Инфоурок / История / Рабочие программы / Қазақ хандығы туралы мәлімет беру. (10-11сыныптар)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Қазақ хандығы туралы мәлімет беру. (10-11сыныптар)

библиотека
материалов

«Қазақ хандығының тарихи тағылымы – бүгінгі күннің мәртебесі»

«Тамырын тереңге тартқан бәйтерек табиғаттың қандай дүлейіне болмасын, төтеп береді. Тарихы мықты ел де солай»

Қазақ шежіресінің небір уақыт тезі, ғасыр сұрыбынан өтіп, бүгінге жетуінің өзі халықтың Мәңгілік ел болуға лайықтылығын көрсетеді.

Бодандық бұғауынан босап, азаттық алған қазақтың өзін-өзі тануға, өткеннен сабақ алуға ұмтылып, тарихты қазбалауы - заңды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференцияда ұлттық мәдени мұраларды түгендеу, тарихтың ашылмаған ақтаңдақ беттеріне ден қою мәселелері өзекті болып отыр.

Иә, қазақтың шежірелі тарихы тым тереңде жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Қаншама аласапыран заманды бастан кешірсе де, тәуелсіз Қазақ елінің бүгінгі жетістігі сол ата-бабалар арманының жарқын көрінісі.

Қазақ хандығының негізін салушылар – Жәнібек пен Керей хан туралы тың мәліметтер айтылды. Әбсаттар Дербісәлі, Р.Б Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, профессор: «Тарихи Рашидиде» Мұхаммед Хайдар бабамыз Жәнібек пен Керей ханның Қазақ хандығын құрған жылын дәл көрсетіп, шегелеп айтып кеткен бірден – бір тарихшы ғалым. 1465 жыл деп көрсетіп кеткен «Бұл оқиға тек Қазақстан халқы үшін ғана емес, жалпы түркі әлемі үшін ерекше іс-шара деп білемін. 550 жылдық мерейтой – өткен заманның санағы ғана емес, еңсеруді қажет ететін болашақ белес.

Бұл – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру мүмкіндіктерінің бірі».

ҚР-ң Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауында 2015 жылы елімізде ресми түрде төрт мерекенің атап өтілетінін айтқан болатын-ды. Сол әр мерекенің ел тарихында алатын орны ерекше. Солардың ішінде – Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатын атаулы күн айрықша деуге болады. Өйткені, еліміздің – Қазақстан Республикасы деп, жеріміздің – Қазақстан деп, халқымыздың қазақтар деп аталуының басында қазақ хандығының тарих төріне көтерілуі тұр.

XV ғасырдың орта тұсында құрылған Қазақ хандығы өзінің алғашқы күнінен бастап ел мүддесіне сай, ру-тайпалардың этностық аумақтарын қалпына келтіру үшін күрес жүргізді. Ол мемлекеттің қабырғасын қатайтып, іргесін бекітіп, керегесін кеңейтіп, шаңырағын тіктеді.

Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өтілу керектігін дұрыс айтты. Қазір бұл бастама көпшілік тарапынан қолдау тауып, дайындық бүгіннен басталып кетті. Дегенмен, ескеретін бір жәйт —  Қазақ хандығының құрылуын қазақтың халық ретінде қалыптасу кезеңімен шатастыруға болмайды. 15 ғасырда құрылған Қазақ хандығының негізінде қазақ халқы пайда болды деп ұғынбау керек. Елбасы Ұлытауда сөйлеген сөзінде «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз» деген еді. Қазақтың ұлт, халық ретінде пайда болу тарихы екі мыңжылдықтан асады. Сақтар, ғұндар, үйсін, қаңлылар  — бұлар қазақтың арғы ата-бабалары.  Бұрын қазақ, өзбек деп бөлінген жоқ, жалпы түркілер деп аталды. Қазақ соның құрамындағы  бір тайпа ретінде қалыптасты. Мәселен, 15-16-ғасырда  орыс мемлекеті Иван Грозныйдың кезінде ұлт ретінде қалыптасты ғой.  Қазақ халқы да ұлы көштің өркениетінен қалып қойған жоқ.  Қазақтың тарихы тым тереңде дейтініміз содан. Сондықтан Қазақ мемлекеттілігіне 550 жыл деген шешімге тоқталу орынды. Бұл бір күннің ішінде емес, қаншама жылдар бойы зерттелген, ғылыми тұжырымдамалар негізінде жасалынған қорытынды деп ұғыну керек.

Сондай-ақ, Керей мен Жәнібек хандардың өмірі толыққанды зерттеліп бітті деуге әлі ерте. Өйткені, Тәуелсіздік алғанымызға енді 23 жыл болады. Қазақ хандарының өмірін енді ғана зерттеу қолға алынып жатыр. Жалпы, Керей мен Жәнібек хандар Қазақ мемлекетінің негізін салушы тұлғалар  болып есептеледі. Олар Әбілхайыр хандығынан бөлініп, 1465 жылы Жетісу жерінде хандықтың негізін қалады. Бұл 15 ғасырдың екінші жартысы. Жалпы қазақ хандығы тарихындағы әрбір ханның орны ерекше. Қазақтың  ұлт ретінде қалыптасуын, мемлекет құрудағы хандардың рөлін, хандық құрған кезеңін тереңірек зерттеу болашақтың еншісіндегі іс.

Елбасымыз өзінің әрбір сөзінде елдің бірлігі туралы жиі айтатынын білеміз. Өйткені ,  «Қазақстан-2050» стратегиясында «Үдеудің сыры — бірлікте, жүдеудің сыры — алауыздықта» деп нақтылап  жеткізді. Осының мәнін тереңірек түсінуіміз керек. Мемлекеттің тұтастығы, елдің бірлігі ауадай қажет.

Тарих дегеніміз тұнып тұрған идеология. Жас ұрпақтың бойында тарихи сананы қалыптастырып,  рухы мықты азаматтарды тәрбиелеуге болады. «Торғайлардан төмен қойсақ сұңқарды, Отанды кім торғайлардан қорғайды» деген М.Шахановтың өлеңі еске түседі.  Сұңқар деп отырғаны ел тарихын жетік білетін, дәстүрін, тілін сақтайтын, өзіндік пікірі бар, рухы мықты азаматтар. Әрбір адам өз ұлтының тарихын біліп қана қоймай, оны насихаттау керек.

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» – деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.

Елдің ертеңі – ұрпақ қолында. Егемен еліміздің болашақта өркениетті мемлекеттер санына қосылып, тәуелсіздіктің көк байрағын биік ұстауы қазіргі мектеп партасында білім алып отырған жас ұрпақтың білімі мен ақыл-парасатына, іскерлігі мен жауапкершілігіне байланысты. 2050 жылдарға қарай Қазақстанды өзге мемлекеттерге үлгі болатын дәрежеге жеткізетін зерделі ұрпақ қазір мектепте отыр.

Қазақ хандығына байланысты жасалған жоспар өте тыңғылықты, жан-жақты қамтылып жасалған екен. Әсіресе, еліміздің бар өңірі түгелге жуық қамтылғаны дұрыс болыпты.  Осы жоспарға қарап отырып, менің бір ұсыныс айтқым келеді. Қазақ хандығы  аяқ астынан пайда болған жоқ, аспаннан түскен жоқ, оның әкесі, атасы,  бабалары бар. Қазақ хандығының әкесі -әйгілі Алтын Орда. Ал бабалары Шыңғысханға, ары кетсек Көк түріктер қағанатына барып тіреледі. Ұлытаудағы ұлағатты сұхбатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі: ” «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын  Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар.

Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың алдына қойған мақсатының ең ұлысы Қазақ хандығының шекарасын қалпына келтіру, өзінің тәуелсіз мемлекетін құру, экономикасын, рухани дүниесін заңын, дәстүрін тәуелсіз тұрғыда дамыту. Ұлттық демократиялық мемлекет құру. Оның басты шарты қазақтың жерін сақтап, территориясын бекіту. Өйткені, жер – Отан, мемлекет, күнкөріс, азаттық. Қазақ ұлтының өзін-өзі реттейтін, дамитын қасиетті кеңістігі, барлық ұлттың меншігі.

Түркі қағанаты тұсында да, Моңғол шапқыншылығы кезінде де, Қазақ хандығы құрылған кезде де, «Ақтабан шұбырынды» тұсында да қазақ халқы  кең даланың әр пұшпағынан жиылып келіп, осы Ұлытаудың айналасындағы ұлы далаға шоғырланған. Сол арада бас қосып, күш біріктірген. Сондықтан да, Ұлытау – қазақ тарихының шежіресі. Ұлытау – кешегі Батыс Түрік қағанатының, Жошы ұлысының, Қазақ хандығының «Ақтабан шұбырынды» және бодандық жылдарындағы Кенесарының панасы болған азаттық ұясы.

Халық бірікпей ел болмайды. Бұл тұрғыда Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз “Әлеуметтік-этикалық трактаттарында” адамдар ең жоғарғы даму шегіне жету үшін бірігуі керектігін баса айтып, оның үш түрлі деңгейін көрсетеді. Біріншісі ұлы бірлестік, яғни барлық халықтардың бірлігі. Екіншісі – орта бірлік, яғни бір халықтың бірлігі. Үшіншісі – ең төменгі бірлік немесе қала-мемлекет. Бұлар толық қоғам болып саналады.

Ия, Қазақ мемлекеттігін сақтау, ел тәуелсіздігі жолындағы қайсарлықтың, өжеттіктің, батырлықтың нағыз үлгісін көрсеткен тарихи тұлғаларымыздың, хан-билеріміздің, батыр бабаларымыздың  рухына тағзым  етеміз. Олардың қиын-қыстау кезеңдерді, мазасыз уақыттарды бастарынан өткізе жүріп, Қазақ хандығының басқару жүйесін жетілдіру арқылы сол тұста өмір сүрген ұрпақтардың, қазіргі тілмен айтқанда, патриоттық (ұлттық) сезімін жоғары деңгейде ұстата білуінің нәтижесінде бүгінгі Қазақ мемлекеті қалыптасты десек, артық айтқандық болмас.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. http: // e-history.kz

2. http: // www.kitaphana.kz

3. http: //qazaquni.kz

4. http: // kazgazeta.kz

5. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – Алматы:2013/14

6. Ошақбаева Ж.Б. «Дүниетанымдық әмбебаптар:тарих пен тағылым»-Алматы: 2014.

7. Егемен Қазақстан








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-404030

Похожие материалы