Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығына 550 жыл


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Семей қаласы

3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат.

Тарих пәні мұғалімі, тәрбиеші.

Жунусханова Карлыгаш Кенесхановна

Қазақ хандығына 550 жыл

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылар Қазақ хандығының құрылғанына 550 - жыл толуына орай қазақ хандығының құрылу тарихымен танысады, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, мәдениет төңірегіндегі сауалдарға жауап бере алады, Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін дамытып. Өткен тарихымызға деген қызығушылығын арттырады. Оқушылардың тарихи – танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Тұңғыш Қазақ мемлекетінің құрылуының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Коррекциялық:Көзге арналған жаттығу жасау, сергіту сәті.

Көрнекіліктер: қазақ хандарының суреттері, музыкамен көркемдеу;слайд, кино

Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды ” Н.Ә.Назарбаев

1-жүргізуші

Ел жүгін арқалауға келгенде қара нардай қайыспас ұл өсірген,Ұядағы ұланды ұлттық құндылықтын уызына қандыратын қыз өсірген, ұлы думан бәйгеде тұлпар болып жарыса білетін. жат елмен таныса білетін, жақынымен табыса білетін, қазақ жұртына арнап атамекен тарихи таным бәсекеге қабілеттілік ,ұлттық сана халықтың дүние танымы жайлы бүгінгі қазақ хандығына 550 жылдығына арналған тарихи кеште өшпестейқып таңбалаған ғасырлар иніндегі мақсат мүратын арқа төріндегі айбынды Астанасы арқылы танытқан арманы асқақ беделі биік алты алаш өсер елдің баласы бүгініне баға бермес бүрын өткенін өлшеп алса керекті. Осы мақсатта әу баста ұлттық мүддені жалау еткен қазақ еді.

2-жүргізуші

Армысыздар аты бәйгеден озып келседе шаңырағын шатыққа бөлеп, перзенті дүниеге келседе ұланасыр той жасап, жер бесік пен тал бесік арасында жалғаған арда қазақ бүгін өздеріңізбен қазақ хандығына 550 жылдығына кешімізді бастаймыз.

1-жүргізуші

Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт өзнің тарихын үмытқан ел қайда жүріп тұрғандығын нестеп неқойғандығын білмейд келешекте басына қандай күн туатындығына көзі жетпей бір халық өзінің тарихын білмесе бір ел өзінің тарихын жоғалтса оның артынша өзіде жоғалуына ыңғайлы болып тұрады. Әлихан Бөкейхан

тарихшы

Қазақ хандығы – Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.

2 жүргізуші

XV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық. Алайда, тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмайды. Ұлан-байтақ елімізге жан-жақтан көз жегіп ойран салушылар көбейді. Қанмен-қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды.

Даудан қашып жүріңдер, дүрлікпе тек!
Жаудан қашып, қор болып үрікпе деп
Біріктірді қазақты Төле би
Бақыт,жеңіс, азат күн бірлікте деп. 
Абылайлап Сабалақ қол бастады, 
Абылайхан атанып ел басқарды. 
Ерлігінен хандардың басталады,
Егемендік, елдіктің сел бастауы.
Етсе егес Бөгенбай дана батыр,
Өткен емес кек алмай дара батыр. 
Айдары боп елдіктің ердің ісі,
Айғағы боп ерліктің дала жатыр. 

Көрніс. Жәнібек пен керей
1-жүргізуші

1770 – 1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қонтайшы Қалдан Сереннің жақын туысы Шырышты өлтіреді. Бұдан соңғы жерде Абылай аталды. 1771 жылы Әбілмәмбет хан дүние салды. Үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс – жүзінде Орта жүздің ханы емес, Қазақ ордасының ханы болды. Абылай өмір бойы ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өзенінің жағасында қайтыс болады. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді. 
Көрініс. «Бұқар жыраудың Абылайдың түсін жоруы». 
(Киіз үйдің ішінде малдас құрып Абылай хан отыр, қасында –Бұқар жырау).
Абылай хан Бұқар жырауға қарап: 
Абылай: (қатты толқу үстінде)
- Түнде тіс көрдім. Табытта жатыр екенмін. Басыма ілінген үш жүздің жалауын үш тобыр жұрт жұлып әкеткелі тұр. Табытымның бір бүйірінде арыстан, екінші бүйірінде айдаһар отыр. Аяқ жағымда - бір топ үрім бұтағым. Уәлиден тараған бір үрім бұтағым маған құран оқып жатыр. Қасымымнан өрбіген бір тентегім қолына қанжарын ұстап мен қорғап тұр. Ал мен өліп жатсам да, екі бүйірімде отырған арыстан мен айдаһарға кезек қарап, мыналардан қалай құтылам деп жанталасудамын. Осы түсімді жорып беріңізші, Бұқар аға!
Бұқар: 
- Түс жору түлкі аулаумен тең, кейде ізіне түсесің, кейде шет кетесің, сөйтсе де жорып көрейін.
Абылай: 
- Сөйлеңіз, көмекей әулие.
Бұқар: 
-Қырыққа келмей табытта жатсаң өмірің ұзақ болады екен. Басына жалау тігіліп, үш бірдей топ таласып жатса, үш жүзге бірдей хан болады екенсің. Бірақ хан атына ие болғанмен, халқына ие бола алмайды екенсің. Сен өлген күні үшеуі үш жаққа ыдырап кетеді екен. Табытта жатып, екі бүйіріндегі арыстан мен айдаһардан қалай құтылам деп қорықсаң, өлер-өлгенше еліннің екі бүйірінде тұрған екі мемлекетке жалтақтаумен өтеді екенсің. Ал аяқ жағында тұрған үрім-бұтағыңның ішінен бірі құран оқып, бірі қанжар қайраса, Уәлидің ұрпағынан тараған бір тұқымың атын қағазда, ал Қасымнан шыққан бір ұрпағың атын майданда қалдырады екен. 
Абылай: 
- Сонда мен өзім қайда қаламын?
Бұқар жырау:
- Басыңа үш жалау босқа тігілді ме? Ісінді ел ұнатса, үш жүздің жүрегінде қаласың.

Көрніс.

Кино үзінді

Тәуке хан 1680 - 1718 жылдары билік етті.
Тәуке хандық билікті күшейту үшін билер, ру басылары, тайпа және жүз басыларының көмегіне арқа сүйеді. Ол талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш салды, “Жеті жарғы” атты заң жинағын құрастырды. Әз – Тәуке билік құрған заман “қазақтардың алтын ғасыры, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман” деп аталады.

Касым хан.Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды.1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқашөзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.

Қасым хан алғашқы қазақ заңы - «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Аталған заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы өмірге негізделген заң болды. Сондықтан, ол Қасым ханның атымен байланыстырылып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталады.

Аяқталар кезде «жау жүрек мың бала» үзінді.


hello_html_4474986b.jpg




Қазақ хандығы.png

hello_html_7db27039.png

hello_html_772af55c.png






















Автор
Дата добавления 03.11.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров224
Номер материала ДВ-119790
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх