Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Қазақ елі - өткеннен бүгінге" атты тәрбие сағаты

"Қазақ елі - өткеннен бүгінге" атты тәрбие сағаты



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Тақырыбы: «Қазақ елі – өткеннен бүгінге»

Сыныбы: 7-9 сыныптар

Күні: 27.04.2016 ж.

Мақсаты:

Білімділік: Қазақ елінің өткені мен бүгінгі күнгі тарихына қатысты білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;


Барысы:

Алғы сөз:

Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Бүгін біз тарих және география апталығына байланысты «Қазақ елі – өткеннен бүгінге» деп аталатын тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Бұл тәрбие сағатында сонау ерте заманнан, қазақ халқы қалыптасып, Қазақ хандығы құрылуынан бастап бүгінгі тәуелсіздіктің ақ таңы атқан, бейбіт күндерді бастан кешіп жатқан күндеріміз көрініс барысында баяндалатын болады. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аталып өтіп жатқандықтан, бұл көрініс сол атаулы датаға бір тарту ретінде болмақ. Яғни, 25-жылдыққа орай ел тарихынан бір үзіндіні тамашалайтын боласыздар.

Ақырын күй жүріп тұрады.


Дархан: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін болдырмауға әрекет жасау төре тұқымынан шыққан, Жошы ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.

Меруерт:
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.

Жамиля:

Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.

Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»

(Керей мен Жәнібек сұлтандар кеңес құруда, ордаға бір топ ақсүйектер кіреді.)

Ақсүйек сұлтандар: Ассалаумағалейкум, сұлтандар.

Керей мен Жәнібек (Ыбырай, Данияр): Уағалейкумсалам ақсүйек сұлтандар, төрлетіңіздер.


Ақсүйектер басшысы (Нұрмұқан):- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек сұлтан (Данияр): - Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей сұлтан(Ыбырай): - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек сұлтан (Данияр): - Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей сұлтан(Ыбырай): Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.

Ақсүйек сұлтандар (Батырхан, Нұрмұқан, Дархан): - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.

Жәнібек сұлтан(Данияр): Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзініз бір бата беріңіз.

Керей сұлтан (Ыбырай):
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат-көлігің арымай,
Отбасыңмен аман-есен табысқын.
Әумин!

«Қазақ болса». Орындайтын Қанатай Камиля

Ақырын күй жүріп тұрады.


Жамиля: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды. Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.

Меруерт: Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, Отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»

Аяжан: М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы өлкесін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.» 870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары.

Жамиля:
1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің сұлтандардың Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шу бойындағы Қозыбасыда Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзеге асырды.

Дархан: Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жәннаты - Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.

Ақтоты: Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.

Ернар:
Ғасырдың құрдасы,
Ақындар жырлаған,
Көненің сырласы
Тарихты тыңдаған.
Шежіре шертеді,
Көшесі, әр тасы,
Ғажайып ертеңі,
Жетісу алқасы.

Ақырын күй жүріп тұрады.

Нұрмұқан, Батырхан, Жамиля, Ақбидай төртеуі Мемлекеттік Туды ұстап шығады.

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Кейін «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері салтанатты үлгідегі киімдерімен шығады. Осы кезде олар бастарын көтеріп, «Жас Ұлан» мүшелері көрермендерге өз ұрандарын айтады. Жас ұландар: Камиля, Аяжан, Меруерт

Жангожин Ыбырай «Бүкіл әлем біздікі» өлеңін оқиды.

Жаса қазағым әні орындалады.

Оқушылар әнге қосылып, қол шапалақтап тұрады.

Барлықтары бас иіп, ақырындап шығып кетеді.

Қорытынды:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазақ халқы ел болып, хандық құра бастағаннан бері көкейінде жүрген ең басты арманы – тәуелсіз ел атанып, бейбіт күндерді бастан кешіп бағалай алатын адал халқының болуы еді. Сол арманның мұрагерлері бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы атты ұлан-ғайыр байтақ елдің қасиетті де құнарлы топырағын басып жүр. Осындай өлшемі мен шегі жоқ ұлт мұратын жүзеге асырып ғана қоймай, қадірлеп, кіршіксіз күйінде мирас етіп қалдыру бізге міндет! Біздің жас ұландарымыз елдікті сақтайтын нағыз отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар болуы үшін одан әрі отан үшін аянбай адал қызмет атқара берсін деп тілейміз! Келіп қатысқандарыңыз үшін рахмет! Сау болыңыздар!














Тақырыбы: «Қазақ елі – өткеннен бүгінге»



Өткізген: Кожабеков М.Д.

Тарих және география

пәндерінің мұғалімі









2016 жыл



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.07.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров28
Номер материала ДБ-148654
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх