Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Қазақ әдебиеттен "Шоқан - қазақ халықының тұңғыш талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі" атты семинар сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Қазақ әдебиеттен "Шоқан - қазақ халықының тұңғыш талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі" атты семинар сабақ

библиотека
материалов
hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif

Күні: 16.11.2015

Сыныбы: 10 «А»

Пәні: қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі: A.С.Берлибекова

Сабақтың тақырыбы: Шоқан – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы, əдебиет зерттеушісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасынан алған білімдеріне қосымша мәліметтер келтіре отырып, жан-жақты талдау жасау, пысықтау.

Тәрбиелік: Ұлы ғалымның қазақ халқы үшін жасаған қызметіне, өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік пікір, көзқарастарын қалыптастыру.

Сабақтың типі: пысықтау, қорыту сабағы

Сабақтың түрі: қалыптан тыс, семинар сабақ

Оқытудың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, баяндау.

Оқытудың формасы:

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Шоқан туралы ақын-жазушылардың сөздері, фотосуреттер топтамасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Бұл күнде атымәшһүр дана Шоқан,

Өр тұлға, кесек ойлы дара Шоқан.

Қазақтың аспанында жұлдыздай боп,

Жарқырап ағып өткен баба Шоқан.

(Маман Ементаев)

Оқушылар, бүгінгі сабағымызда қазақ аспанында құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, қысқа ғұмырында халқына өлмес, өшпес мұра қалдырған қазақтың біртуар ғалымы Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арнаймыз.


ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

«Шоқан тек бір мамандықты ғана жақсы білетін ғалым емес, ол әр жақты ғалым», - деп профессор, зерттеуші ғалым Қ.Жұмалиевтің айтқан пікіріне қосыла отырып, Шоқанның ғылымның қай саласында да өзіндік орны бар қазақтың тұңғыш ғалымы екенін дәлелдейік. Осы жолда сіздерге сәттілік тілеймін!

Бүгінгі семинар сабағымыз төмендегідей құрылымнан тұрады.

І. Не білеміз? Бізге мәлім деректер.

ІІ. Не білгіміз келеді? Өзіндік ізденіс – білім негізі. (Шоқанның әр түрлі ғылым саласындағы еңбегімен тереңірек танысу)

ІІІ. Не білуге болады: «Білген сайын келеді біле бергім» (Шоқан мұраларын зерттеушілер; ғалымға қойылған ескерткіштер мен мұражайлары; Шоқан туралы лебіздер)

ІҮ. Не білдік? Түйін сөз.

Ендеше сабағымыздың І бөліміне тоқталайық. Шоқан Уәлиханов туралы не білеміз, ойымызды ортаға салайық.

І. Не білеміз?

1. «Шоқан кім?» деген сұрақ төңірегінде ойымызды жинақтайық.









Әдебиет зерттеуші, филолог

социолог

Әскери білімді офицер

Талантты ғалым

Ағартушы - демократ

этнограф

Құқытанушы, реформатор

тарихшы

Географ – саяхатшы

суретші

публицист

Шоқан кім?

аудармашы

Музыка зерттеуші















философ










2. «Бізге мәлім деректер» айдарында Шоқан өмірі туралы мәліметті Жұмабаева Балжан айтып береді.

А) Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы.

Шыққан тегі (суреттер топтамасымен)

Абылай



Уәли



Шыңғыс



Шоқан

Хронологиялық кесте


1835 жылы қараша айында

Қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген

1847 – 1853 жылдары

Омбы Кадет корпусында білім алған

1853 жылы

Омбы генерал – губернаторы Г.Х.Гасфорттың адьютанты болып қызмет етеді.

1854 жылы

Жетісу, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкелерін аралап, саяхатқа шығады.

1856 жылы

Шоқан қырғыз еліне, Ыстықкөл аймағына сапарға шығады.

1858 жылы

Шығыс Түркістанға (Қашқарияға) сапарға шығады.

1857 жылы,

17 ақпанда

Орыстың императорлық географиялық қоғамына толық мүше болып сайланды.

1859 – 1861 жылдың көктеміне дейін

Ресей мемлекетінің сол кездегі астанасы Санк – Петербургте тұрады.

1864 жылы

Генерал М.Г.Черняевтің әскери жорығына қатысады.

1865 жылы

Дүниеден озды.


ІІ. Нені білгіміз келеді?

«Өзіндік ізденіс – білім негізі» айдарында Ш.Уәлихановтың әр түрлі ғылым саласындағы еңбектерімен танысайық.


1. Шоқан – ағартушы – демократ. Бұл тақырып көлемінде ізденіс жұмысын жүргізгендер.


А) Шоқанның демократиялық идеясының қалыптасуына бірден-бір себебін тигізген Кадет корпусы.

Ә) Потаниннің айтуынша, Шоқанның ой-пікіріне көбірек әсер еткен Гонсевский және Костылецкий болған.

Потаниннің айтуы бойынша, оның саяси бетінің айқындалуына тағы бір әсер еткен адам С.Ф.Дуров болады.

Б) Достаевскиймен таныстығының Шоқанға үлкен пайдасы тиеді.

2. Шоқан – филолог.

Шоқан - әдебиет зерттеуші, филолог. Сөзді бұл тақырып төңірегінде ізденіс жұмысын жүргізген Боранбай Ағыбайға берейік

Әдебиеттік лингвистикалық терминдерді тұңғыш қолданған, әдеби шығармалар мен тіл материалдарын әр тұрғыдан талдаған.

Ел аузынан халық шығармаларының үлгілерін жинап, хатқа түсірді, салыстырмалар жүргізіп, орысшаға аударған, түсініктер жазған. «Қазақ халық поэзиясының түрлері», «Тәңірі», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихынан», «Жоңғария очерктері», «Қазақ шежіресі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Профессор И.Н. Березинге хат» т.б. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер көкше» атты халық дастандарын жазып алған.

3. Шоқан – аудармашы.


Шоқан аудармалары







Шоқан – географ – саяхатшы




1854 жылы Жетісу, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкелеріне саяхатқа шығады.

1858 жылы Шығыс Түркістанға (Қашқарияға) сапарға шығады.

1856 жылы Қырғыз еліне, Ыстықкөл аймағына сапарға шығады.








5. Шоқан – тарихшы.

1. Көне дәуір деректері

Хонтайшы хақында

2. Қазақ қоғамы туралы зерттеулері

3. Отарлықтың ауыр зардабы жайында


6. Шоқан – құқықтанушы, реформатор.

Шоқанның қарапайым халықтың ел құқығын қорғаушы реформатор екенін дәлелдейік. Сот реформасы туралы жазбалар еңбегі.


7. Шоқан – этнограф

Ш.Уәлиханов өз саяхаттарында елді мекендердің географиялық, тарихи, әдеби мұраларымен қоса этнографиялық жағдайын да зерттеп, жазып кеткен.

8. Шоқан – археолог.

Шоқан өз саяхаттарында зерттеу жұмыстары барысында археологиялық қазба жұмыстарымен де айналысқан.

  1. Сарбұлақ төңірегіндегі тас мүсіндер.

  2. Ыстық көлдің солтүстік жиегіндегі тас мүсіндер.


9. Шоқан – суретші.


10. Шоқан – музыка зерттеуші.


ІІІ. Не білуге болады?

«Білген сайын келеді біле бергім» айдарында Шоқан Уәлихановтың бүгінгі таңда қоғамдағы алар орнына тоқталамыз.

  1. «Шоқан мұраларын зерттеушілер».

  2. ғалымға қойылған ескерткіштер мен мұражайлар.

  3. Шоқан туралы лебіздер.


ІҮ. Не білдік?

  1. Түйін сөз.

Оқушылар ойы.

  1. Мұғалім сөз.

«Халықтың дұрыс өсіп, дамуы үшін ең әуелі бостандық пен білім керек», - деп халықтың жарқын болашағы үшін жас ғұмырын сарп еткен қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқанның арманы бүгінгі кезде орындалды. Еліміз тәуелсіздігін алып, білім мен ғылым жолында құлашын кеңге жайып келеді.


Кімде – кім мәдениетті, білімді адам боламын, сол арқылы өз еліме, өз Отаныма бір пайда келтіремін десе Шоқанның өмірі мен ісінен үлгі алуы керек.


Ү. Үйге тапсырма: Ш.Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы оқу, мазмұндау.


ҮІ. Бағалау.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров536
Номер материала ДВ-161693
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх