Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Қазақ әдебиетінің әлемдік әдебиеттен алатын орны" атты мақала. Кемелбек Рамазан Нуркенулы. 6-сынып

"Қазақ әдебиетінің әлемдік әдебиеттен алатын орны" атты мақала. Кемелбек Рамазан Нуркенулы. 6-сынып

Скачать материал

Қазақ әдебиетінің әлемдік әдебиеттен алатын орны

 

            Әдебиет тарихында дәстүрдің ерекше орны бар. Қай дәуірдің болсын, әдебиеті өздігінен туа салмайды, ол өзінен бұрынғы әдебиеттің дәстүрлеріне сүйеніп, оның озық үлгілерін, идеяларын байыта отырып дамиды. ХХ ғасырда дүние жүзіне мәлім болған қазақтың жаңа әдебиеті де осылай бұрынғы әдеби дәстүрлерге сүйеніп жетілді, өсті.

         Дәстүрдің де озығы мен тозығы бар. Адам баласының азаттығын, оның бақытын армандаған, оларды жақсылықты сүйе білуге, бірін-бірі құрметтеуге шақырған, қоғам дамуы мен адам өмірінің сырын терең түсінуге бастайтын әдебиет қашанда оқырман-дарын табады, оны кейінгі ұрпақ та қызығып оқиды. Мәңгі өлмейтін классикалық шығармалар осылай туады. Әдебиеттің халықтығы, гуманизмі, оқырманды еліктіре білетін қаһармандар проблемасы осындай туындыларда жасалып, өріс алады. Әдебиеттің озық дәстүрі дегеніміз осы.

         Қазақ халқының ұлттық әдебиеті қалыптастырған әдеби дәстүр тарихында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті жасаған мұра байлығы ерекше орын алады. Бұл дәуірлерде қазақ әдебиеті өзінің бұрынғы ұлттық сөз өнері мен көрші елдер әдебиеттерінің озық үлгілерін игере отырып, қазақтың ағар-тушылық, демократтық бағыттағы жаңа әдебиетін туғызды. Оны реализм жолына түсіріп, әдебиеттің өмірмен байланысын нығайтты, адам баласының бостандығы мен азаттығын аңсаған жаңа идеяны көтеріп жырлады, сол арқылы ұлттық әдебиетте гуманизмнің баюына үлес қосты, көркемдік іздену, стиль, түр саласында да бірсыпыра табыстарға жетті.

         Ұлттық әдебиетіміздің бұл саладағы табыстарын орнықтыруда Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың шығармашылық еңбек-тері айрықша бағалы. Абайдан кейінгі ақындар орыс және басқа халықтардың озат әдебиеттерінен үйренуін ұлы Абай дәстүрімен жалғастырып, әдебиет өрісін кеңейте түсті. Бұл тұрғыда Шәкәрім Құдайбердіұлы айрықша ізденімпаздық танытты.

         ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ әдебиетінде ақындықтың, жазу-шылықтың жаңа үлгісі пайда болды. Ақын дегеніміз бұрынғыдай «жоқ, барды ертегіні термек үшін» емес, халық тағдыры мен өмірі үшін күрескер азаматқа айналды. Ол – сол халықтың өкілі бола отырып, оның жақсы, адамгершілік қасиеттерін, арман-мұңын, тілегін жырға қосты.

         ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің гуманистік дәстүрлері қалың халық бұқарасының патшалық езгі мен жергілікті үстем таптың , әкімдердің құлдығынан құтылуды көздеген азаттық идеяларына негізделді. Сондықтан әдебиет мүддесі халық мүддесімен бір жерден шығып, көркем туындының ел ішінде беделі, үгіттік, идеялық әсері күшейе түсті.

         Абай бастап айтқан халықтың езгі мен әділетсіздіктен ашынған жан күйігін

ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет өкілдері бар даусымен көтеріп жырлады. Жалпы халықтың азаттық идеясының А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев,  

С. Торайғыров, М. Сералин, С. Дөнентаев, С. Көбеев шығармаларында тереңірек қойылуы да осыдан. Ахмет пен Міржақып Абай негізін салған ағартушылық-демократтықтың туын көтерді. Сұлтанмахмұт өз тұсындағы қазақ қоғамының іріп-шіріп, жаңару күтіп отырғандығын тіпті өткір айтты.

         Қандай да болсын әдебиеттің күші халықпен, оның өмірімен тығыз байланы-сында. Ұлттық әдебиетіміздің үлкен және шын мағынадағы халықтық өкілі есебінде Абайдың биік тұратыны да оның ақындығының халық өмірімен осындай терең байланысында жатыр. Ренжісе де, оның ұнамсыз жайларын сынай отырса да, Абай туған халқынан кете алмайды. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп, қайырыла береді. Сұлтанмахмұт та «Қайтейін елім, қимаймын, қия алмай жанды қинаймын» дейді. Осы ақындар халық өмірінің шындығын, оның арман-тілегін терең көрсетті. Олардың замандастары шығармашылығының халықтық күші де осында.

         Демократ ақындардың сынының өзінде халықтың бақытты болашағын аңсау идеясы бар. Ресейдің Қазақстанды отарлауы, Қазақ даласындағы капиталистік қарым-қатынастардың өрістеуі қазақтарға қандай пайда, қандай зиян әкелгені де көркем әдебиетте айқын көрінеді. Саудаға құнығу, дүниенің бәрін сатып алуға құмарту, адам құлқының бұзылуы, патшашыл әкімдердің арызқойлықты көбейтуі – Абайдан бастап аталған дәуір ақындарының бәрінің сынға алған жайлары. Қоғамның ұнамсыз құбылыстары әдебиет арқылы халықтың таразысына түсіп, оларға үкім шығарылды.

         Шоқан, Ыбырай, Абай дәуірінен бастап, қазақ әдебиеті ұлттық шектелушіліктен шығып, туысқан халықтар әдебиетінің жан-жақты әсеріне ұшырай отырып дамыды. Орыс, татар халықтары әдебиетінің прогрестік үлгілері, Шығыс әдебиеттерінің тәуір шығармалары қазақ тіліне аударылды.

         Жаңа жанрлар туды, ескі жанрлар жаңа мазмұнмен толықты. Абай, Шәкәрім тұсында қазақтың байырғы өлеңі қалай түлеп өзгергенін, оның мазмұны мен түріне қандай өзгерістер кіргенін көрсек, Сұлтанмахмұт өлеңмен жазылған роман мен реалистік поэманың үлгілерін жасады. Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт поэзиясында азаматтық лирика басым келеді. Прозалық роман жазуға талап жасалды.  Мағауия романтикалық поэманың түрлерін әкелді. Мұның бәрі қазақ ақын-жазушыларының ескі әдеби үлгіні місе тұтпай, заман шындығын жырлау талабымен бірге мазмұн мен түр, жанр жағынан да ізденіске түскенін көрсетеді.

         Абай дәуірінен бастап қазақтың көркем әдебиетінің тілі қалыптасты. Мұның бәрі қазақ әдебиетінде реализмнің дамуын жеделдетті. Реализм әуелде ағартушылық бағытта басталып, кейін терең сыншылдық сипат ала дамыды.

         Қазақ халқының ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен Х ғасырдың басындағы демо-краттық әдебиеті бізге, бүгінгі ұрпаққа, сол дәуірлерде туған халықтық әдебиеттің үлгілері есебінде бағалы. Біздің кейінгі туған, жан-жақты маман әдебиет болып қалыптасқан ұлттық сөз өнері сол дәуірлердің озат идеяларын дамыту негізінде, жаңа заманның өмір шындығы жағдайында өсіп жетілді.

         Қазақ әдебиетінің жаңа кезеңінде белсенді қызмет еткен ақын-жазушылар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіровтер де өздерінің шығармашылық қызметін ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ демократтық, ағартушылық бағытта бастаған еді. Олар Абай дәстүрінен үйреніп, Ахмет көтерген азаттық, тәуелсіздік идеясын жырлауды жалғас-тырды. Сонымен бірге оны жаңа дәуірге алып өтті. Жаңа әдебиет өмірді реалистік суреттеу мен азаматтық үлгіні, гуманизм мен демократтық көзқарасты, Отан сүю мен туысқандық идеяларын классикалық әдебиет дәстүрінен алып, жаңа жағдайға лайықтап дамытты. Сондықтан бұл дәстүрлер жаңа кезеңдегі қазақ әдебиетінің қайнар көзі болып табылады.     

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қазақ әдебиетінің әлемдік әдебиеттен алатын орны" атты мақала. Кемелбек Рамазан Нуркенулы. 6-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 772 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 6179
    • DOCX 34 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Меркибаева Айнура Бейшенбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10033
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе