Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Рабочие программы / Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығына 550 жыл

  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:







































Ұлы көштің басталуы ...

/Қазақ хандығының 550 жылдығына

сахналық қойылым/


hello_html_m5f6ee66a.png







Көктөбе - 2015 жыл

































Ұлы көштің басталуы...

(көрініс)

Мақсаты: 1.Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы тарихына шолу.

2.Оқушыларды ата-бабаларының тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде.

Отанына, халқына адал қызмет етуге, халқының тегі мен тарихын білуге тәрбиелеу.

3.Рухы мықты азаматтық қасиетті дәріптеуге қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақтадан «Қазақ елі» слайд, көрме, қазақ хандарының портреттері, 3 бидің қанатты сөздері.

Барысы:

  1. жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі

«Ұлы көштің басталуы...» атты тарихи сахналық қойылымымызды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші:

Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні де өз басым шертеді.

Тарих керек іргетасы халықтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі.

1-жүргізуші:

Арғы атаңыз арыстандай сақтар да,

Ет жүрегі саған сырын ақтарған.

Сыр шертейін мына балғын ұрпаққа,

Сонау шалғай, сол бір шалғай шақтардан.

2-жүргізуші:

Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты.Әдетте, біз қазақ ұлысының қалыптасуын, Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз. Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас.

1-жүргізуші: Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушілері Өріс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.

Тарихи қойылым: Керей, Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы.

. (слайдтан 1459жыл Ұлы көштің басталуы) деген сөз шығады.

Керей: О, халайық, халқымыздың басына қиын- қыстау кезеңдер келді.Әбілқайыр хандығы құлау үстінде. Шығыстан төнген жауға әйел, бала- шағамызды құлдыққа бермейміз. Осы мәселені бірлесіп шешкен жөн.

Жәнібек: Ел болып, өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезді пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр. Олардың қолына түсып, талан- тараж болып кетуміз де мүмкін. Қазақ деген атпен жеке дара мемлекет құрайық.

«Үшқоңыр » әні қосылады.



Халық дүбірлесіп, талқылауда:«Сұлтандардың айтқаны жөн. Иә, жеке мемлекет құрайық, мемлекет қазығын қазатын кезең – осы.»

Жәнібек:Ендеше , қазақ руларының игі жақсыларын жинаңдар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын.

Оқиға ХҮІІ ғасырдың ІІ-ші жартысында өтеді. Күлтөбенің үстінде жиылған халық. Тақ үстінде- Тәуке хан. Жан- жағында қазақтың билері мен батырлары.

Елана («Көш керуен» күйі орындалып тұрады):

  • Батыр да, хан да, қара да өз заманының перзенті Тәуке хан сол дәуірде қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа Шығыс халықтарының тарихында ірі қайраткер, көрнекті қолбасшы ретінде де елеулі орын алған.Ал өз елінің өмірінде дипломат- мәмілегер, данышпан, айлакер қолбасшы ,әдеттік құқық системасының реформаторы және ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылады.

Тәуке хан (ойлы, тақ үстінде отыр):

-Уа, жұртым, алты Алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары!

Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан- жай жиылып отырған жоқпыз.

Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін, ең алдымен, бет- бетімізбен ру- руға бөлініп, бір- бірімізбен қырқыспай,елдің берекесін алмай, ұлттық тұтастығымызды сақтауымыз керек.

2-жүргізуші:

ХҮІІІ ғасырда қазақ хандығының тәуелсіздігіне қатер төндірген тек қана Жоңғар хандығы ған болған жоқ. Оңтүстіктен Хиуа, Қоқан, Бұқар хандықтары көз алартса, Батысы мен Солтүстігінде қалмақтар, башқұрттар, казак- орыстар үнемі шапқыншылық жасаумен болуда.

Слайдта: «Ақтабан шұбырынды...» бейнесюжет көрсетіледі.

Сахна сыртында: Сөйтіп, 1710ж. Жоңғарлар Алатау баурайын жайлаған қаннен аперсіз жатқан қалың елге шабуыл жасап, қазақтардың қанын судай төкті. Еркек кіндік адамды өлтіріп, әйелдерді, қыздарды байлап, матап алып кетті. Малын, мүлкін, елін, жерін тастап, бала- шағасынан, туысынан, айырылып, босқын халық басы ауған жаққа кетуге мәжбүр болды.

(«Елім- ай» әні ойналып, «Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсетіледі.)

Қария: Уа, ел жұртым! Мынау қандай заман болды, жұртымның тоз- тозы шықты. Көш кетіп барады, елім аштан қырылуда.

Ана: Құдайым- ау, біз болсақ қартайдық, ең болмаса мына балаларға жәрдемдес, осылар тірі болсыншы, ұрпағымыз аман қалсыншы.

1-қария: Адам баласы өмірде көрген жақсылық пен жамандақтың бәрін ұмытпауы керек.Біз осы көрген күнімізді не деп атасақ екен?

2-қария: Бұл ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама болсын. Мұның мәнісі, Атамекен мал- мүлкінен айырылғын аш- жалаңаш, босқан ел шұбыра- шұбыра табаны ағарып, азып- тозды, ел жұртынан айырылды.

1-қария, Дұрыс айтасың, қария, әбден шаршадым, қалжырадым, біраз әлденіп алайық.

(«Елім- ай» әні айтылады. Соңынан бәрі орындарынан тұрып, сахнадан шығады).

1-жүргізуші: Қазақты ел еткен Әз Жәнібек, Тәуке хан, Абылай хандар, жерін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырларымыз. Елге ақыл айтқан, дауларын шешкен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді.

Абылай: Уа, халқымның көсемдері, осынау қиын- қыстау заманда ел басына «жоңғар» деген атпен қара бұлт төніп тұрған жағдайда, халықты біріктірер қариялар өздеріңіздер. Маған сіздердің ақыл- кеңестеріңіз керек.

Төле би: Дұрыс, ел болып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.

Қазыбек би: Әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын.

Әйтеке би: Жөн. Ел ішінен қол жинауымыз керек. Рулар арасындағы кикілжіңді артта қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық.

Абылай: Бүгінгі бас қосуымыздың үлкен себептері болып тұр.Елдің елдігін, ерлігін сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, елді аман алып қалу үшін батырларымыз жорыққа аттанбақшы. Батырлардың жеңіске қол жеткізуіне күш- қуат беріп, ақ тілек батамен шығарып салайық.

Төле би:Халықтың қамын ойлайтын күн туды.

Қазыбек би:Елдің кегін қайтаратын күн туды.

Әйтеке би: Келсін алдымызға батырлар, берейік ақ батамызды.

Абылай хан: Шақырыңдар батырларды!

Батырлар келеді: Қабанбай, Наурызбай.

Абылай хан:Келді алдарыңызға батырлар. Ел намысын қорғау, жерімізді бөліске түсірмеудің бірі жолы сендердің қолдарыңда. Алдарыңда отырған үш бидің ақ батасымен жорыққа аттанасыңдар. Айтыңыздар өсиет сөздеріңізді, беріңіздер баталарыңызды!

Төле би: Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір үйдің атасы болма,

Бір елдің санасы бол.

Өзегің талса, өзен бойын жағала.

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол,

Досыңа адал бол.

Қазыбек би:

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Үкіге найза таққан елміз.

Дәм- тұзды ақтай білген елміз!

Досымызды сақтай білген елміз.

Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз!

Әйтеке би:

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін.

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Бай болып елге пайдаң тимесе,

Батыр болып елге пайдаң тимесе,

Елден бөлек күйің күйсін.


Абылай: Туған жерді өзгелерге бермейміз, туған елді басқаларға билетпейміз. Үш жүз алаш бірігіп, жерімізді қорғаймыз.


1-жүргізуші: Елін- жерін қорғауда күрескен батырлардың ерлігі- кейінгі ұрпаққа үлгі.

2-жүргізуші: Азаттық, теңдік, тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады?

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата- баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

Ән «Қазақтай ел қайда?»

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Ұлы көштің басталуы ...

/Қазақ хандығының 550 жылдығына

сахналық қойылым/

Көктөбе - 2015 жыл


Ұлы көштіңбасталуы...

(көрініс)

Мақсаты: 1.Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы тарихына шолу.

2.Оқушыларды ата-бабаларының тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде.

Отанына, халқына адал қызмет етуге, халқының тегі мен тарихын білуге тәрбиелеу.

3.Рухы мықты азаматтық қасиетті дәріптеуге қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақтадан «Қазақ елі» слайд, көрме, қазақ хандарының портреттері, 3 бидің қанатты сөздері.

Барысы:

  • 1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі
  • «Ұлы көштіңбасталуы...» атты тарихи сахналық қойылымымызды ашық деп жариялаймыз.
  • 2-жүргізуші:
  • Маған бүгін керек емес ертегі,
  • Ертегіні де өз басым шертеді.
  • Тарих керек іргетасы халықтың,
  • Іргетассыз қаланбайды ертеңі.
  • 1-жүргізуші:
  • Арғы атаңыз арыстандай сақтар да,
  • Ет жүрегі саған сырын ақтарған.
  • Сыр шертейін мына балғын ұрпаққа,
  • Сонау шалғай, сол бір шалғай шақтардан.
  • 2-жүргізуші:
  • Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты.Әдетте, біз қазақ ұлысының қалыптасуын, Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз. Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас.
  • 1-жүргізуші:Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушілері Өріс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.
  • Тарихи қойылым: Керей, Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы.
  • . (слайдтан 1459жыл Ұлы көштің басталуы) деген сөз шығады.
  • Керей: О, халайық, халқымыздың басына қиын- қыстау кезеңдер келді.Әбілқайыр хандығы құлау үстінде. Шығыстан төнген жауға әйел, бала- шағамызды құлдыққа бермейміз. Осы мәселені бірлесіп шешкен жөн.
  • Жәнібек: Ел болып, өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезді пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр. Олардың қолына түсып, талан- тараж болыпкетуміз де мүмкін. Қазақ деген атпен жеке дара мемлекет құрайық.
  • «Үшқоңыр » әні қосылады.
  • Халық дүбірлесіп, талқылауда:«Сұлтандардың айтқаны жөн. Иә, жеке мемлекет құрайық, мемлекет қазығын қазатын кезең – осы.»
  • Жәнібек:Ендеше , қазақ руларының игі жақсыларын жинаңдар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын.
  • Оқиға ХҮІІ ғасырдың ІІ-ші жартысында өтеді. Күлтөбенің үстінде жиылған халық. Тақ үстінде- Тәуке хан. Жан- жағында қазақтың билері мен батырлары.
  • Елана («Көш керуен» күйі орындалып тұрады):
  • -Батыр да, хан да, қара да өз заманының перзенті Тәуке хан сол дәуірде қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа Шығыс халықтарының тарихында ірі қайраткер, көрнекті қолбасшы ретіндеде елеулі орын алған.Ал өз елінің өмірінде дипломат- мәмілегер, данышпан, айлакер қолбасшы ,әдеттік құқық системасының реформаторы және ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылады.
  • Тәуке хан (ойлы, тақ үстінде отыр):
  • -Уа, жұртым, алты Алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары!
  • Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан- жай жиылып отырған жоқпыз.
  • Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін, ең алдымен, бет- бетімізбенру- руға бөлініп, бір- бірімізбенқырқыспай,елдің берекесіналмай, ұлттық тұтастығымызды сақтауымыз керек.
  • 2-жүргізуші:
  • ХҮІІІ ғасырда қазақ хандығының тәуелсіздігіне қатер төндірген тек қана Жоңғар хандығы ған болған жоқ. Оңтүстіктен Хиуа, Қоқан, Бұқар хандықтары көз алартса, Батысы мен Солтүстігінде қалмақтар, башқұрттар, казак- орыстар үнемі шапқыншылық жасаумен болуда.
  • Слайдта: «Ақтабан шұбырынды...» бейнесюжет көрсетіледі.
  • Сахна сыртында: Сөйтіп, 1710ж. Жоңғарлар Алатау баурайын жайлаған қаннен аперсіз жатқан қалың елге шабуыл жасап, қазақтардың қанын судай төкті. Еркек кіндік адамды өлтіріп, әйелдерді, қыздарды байлап, матап алып кетті. Малын, мүлкін, елін, жерін тастап, бала- шағасынан, туысынан, айырылып, босқын халық басы ауған жаққа кетуге мәжбүр болды.

(«Елім- ай» әні ойналып, «Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсетіледі.)

Қария: Уа, ел жұртым! Мынау қандай заман болды, жұртымның тоз- тозы шықты. Көш кетіп барады, елім аштан қырылуда.

Ана: Құдайым- ау, бізболсақ қартайдық, ең болмаса мына балаларға жәрдемдес, осылар тірі болсыншы, ұрпағымыз аман қалсыншы.

  • 1-қария: Адам баласы өмірде көрген жақсылық пен жамандақтың бәрін ұмытпауы керек.Біз осы көрген күнімізді не деп атасақ екен?

2-қария: Бұл ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама болсын. Мұның мәнісі, Атамекен мал- мүлкінен айырылғын аш- жалаңаш, босқан ел шұбыра- шұбыра табаны ағарып, азып- тозды, ел жұртынан айырылды.

1-қария, Дұрыс айтасың, қария, әбден шаршадым, қалжырадым, біраз әлденіп алайық.

(«Елім- ай» әні айтылады. Соңынан бәрі орындарынан тұрып, сахнадан шығады).

  • 1-жүргізуші: Қазақты ел еткен Әз Жәнібек, Тәуке хан, Абылай хандар, жерін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырларымыз. Елге ақыл айтқан, дауларын шешкен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді.
  • Абылай: Уа, халқымның көсемдері, осынау қиын- қыстау заманда ел басына «жоңғар» деген атпен қара бұлттөніп тұрған жағдайда, халықты біріктірер қариялар өздеріңіздер. Маған сіздердің ақыл- кеңестеріңіз керек.
  • Төле би: Дұрыс, ел болып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.
  • Қазыбек би: Әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын.
  • Әйтеке би: Жөн. Ел ішінен қол жинауымыз керек. Рулар арасындағы кикілжіңді артта қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық.
  • Абылай: Бүгінгі бас қосуымыздың үлкен себептері болып тұр.Елдің елдігін, ерлігін сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, елді аман алып қалу үшін батырларымыз жорыққа аттанбақшы. Батырлардың жеңіске қол жеткізуіне күш- қуат беріп, ақ тілек батамен шығарып салайық.
  • Төле би:Халықтың қамын ойлайтын күн туды.
  • Қазыбек би:Елдің кегін қайтаратын күн туды.
  • Әйтеке би: Келсін алдымызға батырлар, берейік ақ батамызды.
  • Абылай хан: Шақырыңдар батырларды!
  • Батырлар келеді: Қабанбай, Наурызбай.
  • Абылай хан:Келді алдарыңызға батырлар. Ел намысын қорғау, жерімізді бөліске түсірмеудің бірі жолы сендердің қолдарыңда. Алдарыңда отырған үш бидің ақ батасымен жорыққа аттанасыңдар. Айтыңыздар өсиет сөздеріңізді, беріңіздер баталарыңызды!
  • Төле би: Бір үйдің баласы болма,
  • Көп үйдің санасы бол.
  • Бір үйдің атасы болма,
  • Бір елдің санасы бол.
  • Өзегің талса, өзен бойын жағала.
  • Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.
  • Халқыңа әділ бол,
  • Жауыңа қатал бол,
  • Досыңа адал бол.
  • Қазыбек би:
  • Жеріміздіңшетін жау баспасын деп,
  • Үкіге найза таққан елміз.
  • Дәм- тұзды ақтай білген елміз!
  • Досымыздысақтай білген елміз.
  • Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
  • Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.
  • Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз!
  • Әйтеке би:
  • Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін.
  • Батыр болсаң жауға найзаң тисін.
  • Бай болып елге пайдаң тимесе,
  • Батыр болып елге пайдаң тимесе,
  • Елден бөлек күйің күйсін.
  • Абылай: Туған жерді өзгелерге бермейміз, туған елді басқаларға билетпейміз. Үш жүз алаш бірігіп, жерімізді қорғаймыз.
  • 1-жүргізуші:Елін- жерін қорғауда күрескен батырлардың ерлігі- кейінгі ұрпаққа үлгі.

2-жүргізуші:Азаттық, теңдік, тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады?

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата- баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

Ән «Қазақтай ел қайда?»

Автор
Дата добавления 06.05.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2568
Номер материала 267704
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх