Инфоурок Всеобщая история Презентации"Қазақ хандығына 550 жыл" баяндама

"Қазақ хандығына 550 жыл" баяндама

Скачать материал

Замзина  Қарлығаш Келісқызы

Талдықорған қаласы №17 орта мектеп

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,

 тарих пәнінің мұғалімі

 

 

«Қазақ» атауының мағынасы.

Кеңес өкіметі тұсында, «қазақ» атауының мәні қандай?» - деген сауалға, шындыққа үйлеспейтін: «қас-сақ», «қай-сақ», «қашақ», «ақ-қаз» дегендей болжал-қиялдар айтылып, шатастырған. Мұндай «мәңгүрт-тарих» болжалынан басқаша зерттейтін қазақ тарихшыларын, әдебиетшілерін, зиялыларын Кеңес өкіметі «пантүркист» деп, қуғын-сүргінге ұшыратып, талайын түрмелерге де тоғытқан!... «Мәңгүрт-тарихты» әшкере ететін шынайы тарихымызға бет бұрайын!

Кеңестік саясат тарихқа киліге қоймай тұрған кездегі тарихшылардың «қазақ» сөзін зерттеулеріне келсек, олар бұл сөздің әскери термин екенін нақты айтып, дәлелдеп кеткен. Мысалыға, Сәкен Сейфуллин атамыз «Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат» атты еңбегінде, былайша тарихи талдау жасайды:

«1) Атақты Ноғайханның заманында, Кавказдан черкестерді шақырып келіп, Рылск деген қаланың маңына орнатқан. Сол черкестер өздерін өздері «қазақпыз» деген.

2) 1397-жыл мен 1410-жылдарда Қырым татарларының біразы Литва еліне ауып барған. Литва королінің хат тасушысы қызметінде болған татарлар «қазақ» атанған. Ол кезде орыстың «казак-орыс» дегендері шықпаған кез еді.

3) Күншығыс жақта 1456-жылы Жәнібекті хан көтерген ноғайлар – қазақ атана бастап Қазақ хандығын құрғанда, 1474-жылы Қырым ханы Меңлікерей, 3-Иван атты орыс князіне жазған хатында: «Сенің жеріңді тартып алуға мен ұландарымды, мырзаларымды - қазақтарымды жібермеймін» - деген.

4) 1523-жылы Морозов деген орыс Түрік сұлтанына айтқан сөзінде: «сенің қазақтарың бізге тие береді» деген.

Бұл мағлұматтардан көретін нәрсе мынау: көп елінен оқшауланып шығып, жауынгерлік кәсібінде болғандарды «қазақ» деген!».[1] (Сәкен Сейфуллин)

Шоқан Уәлихановтың «қазақ» сөзі жайлы зерттеп, жазған тұжырымы бойынша: «қазақ сөзінің әргі мәні – жан мен тәннің еркіндігі мен биік рухын білдіретін, европалық серілікке(рыцарство) тән!»

Араб, парсы, өзбек, түрік, ноғай, орыс-казак жазба мұраларынан да «қазақ» сөзінің жауынгерлік ұғым екенін табуға болады. Мысалға, Қырым мен Азау теңізі маңынан бастап Еділге дейінгі аймақты жайлаған Ноғай атты халық болған. Әзірде олар бірнеше жүз мың ғана қалған, Ресейде. Сол ноғайлардың «Ноғай халық жыры» атты кітабының «Қазақ, қазақ дегенде» атты жырына қаралық:

«Қазақлықта минген арық ат,

Байлардың семизине матармыз.

Қазақлықта киген сұр шепкен,

Байлардың шұғасына матармыз.

Қазақ эрлер көп йатса,

Алтын-күміс табар ма,

Қазақ ерлер қақырмай,

Қанлы көбик түкирмей,...»[2]

Бұл жыр ноғай ерлерінің де «қазақшылық» құрғандығын айқын көрсетеді. Осы сияқты башқұрт-қазақтары, татар-қазақтары, қырым-қазақтары, өзбек-қазақтары, тіпті аса сирек те болса қызылбас(иран)-қазақтары болғаны жайлы тарихи деректер бар. Өзбек-парсы жазба мұралары арқылы, әйгілі Ақсақ Темірдің де, Мухаммед Шейбанидің де жас кезінде «қазақшылық құрғанын», олардың «қазақы соғыс өнерін» терең меңгергенін мәлімдейтін деректерді табамыз. Шейбани тарихында былай дейді: «Көп заман «қазақ болып жүрген кісінің бірі – Шейбани. Оны «дер заман қазақ» деп атаған.[3]: «Бұл қазақлықта оған көп қатынасудан айырылмаған турур». Рузбеханның айтуынша, Шейбани көп заман қазақ болып жүріп, қазақ ұлысын басқаратын ең ұлы хан, Дешті-қыпшақтың ұлы адамының бірі Бұрындыққа қарсы шықты.[4] Шарафуддин Ияаздидің «Зафарнама» кітабында, 1376 жылы Ақсақ Темір әскерінде «Қазақ мыңы» болғаны баяндалған. Тоқтамыстың да әскерінде қазақтар болған. Олар Орда шетінде қосындар құрып, шатырларда тұрса керек. Бұған келесі деректер дәлел. Шоқан Уәлиханов былай жазады: «1391жылы Тоқтамысқа қарсы жорыққа шыққан Әмір Темір, Дешті қыпшақты күзетіп отырған қазақ ұлысын қатты қиратып, олардың хандары Амет пен Саметті өлтіріп, бақсыларын тегіс құртып, орнына машайыхтар жібереді. Одан бұрын қазақтардың табынатын иесі атасының әруағы, көк аспан, күн, ай, от, жер-су болатын.» (Валиханов, І-т., 212б). Шарафуддин былай жазады: «Сайып қыран(Әмір Темір) алдынан Орданың(Тоқтамыстың) тақты қорғап тұратын Чатур қазақ өлейіті (шатырлы қазақ өлкесі) шықты. Олар Сайып қыранның тегеурініне шыдап тұра алмады. Чатур қазақ елін түгесімен қиратып, мал-мүлкін талап алды.»[5]

Ресейдегі орыс-казак әскери қауымының белгілі тарихшылары (И.Ф.Быкадоров(1882-1957) пен Д.И.Яворницкий(1855-1940), және т.б.) жазған «История казачество» еңбектеріне қарасақ, онда казак пен қазақтың шығу тегі бір екені ашық айтылған. Жалпы, орыс-казак тарихшыларының барлығы да «Алтын Орда» ыдыраған соң, Орда құрамынан өздерінің аталары шыққанын айтады. Ал «казак» сөзінің мағынасы не? – деген сауалға нақты жауап таба алмай, кейбірі Абай атамыз жазғанына сүйеніп «ақ қаз» дейді, кейбірі тағы басқадай бір түрік атауы дейді. Және «казачество»(«қазақшылық құру») дегеннің өз еркімен әскери-жортуылға шығу, яки өз еркімен әскери қосындар құрып ел қорғау екенін айтады. (Орыс-казактарды да Мәскеу патшалары бірнеше рет шапқынға салып, талай тарихи кітаптарын өртеп, сосын өзгертілген тарих жазып, сонымен оқытып отырған. Сол себепті де, олардың «қазақ» атауының шығу мағынасын ұмытуы таң қалдырмаса керек).

Бұл деректерге қарап, қорыта келе: «Кеңес өкіметіне дейінгі заманда, «қазақ» сөзінің жауынгерлік ұғым екенін барша зерттеуші ғалымдар мойындаған» дей аламыз.

Кеңес өкіметінде жасалған «мәңгүрт-тарих» былай болжайды: - «Қазақ» сөзінің мағынасы «қас-сақ», «ақ-қаз», «қашақ», «қаз-ғақ» дегендей болжалдарға тіреледі! «Қазақ» сөзі жауынгерлік ұғым болуы да мүмкін, бірақ бұл дәлелсіз»... Басқаша айтқанда, «мәңгүрт-тарихшылар» жоғарыда біз атап өткен қаншама мол деректерді, яғни «қазақ», «қазақшылық құру» жайлы жауынгерлік тұрғысында сипатталған жазбаша-ауызша мұраларды «дәлелсіз» санап, ысырып қоя салады. Сосын, өздерінің қияли-жалған болжалдарын ұсынып, «киргиз-кайсак» деген сөзге үйлестіріп, «қас-сақ» деп, сонау «сақ заманындағы» қазақтарды дәлелдемек болып, өтіріктің тұманына кіргізіп жоқ қылады!... Мұндай алдауды доғарып, «қазақы жауынгерлік» жайын зерттеуге көшетін уақыт жетті!

«Қазақ» атауы жауынгерлік ұғым! - Ол қандай жауынгерлік ұғым? Не мағына береді?» – деп сауал қойып, соған жауап берейік!

 Меніңше, «қазақ» сөзінің түбірі «қаза» сөзі.

«Қаза болды», «соғыста ерлікпен қаза тапты» деп майданда өлген ерлерді, яғни батырларды қастерлейміз ғой! Байқасаңыздар, майданнан тыс өлім жайлы түрліше басқа атаулар қолданылады. Мысалыға, өз үйінде, өз ажалымен көз жұмған кісіні «қаза тапты» деп айтпайды, «қайтыс болды», «бақилық болды», «дәм-тұзы таусылды» дегендей сөздермен сипаттайды. Яғни, «қаза болу» - бұл, дәрежесі өзге өлімнен биік тұратын, батырлықтың дәлелі болатын сөз. Қаза болған ерді жоқтап, ел-жұрты түгел «аза» тұтқан.

«Қаза» сөзіне «ақ» дегенді жалғасақ «қазақ» сөзі шығады. Мәселен, «ел-жұртым үшін ҚАЗА-АҚ болам!» деген батырлық сөздер ерлердің ұраны бола алады ғой! «Қаза-ақ» сөзі осындай ұран болса керек.

«Нағыз ер - елдің шетінде, жаудың өтінде жүреді!» дейтін нақылымыз бар. Яғни, қазақы ерлер ел шетіне шығып, өзге елдерге жортуыл жасап, немесе өзге елмен шекаралық иен далада әскери қосындар құрып ел қорғап жүрген. Оларды бүгінгі тілмен «шекарашылар әскері» деуге де болар. Осылай, ел қорғап жүріп өлген «шекарашыны» – «қаза болды» деп елі қастерлейді. Себебі, ел шетіне шығып қос тіккен ерлер – бұл қаза-ақ болуға бас тіккен батырлар саналған. Мұндай әскери қауымдарды «қазақтар», «қазақшылық құрушылар» деп аталуы табиғи заңдылық.

Әмір Темір мен Мұхаммед Шейбанидың өмірбаянына қарасақ, екеуі де жас кезінде қазақшылық құрыпты. Яғни, жігіт-желең кезінде қазақшылық құрып, қартайғанда және ауырғанда ел жұртқа барып бейбіт тірлік кешкен ерлер, ол заманда аз болмаса керек. Сондай-ақ, бүкіл өмірін қазақшылыққа арнап, үй-жайлы күйінде, әйел-баласымен де қазақшылық құрып жүретін атышулы батырлар болғаны да анық. Қазақ аталатын тайпалардың пайда болуын тек осындай батырлар әулетінің болуымен ғана түсіндіре алармыз. Әлбетте, «қазақ» аталатын тайпалар ешкімге тәуелсіз, ерікті, еркін тірлік кешкен. Сахараның о шеті мен бұ шетіне дейін кезіп, шерулетіп жүре берген.

«Қазақшылық құру» - бұл көнеден келе жатқан Тұрандық халықтардың ортақ дәстүрі болуы керек. 1245-жылы Мәмлүктер билеген Мысыр мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде, «қазақ» сөзіне «еркін, кезбе адам» деген мән берілген екен. Жаугершілік заманда «еркін, кезбе адам» болып жүру, жоғарыда біз сипаттап өткендей жауынгердің ғана қолынан келетін. Ал қарусыз, әлжуаз кісі далада көлденең біреуге кезігіп «жем» боп қалады емес пе?!

15-ғасырдағы түркі елдердің «билеушілері» қазақы тайпалардың көбейіп кетуін қаламайтын болған. Өйткені, қазақтар салық төлемейтін. Яғни, оларға қазақтардан гөрі салық төлейтін қарашалар санын көбейту тиімді еді. Олар өз қазақтарын азайту үшін, олардың кейбірін жиі қуғындаса керек. Бірақ, қазақшылық құруға шыққан төре тұқымына қуғын болмас. Мұны, Әлішер Науаи былай жазады: «егер Шах қазақ болып кетсе, оған кім әскерін шығарып, кім қылышын көтерер еді?».(Абушқа, 222 бет).

Қорыта айтқанда, «қазақ» атауы – әскери, «мен қаза-ақ боламын» деген ұраннан шыққан ерлер сөзі!

3-бөлім: «Қазақ» ұлтының пайда болу тарихы

«Қазақ» атауының 15-ші ғасырға дейін ұлт атауы емес, «шекарашы ерлер» сипатындағы жауынгерлік атау болғанын, жоғарыда айтып өттік. Енді, қалай ұлт атауына айналған тарихын тізбектеп өтейік.  Ескерту! «Ұлт», яки белгілі бір «мемлекет-азаматы» атауы, уақыт өте басқаша өзгеруі мүмкіндігін ескеруіміз керек.

Жоғарыда, бүгінгі қазақ аталатын ұлт құрамын зерттеп, олардың көпшілігі Шыңғысханға ағайын болғанын көрсеткенбіз. Әлбетте, ол кезде, ата-бабаларымыз «моңғол» атанды. Осы атаумен көпшілік тарихшылар жазбасында қалды. Ал оған дейін: татар, найман, керей, қырғыз, қыпшақ, оғыз, қаңлы, қимақ, түркеш дегендей сан-алуан атауларды иеленгенімен, бәрі де тілі мен тегі бір түріктер, яки тұрандықтар екенін білген. Шыңғысханның Қытайға жазған хатында, ол өзін Ғұн әулетінің билеушісі - «Шанью билеушілері» әулетінің ісін жалғастырушы ретінде таныстырғаны бар. Яғни, тұрандықтардың ғұн, үйсін, ұлы иозы, сақ сияқты атышулы елдері, әлбетте біздің арғы тегіміз саналады. Бірақ, оларды «қазақ (ұлты) болған» деу – адасушылық! 15-ші ғасырға дейін «қазақшылықты кәсіп еткен» шекарашы-ерлер ғана болғанын тарихи деректерден көре аламыз.

Шыңғысханның төрт ұлына бөлінген Ұлыстарға бөлшектенген ата-бабаларымыз, уақыт өте басқа атаулар алып, тіпті бөлек ұлттарға айнала бастаған. Қазіргі, сан-түрлі түрік нәсілді ұлттар – соның нәтижесі. Бүгінгі қазақ ұлтының ата-бабалары, негізінен, Жошы ұлысы мен Шағатай ұлысында жүріп, түрліше аталған кездері де болған. Аты-шулы Ноғай-ханның заманында, оның қамқорлығында болған жұртты «ноғайлар» атаған. Оның ішінде, бүгінгі қазақтың арғы аталары да бар болғанын ауыз әдебиетімізден тануға болады. «Ноғайлы-қазақ елінде, Жиделі-Байсын жерінде...» деп келетін жыр-шумақтарына қараңыз. Мұндай деректерге сүйеніп, Ноғай-ханның қазақшылыққа қандай да бір қатысы болса керек, деуге болады. Бәлкім, ол өзі қазақшылық құрып қоймай, қарамағына қазақы ерлерді көп ұстау арқылы да Ордада үлкен беделді, әскери-күшке ие болған шығар!? - Әйтеуір, Ноғай мен Қазақ атауларының қатар жүруінің бір сыры бар!

«Алтын орданы» мұсылман ел еткен атақты Өзбек-хан тұсынан бастап, көпшілік мұсылман болып, өздеріне «Өзбек адамы», «өзбектер» деген атау алған. Әлбетте, оның ішінде бүгінгі қазақтың бабалары да бар. Тіпті, Керей мен Жәнібек сұлтанның қарамағындағы жұрттың өздерін «өзбек-қазақ» аталған ғой. Осы оқиғаны тереңірек шолып өтейік.

Ақ Орда 1428-жылы Барақ хан өлген соң екіге бөлінді: маңғыттардан құрылған Ноғай Ордасы және Әбілхайыр Ордасы, (Көшпелі-Өзбек хандығы). Әбілқайыр-хандығы «Ақ Орда» атауын иеленді. Ноғайлар Қырымнан бастап Еділ, Жайыққа дейінгі жерлерді мекендейді. Ал, «Көшпелі-Өзбек хандығы» шығысында Моғолыстанмен, шығыс-терістікте Башқұрт, Қазан татарларымен, ал түстігінде Темір әулетінің иеліктерімен шектесіп жатты.

1450-60 жылдары Жоңғарлар от-қаруды игеріп, Көшпелі-Өзбек ұлысына жиі шапқыншылық жасай бастайды. 1457 жылы жоңғарлар Шу маңына қос тігіп, жеңіл-атты әскермен Сыр бойы қалаларына шапқыншылық жасаған. Қарсы келген Әбілқайыр-ханды ашық соғыста ойсырата жеңген. Әбілқайыр-хан Сығанақ қаласына тығылып, сауға сұрап, кепілге баласын беріп, масқара келісім-шарт жасасып әзер аман қалады.

 Шамада, 1458 жылы, Ақ Ордадан (Көшпелі-Өзбек Ұлысынан) Орысханның ұрпақтары Керей Барақұлы мен Жәнібек Болатұлы сұлтандар бастаған ерікті жауынгерлер бөлініп, меніңше«қазақшылық құрып» шығады. Бағыты, жоңғарлардың басып алған Жетісу аймағы. Олар жеткенше, жоңғарлар да Тәңір тауынан асып, тайып отырады. Әрине, бұл бөлінуге басқа да себептер қосымша болуы мүмкін. Мәселен, қыпшақ Қобыланды мен Ақжол-би арасындағы жанжалдан, соңғысының өлім құшып, осы себепті арғындар Әбілқайырдан Қобыландыны ұстап беруін талап етіп, ол көнбегесін, одан бөлектене бастаған. Әбілқайырдың жоңғардан жеңілуі мен Керей-Жәнібек сұлтанның «қазақшылық құрып» шығуы, арғын руларының қолдауына осылай да ие болуы мүмкін.

Өзбек Ордасынан шыққан соң-ақ, Керей мен Жәнібек туының астына 20 мыңға жуық қазақы жауынгер жиналған екен. Ол кезде 20 мың қазақы әскер дегенің кез-келген елді абыржытатындай елеулі күш еді. Сондықтан олармен одақтасқысы келіп, Шағатай ұрпағының Есенбұқа деген ханы (яғни Моғолыстан ханы) Шу өзені маңайын «тарту етеді». Шындығына келсек, бір жыл бұрын ғана, Шу маңын жоңғарлар басып алып, қосын тіккен мекен бос жатқан! «Өзбек-қазақ» қолы келе жатқасын, жоңғарлар мол олжасын алып тайып тұрғандықтан, ол жерлер бос жатқан еді.

«Өзбек-қазақ» қолының моғолыстанға шабуылдау қаупі де бар еді. Осы себепті, Есенбұқа-хан «өзбек-қазақ» қолымен татуласу үшін жер берген. Бұл кезде, Мәуеренархдағы Әмір-Темір әулеті Моғолыстанға қарсы соғыста,  шағатай нәсілінен Жүніс-ханды Ираннан алдырып, жаңа соғысты бастаған. Есенбұқа-хан Керей-Жәнібекпен татуласу келісімінде, оларды Жүніс-ханға қарсы одақтасы, әрі Шу бойындағы тосқауылы ретінде пайдалануды көздейді. Одақтас ету үшін, Есенбұқа-хан, жерге қоса, өз қарамағындағы Үйсін-Дулат тайпаларын да «тарту етеді»...

Шындығында, Есенбұқа-хан оларды басқара да алмай келген. Дулаттар, сонау Шағатай заманынан бері (Өртөбе, сосын Полатшы атты дулат аталары) «тархан» атанып, «Маңлай сүбе» аймағын иеленіп, яғни Қашқариядан бастап, Жетісу, Шаш, Ферғанаға дейінгі аймақтарда әмірлік, яки бектік билігін жүргізіп тұрған. Моғолыстанның талай хандары Дулат бектерінің қолдауымен ғана таққа отырған. Есенбұқа болса, Дулат(Үйсін) руларын «қазақтарға беру» арқылы қауіпті бәсекелесінен құтылғысы да келген болар.

 Шу маңындағы Қозыбасы тауына( бүгінгі Құлжабасы, Хан тауы) келіп ту тіккен Керей мен Жәнібек қолы өздерін «өзбек-қазақтары» деп атағаны тарихта жазылған. Ескере жүріңіз: «өзбек-қазақ» дегенің, бүгінгі «орыс-казак» деген атауға ұқсас. Бұл атау, бұлардың өзбек елін қорғайтын қазақы-шекарашы әскер екенін көрсетеді.

Шуға келген Керей-Жәнібек қолы, басында кілең ерлерден құралған, таза әскери қосын еді. Сосын оларға «Дулат тайпасы» (ішінде бүкіл Ұлы жүз рулары бар) қосылған кезінде, олар мал-жанымен, қатын-балаларымен бірге келеді. «Дулаттарға» еліктеп, Керей-Жәнібек қолының ерлері де, Әбілқайыр-Өзбек Ұлысында қалған мал-жандарын біртіндеп көшіріп ала бастайды. Осылайша қазақтар саны күрт өсе бастап, бірер жылда, шамада 100 мыңнан асатын бұқаралы елге айналады.

Қазақ хандығының құрылуын осылай тамамдауға болар еді. Бірақ, аздап қиял-болжамға ерік берсек, онда төмендегіше жалғастыруға да болар!

- Қалың елге айналған, мал-жаны көп «өзбек-қазақ» қолы үшін жайылым керек, яғни әскери жорықтар жасалу керек еді. Бұл кезде Өзбек хандығына түскейден жоңғар шапқан болса, сондай-ақ шығыс пен теріскейдегі шапқыншылық жасаушылар да болған. Мәселен естектер (башқұрт), Қазан татарлары, қалмақтар, «кәпір-қазақтар»(казактар) және басқалар. Керей мен Жәнібек сұлтандар, шығысқа, солтүстікке, батысқа шерулетіп, Әбілхайыр хандығының барша шекарасын қорғайтын қазақы әскер құруға кіріседі. Бұл үшін, «өзбек-қазақ» жұртын үш жүзге бөлуге тура келеді. «Ұлы жүз» - Шу мен Жетісу аймағын; «Орта жүз» - Алтай, Тарбағатай, Сарыарқа аймағын; «Кіші жүз» - Еділ-Жайық, Маңғыстау аймақтарын мекендеп, «Әбілқайыр хандығын» түгел қоршап алса керек.

 Ауыз әдебиетімізде Асан қайғы жыраудың Жәнібек-ханға айтқан сөздері бар (Мұндағы Жәнібек – Алтын Орда ханы емес, қазақ ханы болуы да мүмкін!), мынадай:

Қырында киік жайлаған,

Суында балық ойнаған,

Оймауыттай тоғай елінің,

Ойына келген асын жейтұғын,

Жемнен де елді көшірдің,

Ойыл деген ойыңды,

Отын тапсаң тойынды,

Ойыл көздің жасы еді,

Ойылда кеңес қылмадың.

Ойылдан елді көшірдің,

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген,

Екі семіз қолға алып,

Ерлер жортып күн көрген.

Еділ деген қиянға,

Еңкейіп келдің тар жерге.

Мұнда кеңес қылмасаң,

Кеңестің түбі нараду...

Ақылды белден алдырдың,

Көңілді жаман қалдырдың...

Нәлет біздің жүріске!

Еділ менен Жайықтың,

Бірін жазға жайласаң,

Бірін қысқа қыстасаң,

Ал, қолыңды маларсың,

Алтын менен күміске!

Осы жыр қазақтың Жәнібек-ханына айтылған болса, онда ол өзбек-қазақ қолын бастап, Әбілқайыр-хандығын айнала көшкені суреттелген болып шығады. Ал Керей хан, жоңғардың жолын бөгеу үшін Шу бойындағы ордасында қалған болса керек. Бұл – қиял-болжамым еді. Енді шынайы тарихи оқиғаларды сабақтайын.

Алғашқы жылдарда Әбілхайыр-хан, Керей мен Жәнібек қолының «өзбек-қазақтары» деп аталғанына мәз болып, олардың жеңісін өз жеңісіне балап жүреді. Бірақ, олардың жорықтарынан ешбір тарту-таралғы алмаған соң, оның үстіне қарамағындағы талай бұқарасы мал-жанымен «өзбек-қазақтарға» көшіп кете берген соң, әлбетте наразылығы басталады. Ал Керей мен Жәнібек болса, не әскери, не қаржылық жағынан Әбілхайыр ханнан жорық қаржысын алмағанын айтып, жорықтан түскен олжаны бермейтіндігін мәлімдейді. Бұл қайшылық, 10-жыл өткенде өзбек-қазақ соғысына алып келеді.

1468 жылы Әбілхайыр-хан «өзбек-қазақтарға» қарсы үлкен жорыққа шықпақ болып, әскер даярлап жүргенде ауырып қайтыс болады. Ол өлген соң, Керей мен Жәнібек хан үлкен соғыссыз-ақ Әбілхайыр-ханның ұрпақтарын, яғни болашақтағы Өзбек хандығын құрушыларды Сырдариядан асырып, Мәуеренахрға тықсырып шығарады. Осы арада, қазақтар өзбектен бөлініп «қазақпыз» деп аталады. Дегенмен, қазақтар өзбектермен жауласуды қаламайды.

Келесі жыр, бәлкім осындай кезеңде туған болар! Асан-қайғы атамыз Орда ханы Жәнібекке емес, қазақ ханы Жәнібекке арнап осы жырын айтқан болар.  Әйтеуір, Асан-қайғы би Түркістанға қарай қаптап келе жатқан көш алдынан шығып, ондағы Жәнібек ханға, игі-жақсыларға, билер мен батырларға бұрылып тағы мынадай ақыл-өсиет айтыпты:

Еділ бол да, Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа.

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп тұрыспа.

Ердің құны болса да,

Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те қоя бер,

Бұрынғыны қуыспа.

Өзіңе біреу тимесе,

Кейін қарай жылыста.

Өлетұған тай үшін,

Көшетұғын сай үшін,

Желке терің құрысып,

Әркімменен ұрыспа.

Ашу-дұшпан, артынан,

Түсіп кетсең қайтесің,

Түбі терең қуысқа!

Жәнібек-хан өлген соң, таққа Керейханның ұлы Бұрындық-хан сайланады. Ол Сырдария бойындағы қалаларды қазақ хандығына қаратуды бастайды. Бірақ артынан Шейбанилармен бітімге келіп, құдаласады, бірнеше қыздарын Шейбанилықтарға ұзатады. Құдаларының сән-салтанатты тіршілігін көрген соң, өзінің қазақшылықтағы жұпыны тіршілігіне налып, қазақшылықты мүлде жойғысы келсе керек. Бұрындық хан қазақтарға салық салмақ болады. Мұнысын билер мен батырлар жаратпай тастайды. Сондықтан, қазақ елі ханы мен бұқарасы текетірескен, іштей ыдыраңқы күйге түседі.

Әбілхайыр-ханның немересі Мұхаммед Шейбани Мәуеренахрдағы Әмір Темір ұрпақтарының өзара қырқысуын сәтті пайдаланып, 1500 жылдан бастап, Мәуеренахрға сәтті жорықтар жасайды. Біртіндеп, бүкіл Мәуеренахр аймағын басып алып, Темір әулетін қуып шығады. Осылайша Өзбек хандығының негізін қалайды. Күшейген соң, 1500-1510 жылдар арасында қалың қол жиып қазақтарға да қарсы төрт рет жорыққа шығады. Бұрындық хан еш қарсылық көрсетпей, қазақ тайпаларын талауға тастап, сырттай бақылаушы болып жүре береді. Біріктіретін басшысы, ханы жоқ қазақ тайпаларын Мұхаммед Шейбани бірінен соң бірін үлкен қиындықсыз жеңіп, аяусыз қырғынға салады.

Мұхаммед Шейбанидың 1510 жылғы төртінші жорығы Бұрындықпен ашу-араздықта жүрген Жәнібекұлы Қасым сұлтанның Ұлытаудағы мекеніне бағытталады. Қасым-ханның қазақтары әскери айла-шарғы жасап, өзбек әскерін үлкен сайға кіргізіп, қырып салады. Мұхаммед Шейбанидың өзі жан сауғалап әзер аман шығады. Осыдан кейін, Бұрындық-ханды ешкім хан деп елемей, ол Самарқанға көшіп кетуге мәжбүр болады. Қазақ жұрты бірігіп Қасымды хандық таққа отырғызады. Қасым-ханның басшылығымен Ұлытауда аңыздағы Алаша-ханға кесене салынып, әрқайсысы бөлек-бөлек ру-тайпа болып жүрген қазақтар бірігіп, өзінше бір ел болуға ант беріседі, үш жүзге бөлініп, туыстық жүйе құрайды. Сондай-ақ, Қасым-хан елдегі тәртіпті қалыптастыратын жарғылар шығарады. «Қасым-ханның қасқа жолы» дегеннің төркіні осында жатыр. Қасым-хан тұсында елдің территориясы кеңейіп, қазақ саны миллионнан асады. Дәлірегінде ол, Алтын Орданың иелігін қолына қаратты деуге болады.

Қасымнан кейін қазақ хандығына оның ұрпақтары отырғанымен, олардың арасында талас туады. Онсыз да еркін жүруге бейім қазақтар бөлшектеніп, бет-бетіне тарай бастайды. Мұндайды сыртқы жаулар да пайдаланып қазақтың жеріне күнгей-батыста Өзбек, күнгей-шығыста Жоңғар хандықтары шапқыншылық жасап, ал батыс-теріскей қазақтары ханға бағынбай ноғайлыға қосылып, өздерінше кете бастайды. Қазақтардың жері Жетісу мен Арқада ғана қалады. Тек Хақназарханның тұсында ғана сыртқы жауларға қарсы бірігу керектігін айқын түсінген қазақтардың басы қайта қосылып, жан-жақтағы барша шапқыншыларды кері қуып, Қасымхан тұсындағы қазақ жерлерінің көбін қайтарып алады.

Қазақтардың еркін жүруге бейім болуы, әрі осы себепті біріге алмауы жайлы деректерді жиі кезіктіреміз. Бұл жайдың бәрі, біз айтып отырғандай, қазақтардың әу-бастан еркін өмірге бейім, шекарашы-әскер ретіндегі тіршілігінің нәтижесінен болса керек.

Қорыта айтқанда, ерте заманнан бері Тұран жұртында ерлер ел шетіне шығып қос тігіп, елін сырттай қорғаштап жүретін шекаралық-жауынгерлікте жүретін болған. Олар үйде жатып күн көруді "қатындық" санаған. Ал, жауынгерлікпен далада күн кешуді "қазақшылық құру" деген.

"Қазақшылық" деген сөздің түбірі "қаза болу" дегеннен шығады. "Қаза болу" - бұл ердің өлімі, соғыста, майданда өлу дегенді білдіреді. Ауырып үйде өлген қарт пен әйелдерді ешқашан "қаза тапты" демейді. Өз өлімімен өлгендерді - "қайтыс болды", "бақилық болды" дейді. Бертіндегі, Қабанбай батыр, Бөгенбай батырлар заманында, әр қазақ руының өз батырлары болған. Олар да ел шетінде қос тігіп, ауылдарын сырттай қорып жүрген, әрі үйде жатып өлуді ар санаған. Олар, «ердің өлімін нәсіп ет» деп тілеген. Ердің өлімі – майданда қаза болу!

 

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Рашид ад-Дин «Джами ат-тауарих» ( Летопись истории) Москва-Ленинград. «АН СССР», 1939, 1941, 1942-52 .

2.     Джузжани, Абу Омар «Селджуки», «Насировы разряды». М.-Л. 1939, 1941.

3.     Джувейни, Ала ад-Дин Ата-Мелик «Чингисхан» М.-Л. 1939, 1941 г.

4.     Мирза Мухаммад Хайдар «Та'рих-и Рашиди» "Средне-Азиатский вестник", июль. 1896. стр. 54-56. (пер. В. В. Бартольда)// В. В. Бартольд. Сочинения, Том VIII. Работы по источниковедению. М. «Наука», 1973. // текст - О. Ф. Акимушкин, Москва, «Наука», 1973 .

5.     Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. (Хақ жолындағылар тарихы). – Алматы, 2003. -616 б.

6.     Әлкей Марғұлан «Тамғалы тас жазуы» 204-284 бетте.// Қазақ тарихынан. Құрастырған Елден Аққошқаров, Алматы: «Жалын» баспасы, 1197ж.

7.     Сәкен Сейфуллин. «Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат» 285-288 бетте. // Қазақ тарихынан. Құрастырған Елден Аққошқаров, Алматы: «Жалын» баспасы, 1197ж.

8.     «Ногай халк йырлары» Москва: «Наука», 1969г.

9.     Артықбаев Ж.О. «Алаш хәм Алаша хан» // «Алаш» тарихи-этнографиялық ғылыми журнал. №2(5),2006ж, 34-45 бетте.

10. Көптілеуов Аққали «Казахи и казаки: кто от кого происходит ?!» //«Экономика»  газеті, 2009 ж. №50(118) 17-23 желтоқсан, 6-шы бетте.

11. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы – Алматы: Ана тілі, 1991.-288 бет

12. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009

13. Қазақ ССР тарихы. І –том.

14. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. 5-том. 193 бетте.

15. Шарафуддин Али Яздий. Зафарнома / Нашрга тайёрловчи, сўзбоши, изоҳ ва кўрсаткичлар муаллифи А.Ўринбоев – Тошкент, 1972. – 1270 б.; Шарафуддин Али Яздий. Зафарнома. Мовароуннаҳр воқеалари. 1360-1370 / Форс тилидан таржима ва изоҳлар муаллифи О.Бўриев Маъсул муҳаррир. Сўзбоши муаллифи ва нашрга тайёрловчи А.Ўринбоев – Тошкент, 1994. – 290 б.; Шарафуддин Али Яздий. Зафарнома / Сўзбоши, табдил, изоҳлар ва кўрсаткичлар муаллифлари. А Аҳмад, Ҳ.Бобобеков – Тошкент, 1997. – 254 б.

[1] Қазақ тарихынан.  Құрастырған Елден Аққошқаров және т.б., Алматы, «Жалын» баспасы, 1197ж. // Сәкен Сейфуллин «Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат» 284-321-ші бетте.

[2] «Ногай халк йырлары» Москва, изд.Наука, 1969г. (89-шы бетінде.)

[3] Шейбани. «Тауарих-и тузида – Нурсат наме». Ташкент.

[4] Рузбехан. «Мехман намен Бұхара»

[5] Шарафуддин  Йаазди «Зафарнаме», стр.531

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қазақ хандығына 550 жыл" баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.10.2015 2580
    • DOCX 71.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Замзина Карлыгаш Келисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Замзина Карлыгаш Келисовна
    Замзина Карлыгаш Келисовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31738
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 23 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 37 регионов

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе