Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Научные работы / Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы ҒЫЛЫМИ ЖОБА
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы ҒЫЛЫМИ ЖОБА

библиотека
материалов



МАЗМҰНЫ




І Кіріспе..................................................................................................3


ІІ Негізігі бөлім


2. 1 Қазақ хандығының құрылуы .......................................................5


2. 2 Қазақ хандығының нығаюы .......................................................10


ІІІ Қорытынды.........................................................................................17


Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................18





























Аңдатпа


Өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухта тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жанжақты зерделеудегі ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін жүйелеуде тарихи зерттеулер, көркем шығармалар, ғылыми жобалардың маңызы ерекше болып отыр. Соның ішінде туған еліміздің тарихында айтулы оқиға болып табылатын – қазақ хандығының құрылған кезеңі. Биылғы жыл қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай тарихымыздың тереңінен табылған деректерді жүйелей зерттей отырып, оған шынайы суреттеме беру, оқиғаларға сипаттама жасау, ел бірлігін сақтап, туған жердің тұғырын көтерген батыр бабаларымыздың жасаған ерен еңбектеріне әділ баға беру, олардың атақ-даңқын ұрпақтан ұрпаққа жар сала отырып жеткізу зерттеу жұмысының құндылығы болып табылады.

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы».

Жұмыстың мақсаты: Хандық құрып, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтап қалуда бар күшін жұмсаған Керей хан мен Жәнібек ханның қазақ тарихындағы орнын көрсету, қазақ хандарының хандықты нығайтудағы еңбектеріне жан-жақты зерттеу жүргізу, тарихи деректерге сүйене отырып, оның ел бірлігін, ынтымақтастығын сақтап қалуда еткен ерсен еңбектеріне баға беру.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер қазақ хандығын құру жолында қызмет еткен хандардың асыл мұраларын тарихи-тағылымдық жағынан жүйелеп, зерделей-зерттей алсақ, тәрбиелік мәнін айқындай алсақ, оған әдістемелік ұсыныстар жасалынса, онда мектеп қабырғасында-ақ тарихи құндылықтарды бағалай білетін, бабалар рухын қастерлей алатын нағыз ұлтшыл, патриоттық саналы жоғары тұлғаны қалыптастыра аламыз.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Керей хан мен Жәнібек хан жайлы тарихи деректер, олардың мұралары туралы тарихи және қоғамдық пікірлерді тарих, тарих және педагогика ғылымдары тұрғысынан алғаш рет кіріктіре алдық.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу жұмысының материалдарын орта мектептің «Тарихи өлкетану», жоғары және арнаулы оқу орындарының тарих, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша элективті курстарында пайдалануға болады.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі.

  • Қазақ хандығын құрудағы хандардың өмір жолы, асыл мұралары туралы тарихи-тәлімдік, әдеби көзқарастарға талдау жасалынды;

  • Хандардың тағылымдық, батырлық танытуы заман талабымен сай салыстырыла айтылды.

  • Қазақ қоғамындағы тарих пен тұлғаға қатысты идея сабақтастырылып, жаңа көзқарастар тұрғысынан түсіндіруге әрекет жасалынды;

Жұмыстың орындалу әдістері: тарихи түпдеректермен танысу, жинақтау, қорыту, жүйелеу және салыстырмалы талдау жасау.

Кіріспе


«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің баяндамасында: Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады» дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы – төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау», деп тұжырымдайды.

Кешегісіз бүгін жоқ. Аудан тарихы – халық тарихы. Әулие мекеннің әмбия дәстүрінің арасында қол бастаудың да, жол бастаудың да асыл тумасынан арыла сусындаған шиеліліктер уақыт ағымына сай өз бастауын қалыптастыра отырып, күні бүгінгі тәуелсіз кезеңге келісті келбетпен келіп жетті.

Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты жазылған тарихи зерттеулер мен әдебиеттердің бәрінде хандықтың негізін салушылар – Керей мен Жәнібек хандар деп айтылатыны белгілі. Дерек мәліметтерінде көрсетілгендей, «олардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Жетісудағы Моғолстан атты хандыққа келуімен Қазақ хандығы құрылды» деген пікірді зерттеушілердің бәрі мойындайды. XIX ғасырдың ортасында айтылған бұл пікір қазіргі күндерге дейін тек даму үстінде болды. Бірақ та осы саяси үрдісте жетекші рөл атқарған тұлғалар – Керей мен Жәнібек хандар туралы зерттеулер толық жүргізілмей, олар туралы біліміміз тек дерек мәліметі деңгейінде қала берді. Оған себеп – деректік мәліметтердің мардымсыздығы. Қазіргі күнде заман талабы өзгеріп, өз тарихымызға қайта үңілгенде, алғашқы хандарымыздың тарихын, олардың атқарған рөлін көрсетуге осы себеп қолбайлау болады да тұрады. Мардымсыз деген – тіпті жоқ деген емес, аздау, бірен-саран деген мағынада. Олай болса, қолда бар деректерге сүйеніп, ұлттық мемлекетіміздің іргетасын қалаушылардың ел тарихындағы алатын орнын неге ашып көрсетпейміз?!
Керей мен Жәнібек хандарға тағдыр жаңа этникалық бірлестікке негізделген мемлекетті құру және оны басқару үлесін берді. Бұл үлес кездейсоқ сияқты болып көрінгенімен, заңдылық болатын. Өйткені екі ханның арғы ата-бабалары – Шыңғыс ханнан Керей мен Жәнібек хандарға дейін Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси билікті мұрагерлік жолмен иемденіп, атадан балаға қалдырып отырған. Басқаша айтқанда, Керей мен Жәнібек бірнеше ғасыр бойы уысынан билік кетпеген өте мықты әрі өте беделді әулеттің өкілдері болып табылады.

Тарих ғылымында ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бері Қазақ хандығының негізін қалаған екі тұлғаның – Керей мен Жәнібектің есімдері анықталып, белгілі болған. В.В.Вельяминов-Зернов алғаш рет Оразмұхаммед ханның шығу тегін анықтау барысында «Тарих-и Рашидидің» мәліметтерін айналымға енгізе отыра, былай деп жазған болатын: «Қазақтар туралы (В.В. Вельяминов-Зернов қырғыз қайсақтар деп жазады – Б.К.) «Тарих-и Рашидиде» Мұхаммед Хайдар айтқан мәліметтер хижра бойынша 860 жылдан 944 жылға дейінгі, яғни 1456 жылдан 1537-38 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Осы 80 жыл ішінде Мұхаммед Хайдар бойынша қазақтардың ең басты тұлғалары: жошылық Керей мен Жәнібек, Керейдің ұлы Бұрындық, Жәнібектің ұлдары Әдік пен Қасым және Әдіктің ұлы Тахир болды». Міне, осы кезден бастап Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи рөлі анықталып, қазіргі күндерге дейін оны ешбір зерттеуші теріске шығармай, керісінше, оны зерттеушілердің бәрі бірауыздан мойындап отыр. Олай болса, осындай тарихи тұлғалардың өздеріне жеке тоқтап, олардың шығу тегіне, ата-бабаларына, жеке өміріне, хандықты құру ісіндегі іс-әрекеттеріне қатысты мәселелерге арнайы тоқтап өту арқылы олардың қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған рөліне назар аударалық.
Махмуд бен Уәлидің жазуы бойынша, алғашқы қазақ ханы Керей хан болғандықтан, арнайы қарастыруды Керей ханнан басталық. [1, 2].

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ елі қашаннан-ақ ақын, жыраулар мен шайырлардан, данышпан би-шешендерден қалған асыл мұраларды көздің қарашығындай сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.

Расында да, біз өткенімізді елемесек, болашақтан күтеріміз қайсы? «Тұлпарда да тұлпар бар – қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек». Барымызды бағалап, азаматтарымызды ағалай біру, қазақы қалпымызды сақтап, мұсылманшылық парызымызды мейлінше ақтап жүру кісілік міндет саналады.

Осындай айтулы ел ағасының бірегейі, халқына аға да, пана да болған әйгілі Кенесары хан мен Жәнібек хандар [2, 34-39 бб.]

Ата-бабалардан қалған сөз үлгісі қазақ халқында өсиет саналған, елдің тарихы, үлкенді-кішілі ел басынан өткен оқиғалар, заманына лайықты қайраткерлер жайындағы деректер, аталы сөздері, ел ішінде сақталған шешендердің бірі Бала бидің ұлағатты әңгімелері, үлгілі сөздері кезінде көп болса керек, бірақ олардың барлығы бізге жетпеген.

Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба  деректердің  бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда  сол кездегі саяси жағдайға байланысты  Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Халқының адал перзенті, көш басшысы, терең ойлы, дарынды бабаларымыздың әділдік, тапқырлықтары қашан да болса жас ұрпаққа өнеге болары сөзсіз. Сол себепті бабаларымыздың өнегелі өмір жолын тереңірек зерттеу, оның халық алдындағы еңбегіне әділ баға беру, шешендік сөздерін талдап, зерделеу – жұмысымыздың өзекті мәселесі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Туған жеріміздің тұғырлы тұлғалары, қазақ хандығын құруда орасан зор еңбек атқарған – Жәнібек пен Керей хандардың тарихтағы орны жайлы, олардың ғибратты ғұмырына жан-жақты зерттеу жүргізу, тарихи деректерге сүйене отырып, оның ел бірлігін, ынтымақтастығын сақтап қалуда жасаған жұмыстарына баға беру.

Осы мақсатқа қол жеткізу барысында зерттеу жұмысымыз кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.




Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.



Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!

































Автор
Дата добавления 15.05.2016
Раздел История
Подраздел Научные работы
Просмотров359
Номер материала ДБ-082204
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх