрім" тақырыбындағы ашық сабақ жоспары (5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 041 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2016 1966
    • DOCX 68 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тлеубаева Гулзия Хамзаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тлеубаева Гулзия Хамзаевна
    Тлеубаева Гулзия Хамзаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3916
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек