Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Статьи / "Қазақ халқының ұлттық аспаптары"

"Қазақ халқының ұлттық аспаптары"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Тіл дамыту. (ашық  сабақ)

Тақырыбы: « Жеті қазынаның бірі »

Сабақ мақсаты: а) Балаларға жеті саны киелі екенін ұғындыру;

                               ә) Ертегі бойынша сұрақ-жауап дағдыландыру;

                               б) Мәнерлі сөйлеуге эмоциялық тәрбие

Көрнекіліктір:  Суреттер, мақал – мәтелдер.

Типі:  Жаңа сабақ.

Әдістері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы:

     Ұйымдастыру кезеңі: ынта қою.

Бүгінгі күнімізді бір – бірімізге  жақсы тілек айтудан бастайық.

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы күн!

Бәріміз күндей жарасайық!

Бәріміз дос болайық!

      Жаңа сабақ:

Бір аптада  неше күн бар (санайық)

Дүйсенді, сейсенбі, сәрсенбі, бейснбі, жұма, сенбі, жексенбі.

-         Яғни, жеті күн бар.

Жеті атамыз: 1.Ата 2. Әке  3. Бала  4. Немере  5. Шөбере  6. Шөпшек 7.Немене.

      Балалар біздің қазақ халқы жеті санын «қасиетті киелі сан » - деп есептейді.

      Ертегі оқып әңгімелесу.

      Арыстан барлық аңдарды жинап, кімнің  күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді. Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады. Бірақ ит үндемейді. Оған арыстан сен неге үндемейсің депті, ит оған ең ақылды, қайыратты – адам депті. Арыстан оған ашуланады. Ит осылай аңдардан бөлініпті. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты.

          Сөздік жұмыс: салмақты, мадақтады, алыстатыңдар, жағымпазданды.

Сөздер мағынасын түсіндіру.

          Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

           Жеті қазынаны ата.

1.     Ер жігіт                            5. Мылтық

2.     Әйелі (ана)                       6. Қыран бүркіт 

3.     Ақыл білім                       7. Ит          

4.     Жүрік ат      

 

 

 

Сергіту:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар

Біп – биік боп өседі

 

   Сәл тынығып алдық сабақты жалғастырамыз.

   Ертегіні сахналау.

         Арыстан, түлкі, қасқар, ит.

 

Жұмбақ

Өзі айлагер, өзі қу

Жүрген жері айқай шу

                                    (түлкі)

 

Мақал – мәтел.

Көп біл

Аз сөйле

 

Жеті асасын білмеген – жетесіз

 

 

Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер.

 

Өзіңе ұнаған жеті қазынаның суретін сал.

Ойын: « Тақия тастамақ»

        Ойын шарты тақия тастау арқылы тез жеті қазынаны бір – бірлеп айтамыз кезекпен. Ойын осылай алғаса береді.

        Қорытынды:  Ертегі қалай аталады?

                                  Жеті қазынаның бірі?

                                  Арыстан өзі туралы не білгісі  келді? т.б. сұрақ - жауаптар- 

                                  мен пысқтау, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

   

Балалар, Сағи қайда? Ол Қазына іздеушілер фильмін өте жақсы көретін еді ғой. Тағы да қазына іздеуге кеткен болар. Мен мына қазына толы сандықшаны жасырып қояйын. Сағи келген соң сұрақ қоя отырып, Сағи бұл заттың не екенін табуға тырысып көрсін.
Қазына
1. Ол жеті санымен байланысты.
2. Ол алтын түсті.
3. Оны теңіздің астынан іздейді.
4. Ол бәрінен де қымбат
5. Оны қарақшылар іздейді.

Ендеше балалар, қазына дегенді қалай түсінесіңдер?

Жеті санын қасиетті санаған қазақ халқында «Жеті қазына» деген сөз бар. Жеті қазына - қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:
1. Жүйрік ат
2. Қыран бүркіт
3. Құмай тазы
4. Берен мылтық
5. Қанды ауыз қақпан
6. Майланғыш ау
7. Өткір кездік
Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Қыран бүркіті - қуаты. Құмай тазысы - абыройын асқақтатар сенімді серігі. Мылтығы – қаһарлы оты. Қақпаны - серті. Ауы – әдіс - айласы. Кездігі – сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажеттілігіне негіз етіп тартқан.. Қазақ халқының жеті қазынаны жеті ырыс деп атауының да мәні осында.
Тойдан келген әженің түйіншегіндегі конфеттер арқылы.
«Қыран бүркіт» және « Жүйрік ат» топтарына бөлінеміз.
Бүгінгі сабақты «Аптаның жеті күні» деген атпен өтеміз.
«Дүйсенбі»: Бастапқы сөз
«Сейсенбі»: Домбыра Дастан
«Сәрсенбі»: Кім жылдам?
«Бейсенбі»: Топтық жұмыс
«Жұма»: Топ басшылар сайысы
«Сенбі»: Қонақ кәде
«Жексенбі»: Демалу.

1. Дүйсенбі күні: «Бастапқы сөз»
Жеті қазынаны ата:
1. Ер жігіт.
2. Сұлу әйел
3. Ақыл білім
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық
7. Жүйрік тазы

2. Сейсенбі күні: «Домбыра Дастан»

Домбыра қазақ халқының қасиетті аспабы. Сендердің алдыларыңда домбыраның суреті кескінделген кеспелер таратылған. Кімде - кім сол тапсырманы мүлтіксіз орындаса домбыра кескіні естелікке қалады.
Жеті жетекші, Жеті ғашық, Жеті ғалам, Жеті күн, Жеті жұт, Жеті жоқ, Жеті жетім, Жеті ата, Жеті қат көк, Жеті амалдарды атаңдар.

3. Сәрсенбі күні: «Кім жылдам?
«Бес жолды өлең»

4. Бейсенбі күні: «Топтық жұмыс»
Графити әдісі бойынша топтық жұмыс жасап, өз ойларын флипчарқа түсіріп, постер қорғау.

5. Жұма күні: «Топ басшылар сайысы»
Топ басшылар мақал - мәтелдер жарысын өткізеді.

6. Сенбі күні: «Қонақ кәде»
Қазақта қонақ кәде деген жоралғы бар. Келген қонаққа сый ретінде ауылдың алты ауызы айтылып, қонақтар тарапынан қонақ кәде жасалған. Естеріңде болса, өткен сабақта келесі оқылымға жеті қазынаға қатысты жұмбақтар дайындап келуді тапсырған болатынмын. Сол жұмбақтарды екі топ бір - біріне жасырып, қонақ кәде жасайық.
7. Жексенбі күні: «Демалу»

Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек». Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтаға іледі.

Сабақтың тақырыбы: Жеті қазына
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтінді мазмұнына сай жүйелі әңгімелеу арқылы түсінгендерін дәлелдеу. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау арқылы идеясын ашу.
Дамытушылық: Оқушыларға берілген тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен топта жүргізе білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, бірін - бірі тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Жеті қазынаның суреті

Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгелдеу
- Оқу құралдарын тексеру
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасының толық, нақты орындалуын тексеріп шығу.
Психологиялық кезең
«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
Мақсат қою кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Жаңа сабақ
Қазына дегенде көз алдымызға не елестейді?
Байлық, ақша, асыл тастар, алтын - күміс, сандықтағы бағалы заттар
Өлеңнің мағынасын ашу
Бейнет көрмей, дәулет жоқ.
Мал - дәулеттің байлығы
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстының байлығы
Күннен - күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Ыбырай Алтынсарин
- Өмірдің бар қызығы байлықта ма?
- Өмірі таусылмайтын, мәңгілік сақталатын қазына не нәрсе деп ойлайсыңдар?
- Жеті қазына туралы не білесің?

Қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. Соның ізі адам мен жылқының қатар өмір сүре бастаған байырғы заманнан байқалады. Ежелгі дәуірлерде - ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б. з. б. 4 – 3 - мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б. з. б. 2 - мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б. з. б. 1 - мыңжылдық – б. з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет - ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

Бүркіт - (лат. Aquila chrysaetos) — сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1 — 2 жұмыртқа табады. Орта Азияда, Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен кырағы бүркіттер қасқырды да алады, ашынғанда адамға да түседі.

"Ит жақсысы - тазы" туралы түсінік Жақсы иттер жайлы қазақта ертегі, аңыздар көп. Қазақтың ұғымында ең жақсы ит - құмайды иттен емес, "итала қаз" дейтін ала құстың жұмыртқасынан шығыпты - мыс, - дейді. Ол құс қасқыр мен аюдың ескі апандарын немесе таудың үңгірлерін мекендейді. Құмай тазы туралы аңыз - әфсаналарға зер салатын болсақ, иттің тотемдік культі және күнделікті өмірдегі таза практикалық пайдасынан болса керек.
Берен мылтық - оқпаны оқ атқанда жарылмас үшін береннен (асыл болаттан) соғылып жасалған мылтық.

Жаңа сабақты пысықтау
Дәптермен жұмыс
Жаңа сабақты бекіту
Әр топ жеті қазынаның суретін салып қорғайды.
Сөздікпен жұмыс
Үй тапсырмасы
Жеті қазына жайлы материал жинап келу.
Мәтінді мазмұндау.
Бағалау
Әр топ оқушыларын жұмыстарына қарап бағалаймын.


Оңтүстік Қазақстан облысы

Арыс қаласы

372 бастауыш мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Қилыбаева Райхан


Тақырыбы: « Жеті қазынаның бірі »

Сабақ мақсаты: а) Балаларға жеті саны киелі екенін ұғындыру;ертегінің мазмұнын ашу;

 ә) Ертегі бойынша сұрақ-жауап алу арқылы ойлау, сөйлеу,оқу дағдыларын, сөздік қорын дамыту;

 б) Мәнерлі сөйлеуге,жануарларды күтіп, қорғауға тәрбиелеу; hello_html_m51644c3a.png

Көрнекіліктер:  Суреттер, мақал – мәтелдер, тірек-сызбалар, кесте.

Типі:  Жаңа сабақ.

Әдістері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап алу, ойын.

Сабақтың барысы:

    Ұйымдастыру кезеңі: ынта қою.

Бүгінгі күнімізді бір – бірімізге  жақсы тілек айтудан бастайық. hello_html_577568f5.gif

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн бүгін! hello_html_11c08f5b.gif

Қайырлы күн!

Бәріміз күндей жарасайық!

Бәріміз дос болайық!

Өткенге шолу:

1.Сұрақ- жауап.

Бұрынғы заманда туған күнді тойлау әдетін жазушы қалай түсіндірген?

Алғашқы мүшел жастағы бала нешеде?

Екінші мүшелдегі балаға ата-анасы, елі қандай үміт артады?

13-те немесе одан асқан мүшелдегі үлкендердің өзіңнен айырмашылығы неде?

2.«Туған күнді тойлау» атты шығарманы оқыту.

      Жаңа сабақ:

  1. Түсінік беру.

Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

-7 санына байланысты не білесіңдер?

жеті қазына жеті қарақшы

жеті ата жеті шелпек

жеті нота жеті күн

жеті жұт жеті жоқ

Бір аптада  неше күн бар (санайық)

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

-         Яғни, жеті күн бар.

-Бүгін аптаның қай күні? (сәрсенбі)

-Енді жеті қазынаны атаңдаршы.


ер жігіт құмай тазы

берен мылтық

қыран бүркіт

сұлу әйел

жүйрік ат білім-ілімhello_html_m52f48690.jpg


-Бүгін біз жеті қазынаның бірі-құмай тазыға тоқталамыз.

"Құмай тазы"- қазақтың ертеден келе жатқан аңшы иті. Ол өте жылдам әрі алғыр, 6 айынан бастап аңшылыққа үйретеді 8-9 айында аңға қосады. "Құмай тазы" аңшылыққа тез үйреніп кетеді, оның өзінің аңшылық қасиеті болады. "Құмай тазының" өзге иісі болмайды яғни жаман иісі.«Тазы» деген сөздің өзі «таза «деген мағынаны білдіреді. «Құмай тазы » ердің — абыройын асырар сенімді серігі.

2.Мәтінмен жұмыс. «Жеті қазынаның бірі». hello_html_3c548f6e.jpg

Арыстан барлық аңдарды жинап, кімнің  күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді. Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады. Бірақ ит үндемейді. Оған арыстан сен неге үндемейсің депті, ит оған ең ақылды, қайыратты – адам депті. Арыстан оған ашуланады. Ит осылай аңдардан бөлініпті. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты.

 3. Сөздікпен жұмыс: Аластату, құйрық (қол ) үзу.

4.Сұрақ-жауап: -Арыстан мен Ит неліктен араз болды?

-Иттің адамға достығын қалай түсіндіресің?

Қазына деген не?

-Адамдардың арасына келгенге дейін иттің өмірі қандай болғанын болжап әңгімеле?



5.Ертегі кейіпкерлерді ата және оларды сипатта.Оған жұмбақтарды, мақал- мәтелдерді пайдалан.

Сергіту:

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз,

Түлкі болып қашамыз, қашамыз.

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз, қонамыз. 

  -Сәл тынығып алдық, сабақты жалғастырамыз.

  

Жұмбақтар.

Жануар мақұлықтың біреуі өзі,
Іркілмей жұмсайтұғын ірі тісті.
(Арыстан)

Өзі айлагер, өзі қу

Жүрген жері айқай шу От басында орайған,
(Түлкі) Құйымшағы сорайған.
(Тазы ит)

Мақал – мәтелдер.

 Жақсы ит иесінің көз-құлағы.     Итті тепкен, ырысты тебеді.

Жеті атасын білмеген – жетесіз

 Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер.

Пысықтау.

Өзіңе ұнаған жеті қазынаның суретін сал.

Ойын: « Тақия тастамақ»

   Ойын шарты тақия тастау арқылы тез жеті қазынаны бір – бірлеп айтамыз кезекпен. Ойын осылай жалғаса береді.

Қорытынды:  Ертегіні рөлге бөліп оқыту.

Үйге тапсырма беру: Үй жануарларын біреуін алып, ертегі құрастырып жас.        







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 12.11.2016
Раздел Музыка
Подраздел Статьи
Просмотров17
Номер материала ДБ-343691
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх