Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / "Қазақ хандығы " 7-8-9 кластар

"Қазақ хандығы " 7-8-9 кластар


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_6b51b2c.gif

 

Кештің мақсаты: қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған хандар туралы мағлұмат беріп,қазақ халқының ұлт болып ұйысып, халық болып қалыптасып,ел болып еңсесін көтерудегі қазақ хандарының өлшеусіз еңбектерін бағалай отырып, білімгерлердің тарихи танымын дамытып, ғибратты ғұмыр кешкен бабалар рухына тағзым етіп,өткенімізге құрметпен қарауға,кемел келешекке нұрлы болашаққа нық қадам басқан ұлтжанды,өскелең ұрпақты өз елінің патриоттары етіп тәрбиелеу


1 Армысыздар, құрметті қонақтары,ардақты ұстаздар,қымбатты білімгер достар.

Бүгінгі «Ұлан байтақ далада, хандықтың туын көтерген»  тақырыбымен     Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, ұйымдастырылып отырған тарихи-әдеби танымдық кешімізге қош келіпсіздер!


2 Біз кешегі Алтай мен Атырау арасын ен жайлап,осы ұлы даланы ұрпақтарына мирас етіп қалдырған, көреген де, дана бабалардың ұрпағымыз.Сондай дана ғұлама бабаларымыздың бірі- Әбу Насыр әл Фараби»Тарихты білмей өткенді ,қазіргі жағдайды білу,келешекті болжау қиын »десе, біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаев»Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы,тұтастану тарихы»деп тамаша анықтама берген.


1 Өткенімізді құрметтей отырып,халқымыздың ұлт болып ұйысып, халық болып қалыптасқанына,ел болып, еңсесін көтергеніне биыл- 550 жыл толып отыр. Бұл біздің мемлекеттігіміздің этникалық тұрғыда қалыптасқан кезеңі.

 

1 550 жыл толды деп ,«Қазақ»атты хандыққа,

Елбасымыз салды, елге жарлықты.

Өткеніңсіз келешек жоқ екенін,

Айтты анық, кемеңгер ұл, нар тұлға.

 

Сол хандардың арқасы деп бүгінгі,

Шуақ шашып жарқырауы күніңнің.

Ғибратты ғұмырынан хандардың,

Алсын ұрпақ өнеге мен шын үлгі.


2 Иә,өмір көші жылдардан-жылдарға жылжып,ғасырдан- ғасырларға жалғасты. Уақыт керуені сырғып кешегі ру-ру,тайпа-тайпа болып көше жүріп,өзіндік өркениет қалыптастырған, дәстүрі — берік,салты — ерен ұлтты біріктіру саяси-стратегиялық және экономикалық қажеттіліктен туындады.

Ел едік біз еңселі әуел бастан,

Сақ,ғұн,үйсін ,түркі боп араласқан.

1465-ші жылдар шамасында,

Орынын Қазақ деген хандық басқан.

Осынау ұланғайыр даламызда,

Өркен жайып гүлденген қаламызда.

Әлемдегі ең ірі кітапхана,

Болған біздің Отырар қаласында.

Түсірген талайларды сабасына

Батыры да болыпты арасында

Билері  билік айтып ел ішінде

Хандары қамқор болған қарашаға

Әрине, оған жоқ, еш таласымда,

Қалды бәрі, өр ұрпақ санасында.

Өткен тарих -өнеге бізге мұра,

Ғибрат ол, әр қазақ баласына.

 

1465жыл Қазақ хандығының туы көтеріліп,мемлекеттің іргетасы қаланғаны тарихи шындық . Ол туралы мәліметті Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыз жазып қалдырған.


Көрініс:


ӘН: Қазақ елі.

1 Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.

1.Хан тағына отырды ханым Керей,

Ерген елде есеп жоқ ,тасып мерей.

Шу менен Қозыбасыға келген дейді,

Ілесіп үйсін-дулат, арғын-керей.

Аға көріп ,құрметтеп ер Жәнібек,

Керейге ұсыныпты,хан тағын дөп.

Жиналған сан рулы қарашамен,

Ынтымақты ел болу көздеуі- тек!


1оқушы: 
Біз қазақпыз! 
Ежелден-ақ қазақ болып аталған 
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң. 
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от 
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан 
Біз қазақ ежелден-ақ ел боп келдік, 
Ел қорғауда жасадық сан мың ерлік 
Болашақтың атар деп жарқын таңы 
Ұрпақ үшін тозақтың отын көрдік 
Қалмаққа барлық қазақ қарсы тұрды, 
Бас қосып хан мен билер ақыл құрды 
Орыс, қытай, қалмақтан аман шығар. 
Ұлт тағдырын ойлайтұғын күн туды. 
Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек 
Халық баға береді әділ хан деп 
Бар қазақтың алғашқы ханы болған 
Керей ханның билікте аты ерек. 

2 - оқушы: 
Шайбани Әбілқайырға сақтама кек, 
Ұлы көшті бастады Керей, Жәнібек 
Болашақты бастаған оны өзгерткен 
Ұрпақтары ұлыларға табына бермек. 
Батыстан шекара Жайықтан қайтты, 
Ұлы Қасым хандықтың жерін ұлғайтты. 
Тәукенің заманында дана халқымыз 
Алтын ғасыр болады деп тауып айтты. 
Мәмілеге көреген хандар тұсында 
Қазақ жері кетпеді жау уысында 
Керісінше, Мәскеумен көрші елдермен 
Қарым-қатынас орнатты Қасым тұсында. 

3- оқушы: 
Хандардың қайсысын айтпасақта бүгін 
Аспанда бұлт тарқап ашылды күн 
Олардың ерліктерін мәңгі жырласаң 
Мәңгілік ел болуға лайықпыз, мүмкін 
Қосқолан тауында жау әскерімен мол 
Жеңіске сеніммен бастап келді қол 
Он есе көп жауға тойтарыс берді 
Салқам Жәңгір, батырлар, Орбұлақта сол 
Ол хандар мәңгілік қалды тарихта 
Ол хандар қалмады қиыннан ықта 
Әліде тереңірек зерттесек тағы 
Ашылады тарихтың қарасы ағы 
Қазақтың хандары мәңгілік мақтаныш 
Халқының ерлігінен алып жігер-күш 
Олар заңгер, саясаткер, олар қолбасшы 
Халқын біріктірді, жүзге бөлмей үш. 


1 Армандарды жақындатып тым алыс 
Біздің жаққа келген екен жылы ағыс 
Хандық құрып жеткен екен мұратқа 
О, халайық ,құтты болсын қуаныш!


ӘН: Елім менің.


2.Қазақ хандығын 10 жылдай билеген Керей хан өмірден озған соң, барша қазақ жиылып ,Жәнібекті ақ киізге отырғызып хан көтереді.Ол ел тарихында әз Жәнібек деген атпен қалған ерекше тұлға. Ол  асқан ақыл-парасаттылығымен,көрегенділігімен есімі қазақ халқының санасында мәңгі қалды. Әз-Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп,ордасын орнықтырған ұлы хан ғана емес,сол халықтың ұйытқысы болған, ұлы хандар әулетінің  де негізін салушы

1.Иә, Қазақ ордасының құдіретті әміршілері,қазақ халқының ұлы перзенттері;

Қасым хан,Хақназар хан,Тәуекел хан,Еңсегей бойлы Ер Есім хан,Салқам Жәңгір хан,әз-Тәуке хан,Абылай хан ең соңы Кенесары хан, ұлы ғалым Шоқан,Алаш Орда көсемі Әлихан Бөкейхан – барлығы осы әулие әз- Жәнібек ханның тікелей ұрпақтары болып табылады

Таққа отырды хан болып әз- Жәнібек

Орыс хан шөбересі ,ол да зерек

Әулие санап,жұрты бұл ханды да

Қалдырған,әз хан жайлы жазып дерек

Ақылы асып, елді ұйытқан санамен

Әз-Жәнібек, үлгі тұтар данам ең

Әділетті әмірші ,боп қазаққа

Кеңес құрған ,Асанқайғы бабамен

Халық қақпа қашаннан,ханы қорған

Алып шығар, халықты  қиын жолдан

Құрмет тұтып, қара орманы қазағы

Әз-Жәнібек деп оған атты қойған


ӘН: Туған жер Орындайтын 7 класс оқкшылары

 

Қазағымның парасатты  данасы,

Уақыт көші ұзап барады қарашы.

Тарихымда өшпес ізін қалдырған,

Қазағымның Қонаевтай дарасы.

Ізің жатыр өткен күн белесінде,

Ел үшін төккен тер де ел есінде.

Тарих төрін ұсынып, өр ұлына,

Сақтайды алаш жұрты сені есінде.

Алалап, ешкімді де айырмадың,

Ойладың ,тек ізгілік,қайыр қамын.

Қамқорлықпен қарадың қарашаға,

Талай жанның жандырып, үміт шамын.

Ойладың күндіз-түні ұлттың қамын,

Үңіліп, әр қазақтың ұғып жанын.

Жетісуды жұмаққа айналдырып,

Болашақтың болжадың,біліп бәрін.


21-шы ғасыр соңында бабаларымыз аңсай жүріп ,армандай өткен тәуелсіздікке де қол жеткіздік. Әрине, бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ  Еліміз1990жылы 25-ші қазанда егемендік Декларациясын қабылдап,1991 жылы ел тәуелсіздігін жариялады.

Тәуелсіз Қазақстан өзінің тұңғыш Президентін сайлап,өзіндік даму жолына түсті.

Жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдады.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты арқасында Қазақстан әлемге танылып қана қоймай,әлем жұрты санасатын елге айналды.

Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата-баба рухына 
Үлгі бізге аталардың ерлігі 
Ұлағаты өнегесі еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары 
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі 


4- оқушы: 
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, 
Ұранға Алаш деген атты аламын 
Сүйгенім қазақ, өмірі өзім қазақ, 
Мен неге қазақтықтан сақтанамын? 
Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық 
Арасын қоныс қылдым ірге жайып. 
Елім, жерім қорғайтын ерім болып, 
Ер жеттім ен далада лықа тойып. 
Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен, 
Бір кезде Еуропаны тітіркенткен 
Кіргені есік, шыққаны тесік болып, 
Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен 
Кешегі хан Шыңғыстың ұрпағына, 
Талай царь, талай княз тәжім еткен 
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, 
Ұранға Алаш деген атты аламын 
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ 
Мен неге қазақтықтан сақтанамын. 

5 - оқушы: 
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер 
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер 
Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде 
Ойын–ойнап, шыбын–шіркей қуған жер. 
Жаратылдым топырағыңнан, сен–түбім 
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан–тәнім 
Сенен басқа жерде маған қараңғы, 
Жарық болар Шолпан, Айым, сен–күнім 
Тәтті суың дәмі аузынан еш кетпес 
Қалың нуың, қыр суыңа жер жетпес 
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы 
Жазу болып адамзатқа ер жетпес 
Балақ түріп, қозы қуып, жарысып, 
Батпағыңда тең құрбымен алысып, 



Түнде – ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз 
Үйретем деп асау тайға жабысып. 
«Адам басы – Алла добы» деген рас 
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас 
Кім біледі, мен де шетке кетермін 
Туған жерім, сені тастап басым жас. 

6 - оқушы: 
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген 
Намысын қолынан ешкімге бермеген 
Тұс-тұстан анталап көз сүзген жаулардан 
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған. 
Төрімде жерімнің байрағым желбіреп, 
Тұп-тұнық тұрады аспаным мөлдіреп 
Қазақтың тілері ата жол салтымен 
Достасу, танысу әр елдің халқымен 
Қонақжай халқымыз, жомартпыз, дарханбыз 
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз 
Таныған жұмыр жер алаштың баласын 
Қазақтың елімен даңқты даласын 

7 - оқушы: 
Еркіндігім 
Қасиеттім 
Қастерлім 
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! 
Кеше сенің келбетіңді арман ғып, 
Боданына бұғауландық басқа елдің. 
Бабалардың басын тігіп бәйгеге, 
Аналардың жанарына жас бердің! 
- Уа, Еркіндік, қош келдің! 
Өзегімді өртке ораған қоғамда, 
Өз үйіме өзім өгей болам ба?! 
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш 
Азаттығым! Қадіріңде жоқ онда! 
... Саған жету қиын болса қаншалық 
Сақтап тұру қиынырақ одан да! 
Алла берген азаттықтың әр сәті- 
Аманат қой 
Маған, 
Саған, 
Оған да! 
Уа, Еркіндік! 
Құның немен өлшенді?! 
Сені көксеп 
Боздақтарым өлсе өлді! 
Сенің, менің ең ғажайып өлеңім, 



Ең шуақты, 
Ең шырайлы, 
Ең шерлі! 
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын – 
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі! 

ӘН: Самға . Орындайтын : Абдулл Жандос

1 Ел тарихын танып білдім тереңнен,

Жүзіп келем білім атты кемеммен.

Өнеге алып, өткенінен тарихтың,

Өмір көшін ,алға сүйреп келем мен.

 

Ғибратты ғұмыр, кешкен халқым бар,

Қаймақтайын бұзылмаған салтым бар,

Өткен тарих қойнауынан сыр шертер,

Әлем жұрты ,таңғалардай нарқым бар.

 

Оған куә, «Алтын адам» қаншама,

Барша әлем таңғалады тамсана.

Дәл қазақтай, салт болмаған ешкімде,

Ұлыларын, аптап көмген алтынға.

 

Өміріме азық берді, мол мұра,

Емес әлі ,табылғаны соңғы да,

Әлі қанша, жер астында жәдігер,

Үлес қосар өркениет салтыма.

 

Ғұн мен сақтың ұрпағымыз кешегі,

Жібермеген ,ешбір  жауға есені.

Заңдылық, ол жерде барлық адамзат,

Ұрпағымен қанат жайып өседі.

 

Атты арайлап, тәуелсіз ел ақ таңы,

Гүлге оранып, көмкерілді бақтары,

Келер күндер, ашсын елім есігін,

Күнім күліп ,бейбіт болып аспаны.

 

Нұрға бөлеп,мына керім өлкені,

Желбіресін жүректе жыр желкені,

«Нұрлы жолдың» құтты болсын қадамы,

Нұрландырар мына байтақ өлкені.

 

Мен туыппын, ғажап қазақ елімде,

Қыран құсы, қалқып ұшар көгінде.

Күн бейнелі, желбірей бер,байрағым,

Шуақ шашып , мына нұрлы өмірге .

 

Ән:Көк тудың желбірегені.


Құрметті көпшілік бүгінгі ұлан байтақ далада хандықтың туын көтерген тақырыбымен өткізген тарихи-әдеби танымдық кешімізге қатысқандарыңыз үшін алғыс айта отырып,әрбір атқан  арайлы таңдарыңыз ,көңілдеріңізге шуақ ,дендеріңізге қуат сыйласын!

Қош сау болыңыздар! Көріскенше күн жақсы!

Kiz_syny - копия



Т а қ ы р ы б ы :

(атты тарихи-әдеби танымдық кеш.)

1425578014_550



Өткізген : Алчурина Н.Д.
















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 02.01.2016
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров126
Номер материала ДВ-301590
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх