Инфоурок Другое КонспектыҚазақ халқының ерлік істері (6-сынып)

Қазақ халқының ерлік істері (6-сынып)

Скачать материал

 

Тақырыбы: Қазақ халқының ерлік істері. «Ерлік – ел мұраты» ерлік сабағы.

Мақсаты: 1. Оқушыларға Ұлы Жеңістің қаншалықты қиындықпен келгенін түсіндіру.
2. Елін, жерін, Отанын қорғауға, оны сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімге баулу.
3. Оқушыны бейбіт өмірдегі батырлық пен соғыс кезіндегі батырлықты салыстырып әңгімелей білуге үйрету.
Әдісі: баяндау, пікірталас
Көрнекілігі: Ұлы Жеңіске арналып жазылған ерлік туралы нақыл сөздер, Ж.Тастамбекова мен А.Маресьевтің суреттері, бүктемелер (майданда туған жырлар), Ұлы Отан соғысы батырларының суреттері.
Бағдарламасы:
1. Ерлік – мұраты (оқушы баяндамасы).
2. «Нағыз адам туралы аңыз»

3. Кеше, бүгін
4. Қорытынды
Кіріспе бөлім.
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағаты халқымыздың ерлік істеріне, Ұлы Отан соғысындағы тарихи көтерілісі мол Ұлы Жеңіске арналады. Бұл соғыстың салған жарасы әлі күнге дейін барлық ұлттың жүрегінде толық жазылмады, әлі сақтаулы да. Мұны біз ешқашанда ұмытпаймыз. Осы жарқын өмірді сыйлаған әке, аға, әпкелеріміздің ерлігі бізге мәңгі үлгі.
Сұрақ-жауап:

1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
2. Қ. Р - ның астанасы қай қала?
3. Қ. Р - сында қандай ұлт өкілдері тұрады?
4. Біздің Елбасымыз кім?
5. Мектепке не үшін келеміз? Негізгі бөлім:
I. Ерлік–ел мұраты.
- Шығыста таң шапағы жаңа біліне бастаған кез. Еңбек адамдары қаннен-қаперсіз ұйқыда болатын. Келесі күн жексенбі еді. Кенет батыс жақтан қызылды-жасылды оттар шекараға тақап, ұшақтар гүрілдеп ұшып келеді. Бұл 1941 жылғы 22 маусым күні еді. Соғыс осылай басталды. Гитлершілер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700-дей танкті, 50 мыңдай қару-жарақ, пулемет пен минометті шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті. Даңқты Қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында бір миллион 870 мың Қазақстандықтар болған. олашақты бізге мирас етем деп, қыршын кетті Әлия мен Мәншүк апалар. Халқымыз Москваны қайсарлықпен қорғаған 28 Панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен есте сақтайды.

Сен құрметте оны
            Түсіндің бе, қарағым?!
            Ол ақшаға сатқан жоқ
            Тізеден кесіп аяғын.
- Фашизімнің ордасы Рейхстагқа қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев Қызыл ту тікті.
            Жеңіс келді, қалама
            Жеңіс келді, далама
            Жеңіс келді әке боп
            Елдегі бар балаға.
            Жеңіс келді ән болып
            Келді ауылға сән, көрік
            Жеңіс келді алақай,
            Тоя жейтін нан болып.
- Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қаны қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының Батырлары: Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Нүркен Әбдіріп, Сергей Луганский, Жұмағали Саин, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов, Сабалақ Оразалинов. Олар Отанымыздың кең байтақ жерін қорғады. Өзі туған халқының өнерін қорғады. Ақ сүт берген анасын қорғады. Самал жел ескен даласын қорғады.
Арылтып жаудан жерімді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді
Десеңдер, бұл қай күн?

Хормен: Тоғызыншы мамыр күні.
- Әрқашан әділдік жеңеді. Соғысты бастаған фашистер 1945 жылғы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті. Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшілік орнады. Содан бері 70 жыл бейбіт өмір өтті.

Саған құрмет – бейбітшілік сақшысы.
Сен тұрғанда қуырылар жау апшысы.
Саған миллион жүректердің салюті
Саған сөздің шұрайлысы,жақсысы.

«Әрқашан күн сөнбесін» әні орындалады.
II. «Нағыз адам туралы аңыз»
б) Б.Момышұлының Т. Бигелдинов жөнінде айтқан сөзі. «Т.Бигелдинов – Ұлы Отан соғысында қазақ халқы ерлігінің ең жоғарғы нүктесі!»
«Еріне қарап елін, тасына қарап тауын таны» деген, біздің еліміздің ерлігін ерекше танытқан халқымыздың ардагер ұлы ол. Совет Одағында ұлдары екі рет ер атағын алған ұлт көп емес. Мен өзім 307 рет ұрысқа кірдім. Бірақ мен неше рет ұрысқа кірсем де, табанымды тіреп жерде жүрдім. Жердің әр бұтасы болысады. Жер қазсаң қорғаның болып шыға келеді. Ал Талғат 320 рет әуе жорығына шығып, бес жүз сағаттай аспанда болған. Нағыз ер деп Талғатты айтуымыз керек!»
III. Кеше, бүгін
Жадыра Тастамбекова жөнінде әңгімелесу.
«Жадыра қарындасыма», Ерғара Жолдасов
Ауылы құрметтеген Жадыраны,
Аяғын комбайнның шайнағаны.
Бау беріп комбайнға жатқанында,
Әйтеуір аман қалған шықпай жаны.
Құлады бір сұлу қыз естен танып,
Ыстығы көтеріліп күйіп, жанып.
Бетінің қан – сөлі жоқ батыр қызды,
Жатқызды емханаға алып барып.
Жиналып дәрігерлер ортаға алды,
Жас қыздың шыдамына қайран қалды.
Шайнаған бір аяғын кескен кезде,
Жадыра дым сезбеді, естен танды.
Осыдан кейін де, қайтадан тракторға отырған қазақ қызының ерлігі жайлы айтылады.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туып өскен. 1968-1970 оқу жылында №181 ор­та мектептің 10 сыныбын бітіріп, қалаға құрбысы Бекзада екеуі пед­училищеге құжаттарын өткізді.

Тағдыр тәлкегі

Кейін комбайн штурва­лына күріш жинау үшін жұмысқа қабылданды. Тағдыр тәлкегі аяқ астынан екен. Түскі үзіліс кезінде жұмыс үстінде комбайнның күріш бункирінің пышақ шнегі оң аяғын тартып кетеді. Бүкіл күрішші меха­низаторлар 2 км жерге түскі тамақ­қа кеткен болатын. Ешкім де жа­рық дүниемен, қызық өмірмен қош­тасып өлгісі келмейді екен. Шамалы кешіксе, екінші аяқ та шнекке шайналып кететін еді. Дереу басындағы орамалды жинап алып, қолымен бұлғады. Ол кезде автоколоннамен астық тасып беруге көмекке келетін. Жамбыл облысынан келген Саня деген орыс жігіті көріп, жүгіріп келеді. Сөйтіп, комбайн двигателін өшіре­ді. Кісілерді түгел көмекке шақы­рады. Олар келгенше аяғы пышақ­қа оратылып, қан кетіп жатты. Ме­ха­низаторлар келді. Енді оны кө­теріп әкете алмай арпалысуда. Тек автоген керек, шнекті кеспелеп, аяқты ажыратып алу үшін. Ол автоген 3 км алыста, қырманда. Бәрін ұйымдастырып болғанша кеш болды. Бұл 27 қыр­күйек, жек­сенбі болатын. Түнгі онда Шиелі ауруханасын­да 17 жасын­да аяғын тізеден төмен кесіп тас­тады. Алты ай, алты күн ауру­дың жан азабын көріп жатты.

1971 жыл келді. Алматыға про­тез салатын ауруханаға (колхоз ол кезде Қызыл ту, қазіргі Жақаев болатын) азаматтар қаражат жи­нап, протез аяқ жасатуға жібер­ді. Ол жақта бір ай болып, протез аяқпен ауылға келді. Қай кезде де колхоздан бір адам қосып отырды. Өйткені, өздігінен жүре алмады. Күріштік жерде адамдар көмекке келгенше көп қан жоғалтқан еді.

Мен қайта ораламын...

- Жоқ, мен қайта ораламын. Егіс басын, трактордың май сасы­ған иісін сағындым, - деп жауап бе­реді. Осы жүздесуден кейін «Өскен өңір» газетіне «Қазақстан ком­сомолының 50 жылдығы қар­са­ңын­да» рубрикасына «Жоқ, мен ораламын» очеркі жарияланды. Бұл Шиелінің комсомол жастарын дүр сілкіндірді. Протез аяғымен күні-түні 1971 жылы басшылар­дың кабинетін жағалап, жұмыс істеуге трактор сұрады. Көбісі трактор беруге жүрексінді. Себебі, он екі мүшесі сау әйел комбайн, трактор жүргізбек түгілі басқа жұмысқа зорға баратын. Ол кездегі Шиелі ауданының басшысы Орын­басар Бәй­ім­бетов пен РАПО-ның сол кездегі бастығы Жолдас­бек Ердешбаев ағайлар ақылдаса оты­рып, су жаңа МТЗ-50 маркалы “Бела­русь” тракторын жұмыс істеуге берді. Қуанышында шек болмады. Ы.Жақаевтың егіс дала­сында көк­темде күріш себу, дәрі себу, күзде күріш тасу, қыста малшы ауыл­дарға жем-шөп тасу жұмыстарына белсене араласты.

Бейнеттің де зейнеті бар

2001 жылы Астана қаласында Тәуелсіздіктің 10 жылдығы мере­ке­сіне қатысып, Президентіміз Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Тәу­елсіздіктің 10 жылдығы» ме­далімен наградталды.

Жадыраның еңбегі ерлікке жата ма?

Қорытынды:

- Балалар, бүгінгі өткен «Ерлік – ел мұраты» атты тәрбие сағатымызда, біз сендермен батырлар жайлы айтып өттік.  Ұлы Жеңістің оңайлықпен келемегеніне көздерің жетті деп ойлаймын. Батырларымыздың ерліктері, олардың Отанына деген сүйіспеншіліктері. Жадыра туралы айттық, аяғынан айырылса да, қайтадан тракторға отырып, еңбекке араласып кету де ерлік. Екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік.Ұлы Жеңіске 70 жыл толды.Өз ауылымызды қарасақ,соғысқа қатысқан ардагер аталарымызддың саны азайып келеді. Көп жылдар өткен соң, біз ол кісілердің әңгімелерін ғана еске түсіріп отырамыз. Сол себепті, ол кісілерге құрмет көрсетіп, сыйлауымыз керек! Ұлы Жеңіс құтты болсын! Аспанымыз ашық болсын! – деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ халқының ерлік істері (6-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 702 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.12.2016 664
    • DOCX 38 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аимаганбетова Акбота Кайыржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 177287
    • Всего материалов: 33

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой