Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары «Шығамын тірі болсам адам болып» 7 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары «Шығамын тірі болсам адам болып» 7 сынып

библиотека
материалов

Тақырып: С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»

Мақсаты:

1. Ақынның өмірбаянымен таныстыру, «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің негізгі идеясын айқындап, ақынның суреткерлік даралығын оқушыларға таныту;

2. Оқушылардың әдебиет пәні арқылы қазақ тіліндегі тілдік ортасын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, өлеңді мәнерлеп оқуға, негізгі ойын айқындауға дағдыландыру;

3. Өлеңнің мазмұнын пысықтай отырып, оқушылардың бойында адамгершілік, ұқыптылықсезімдерін тәрбиелеу, білімді болуға талаптандыру;

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру

Оқыту формасы: топпен, жұппен

Әдісі: дамыта оқыту технологиясы

Оқыту әрекеттері: алгоритм, сөйлесу, монолог, мәтінмен жұмыс, жаңа сөздермен жұмыс

Көрнекі құралдар: ақынның портреті, суреттер, карточкалар


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларға сабақта сәттілік тілеу

Кезекшінің баяндамасы

II. Үй жұмысын тексеру: 1) сурет бойынша әңгімелеу;

2) мақал-мәтелдерді жатқа айту;

III. Жаңа білімді меңгеру:

1)Актуализация кезеңі:

- Өткен сабақта Абайдың қандай қара сөзімен таныстық?

- 38-ші сөз не туралы?

- Надандық деген сөзді қалай ұғасыңдар?

Осы өмірде надан болмаймын деп ант берген ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров.

2) Жаңа тақырыпқа шығу (дәптерге жазу)

3) Сабақтың мақсатын қою (білу, үйрену)

4) Ақынның өмірбаянымен танысу:

Тапсырма: 1) карточкада жазылған өмірбаяның оқу;

2) алгоритмді толтыру;

3) алгоритм бойынша әңгімелеу;

(әрбір оқушы жеке жұмыс орындайды, жұпта бір бірін тексереді, топта талдап, бір оқушыны тағайындайды)

КАРТОЧКАДА:

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сұлтанмахмұт Торайғыров - қазақ халқының аса көрнекті ақыны. Ол 1893 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. Ауыл молдасынан сауат ашып, Томск қаласында орысша білім алады. Ақын «Айқап» журналында қызмет етеді, «Абай» журналын шығарады. Сұлтанмахмұт қиыншылықта өмір сүреді. Қысқа өмірі ішінде көптеген поэмалар, романдар жазған. Оның ішінде «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары, «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдары.

Шығармаларының тақырыптары - өмір шындығы.


  • Аты-жөні:

  • Кім?

  • Туған жылы:

  • Туған жері:

  • Білімі:

  • Поэмалары:

  • Романдары:

  • Тақырыбы:

Тексеру, бағалау.

4) Оқушылар дайындаған мәліметтермен таныстыру (дарынды балаларға алдынала берілген тапсырма)

Кезеңаралық рефлексия: Осы жұмыс арқылы қандай мақсатқа жеттік?

5) «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін тыңдау

(Өлеңді аудиотаспада тыңдау)

6) Оқулықпен жұмыс:

1 топ: 1-ші шумақ

2 топ: 2-ші шумақ

3 топ: 3-ші шумақ

Тапсырма: 1) Кілтті сөздермен жұмыс өткізу

Кілтті сөздер:

1) Шығамын тірі болсам – стану, если буду жив

Жүрмеймін жаман болып – не буду неучем

Жатқаным көрде,... жүргенше надан болып - Чем жить неучем, лучше умереть

2) мен сәуле қуған – стремился к знаниям

Алуға күнді белді буған – не смотря на трудности достигать цели

Көрмеймін елдің бетін – не вернусь к своему народу неучем

Толған айдай – освещать путь народу

3) бұл сөзім асылық емес – эти слова не хвастовство

Тебем надандықты – буду бороться против невежества и безграмотности

Серт етіп, еткем егес – даю себе клятву


2) шұмақтарды мәнерлеп оқу (әрбір оқушы бір шұмақтан)


8) Өлеңнің тақырыбын, идеясын айқындау:

  • Өлеңнің тақырыбы қандай? Не туралы?

  • Ақын өлеңінде өзіне қандай мақсат қояды? ( білімді адам болуға)

  • Ақын өзіне қандай серт береді?

Тақатдағы сөздерге назар аудару:

«Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды» Абай, 38-ші сөзі

«Жүрмеймін бұл жиһанда .. надан болып» С. Торайғыров

Екі ұлы ақынның армандаған мақсаттары қандай болған? (Қазақ халқы білімді, оқымысты болсын деп армандаған)

IV. Рефлексия кезеңі:

  • Сабақтың басында біз екі мақсатты қойғанбыз, сол мақсатқа жеттік пе?

  • Балалар, бүгін сабақта не білідік? Не үйрендік?


V. Үй жұмысы:

Өлеңді мәнерлеп оқу, жатқа білу;

  1. Өмірбаянын білу







Әлеуметтік-тұрмыстық ая.

Отбасы мүшелерінің сыртқы келбеті

Cабақ 3

Тақырыбы: Қазақтың туыстық атаулары (Тәуелді септеу)

Мақсаты:

Білімділік: Тақырыпқа байланысты мәлімет беріп, лексикалық минимум мен сөйлесуге қатысты тілдік материалды толық игеру. Мәліметтерді тыңдап түсінуге, шағын әңгіме, диалог құрастыра білуге қол жеткізу.

Дамытушылық: Оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту. Мәтінмен жұмыс жүргізуге, грамматикалық категорияларды практикада қолдануға дағдыландыру. Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз отбасын, ата-анасын, жақын-туыстарын құрметтеуге баулу

Сабақтың түрі: дамыта оқыту, коммуникативтік

Ұйымдастыру формасы: ұжымдық, топтық

Сабақтың әдісі-тәсілдері: сөздік жұмысы, мәтінмен жұмыс, аудару, коммуникативтік сөйлеу,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, суреттер

Техникалық құралмен жабдықтау: Дербес компьютер, интербелсенді тақта

Тыңдалым

Оқылым

Айтылым

Жазылым

Тілдесім

Мәліметті тыңдау

(мәтін)

Мәліметті түсініп оқу

Мәліметті айту

Сөйлемдер құрастырып жазу

Диалог


Сабақ барысы.


Ұйымдастыру кезеңі: - сәлемдесу.

- кезекшімен сұхбат

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Үй тапсырмасын тексеру, бағалау

Мотивациялық, актуализация кезеңі:

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Тақырып бойынша өткен материалды еске түсіру.

Мақсаттық кезең: Сабақтың мақсатын қою

Операциялық-танымдық кезең:

1. Сөздік жұмысын жүргізу (туыстық атаулар)

2. Мәтінмен жұмыс жасау :

  • Мәнерлеп оқу

  • Тыңдап түсіну

  • Бейтаныс сөздермен жұмыс

  • Негізгі ойын айқындау

  • Мазмұнын ашатын бірнеше сұрақ құрастыру

Бекіту:

  1. Қазақтың туыстық атаулармен сөйлемдер құрастыру

  2. «Менің нағашыларым» тақырыбына диалог құрастырып, өзара сөйлесу (топпен жұмыс)

  3. Грамматикалық тапсырма: тәуелді септеуді қайталау, сөздерді құрамына талдау

Рефлексивті бағалау кезеңі:

  • сабақты қорытындылау

  • оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру.

  • бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу

  • оқушылар жұмысына баға беру.

Үй тапсырмасы: «Менің ағам, інім, әпкем, сіңлім» шағын диалог құрастыру







Қолданылған әдебиеттер:

Т.М.Артықова, т.б.,Қазақ тілі,Алматы, Атамұра, 2011

Н.Бисембаева, Учебное пособие казахского языка (І), Астана, 2001

Э.Сүлейменова, К.К. Қадашева, Д.Х. Ақанова, Сұхбат, Астана, Арман –ПВ, 2007

А.Ш.Бектұрова, Ш.Қ. Бектұров, Қазақ тілі, Алматы, Атамұра, 2004

А.О.Мұса, І.М. Төленов, Қазақ тілі, Алматы, Экономика, 2001




Қазақтың туыстық атаулары

Ата - әкенің әкесі. Атаны жасы кішілер құрметтейді. Әже - әкеңнің шешесі. Оны балалары қадір тұтады. Әже немерелерін ерекше жақсы көреді. Ұл – шаңырақ иесі. Ата-ана бірінші туған баласын «тұңғышым » дейді. Соңғы туған баласын «кенжем» деп атаған. Немере – ұлдың баласы. Шөбере – немеренің баласы. Бір әке-шешеден туған үлкен ұл балалары –аға, кіші болса –іні. Үлкен қыз –апа, кіші болса – қарындас, қыздар үшін сіңлі болады.

Қазақтың туыстық атаулары

Ата – әкенің әкесі. Атаны жасы кішілер құрметпен «ақсақал, қария» деп атайды, «шал» деуге болмайды, ол сыйламағандық болып есептеледі.

Әже – әкенің шешесі. Ұлы мен келіні әжесінің айтқанын екі етпеуі тиіс. Әже де немерелерін ерекше жақсы көреді.

Әке-шеше, ата-ана – дүниеге ұрпақ алып келген ерлі-зайыпты адамдар. Ұл мен қыз үшін бұлардан асқан адам жоқ. Сондықтан, олар ата-анаға өмір бойы қарыздар. Отбасындағы әке «отағасы» делінеді. Келін күйеуінің шешесін (анасын) ене дейді, ал басқалар «ошақ иесі» деп атайды.   

  Бала – ата-анадан туған ұрпақтар, яғни олар «ұл, қыз» деп аталады. Баласы бар үй бақытты үй деп саналады.

Ұл – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы. Ұл туғанда бұрын «ат ұстар» деп хабарлаған.

Қыз – басқа елдің болашақ келіні, болашақ ана. Сондықтан «қыз – қонақ, қыз – өріс» деп туған-туыстары аялап, мәпелеп өсірген. Үлкендер оны «қызымыз» деп үнемі төрге отырғызып, жолы үлкен деп есптеген.

Тұңғыш, ортаншы, кенже бала. Ата-ана бірінші туған баласын «тұңғышым», одан кейін туған баласын (немесе балаларын) «ортаншым, ең соңғы туған баласын «кенжем» деп атаған. Алғашқы балаларын үйлендіріп, енші беріп жеке отауға шығарған да, соңғы кенжесін өз қолында қалдырған. Ол әке-шешесін бағып, олардың мұрасына ие болып қалған.

Немере – ұлдың баласы. Немере ата-әже үшін өте ыстық болады. Олар бірінші немересін көбінесе бауырына салып, өсіреді.

Шөбере – немеренің баласы. Оның ата-ана үшін орны ерекше. Егер шөберенің қолынан (алақанынан) су ішсе, о дүниеде жеңілдік болады деседі. Шөберенің баласы «шөпшек», «шөпшектің» баласы «немене», «немененің» баласы «туажат», «туажаттың» баласы «мүлдежат» делінеді. 

Аға, апа, қарындас, сіңлі – бір әке-шешеден туған немесе туыстың ұл балалары үлкен болса – «аға», кіші болса «іні», үлкен қыз «апа» кіші болса, «қарындас», қыздар үшін «сіңлі» болады.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров419
Номер материала ДВ-125105
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх