Инфоурок / История / Рабочие программы / Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалысы
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалысы

библиотека
материалов



9 класс. Қазақстан тарихы


Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалысы

«АУЫЗША САБАҚ-1» КАРТАСЫ

Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін дамыту. Сәттілікке жеткен тұлға көрсеткіші сияқты, пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталану және қызығушылық таныту.

Міндеті: технологиялық картаның регламаентін орындау.


1

Ұйымдастыру кезеңі мотивация

Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Өткен тақырып аяқталған және түйсінуді талап етпейді. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Мұғалім тақырыптарды оқу барысында уақытты үнемдеуге және «Ауызша сабақ-1» картасында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді.

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі.

Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс.

2

Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру

Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі-қарсылы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі (Бұл кезеңдегі, бұл карта бойынша оқушылардың 63% норматив көрсеткішке жетуге қиындық тудырғаны үшін 25.02.11 ж Ақтөбе қ №51 мектептің тарих пәннің «Кәсіби» мұғалімі Қ.Сұлтанованың ұсынысына байланысты түзету енгізілді).

Біріншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

3

Қабылдауды ұйымдастыру. 2 сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде саналады. Жады бойынша рұқсат: бір сөз шегеріледі

Сабақ басталмас бұрын мұғалім тақтаға оқытылатын тақырып бойынша 7, 14, немесе 21 кілтті сөздерді жазады. 7 сөз бастапқы кезең. 14 сөз егер сынып 7 сөзді жеңіл естерінде сақтаса. 21 сөз егер сынып 14 сөзді меңгерсе.

І. Тірек сөздер – 21 сөз

Бірінші дүниежүзілік соғыс

Столыпин реформасы

Патша Жарлығы

А.Куропаткин

Жетісу

Либерал-демократтар

Революцияшыл-демократтар

А.Иманов

Б.Әшекеев

«Бұратана халық»

Ә.Бөкейханов

А.Байтұрсынұлы

Торғай

М.Дулатұлы

Ж.Мәмбетов

Ұлт-азаттық қозғалыс

Ә.Жангелдин

М.А.Фольбаум

Ә.Жанбосынов

Кейкі батыр

Доғал-Үрпек


Тақырып ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді. кілтті сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қояды және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне сөздерді түсіруі тиіс. Мұғалім сұрақ-жауап жүргізеді, нормаға сай есте ақлған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына қосу белгісі қойылады.

Екіншілік белгілеу. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек. 14 сөз-1 мин-15 сек. 21 сөз – 2 мин-30 сек.

4

Ұғынуды ұйымдастыру

Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертуі тиіс.

1-2 сынып: 5 минут бір бет мәтінге; 3-4 және 7-11 сыныптар: мәтіннің бір бетіне 4 минут; 5-6 сынып: мәтін бетіне 3 минут.

5

Түсінудің біріншілік тексеруі

Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім ООМ бойынша оқушыларды ретсіз түрде сабақтың тақырыбына байланысты кілттік сөздерді қоса сұрайды. 2.Қарама-қарсы сұрақтар:


ІІ. Қисын сұрақтар (30)

Бірінші дүниежүзілік соғыста қандай әскери блоктар арасында қақтығыс болды? – Үштік Одақ (Германия, Австро-Венгрия, Италия) – Антанта (Франция, Англия, Ресей)

1907-1912 жылдарында Столыпин реформасы бойынша Қазақстанға Ресейден қанша адам әкеліп қоныстандырылды? – 2 млн 400 мың адам

Патша жарлығы бойынша қара жұмысқа Түркістан мен Дала өлкесінен қанша жігіт алу көзделді? – 500 мыңнан астам

Соғыс кезінде кім айтқан: «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» (М.Дулатұлы)

1916ж. 23 тамызда А.Куропаткиннің құпия бұйрығы қандай? – қара жұмысқа шақырудан босатылды: сұлтандар, имамдар, тағы басқа жоғары лауазымды

Ақмола облысында қанша қазы сайланды? – 4

Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылған кім? – Б.Әшекеев

Либерал демократтар өкіметке патша Жарлығына байланысты қандай ұсыныс жабады: қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды

Ұлт-азаттық қозғалысқа революцияшыл-демократияшыл зиялылардың өкілдерін ата: Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Меңдешев

Жетісу генерал-губернаторы М.А.Фольбаум қандай әрекет жасады? – жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдастырды

Каркара жәрмеңкесін 1916 жылы тамызда 10 мыңнан астам көтерілісші басып алды (5 мыңнан)

«Қазақ» газетінде Ә.Бөкейхановтың қандай мақаласы басылды? – «Тағы соғыс»

Әбдіғафар Жанбосынов қай бидің немересі болған? – Орта жүздің ықпалды биі Нияздың

1916 ж. көтерілістің Торғайдағы басшысы – бас сардарбек А.Иманов

А.Имановтың әскери кеңесшісі – Ә.Жангелдин

1916ж. қыркүйекте Торғай уезіндегі көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетті

Амангелдінің серігі, атақты мерген: Кейкі батыр

Доғал-Үрпек түбіндегі ұрыс немен аяқталды – көтерілісшілердің жеңілісімен

1916ж. көтерілістің негізгі екі орталығы – Торғай мен Жетісу облыстары

Қарқарадағы көтеріліс жетекшілерінің бірі Жәмеңке Мәмбетовтың тағдыры қандай болды? – абақтыға қамалып өлтірілді

1916ж. Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың Қытайға ауып кетуге мәжбүр болған халықтың саны – 238 мың адам

«Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» - деп жазған тұлға (А.Байтұрсынұлы)

1916ж. көтерілісшілер қатарында шайқасқан кәсіпкердің қызы – Софья Вербицкая

1916ж. Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны қаншаға кеміді? – жарты миллионға

Торғайда көтерілісшілерді соғыс өнеріне үйреткен – Никита Кротов

Қарқарадағы көтерілісшілердің шағын тобын ұйымдастырған – Е.Курев

«Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз» деген үнқағазын шығарған публицист – С.Ужгин

IV Мемлекеттік Думаның мінберінен кім Патша үкіметін және Түркістан мен Дала өлкесінің әкімшілігін сынға алған? – А.Ф.Керенский

1916ж. қазанда А.Иманов бастаған 15 мың көтерілісші қоршаған қала – Торғай

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресей үшін шаруашылықта не болып ерекшеленді? – шикізат өңдейтін әрі сауда рыногы болып танылған отарлы өлке


Үшіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

6

Біріншілік бекітуді ұйымдастыру

Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім тақырыпқа сай ретсіз оқушыларды ООМ арқылы сұрайды. Сұрақтар меңгеру сапасын тексеруге арналған тұрғыда болғаны абзал. «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар болмауы тиіс.

3.Сыни тұрғыдағы сұрақтар:

ІІІ. Сын тұрғысынан сұрақтар (30)

Қазақтан қара жұмысқа жігіт алу – көтеріліске себеп болған негізгі фактор еді (ия)

Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінің 4 өкілі хан көтерілді (9 өкілі)

Верный уезінің Жайымтал болысының ханы болып Нұрлан Қияшев сайланды (Бекболат Әшекеев)

Көтерілісшілер армиясының қолбасшысы – жасақшы деп тағайындалды (сардарбек)

Бірінші дүниежүзілік соғысқа 34 мемлекет қатысты (38)

Ә.Бөкейхановтың «Дала соғыс» мақаласы «Қазақ» газетінде басылды («Тағы соғыс»)

1917 жылға қарай қазақтардан 45 млн-нан астам десятина жері тартып алынды (ия)

«Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», - деп жазған А.Байтұрсынұлы 1916ж. (1913ж.)

1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы бойынша қара жұмысқа 18-ден 45 жасқа дейінгі ер адамдар алынуға тиіс болатын (19-43 жас)

Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінің 9 өкілі би болып көтерілді (хан)

1916ж. ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Шерубай-Нұра болысының ханы болып Нұрлан Қияшев сайланған (ия)

1916 жылғы Үндеу хатында либерал-демократтар халыққа «Тыңдаңыздар, қан төгіңдер, қарсыласыңдар» деп жазған (қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар)

1916 жылғы қозғалыстың басты күші халық бұқарасы болды (ия)

1916 жыл 20 шілдеде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып М.А.Фольбаум тағайындалды (А.Куропаткин)

Жайымтал болысында хан болып Оспан Шоңов жарияланды (Қарашақ болысында)

Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың 238 мыңнан астам халқы Қытайға кетуге мәжбүр болды (ия)

Торғай уезіндегі найман руынан көтеріліске шыққан қазақтары Әбдіғафар Жанбосыновты өздерінің ханы етіп сайланды (қыпшақ)

Иман батырдың немересі Амангелді хан етіп тағайындалды (сардарбек)

1916 жылы Жетісудағы қозғалыс басшыларының бірі Бекболат Әшекеев болды (ия)

1916ж. қазақтардың саны бір миллионға кеміді (0,5 млн)

IV мемлекеттік Думада Н.Кротов патша үкіметін сынға алды. (А.Ф.Керенский)

Торғайдағы көтерілісті талқандау үшін генерал Лаврентьев басқарды (ия)

Верный уезінде көтерілісшілерді басқарғанның біреуі Тоқаш Бокин (ия)

Түркістан өлкесінде 168 адам атылды (347 адам)

20 мыңнан астам қырғыз-қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады (10 мыңнан астам)

Дүнген, ұйғыр, өзбек, қырғыздар да көтерілісшілерді жақтады (ия)

Байлар мен ауыл старшындары патша Жарлығын жақтамады (жақтады)

«1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық татуластар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды», - деп жазды Т.Рысқұлов (жанжалдар)

«Бұратана» халықтарға орыс, украиндар жатады (қазақ, өзбек, қырғыз)

Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. (ия)


Төртінші белгілеу.

барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

7

Талдау Уақыт 5 минут

Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұхсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып саналмайды. ТСҚ нормативі төменде келтірілген.

Бесінші белгілеу

барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

8

Түйсіну

1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады. 2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырып бойынша жұмыс уақыты болжанады. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталуын болжап, «Ауызша сабақ 3» картасындағы ойын ережелерінің мүмкіндіктерін айтады.


9

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады: - 4- 5 белгі – 5 ұпай.

- 3 белгі – 4 ұпай. -2 белгі – 3 ұпай. -1 белгі – 2 ұпай.

Сапа нормативі: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс. 3 кестені қара.


10

Үй тапсырмасы

4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.










Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-253519

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"