Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыҚазақ хандығының құрылуы 7 сынып

Қазақ хандығының құрылуы 7 сынып

Скачать материал

 

Соналы жалпы орта білім беретін мектебі.

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Қазақ хандығының құрылуы.

 

 

 

 

                    Дайындаған: А.Е.Ахметова.

 

 

 

2015 жыл.

Пән:Қазақстан тарихы           Сыныбы: 7           Мерзімі: 06.05.2015 жыл

Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы.

Сабақтың мақсат-міндеттері:

Білімділік: Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, XV-XVIII ғасырларда оның дамуы жайында баяндау, әкімшілік-құқықтық нормалардың ерекшелігін көрсету, білімдерін тереңдету. Қазақ хандығының құрылуына негіз болғандығы және қазақ, жүз, алты алаш ұғымдары жөнінде білім беру.

Дамытушылық: Этнос, халық ұғымдарын айыра білуге, ұлт болып қалыптасудың тарихи даму заңдылықтарын түсіне білуге үйрету. Қазақ, алаш атаулары жөніндегі пікірлер мен болжамдармен таныстырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта, топқа бөлу, өзіндік жұмыс, баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, СТО;

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақ хандығының және Қазақстан Республикасының карталары, Жәнібек-Керей портреттері, түрлі кестелер, карточкалар.

 Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасу және түгендеу.

2. Сабақтың мақсатын хабарлау.

3. Топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық. §35. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары.

1. Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай дәрежеде еді?

2. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы арасындағы талас-тартыс неден туды?

3. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай қандай болды?

4. Қазақ хандығының құрылуына экономиканың дамуы қалай әсер етті?

5. Қазақ хандығы құрылуының қандай тарихи қажеттілігі болды?

ІІІ. Жаңа сабақ. 

Сабақтың жоспары:

1. Керей мен Жәнібек сұлтандырдың Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.

2. Қазақ хандығының аумағы мен халқы.        

3. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы.

Отан тарихын игеру барысында оқушының тарихи танымын арттырып, отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде жаңа тақырыптың маңызы зор.

 

І топ: «Хандар».  «Радиоға қоңыраулар шалу»;

ІІ топ: «Батырлар».  «ТВ шоу»;

ІІІтоп: «Билер».  «Постер қорғау»;

1. Қазақ хандығының шаңырақ көтерудің негізін қалаушылар кімдер?    Осы жайында әңгімеле.

--------- Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі елдегі бей-берекетсіздік еді. ХҮ ғасырдың орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болды.ХҮ ғасырдың басында Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде, өз мақсаттарына шебер пайдаланды. Сөйтіп Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпалардың көсеміне айналды.Қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш батсады. Сұлтандардың Жетісуға қарай ойысудағы басты мақсаты – Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру еді. Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.

Моғолстан ханы Есен-Бұға Керей, Жәнібек сұлтандарды құшақ жайа қарсы алады.Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы – Шу бойынан қоныс бөліп береді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-Бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.

 2. Алғашқы Қазақ хандығының алып жатқан аумағы жөнінде не айтасыңдар?

--------Хандықтың алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидің хабары бойынша Қозыбасы мен Шу аймағы еді. Бұл аумақ Жетісудың батысы,Қозыбасы тауы,атақты Үшқоңыр жайлауы қырғыз жерімен шектесетін.ХҮ ғ. аяғында қазақ хандығының жері солтүстігінде Балқаш көлінің Қаратал өзенінің құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген.Әбілқайыр ханығынан, Моғолстан хандығынан, Ноғай Ордасынан және Сібір хндығынан Қазақ хандығының құрамына ағылып келіп қосылушы қазақ тайпаларының саны ешқашан тоқтаған жоқ.Бұл жағдай Қазақ хандығының нығаюына және хандықтың жер көлемінің кеңейіп ұлғаюына ықпал етті.

3.Хандық халқының этникалық құрамы қандай ру-тайпалардан тұрды. 3-оқушы. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға, Қараталдан Сырдарияға, Тянь-Шаньнан Қаратауға дейінгі кең байтақ, жазық даланы қоныстанған еді. Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін, қаңлы, қоңырат, қыпшақ, найман, керей, маңғыт т.б. көптеген тайпалар болды. Бұл тайпалар түркі дәуірінен кейін қазақ жеріндегі түркі тілдес тайпалармен бірігіп тілі, ділі, наным-сенімі жағынан бір-бірімен араласып кетті. Олар қазақ халқының біртұтас мемлекет болып құрылуына, оның ұлттық этникалық құрамына үлкен үлес қосты. Бұл тайпалар экономикалық әлеуметтік – мәдени жағынан бір-біріне толық сай келген этникалық топтар еді.

4. Алғашқы Қазақ хандығының көрші жатиқан елдермен қарым-қатынасы туралы не білесіңдер?

---------- Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі Моғолстан ханы Есен-бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жайа қарсы алды?ХҮғ. басында Есен-бұға хан Жетісу мен Моғолстанның басқада аудандарын мазалай бастағңан ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды. Жәнібек пен Керей хандар қырғыз халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатты. Тарихи аңыздарда қырғыздар өздеріне хан болу үшін Жәнібек ханның бір баласын сұрағаны айтылады. Бұл жағдай қырғыздар мен Моғол хандығының арасында қарама-қайшылықтың туындағанын,қырғыздардың Қазақ хандығымен жақсы қарым-қатынас жасаауға бет бұрғандығын байқатады. Қырғыздар мен қазақ ханы Тақырдың кезінде достық қарым-қатынас нығайды.

Міне, жаңа құрылған  Қазақ хандығының алғашқы кезіндегі өзімен көрші жатқан басқа елдермен қарым-қатынастарының дамуы осындай дәрежеде еді.

  5. Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды? Елді кім басқарды?

-------------Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысқанның ұрпағы болғандықтан Керей, Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқылы болды. Бірақ сол кездегі орныққан тәртіп бойынша, хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де ескерілген. Сондықтан хан тағына Керей отырып,билік тізгінін қолға алады. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Жәнібек хан – Барақ ханның бел бласы, Керей хан болса Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы, яғни екеуі немере еді. Керей хан мен Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасыға Орда тігуі ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта үмітін жүзеге асырды. Керей хан хандықтың басқару ісін Жәнібекпен келісе отырып, ойдағыдай жүргізген.

6. Алғашқы кездегі Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?              6-оқушы.   ХҮ ғ. екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс теуіп, Орда тіккен Жетісу жеріне 200 мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына мынандай тарихи міндеттер қойды:

1)Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру; 

2)Шығыс және батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату;

 3)Қазақ тайпаларының басын қосып, Қазақтың этникалық аумағын біріктіру.

7. ХҮ ғ. соңғы кезінде Қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды? 7-оқушы. ХҮ ғ. аяғында – ХҮІ ғ. басында Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі саясим өмірде айтарлықтай тарихи оқиғалар болды. Моғолстан хандығы іс жүзінде бірнеше иеліктерге ыдырай түсті. Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілқайыр билігі жойылды. Қазақстан жеріндегі бір кезде әлемді дүр сілкіндірген Алтын Орда хандығы ыдырап, жаңа мемлекеттер – Сібір хандығы, Қазақ хандығы, Астрахань хандықтары тарих сахнасынан орын алды. ХҮ ғ. 70-жылдарында қазақ хандары  Сырдария бойымен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды. Нәтижесінде Қазақ хандығының жер көлемі әлде қайда ұлғайды, оған тұс-тұстан қазақ тайпалары келіп, қосылып жатты. Сыр бойындағы қалалар Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. Сондықтан қазақ хандары бұл қасиетті-қадірлі жерді басып алуға ұмтылғандарға жол бермеді.

8. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын қалай түсінесіңдер? 8-оқушы. Қазақ халқының тарихында Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының орасан зор маңызы болды. Біріншіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталы. Қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың ерте заманнан басталған өз алдына жеке тәуелсіз ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауды аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды. Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағымызды кеңейтті. Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. Бесіншіден, әлеуметтік экономиалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды.

ІҮ. Венн диаграммасы.

«Хандар» тобы  Керей мен Жәнібекті Н.Назарбаевпен салыстырады

«Батырлар» тобы Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады

«Билер» тобы Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыыстырады

V. Бекіту сұрақтары.  

1) Қазақ хандығы қандай саяси жағдайлар нәтижесінде дүниеге келді?

2) Тұңғыш Қазақ хандығын құрған қай сұлтандар еді?

3) ХҮ ғ. Орта Азия жерлерінде қандай саяси жағдайлар қалыптасты?

4) Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс  

     аударды?

5) Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

     Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде мұғалім пікір алысу тәсілін қолданып, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуде жағдай жасайды. Жәнібек пен Керей ханның жүргізген саясатына баға беру үшін «Жәнібек» сөзжұмбағын қолданамыз.

 

 

Сұрақтары: 

1.Қазақ хандығына енген рулардың бірі (Жалайыр).                                                2.Шайбани әулетінен шыққан хан (Әбілқайыр).                                                   3. ХІІІ-ХҮ ғ. ауызша поэзия өкілі   (Асан қайғы).

4. Қазақстандағы жер атауы (Жетісу).

5. Қазақ хандарымен 30жыл соғсықан Орта Азиялық билеуші (Шайбани).                6. Жәнібекпен бірге Қазақ хандығының шаңырағын көтерген сұлтан (Керей). 7. Қазақтың қаласы  (Түркістан).

ҮI. Қорытындылау. Алғаш қазақ тайпаларының басын қосып, мемлекет құрған ұлы сұлтандар Жәнеібек пен Керейдің тарихи қызметіне бүгінгі күн тұрғысынан баға бере келіп, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жалғасын тауып отырған тәуелсіз идеясы мен оын жеңісті жолдары дәлел бола алады. Қазақ хандығының қалыптасу, даму, нығаю кезеңдерін өзара сабақтастықта қарастыра отырып, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының ішкі сыртқы саясатымен, парламентаризм жүйесімен ұштастырса, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың жүзеге асары сөзсіз. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.

ҮІI. Оқушыларды бағалау.

ҮІІI. Үйге тапсырма беру. §36 параграфты оқып келу.

1.     Қазақ хандығының құрылуы процесін сызбаға түсіру.

2.     Атластағы кескін карта тапсырмасын орындау.

3.     Керей мен Жәнібек хандар туралы реферат жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ хандығының құрылуы 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 756 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.12.2015 3356
    • DOCX 26.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касайнова Шамшия Абаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Касайнова Шамшия Абаевна
    Касайнова Шамшия Абаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 177089
    • Всего материалов: 47

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 328 человек из 69 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе