1002038
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокДошкольное образованиеКонспектыҚазақ халқының ерлігі.Батырлар ерлігі.

Қазақ халқының ерлігі.Батырлар ерлігі.

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Қазақ халқының ерлігі.Батырлар ерлігі.

Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғауда¬ғы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар.Халқымыз¬дың бойындағы отансүйгіштік құндылық-тарды ұрпақтан-ұрпақ¬қа беріліп отыр¬ған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі зама¬нынан бастау алған патриоттық құн¬ды-лық Күлтегін жазбаларын¬да былай деп суреттеледі: “Елте¬ріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патрио¬тизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатын¬дығын көрсетеді. Күлте¬гін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен
айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнатты… - делінген еді.
Бұл жазбадан патриотизмнің –ата-баба мекеніне ие бо¬лып отыру жолында жан ая¬мау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
Туған жерге деген ыстық сезім, ата¬мекенге деген құрмет пен қадір қа-сиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қор¬қыт Ата, әл-Фараби, Жүсіп Бала-сағұни, Мах¬мұд Қашқари, т.б. айтқан бола¬тын. Ақын-жыраулар халыққа өне¬ге¬лі сөздерімен ықпал етіп, олар¬ды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорық¬тарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.
Жоңғар шапқыншылығы ке¬зін¬дегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намыс¬ты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау – ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екен¬дігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз.
Қазақтың айбынды ақын¬дарының бірі Махамбет Өтеміс¬ұлы қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді арман¬дап өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлі¬гін, олардың адамгершілік қа¬сиеттерін жыр етті. Өз халқына, ұлтына деген пат¬риоттық сезімді қазақ ағартушы¬лары Ш.Уәли¬ханов, Ы.Алтын-сарин, А.Құнанбаев шығармала¬рынан да көруге болады.
Қазақта ең алғаш қазақ бала¬лары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Ол көшпенді елдің бала¬сына ғылым-білім, өнер үйретуді армандады.
Абай Құнанбаевтың еңбекте¬рін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патрио¬тизм¬ге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиет¬терін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” деген сөзі, барша жұртшылықты жаула¬су, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақы¬рады.
Қарап отырсақ, қай кезде бол¬масын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақ¬сат-мүддесі қазақ халқын тек бір¬лікке, ынтымаққа шақыру, ешкім¬мен жауласпау, оқу білімге уағыз¬дау, адамгершілікті, адал шын¬шыл болуға, өз Отанын сүюге, отан-шылдық, отансүйгіштік қасиет¬терді әр адамның бойына дарыту¬ға ұмтылған. Бұл бүгінде Қазақ¬станның, Елбасымыз Н.Назар¬баевтың “әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау” деген бағытымен үндесіп жатыр.
Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алаш¬орда қайраткерлері А.Байтұр¬сынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бө¬кейханов, М.Шоқай т.б. еңбек¬терінен де кездестіреміз. Ұлт зиялысы М.Дулатов:
“Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты” – дейді. Ал.С.Торайғыров:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну Отанға пай¬далы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.
Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірі бір төбе. Ол ерлік, рух, ұлттық намыс арасындағы тығыз байланысты: “меніңше, ұлттық намыс болмаса, ұлт батырлары да болмайды. Сонымен қатар ол, ең алдымен, елінің патриоты атанбаса, батыры да емес. Егер тура мағынасында айтсам, патриотизм – адамды өзінің арғы тегімен жалғастырып жататын арқауы мықты қасиетті жіп”, – деп тұжырым жасаған еді. Шындығында, отанды сүю сірә қанмен берілетін қасиетті рух секілді.
Тәуелсіздік үшін болған ата-бабаларымыздың қанды жорықтары, дабылды, дауылды азаттық күрес жолдары, ел бос¬тандығы, бірлік жолы, ұлтжан¬ды¬лық, ұлттық сананы негізгі арқау етіп мынадай кезеңдерде жүрген еді:
І кезең. Жоңғарларға қарсы күрестер
ІІ кезең. Қоқан-Хиуа хан¬дық¬тарына қарсы ұлт-азаттық қоз¬ғалыс.
ІІІ кезең. Ресейге қосылу кезеңі, бодандыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс.
ІV кезең. Отарлау саясатына қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұл¬дарының басқаруымен болған шаруалар көтерілісі.
V кезең. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
VІ кезең. ХІХ ғ. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
VІІ кезең. 1917 жылғы Ақпан және Қазан революциясы.
Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер қатарына қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Отансүйгіштік сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарлан тарихы талай дәлелдеді. Ендігі жерде сол алдыңғы толқыннан үйренетін, тәлімін алатын, қанатты ісін жалғастыратын дәстүр біздің еншімізге тиіп отыр. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біздер үшін перзенттік қарыз да парыз болып саналады. Осы арқылы кейінгіге біз де із қалдыруға тиістіміз.
Менің ойымша, қазақстандық отансүйгіштік рух Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде ғана қалыптасады.
Қазақстанның патриоты болу үшін:
- Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарап, шын ниетімен қадірлеу;
- Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болу;
- Ұлттық патриоттық мақтаныш сезімінің болу:
- Қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю қажет сияқты.
Қай кезде де азаматтың өз Отаны алдында парызы болады. Азаматтың қасиетті борышының бірі – Отан алдындағы парызын өтеу. Кез келген адам бейбіт заманда да Отанын қорғай алады. Ол дегеніңіз қолға қару алу емес, өз Отаныңның білімді, өркениетті, салауатты перзенті бола алу. ”Отан үшін отқа түс, күймейсің” деген екен батыр Бауыржан Момышұлы. Бұлай деп текке айтпаған. Өйткені Отан үшін еткен еңбегің ешқашан ұмытылмайды. Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді.
Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» деген мақал бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендер де өз соңынан ерген ұрпақты дұрыс тәрбиелеуі керек. «Отаным маған не бересің деп емес, Отаным, мен саған не бере аламын?» деп өсу керек. Сонда елімізде әрқашан да бейбітшілік болады. Себебі, ертеңгі елдің тізгінін ұстар азаматттар білімді болса, олар барлық қиыншылықтарды ақылмен шеше алатын болады.
Қорытынды
Қазақ халқы өзінің ата-баба тарихына сүйіс¬пен¬шілік¬пен қарауға құқықты. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз бір сәт құлдыққа бас сұғып, өзінің отар ел болған болмысына ризашылық білдіріп, отырып қалған емес. Олар арының тазалығын ту қы¬лып, азаттық жолын қалады. Ата-баба салты – тарихымыздың үлесі халқы¬мыздың баға жетпес мұрасы.
Қазақ халқы ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген қасиет тұтқан ел. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған еді. Оны Қазыбек би: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз;ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі-тұзын ақтай білген елміз; асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз.Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды» дей отырып, қазақ халқының өз елін, жерін қорғаудағы қажырлығын, жанын аямайтын патриоттығын, такаппарлығын сипаттаған еді.
Демек, біз - аманатты арқалаған баһадүр бабалардың ұрпағымыз! Бабалар салып берген сара жолдың иесіміз. Толарсақтан саз кешіп, ат ауыздықпен су ішкен заманда, қолына найза алып, ерлеулі атқа қонған батыр да қайсар қазақтың жалынды ұрпақтарымыз.Олай болса, бабалар рухына бас ие отырып, егемендікті сақтау, тәуелсіздігіміздің тұғырын тереңнен бекіту қасиетті борышымыз саналады емеспе?!

20орта мектеп







Сынып сағаты



Қазақ халқының – ерлігі











9 «А» Аралбаева Н









2015/2016 оқу жылы

Общая информация

Номер материала: ДВ-170189

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Воспитание детей дошкольного возраста»
Курс профессиональной переподготовки «Организация воспитательной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Теория и методика развития дошкольника для организации образовательной деятельности в дошкольных образовательных организациях с учетом ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация работы в ДОО по подготовке детей к школе»
Курс повышения квалификации «Использование сказкотерапии с тревожными детьми в дошкольных образовательных организациях»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по выявлению профессиональных предпочтений от дошкольного до подросткового возраста»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Экологическое образование детей дошкольного возраста: развитие кругозора и опытно-исследовательская деятельность в рамках реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Укрепление здоровья детей дошкольного возраста как ценностный приоритет воспитательно-образовательной работы ДОО»
Курс повышения квалификации «Эмоциональные нарушения дошкольного возраста. Технологии индивидуальной коррекционно-развивающей работы»
Курс повышения квалификации «Технология проектной деятельности в процессе ознакомления детей дошкольного возраста с природой»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по присмотру и уходу за детьми дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Система сопровождения ребенка с ОВЗ в общеразвивающем детском саду»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.