Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні:Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Сыныбы: 11

Тақырыбы: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Тарих сахнасына тұңғыш көтерілген Қазақ хандығының іргелі ел болу саясаты, басқа хандықтармен дипломатиялық-саяси байланыстары, елдің ішкі жағдайын тұрақтандырудағы жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру.

2.Дамытушылығы: Сабақ кезеңдерінің өзара байланыстылығын қамтамасыз ету. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюын қазіргі таңдағы тәуелсіздік идеяларымен ұштастыру.

3.Тәрбиелігі: Тұңғыш қазақ мемлекетінің шаңырағын көтеріп, оны нығайту жолында орасан зор еңбек сіңірген қазақ хандығының өнегелі тарихи қызметіне баға бере отырып оқушыларды ұлттық тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Қазақ хандығының және Қазақстан Республикасының карталары, Жәнібек-Керей портреттері, түрлі кестелер,карточкалар.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ (пікірсайыс,баяндама)

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу. б) Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

а) Қазақ хандығы қандай саяси жағдайлар нәтижесінде дүниеге келді?

ә) Тұңғыш Қазақ хандығын құрған қай сұлтандар еді?

б) ХҮ ғ. Орта Азия жерлерінде қандай саяси жағдайлар қалыптасты?

в) Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс аударды?

г) Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде мұғалім пікір алысу тәсілін қолданып, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуде жағдай жасайды.Жәнібек пен Керей ханның жүргізген саясатына баға беру үшін «Жәнібек» сөзжұмбағын қолданамыз.

Сұрақтары: 1. Қазақ хандығына енген рулардың бірі. (Жалайыр). 2. Шайбани әулетінен шыққан хан (Әбілқайыр). 3. ХІІІ-ХҮ ғ. ауызша поэзия өкілі (Асан қайғы). 4. Қазақстандағы жер атауы (Жетісу). 5. Қазақ хандарымен 30жыл соғсықан Орта Азиялық билеуші (Шайбани). 6. Жәнібекпен бірге Қазақ хандығының шаңырағын көтерген сұлтан (Керей). 7. Қазақтың қаласы (Түркістан

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары: Қазақ хандығының нығаюы. Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті – қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады.

Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды: 1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді. 2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын. 3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.

Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.

Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды. Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.

Тәуке ханның сыртқы саясаты. Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген. Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтарды4 бітімге келе қоюы мүмкін емес еді. XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді . Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың феодал шоншарларының арасындағы алаусыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. 1716 жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды. Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға тырысты. Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді. Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады. ІҮ. Бекіту сұрақтары.

1.Алғашқы қазақ хандары қандай мақсат көздеді? Жауабынызды дәлелденіз. 2.Қазақ хандығының 1465-1466 жылдары құрылғандығы туралы дәлелденіз. 3.Австралиялық дипломат Зигмунд Гербрештейннің Қазақ хандығы туралы жазылған еңбегін атаңыз. 4.Қасым хан Қадырғали Жалайырының дерегі бойынша қай жерде қайтыс болған? 5.Қасым ханның алдына қойған басты мақсаты. 6.XVI ғ. басында қазақ хандығы мен орыс мемлекетінің қарым-қатынасы қандай болды? 7.XVI ғ. қазақ хандығының халықаралық жағдайы қандай болды? 8.Алғашқы қазақ хандары ұрпақтарының күресі қалай аяқталды? 9.XVI-XVII ғғ. қазақ хандары қандай саясат жүргізді? 10.Қазақтардың күнтізбесі қандай еді? Дәлелді жауабын айтыныз. 11.XVI-XVII ғғ. қазақтар қөзқарасында қандай діни наным-сенімдер үстем болды? 12.Қазақтардың «жылу», «жүртшылық» сияқты салттарына өз қөзқарасыңызды білдіріңіз.

Тест алу. Оқушылардың Қазақ хандығының құрылуы тақырыбын қалай меңгергенін тексеру.

Ү. Қорытындылау. Алғаш қазақ тайпаларының басын қосып, мемлекет құрған ұлы сұлтандар Жәнеібек пен Керейдің тарихи қызметіне бүгінгі күн тұрғысынан баға бере келіп, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жалғасын тауып отырған тәуелсіз идеясы мен оын жеңісті жолдары дәлел бола алады.Қазақ хандығының қалыптасу, даму, нығаю кезеңдерін өзара сабақтастықта қарастыра отырып, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының ішкі сыртқы саясатымен, парламентаризм жүйесімен ұштастырса, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың жүзеге асары сөзсіз.

ҮІ. Оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Пәні:Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Сыныбы: 11

Тақырыбы: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Тарих сахнасына тұңғыш көтерілген Қазақ хандығының іргелі ел болу саясаты, басқа хандықтармен дипломатиялық-саяси байланыстары, елдің ішкі жағдайын тұрақтандырудағы жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру.

2.Дамытушылығы: Сабақ кезеңдерінің өзара байланыстылығын қамтамасыз ету. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюын қазіргі таңдағы тәуелсіздік идеяларымен ұштастыру.

3.Тәрбиелігі: Тұңғыш қазақ мемлекетінің шаңырағын көтеріп, оны нығайту жолында орасан зор еңбек сіңірген қазақ хандығының өнегелі тарихи қызметіне баға бере отырып оқушыларды ұлттық тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Қазақ хандығының және Қазақстан Республикасының карталары, Жәнібек-Керей портреттері, түрлі кестелер,карточкалар.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ (пікірсайыс,баяндама)

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу. б) Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

а) Қазақ хандығы қандай саяси жағдайлар нәтижесінде дүниеге келді?

ә) Тұңғыш Қазақ хандығын құрған қай сұлтандар еді?

б) ХҮ ғ. Орта Азия жерлерінде қандай саяси жағдайлар қалыптасты?

в) Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс аударды?

г) Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде мұғалім пікір алысу тәсілін қолданып, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуде жағдай жасайды.Жәнібек пен Керей ханның жүргізген саясатына баға беру үшін «Жәнібек» сөзжұмбағын қолданамыз.

Автор
Дата добавления 05.05.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров1434
Номер материала 266821
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх