Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ халқының ұлттық рухани байлығын

Қазақ халқының ұлттық рухани байлығын

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Алтын адамдар» елі

Бүгінде еліміз егемен, азат! Дамудың даңғыл жолын таңдап, елу, жо-оқ,отыз дамушы мемлекеттің шоғырына енудің қарбалас қарекетімін, оқ бойы алға оза қара, Барыс бейнесінде зымғап алға ілгерілуде. Қуансын халқым, болашақ жарқын. Ақыл мен еңбектің білегі парқын. Ал, көгімізде Алаштың асқақ рухындай болып, көк байрағымыз желбіреумен тұр! Екінің бірінің небір ірінің қолынан ілуде бір мәрте ғана келетін ақжарма қуаныштың, ақжолтай бақыттың көрінісі бұл! Тәуелсіздік жолында талайлар тамұқ тақсыретін тартты. Осы жолда «елім,жұртым» деп еңіреген небір ерлердің алмастай серпіліп ата жаумен айқасып қиындық қырқасынан, дауылды бұрқасынан өтті. Тұлғасы тұтас халықтың азаттығы мен бостандығы әр кезде де қымбатты да қасиетті болатыны содан! Тәуелсіздігіміз--теберік, Тәңірдің сыйы! Дәйім тұғыры биік, ғұмыры баянды болғай!

Қазаққа бағзы көздері-ақ бұйырар бақ, бақыт еді бұл! Өйткені, қазақ Құдай қарасқан, бірлігі мен ынтымағы жарасқан, өзінде құдірет, сөзінде қасиет бар халық. Қазақтың ойында, бойында, қазақтың жерінде, елінде таңғажайыптар көп. Құдайдың өзі қотара ақтарып тастай салғандай бейне. Мысалы, кең байтақ жерімізде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығының да кездесетіні кездейсоқ емес шығар. «Алла» сөзінің өзі де қазақтардың аузынан шыққан. Сөйлегенде де, төрт құбылаға құлашын кең тастап сөйлейді қазекең. Жаһанға жатырқаусыз құшақ ашқан ауқымы- ежелден мол пішілген табиғаты, болмыспен, жаратылыспен етенелігінен, бұл да Алладан келген сый емес пе екен?!

Қазақтың, қазақ жерінің ұлылығы, әлем халқының таңдайы қақтырар ерекше құбылыс қасиеттері құпиясы әлі ішіне бүгумен жатыр. Ұлытау бізде ғана асқақтап, Ұлы Теңіз (Арал) бізде ғана кең көсілумен жатыр. Дүниедегі бірден бір Барсакелмес те, Құрдым да бізде! Топан су ала алмаған Мыңсуалмас (Қазықұрт) та біздің даламызда ереуілдеп тұр! Алатаудың Қарқара баурайында тау арасына түсіп қалған өзгеше түсті, бір бөлек алтынсары құм бар. Ғалымдар моңғол шөлінен жер көтеріп әкелген деседі. Жұрт айтса, оның астына аяқ астына жер аранына тартып әкететін оппа ашылады екен... Бағзы бір кездері бір ауыл түгел «жұтылған». Қатыгез шөлдерде щоқ-щоқ қарағайлар өссе, ол да бізде кездесетұғын құбылыс. Ертіс өзенінің ерең қуаты қазақ жерінде тұтастай ылғалдандыруға қаптал жетеді екен! Біздің Сахара даламыздағы оба- қорғандар дүниені тамсандырған Мысыр, Америка пирамидаларының көне балалары секілді. Өркениеттің тамыр, арналары біздің Ұлы Даламызда жатыр. Арал түбінде қаншама « аршылмаған Атлантида» бар десеңізші! Оны зерттеу, зерделеу болашақ ұрпақтың еншісінде. Алып Еуразияның батысы мен шығысын жалғап жатқан ең ұтырлы өткелектер де бізде. Алатау- Алтай арасы- Еуразияның ұлы Қақпалар өлкесі! Еліміз аумағынан бес бірдей « Алтын адамның» табылуы жайдан- жай емес болар. Қазақ жері аңыз болмысты «Алтын адамдар» елі!

Енді Ұлы Дала «демосфендері»,ұлы тарихи тұлғаларымыз жайлы бірер сөз. Пайғамбарлардың барлығы да мұсылмандардан. Заратуштра- біздің даланың пайғамбары. Ал, Мөңке би атағы жер жарған Нострадамусыңды абыздығы, көріпкел, әулиелігі тұрғысынан он орап кетеді. Тау тұлғаларымыз тізімі Әл-Фараби, Бейбарыс, Тұмар ханым, Аттила ( Еділ), Анарыс... болып жалғаса береді. Даламыз-- даналықтың ұлы қоймасы, әлемдік өркениеттер мұражайы! Әлі-ақ талай тағылым осы алтын бесік, ата қонысымыздан жаһанға тамырын тартар. Атажұрт, Қарашаңырақ аман болсын! Жаса, жасай бер, Қазақ елі!

Тәуелсіз алған жылдардан бері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында мемлекетті қалыптастыруда қыруар істер жүзеге асырылып келеді.Еліміздің мәдени мұрасы-мәдени,экономикалық және әлеуметтік дамудың бастауы,тарихи естеліктің маңызды қаймағы.Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап,уақытпен үзіліссіз байланысын көрсететін адамзатқа қажетті қоғамның тәжірибесін зерттейді.Оған куә,осы жылдың 8-9 қарашасында біздің қаламызда өткен Қазақ хандығының 550жылдығы. Қазақ хандығының 550жылдығына орай» ашық аспан астындағы «Ежелгі Тараз» археологиялық паркі мұражайы, «Қазақ хандығына 550 жыл» монументі, бұдан 550 жыл бұрын Жайсаң шатқалында, Талас пен Шу өзендерінің арасында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының негізін қалаған жерде ескеркіштердің ашылуы және «Мәңгілік ел» республикалық ақындар айтысының ұйымдастырылуы ұлттық құндылықтарымыздың дәріптелуі --қазақ халқының ұлттық рухани байлығын әлемге паш етті.

Елбасымыз»Тәуелсіздік -әрбір жылының біз үшін мәні бөлек,маңызы айрықша» демекші,әр жыл елімізге құт-береке әкелгей!

Жанғазы Амангүл Бәкенқызы

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-423647
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>