Инфоурок / История / Рабочие программы / Қазақ халқының музыка өнері

Қазақ халқының музыка өнері



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

педагогикалық эссе

 Мартынов негізгі білім беру мектебінің 

тарих пәнінің мұғалімі 

 Бекжанов Нұрбол Қапанұлы

Білімі:  Жоғары.

 Алматы мемекттік  институты

Мамандығы:  Тарих пәнінің мұғалімі

Санаты: ІІ

 

 

Эссе

Менің ұстаздық мамандығым.

            Сөздің  басын Ұлы ғұлама Әл- Фарабидің мына сөзімен бастағым келіп отыр.

"Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек"

            Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі-мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздардың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты.

 Ұстаз дегенің биік атауға тең болуы тиіс.  Сондықтан мен биік атауға ие болу үшін осынау қиын да, қызықты мамандықты таңдадым. Ұлы данышпан Абай Құнанбайұлы  "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!" деп айтқандай қазіргі кезде жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. Осыған орай қазіргі кезде мен сабақта үнемі жаңа технологияларды сын тұрғысынан ойлау, интербелсенді тақтаны үнемі қолдану, зерттеу жобалау технологиясын қолдана отырып, өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрлерін білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат етіп тәрбиелеудемін.

            «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айтқандай мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін мен жақсы түсінемін.  Ұстаз үнемі ізденісте болуы қажет демекші мен күні-түні тынбай жаңашылдықты  іздеймін .  

 

   Оқушыларымның жетістіктері жеткілікті. Аудандық  олимпиада да жүлделі орындар иеленіп келеді. Білім сапасы көрсеткіштері 70-80 пайызды көрсетті.

 Оқушыларым менің сабағыма қызыға қатысып, пәнімді жақсы көреді бұның өзі мен үшін үлкен дәреже деп санаймын.

       Мен- жаңашыл мұғаліммін, өйткені білімдімін, біліктімін, жаңашылдықтан қорықпаймын, кәсіптік қабілетім бар және әр шәкірттің жүрегінен үлкен орын алдым.

Өз мамандығына жан-жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.

 











Өмірлік орта мектебінің аттестаттаудан өтуші мұғалімдердің шығармашылық есебі

Өмірлік орта мектебінің аттестаттаудан өтуші мұғалімдердің

 шығармашылық есебі

 

"Қыран  түлегіне  қайтпас  қанат  сыйлайды, ұстаз  шәкіртіне  талмас талап  сыйлайды"  демекші,  ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның  тірегі. Қоғам  тұлғаны  қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты  дәрежеде  дамытады. Сондықтан  қоғам  дамуында  білім  беру ең маңызды  мәселе  болып  табылады. «Келер  ұрпақ алдында  зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Қазіргі таңда жас ұрпаққа білім беруші әрбір ұстаз білімді, білікті болуы тиіс. Сол мақсатта елбасымыз Қазақстандық әрбір ұстазға өз біліктіліктерін, білімдерін  жетілдіру үшін барлық мүмкіншіліктерді жасап отыр. Елбасымыздың бізге беріп отырған мүмкіндіктерін негізге ала отырып, біздің мектебіміздің ұстаздары да жыл сайын өз біліктіліктерін жетілдіріп келеді. Жылдағы дәстүрді жалғастыра келе биыл да мектебімізде педагогикалық ұжымның және комиссия мүшелерінің қатысуымен өз біліктіліктерін жетілдіруші мұғалімдердің шығармашылық есебі тыңдалды. Биылғы жылы мектебімізде 3 ұстаз өз біліктіліктерін ІІ санатқа көтеруге ұсынып отыр. Атап айтар болсақ, Сыздыков С.Ш. АӘД пәнінің мұғалімі, Омурзакова З.Ж. қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі және тарих пәнінің мұғалімі Накупов А.С. Олар өздерінің осы уақытқа дейін пән бойынша технологияны пайдалана отырып құрған әдістемелік жинақтарын, авторлық бағдарламаларын комиссия мүшелеріне көрсетіп, таныстырып өтті. Комиссия құрамында мектебіміздің тәжірибелі және  жоғары санатты ұстаздар болды. Аталған ұстаздардың шығармашылық есептерін тыңдау барысында әрбір аттестаттаудан өтуші мұғалімге ұстаздар және комиссия құрамы тарапынан сұрақтар қойылып, лайықты жауаптары алынды. Сондай-ақ қатысушы мұғалімдер де олар жайлы өздерінің жақсы пікірлерімен бөлісті. Шығармашылық есептің соңында комиссия құрамының мүшелері аттестаттаудан өтуші мұғалімдер жайлы өз ойларын айтып жұмыстарын жақсы деп бағалады. 










1) барлық аттестатталатын педагог қызметкерлердің міндетті ұсынуға қажетті құжаттар көшірмелері:

- аттестаттауға өтініш;

- жеке басты куәландыратын құжат;

- білімі туралы диплом;

- еңбек кітапшасы;

- бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік;

- біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттар.

2) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда):

- педагогикалық тәжірибені жинақтау материалдары: эссе, шығармашылық есеп, кәсіптік қызметіне өзіндік талдау жасау;

- педагогтің ғылыми-әдістемелік қызметі туралы куәландыратын құжаттар: ғылыми-практикалық конференцияларға, шығармашылық конкурстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, әртүрлі деңгейдегі педагогикалық оқуларға қатысу; мерзімді басылымдардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдарының көшірмелері;

- педагог қызметкердің кәсіптік құзыретін тәуелсіз бағалау қорытындылары: пікірлер, оқушылар мен тәрбиеленушілерден, ата-аналардан, әріптестер мен әкімшіліктен алынған сауалнамалар нәтижелері; практика базалары, жұмыс берушілер тарапынан пікірлер, ЖОО-ға түсу немесе еңбекке орналасу туралы ақпарат;

- педагогикалық қызметтің нәтижелері: педагог қызметкердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, спорттық, пәндік олимпиадаларға, конкурстарға, байқауларға, жарыстарға, ойындарға қатысуын растайтын құжаттар; педагог қызметкердің наградалық материалдары;

- соңғы үш жылдағы қызметкердің кәсіптік қызметі нәтижелілігінің динамикасы (мерзімінен бұрын аттестаттауда – 1-2 жыл).

Аттестатталатын педагог қызметкердің қызмет қорытындысына талдау сараптама тобының отырысында хаттамамен тіркеледі. Білім беру ұйымының әрбір педагог қызметкері бойынша сараптама тобы қорытынды (аттестаттау үшін ұсыну/ұсынбау) жасайды, ол білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей ұсынылады.

Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы бұйрықты барлық деңгейдегі басшы келесі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей шығаруы тиіс, ол келесі оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзеу), қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне біліктілік санатының берілуіне/расталуына сәйкес еңбекақы төлеу деңгейі оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгіленеді.







Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-553551

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>