Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Қазақ хандығына 550 жыл
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Қазақ хандығына 550 жыл

библиотека
материалов

«Елдік пен ерліктің бастауы болған ұлы тарих»

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.

Мақсаты: Тәуелсіздік алғалы бері Қазақ хандығының мерейтойы алғаш рет аталып өтпекші. Бұдан елу жыл бұрын кеңестер жүйесінің қыспағында біз ондай бастамаларды көтере алмадық. Сондықтан, Қазақ хандығының

550 жылдығын абыроймен өткізу аса маңызды. Мұның саяси маңызы өте зор дегенмен, мерейтой қазақ халқының мемлекеттілігін таныту мақсатында емес, жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту үшін өткізіледі.

Қазақ хандығының құрылуы туралы жалпы мәлімет:

1-оқушы: Құдайбергенов Қабиден: Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға болды. Ол ұлан – байтақ өңірді мекен деген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын бір жолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды. 1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді.

2-оқушы:Қаирбекова Аружан: Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды.

Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібірхандығына дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты.

3-оқушы: Акимжанов Думан: Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті– Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағындағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды.

4-оқушы: Абжанова Мадина: Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи-Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады:

«Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Кереймен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Мағолстаның батыс жағындағы Шумен Қозыбас аймақтарын берді. 1465 - 66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды.

5-оқушы: Жанұзақ Ануар: Қазақ хандығының тарихы туралы мәлімет:

Қазақстан тарихында Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын кезеңге XV ғасырдың ортасымен  XIX ғасырдың бірінші ширегі аралығы жатады. XV ғасырдың ортасында Кереймен Жәнібек хандардың басшылығымен Қазақ хандығы құрылады. Ол мемлекет қазақ жерінде сақ дәуірінен бері жалғасып кележатқан мемлекеттіліктің жалғасы және қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті болып саналады. 

6-оқушы:Тұрсынхан Махаббат: XIX ғасырдың бірінші ширегінде Ресей билігі алдыменен Орта жүзде (1822), содан кейін Кішіжүзде (1824) хандық билікті жояды. Үш жарым ғасырдан астам өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірі өз ішінде екі үлкен тарихи кезеңге  бөлінеді. Біріншісі- бір орталықтан басқарылған кезең,   екіншісі-  бытыраң қылық кезең деп аталады. Бірінші кезеңге хандық құрылғаннан 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғанға дейінгі аралық жатса, ал екінші кезең 1715- 1824 жылдар аралығын қамтиды.

7-оқушы: Асқаров Ануар: Бірінші кезең тағы да өз ішінде шартты түрде бірнеше кішігірім кезеңдерге бөлінеді. Олар– хандықтың құрылуы, күшеюі, әлсіреуі, қайта өрлеуі, өзара талас немесе «текетірес», жоңғарлармен алғашқы күрес, «алтын ғасыр» кезеңдері. Осы кезеңде Қазақ хандығында мынадай хандар билік жүргізді: Керейхан, Жәнібек хан, Бұрындық хан, Қасым хан, Мамаш хан, Тахирхан, Бұйдаш, Ахмет, Тоғым хандар бір мезгілде, Хақназар хан, Шығай хан, Тәуекел хан, Есімхан, Тұрсын хан, қайта Есімхан,  Жәнібек хан, Жәңгір хан, Тәуке хан.

8-оқушы: Егінбаева Динара: Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін екінші кезең – бытыраң қылық кезең басталып Қазақ елінде-Ұлы жүзде, Орта жүзде және Кішіжүзде жеке хандар пайда болады.

Кішіжүз хандары: Әбілқайыр хан-1710-1748 жж., Нұрәлі хан-1748-1786 жж., Ералыхан-1791-1794 жж., Есімхан-1794-1797 жж., Айшуақ хан-1797-1806 жж., Жантөре хан-1806-1809 жж., Шерғазы-1812-1824 жж.

9-оқушы: Адаханова Айкүміс: Ресей мойындамаған Кішіжүз хандары: Батырхан-1748-1786 жж.,Қайып хан-1786-1790 жж., Есімхан-1790- жж.,

Қаратай хан-1806-1816 жж., Арынғазы -1816-1821 жж.Бөкей Ордасының хандары: Бөкей хан-1812-1823 жж.,  Жәңгір хан-1823-1845 жж.

10-оқушы:Құдайбергенов Қабиден: Орта жүз хандары: Қайып хан-1715-1718 жж., Болатхан-1718-1823 жж., Сәмеке хан-1719-1737 жж., Әбілмәмбет хан-1738-1771 жж., Абылайхан-1771-1781 жж., Уәли хан-1781-1819 жж., Бөкей хан1812-1817 жж.(Орта жүздің бар бөлігінде.) Ғұбайдулла хан-1820-1824 жж.

11-оқушы: Қайролла Ернар: Ұлы жүз ханы: Жолбарысхан 1720-1740 жж.

Қазақ хандары:

12-оқушы: Акимжанов Думан.

1456-1473ж – Керейхан. Керей– Болатсұлтанның баласы.
1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы
.
1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керейханның баласы

13-оқушы: Егінбаева Динара.

1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы
1518-1523ж – Қасымның баласыМамаш хан болды

1523-1532ж – Қасымның немереінісіТақыр хан болды

14-оқушы: Абжанова Мадина.

1533-1534ж – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды
1534-1535ж – Қожа Мақмұт хан болды

1535-1537ж – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахметхан, Хақназар, Наурыз-Ахметхан

15-оқушы: Жанұзақ Ануар.

1538-1580ж – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы
1580-1582ж – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды
1582-1598ж – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды.

16-оқушы: Адаханова Айкүміс.

1598-1628ж – Есімхан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі
1613-1627ж – Тұрсын хан билігі
1628-1652ж – Жәңгір хан болды. Есімханның баласы

17-оқушы: Тұрсынхан Махаббат.

1680-1715ж – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы
1718-1726ж – Батырдың билігі
1726-1730ж – Болатхан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы

18-оқушы: Қайролла Ернар.

1720-1740ж – Ұлы жүзді Жолбарысхан басқарды
1718-1748ж – Әбілхайыр Кішіжүзге хан болды
1748-1786ж – Нұралы Кішіжүзге хан болды

19-оқушы: Асқаров Ануар..

1791-1794ж – Ералы Кішіжүзге хан болды
1795-1797ж – Есім Кішіжүзге хан болды
1797-1805ж – Айшуақ Кішіжүзге хан болды
1805-1824ж – Шерғазы Кішіжүзге соңғы хан болды

20-оқушы: Қаирбекова Аружан.

1716-1719ж – Орта жүз ханы Қайып хан билігі
1719-1734ж – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі
1734-1771ж – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі
1771-1781ж – Орта жүз ханы Абылай билігі

21-оқушы: Құдайбергенов Қабиден.

1781-1819ж – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі

1815-1817ж – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі
1841-1847ж – Кенесары қазақтың соңғы ханы.
Кенесары– Абылайханның немересі, Қасым төренің баласы.

Қорытынды.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-475545

Похожие материалы