Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыҚазақ әдебиетінен сабақ жоспары "Жамбыл Жабаев" 9-сынып

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары "Жамбыл Жабаев" 9-сынып

Скачать материал

Ашық  сабақ.

 

Пән:  Қазақ әдебиеті.

Күні:18.02.2016

Сынып:9

Тақырыбы:         Жамбыл Жабаев

Сабақтың мақсаты:

 а) білімділік:

Ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын саралай  отырып, өзге жазушылардан өзгешелігіне көңіл бөлу.

ә) дамытушылық:

ауызша және жазбаша еркін, шешен сөйлеуге үйрету.

б) тәрбиелік:

Ойын еркін айтуға, отаншылдыққа тәрбиелеу, ой  қорытуға дағдыландыру.

 

     Сабақтың өтілу әдісі:Модульдық оқыту

 

Сабақтың  көрнекілігі: Суреттері,  тірек-сызбалар,  плакат,  сөзжұмбақ,    компьютер,  интерактив  тақта.  

     Пәнаралық байланыс:    тарих, география          

  Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастырушы кезең: Сәлемдесу.

      Оқушыларды сабаққа қатысуы, күнделік және конспект дәптерлерін тексеру. Нәтижелерін  журналға жазу. (1-2 мин)

 

  ІІ. Өткен сабақты қайталау: Сұрақ – жауап. Екі  оқушыға  ауызекі сұрақтар қойылады. (10-15 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Блиц-турнир

1. 20 ғасырдың басында қандай оқу орындары ашылды?

Мұсылманша  оқу орындары, медресе, орта білім дәрежесіндегі діни оқу, есеп, жағрапия, тарих, ана тілі.+

2.Жетісу өңірінде қандай оқу орыны ашылды?

1899 ж.  ірі сауда өкілдері Маман Қалдабайұлы және оның балалары Тұрысбек, Сейітбаттал,  Есенқұлдар өз қаражатына мектеп үйін, 60 орынды интернат, қыздар үшін тігін шеберханасын, сондай -ақ құранды оқыттырады.

3. Қандай қалаларда қазақ тілінде кітаптар басылды?

Қазан, Орынбор, Петербор қалаларында кітаптарды басу едәуір артты.

4.Кімнің кітаптары басылып шықты?

Абай, Ыбырай, М. Ж. Көпеев, М. Сералин, С. Дөнентаев, Пушкинның "Капитан қызы", И.А. Крылов мысалдарының аудармалары, қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары: батырлар жыры, ғашықтық жырлар, мақал, жұмбақ,  араб әдебиетінен келген "Мың бір түн", "Шаһнама" әңгімелері мен қиссалар болды.

5. 20 ғ басындағы баспасөзінің қарлығаштары ?

1907ж "Серке", 1911-1913жж  "Қазақстан газеті", 1913ж "Ешім даласы", 1911-1915ж "Айқап" журналы.

6. Әдебиеттегі халық болашағын жақсартудағы іздестіру бағытының өкілдері кім?

Шәкәрім, Нұржан Наушабаев, Көпеев, Шәңгерей Бөкеев, Тұрмағамбет Ізтілеуов, М. Сералин, С. Көпеев, С. Торайғыров, С. Дөнентаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, М. Әуезов.

7.Адамгершілік насихаты, жақсы мен жаңаны, сұлулықты жақтау сарыны қандай жазушылардың шығармаларына ортақ тақырып?

Шәкәрім Құдайбердиев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Тұрмағамбет  Ізтілеуов шығармалары бір-біріне жақын сондықтан олар гуманист ағартушылар ретінде танылды.

8.Патша өкіметінің отаршылдық саясатын, қазақ қауымының дамуына кедергі деп білген, наданшылық, әйел теңсіздігі құбылыстарын әшкерелеп, өнер-білімге үгіттіген ағартушы демократтар кім?

Торайғыров, Сералин, Дөнентаев.

9.Қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігін күрескерлік деңгейде шешуге бой ұрған ақын -жазушылар кім?

Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин.

10. Шәкәрімнің өлеңдерін атау?

"Ақындарға", "Ескі ақындық", "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек".

11.Шәкәрім кімнің шығармаларын аударды?

Физулидің "Ләйлі-Мәжнүн" дастанын, Пушкиннің "Дубровский", "Боран" повестерін аударды.

12. Шәкәрім қандай саланы күшейтуге ықпал етті?

Аударма  саласының қалыптасуына ықпал етті.

13.Мәшһүр Жүсіп қай жылы дүниеге келді? Мәшһүр ұғымы нені білдіреді?

1875*-1931жж  Мәшһүр -даңқы, білімдар деген ұғым.

14. Нұржан Наушабаев қандай өлеңдер жазған?

Назира өлеңдерді көп жазған, ақын мұраларында терме, айтыс, өлең, мысал, жұмбақ, лирикалық өлеңдер мол.

15. 20 ғасыр басында журналистика саласының негізін қалаған кім?

Мұхамеджан Сералин

16. Торайғыров шығармалары?

Кім жазықты? романы, Қамар сұлу романы, Адасқан өмір поэмасы.

17.20 ғасырдың басында қандай жаңа жанрлар туды?

роман, повесть, драма, көркем әңгіме, публицистика.

18. Қазақтың Гомері атанған ақын кім?

Жамбыл Жабаев

    IV. Жаңа сабақты өткен сабақпен баулау:  Міне өткен сабағымызда сіздермен 20 ғасыр басындағы әдебиет өкілдері  жайлы мәлімет алдық. Ал енді біздің негізгі мақсатымыз отан тілін жетік меңгеру, қазақ тілінде өзіміздің ой – пікірлерімізді еркін айта білу. Ол үшін біз қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын жақсы білуіміз қажет. Сондай екен бүгінгі сіздермен өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы қазақ халқының ұлы ақындарынан бірі, айтыс өнерінің алыбы Жамбыл Жабаев туралы  сөз  қозғаймыз. (1-2 мин)

 

   V.  Жаңа сабақ:   

     Демек, сабағымыз Жамбыл Жабаев жайлы екен. Алдыңғы сабақта ақын жайлы оқушыларға үйде реферат жазып келу тапсырылған. Алдымен  оқушылар өздерінің Жамбыл аталары жайлы жазып  келген рефераттарын кезекпен қысқа-қысқа айтып  қорғайды. (17-20 мин)

 

       1-оқушы:  Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846  жылы ақпан айында туылған.

       2-оқушы:       Жамбылдың әкесі Жапа (Жабай), анасы Ұлдан  баласының атын өздерінің көшіп-қонып жүрген Жамбыл  тауының атымен атаған.

        3-оқушы:       Жамбыл он төрт жасынан бастап өлең айтып, он  бес жасында атақты Сүйінбай ақыннан бата алған.  Ол Жетісу жеріне әншілігімен, ақындығымен әйгілі  болған. Бұрымға, кейінірек Сараға ғашық болады.

        4 оқушы:  Ол бай мен кедейге, патшаға қарсы, Отан сүйгіштікке,  Ұлы отан соғысы жылдарында елін, жерін жаудан  қорғауға арнап, т.б. тақырыптарда өлеңдер жазған.

        5-оқушы:  Жамбыл бірнеше дастандар жазған.

1.  Өтеген батыр.

2.  Сұраншы батыр.

3.  Көрұғлы.     

4.  Бақ, дәулет, ақыл.

6 - оқушы:   Ол Кененнің ұстазы. Екеуі 1902 ж. қырғыз елінің би-манабы Шабденге ас беріп жатқанда танысады.

 7-оқушы:   Жамбылдың баласы Алғадай Ұлы Отан соғысында қаза табады. Жамбыл қатты күйніп  жатып қалады. Сонда Сәбит Мұқанов: - Жакең, бір  тыңдаса  Кененді  тыңдайды.- деп  Қордайдан  Кененді  алдырған.

 8-оқушы: Кенен сонда:

Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың.

Қайғырып Алғадайға жатырмысың.

Пендеге бұл жалғанда өлім рас,

Тағдырдың сөгесін бе қылған ісін, – дегенде,

– Кененім келген екен ғой, - деп басын көтерген.

9-оқушы:

    Алғадай майданға аттанғаннан кейін бір жетіден соң  әйелі Жәмеш ұл туады. Атын атасы Қуаныш деп қояды. Ол немересін өзіне жұбаныш еткен.

    Өте  жақсы  құрметті  оқушылар. Ал,  енді  Жамбыл атамыз жайлы  бір  көрініс  тамашаласақ.

     Компьютер  арқылы           

     Оқушыларды 2-ге  бөлемін.

1.  Жамбылдың ұстазы кім? - Сүйінбай Аронұлы.

2.  Шәкірті кім? - Кенен Әзірбаев.

"Сиқырлы сандықшамызда" сол үш есім жасырылған. Оны әр оқушы  келіп алады.

І – «Жамбыл»

ІІ– «Кенен»

ІІІ– «Сүйінбай»

    Әр оқушы тапсырмаларын алып, оны  белгілі уақыт аралығында  орындайды. «Жамбыл»  «Зымыран» сұрақтарға жауап беру. «Кенен» т сөзжұмбақ шешу. «Сүйінбай»  тест тапсырмаларын орындау. «Зымыран» сұрақтары түскен оқушы бірінші жауап береді.

    8 сұрақ, әр сұраққа 1 ұпай беріледі.

 

Зымыран сұрақтары:

1.  Жамбылдың әкесінің есімі кім?

2.  Жамбыл айтыстарының ерекшелігі неде?

3.  Жамбылдың бір өлеңін жатқа айт.

4.  Жамбылдың соңғы жазған өлеңі.

5. 1936 жылы  Жамбыл қай жерге барған?

6.  Жамбылдың айтыстары ішінде  ең көрнектісі қайсы?

 

ТЕСТ тапсырмалары.

1.   Жамбыл қай жылы қайтыс болды?

А)1945 ж.     С)1947ж.     

В)1948ж.      D)1944ж.   Е)1946ж.

 

2.  Ж.Жабаевтың шығармасын табыңыз.

А) «Өмір мектебі»                             С) «Өсиет»                      

В) «Менің қысқаша өмірбаяным»   D) «Өмір, қымбатсың маған»     

Е) «Менің мектебім»

 

3.  Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі қай жылы жазылды?

А)1945ж.        С) 1941ж.      

В)1942ж.        D)1943 ж            Е)1947ж.

 

4. Жамбыл Құлмамбет ақынмен қай жылы айтысып, жеңіске жеткен?

А)1884ж.        С) 1885ж.       

В)1881ж.        D)1887ж.           Е)1890ж.

 

5. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын табыңыз.

А) Табиғат, жер                        С) Кедейлердің аянышты халі

В) Адамгершілік қасиет           D) Достық                              Е) Білім, өнер

 

6. Ж.Жабаев «Өтеген батыр» мен «Сүраншы батыр» дастандарының негізгі желісін кімнен алған?

А) Шашубай                   С) М.Өтемісұлы

В) Қалқа ақын                 D) С.Аронұлы             Е) Құлмамбет

 

7.  1941 жылы Жамбылға қай шығармалар» үшін мемлекеттік сыйлық берілді?

A)  «Алынбас қамал»                                  C)  «Айтыстары үшін»

B)  «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр»    D)  «Ворошилов туралы поэма»  

E)   «Өлеңдері үшін»

 

8.  Ж.Жабаевтың дастанын табыңыз.

A)  «Гималай»                      C)  «Сыр сандық»

B)  «Жетісу суреттері»        D)  «Көрұғлы»              E)  «Мырқымбай»

 

 

 

 

 

 

 

 


СӨЗЖҰМБАҚ. Сөзжұмбақ сұрақтары:

 Тігінен:

1.  Жамбылдың әкесі.

2.  Жамбыл айтысқан ақынның  бірі.

3.  Жамбылдың  шәкірті.

4.  Жамбылдың баласы.

5.  Жамбылдың өлеңі.

6.  Жамбылдың алғаш жазған өлеңі.

7.  Жамбылдың сүйген қызы.

8.  Жамбылдың  туған жері.   

 

 

 

 

 

  Айтыс өнері жайлы әңгімелейміз. Жамбыл - айтыскер, суырып-салма ақын. Ол кімдермен айтысқан? әр топтағы оқушылар қол көтеріп жауап береді.

   Құлмамбетпен, Бөлек қызымен, Айкүміспен, Бақтыбаймен, Шыбыл шалмен, Сарыбаспен, Досмағанбетпен, Шашубаймен.т.б.

Ұпай саны есептеліп отырады.

    Балалар, біз Жамбыл атамызды айтыскер ақын ретінде танимыз.  Ақындар айтысынан үзінді тамашалайық.  Компьютер арқылы  бейнетасма көрсетіледі.

 

"Өлең құрастыр" ойыны.

   Үш топтағы оқушыларға Жамбылдың үш өлеңінің әрбір сөзін қиып беріп, қайта құрастырғызамын.

Тез және дұрыс құрастырған топқа бір ұпай беріледі.

 

Менің пірім - Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сиынбай.                     

Сырлы сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай. 

 

Қайтіп жаның ашымас,

Неткен заман қатыбас.

Еткен еңбек, төккен тер

Қалай түкке татымас,-

 

Батаңды маған бер, әке,    

Тіліме менің ер, әке.            

"Жапаның ұлы ақын боп,  

Жақсы істепті"дер, әке.     

Балалардың білімдерін жинақтау мақсатында «Топтастыру стратегиясы» бойынша жұмыс жүргізу.

   Тірек - сызбалар құрайды».  

 

 


Жамбыл тобы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кенен тобы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Сүйінбай тобы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баламалaқ  тест  өткізу.

Баламалaқ  тест

 

1.   Жамбыл Жабаев  1846  жылы  дүниеге  келген.

Дұрыс

2.   Жамбылдың  әкесі  осы  кездегі  байлардың  бірі  болған.

Дұрыс емес

3.   Жамбылдың  шешесінің  есімі  Ұлдан.

Дұрыс

4.   Жамбыл  «Көрұғлы», «Өтеген»  сияқты  дастандар  жырлаған.

Дұрыс

5.   Сүйінбай  Аронұлы  Жамбылдың  шәкірті.

Дұрыс емес

6.   Кенен  Әзірбаев  Жамбылдың  ұстазы.

Дұрыс емес

7.   Жамбыл  14  жасынан  бастап  өлең  айтып, 15 жасында атақты Сүйінбай  ақыннан  бата  алған.

Дұрыс

8.   Жамбыл  «Жаз», «Ереуіл  атқа  ер салмай» өлеңдерін  жазған.

Дұрыс емес

9.   Жамбылдың  баласы  Алдағай  соғыста  қаза  табады.

Дұрыс

10.          Жамбылдың  соңғы  өлеңі  «Алатау».

Дұрыс емес

 

 

Жалпы жинаған  ұпайларын есептейміз. Қайсы көп ұпай жинаса, сол жеңген болып есептеледі.

Қорытынды. (4-5 мин)

Жамбыл жасы жұзге келіп отырғанда 1945 жылы 9 мамыр күні өзінің ең соңғы өлеңі "Жеңіс жырын" жырлаған. Бұдан азамат қартайса да, ақындық өнер, жыршылық рух қартаймайтынын көреміз.

    Алатаудың өркешті ақбас шыңдарына көз жіберсек, өзі қатарлас өнерлі, дарынды ақындар арасында сол Алатаудың ең биік, ең еңселі шыңындай болып Жамбыл тұрады.

   Тау мүжіледі, темір тозады, бірақ, халық мұңын мұңдаған, халық қуанышын жырлаған шынайы, көркем жыр мүжілмек те, тозбақ та емес. Жамбыл жыры – осындай  жыр. Оны халқымыздың поэтикалық энциклопедиясы десе де болады. Ол төкпе жырдың дүлділі, халық бағының бұлбұлы. .

Хронологиялық кесте толтыру.
Жылдар Негізгі оқиғалар
1846 ж.------- Ақын дүниеге келді
1863 - 64 ж.---- Қоқан хандығы билік құрды
1881 ж.------- Құлмамбетті жеңді
1916 ж.------- Ұлт азаттық көтеріліс
1936 ж.------- Қазақстан көркем әдебиетінің онкүндігі
1941 - 1945 ж.---- Ұлы Отан соғысы
1945 ж.------ Дүние салды

 

Үйге тапсырма: Жамбыл өлеңдерін жаттап келу. (1-2 мин)

 

 

Мұғалім:        ..........................             Омарова Токжан Муханбеткалиевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары "Жамбыл Жабаев" 9-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 120 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.11.2016 7230
    • DOCX 119.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омарова Токжан Муханбеткалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84729
    • Всего материалов: 24

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания французского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 120 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Современные методы развития навыков эффективного и уверенного общения на английском языке у старших школьников

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 132 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 674 человека

Курс повышения квалификации

Основы билингвального обучения иностранным языкам

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 59 человек

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе