Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Қазақ халқының материалдық мәдениеті

Қазақ халқының материалдық мәдениеті


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m76c8025d.gifhello_html_2846ac8d.gif5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.

2. Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз қөзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.

3. Қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Әдісі: баяндау, сұрақ жауап, топтық жұмыс

Көрнекілік: интербелсенді тақтадан слайдтар көрсету

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу. Сабақ басынан бастап екі топтың арасында сайыс түрінде өтеді.


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын тексеруде «футбол» ойынын қолданамын.

  1. Шоқан Уәлиханов қандай экспедицияларға қатысты?

  2. Абай Семейде оқып жүргенде шығыстың қандай ақындарының еңбектерімен танысты?

  3. Ыбырай Алтынсарин Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепте оқып жүргенде қандай тілдерді меңгеріп шықты?

  4. Шоқанның бала кезі туралы әңгімелеп бер.

  5. Абай орыстың қандай ақын-жазушыларының еңбектерін қазақ тіліне аударды?

  6. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі туралы небілесің?

  7. Абай қай жерде туып, өсті?

III Жаңа сабақ

Ойтолғау:

Мәдениет сөзінің мағынасын ашу

Адамзат тарихының басынан бастап өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында адамның қолымен жасалған нәрсенің бәрін мәдениет деп атаймыз.


Мәдениет


Материалдық Рухани (жан дүние көрінісі)

баспана әдет-ғұрып

киім-кешек салт-сана

жиһаз ауыз әдебиеті

қолөнер бұйымдары діни наным-сенімдері


Сабақтың ұраны:

Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі,

Өткендерін ескерген -өскендіктің белігісі”


1.Қазақ халқының баспанасы

Көшпелі қазақ халқының негізгі баспанасы – киіз үй.

Киіз үй көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әртүрлі болып келеді.


Киіз үйдің түрлері:

Ақ орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін аса құрметті хан, би сұлтандар отыратын үй.

Хан орда – 30 қанаттан тұратын, ханның мәжіліс ордасы.

Алтын үзік - 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

Ақ шаңқан -18 қанаттан және 12 қанаттан тұратын елбасылар, бай, билер тұратын киіз үйлер,

Ақ ала орда - сегіз қанатты, дәулетті бай үйі.

Ақ үй- 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.

Боз үй, қоңыр үй -4-5 қанатты орташалар тұратын киіз үй.

Қараша үй- кедей үйі

Отау –жас жұбайлар үйі.


«Кім тапқыр ойыны»

Киіз үйдің бөліктерінің атауын ата

Киіз үйдің негізгі қаңқасын – киіз үйдің сүйегі деп атайды.

1) Кереге - киіз үйдің қабырғалары. Керегенің көктеліп

біткен әр бөлігін қанат деп атайды.

2) Шаңырақ - киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез.

3) Сықырлауық (жарма есік) - кереге шеңберін тұйықтап,кіріп-шығу қызметін атқарады.

4) Уық – кереге басы мен шаңырақты бекітетін ағаш.

Киіз үйдің сүйегін жабатын киізді киіз үйдің жабуы дейді:

1) Туырлық

2) Үзік

3) Түндік


Киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, шиден құрастырылады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениет пен өнердің білімпаз сарапшылары, халықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне үлкен баға беріп отырған.


2. “Қазақ халқының
ұлттық киімдері”
бөліміне хош келдіңіздер!


Орнын тап!”

Бас киім

Сырт киім

Аяқ киім







Берілген киім-кешектің түріне қарай орналастыр

Тақия, шапан, кебіз, сәукеле, мәсі, шекпен, күпі, тон, бөрік, етік.


Жаңа сөздермен жұмыс.

Күлпара – жел, су, суық өткізбес үшін басқа жамылатын киімнің түрі

Сәукеле –қыз балалардың, ұзатылатын қыздың киетін бас киімі

Қамқа тон – бай, мырзалар киген, әдемеліпі тігілген тон.

Саптама- іші кигізбен қапталып тігілген ер адамдардың аяқ киімі

Жақы – жылқы терісіне тігілген ерлер киімі.

Шекпен- түйе жүнінен тоқылған жаздық сыртқы киім. Шекепеннен су да, жел де өтпейді.


3. “Ұлттық қолөнер” бөліміне
хош келдіңіздер!


Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де, еш халықтан кем

болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық

мұражайларымен көрмелерінен орын алған.

Қолөнер бұйымдарына нелерді жатқызуға болады?

Сөзжұмбақ шешу

1.Қолға тағылатын зергерлік бұйым.

2.Жебе атуға арналған қол қаруы.

3.Әйелдер көйлек сыртынан киетін киім.

4.Қымыз,шұбат ашыту үшін пайдаланылатын,мал терісінен тігілген ыдыс.

5.Шаңырақ пен керегені байланыстыратын киіз үй бөлшегі.


IV. Сабақты бекіту:

Семантикалық карта толтыру

Атауы

Қазақ халқының баспанасы

Қазақ халқының ұлттық киім - кешектері

Қазақ халқының ұлттық қолөнері

Қазақ халқының ұлттық жиһаздары

Киіз үй





сәукеле





абылайша





кебеже





Ақ орда





алқа





тон





ұраңқай





шапан





Хан орда





торсық





шолпы







Қорытынды:

Қазақ халқының мәдениеті өзінің төлтумалығымен ерекшеленеді. Халықтың шаруашылық өмірін бейнелейді. Бабаларымыздың мәдени дәстүріне сүйенеді.Ата-бабаларымыздың тұрмысы, киім-кешегі, қолөнер бұйымдары, тағамдары, өздері өмір сүрген климаттық жағдайларға, қоршаған ортаға неғұрлымыңғайлы келеді.


V. Бағалау:

VI. Үйге тапсырма: «Мәдениетім – мақтанышым» тақырыбына эссе жазу.







Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров99
Номер материала ДВ-438048
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх