Инфоурок Всеобщая история СтатьиҚазақ хандығының құрылуына- 550 жыл

Қазақ хандығының құрылуына- 550 жыл

Скачать материал

D:\тарих пәні бойынша\керекті сабақтар\фото интернет\DSC03758.JPG

Қазақ хандығының құрылуы.



Шаймұрат Айдын Шаймұратұлы

Шығыс Қазақстан Облысы, Өскемен қаласы «№ 1 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі

XY ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан аумағында ежелден бері жалғасып келе жатқан этникалық процестің мәдени, рухани дамулардың мемлекеттіліктің дамуының және XІY- XY ғасырлардағы саяси процестердің заңды қорытындысы болып табылады. Сондай-ақ қазақ халқының құрылуының Евразия тарихында алатын тарихи маңызы ерекше. Cондықтанда қазақ хандығының құрылуының қазіргі күнде зерттеп саралап жаңа қырынан көрсету кезек күттірмейтін маңызды мәселеге жатады. Күн сайын еліміздің мемлекеттілік тұғырының нығаюы бүкіл әлем алдында саяси және экономикалық беделінің өсуі Республикамыздың халықаралық аренадағы рөлін айқындап отыр. Бүкіл дүниежүзі алдында қазақ мемлекеті өзінің дербестігімен және әртүрлі халықаралық саясаттағы рөлімен көзге түсуде. Міне сол себепті де қазіргі мемлекетіміздің XY ғасырдағы бір көрінісі, бір белесі болып табылатын қазақ хандығының тарихы оның ішінде оның құрылуы кімді болса да қызықтыра бермек.

Осылайша, 3,5 ғасырдан аса тарихы болған Қазақ хандығы, біріншіден, б.з.д. І мыңжылдықтың басынан — б.з. ІІ мыңжылдығының ортасына дейін Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттік құрылымдар мен мемлекеттердің заңды жалғасы, мұрагері болса, екіншіден, ХV ғасырдың ортасынан ХІХ ғасырдың І ширегі аралығындағы қазақ халқының ұлттық сипатта қалыптасқан мемлекет болып саналады. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Қазақ хандығын Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет» деп ерекше атап өтеді.

Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба  деректердің  бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда  сол кездегі саяси жағдайға байланысты  Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Әбілғазы, Қадырғали Жалайыри өз  еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.

Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының  негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына  1457-жылдан кейін Керей  мен  Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне  қоныс аударуы мұрындық болды.

Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған  қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары  (1465—1466)  билей бастады...».

Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері,  Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді.  Ежелден осы алапты мекендеген  тайпалар Дешті - Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті.  Әбілхайыр хандығындағы аласапыран  соғыс салдарынан күйзелген  қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле  бастады.  Мұны көрген  Дешті-Қыпшақ  қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп  жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі  әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының,  Моғолстанның,  Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал  Әбілхайыр хан  болса өзіне қарсы  шығып,  Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген  тайпалардың  ағылып барып жатқанына  азуын  басып,  қылышын  қайрап отырды. 

Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына,  яғни  батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы  кең  өріс-қонысты  керек  етті. Сонымен қатар  көшпелі елдің отырықшы - егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария  жағалауыңдағы  қалалармен  сауда-саттық  қарым-қатынасқа  қолайлы жағдай жасау  маңызды мәселеге айналды. Бұл  қарым-қатынастьң  оңалуына тек  көшпелі ел  ғана емес  отырықшы аймақтардағы  халықтар да  мүдделі болды.  Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында  үлкен тарихи міндеттер тұрды. 

1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді).

2. Шығыс пен батыс  сауда керуен жолы үстіне  орнаған  Сырдария  жағасындағы  Сығанақ,  Созақ, Отырар, Яса  (Түркістан)  т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді.

3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық  территориясын

біріктіру.

Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ  жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан  біріге отырып  қорғануға  мүмкіндік берді.

1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайыр хан өлгеннен соң  өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының  нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды.  Өзбек ұлысының  үлкен бөлігі Керей  мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың  ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары - Ахмет хан мен Махмұд хан,  батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және  Ноғай  мырзалармен одақтаса отырып  күрес жүргізді.

Әбілхайыр ханның  мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты.  Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте  Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті - Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XY-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.

Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды  Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды. 

Сыр бойы  калалары үшін Қазақ хандары өте  қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның  немересі Мұхаммед Шайбани  Түркістан аймағына келіп,  Мұхаммед Мәзит Тарханды  паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан  Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы  — Созақ және  Сауран  қалалары  Қазақ хандығының  құрамына  кірді.

Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен жүзеге асқан бұл маңызды оқиғаны орта ғасырлық Қазақстан тарихында Түрік қағанатының, Қыпшақ хандығының құрылуымен салыстыруға болады. VІ ғасыр ортасында Түрік қағанатының құрылуы — Қазақстан тарихындағы ХІ-ХІІІ ғасырдың басы аралығын — Қыпшақ дәуірі деп аталатын тарихи дәуірге жатқызады. Ал Қазақ хандығының құрылуымен XV ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан территориясында жаңа тарихи дәуір басталады. Ол — Қазақ хандығы дәуірі.

XV — XVІІІ ғасырлар аралығын қамтыған Қазақ хандығы дәуірі Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Осы дәуірде ұлттық сана өсіп, халықтың өзіндік, өзіне тән ерекшеліктері айқындалады. Халқымыздың тарихи санасында өшпестей із қалдырған атақты хандар мен сұлтандар, батырлар мен билер, бектер мен әмірлер, ақындар мен жыраулар, ишандар мен абыздар осы тарихи дәуірде өмір сүрді. Ерлік пен елдікті паш еткізген небір айтулы тарихи оқиғалар осы дәуірдің еншісінде жатыр.

Қорыта айтқанда Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп есептеліп, ол — этникалық дамуларды халықтық деңгейге жеткізді, қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуына ықпалын тигізді, «қазақ» атты нақты этнонимді, «Қазақстан» атты жаңа этносаяси терминді дүниеге алып келді, Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын жаңа тарихи дәуірдің басталуына негіз салды деп санаймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер.


1. Кәрібаев Б. Т.И.Сұлтанов және Қазақ хандығы құрылуының мәселелері. // Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Абай Институтының Хабаршысы. №4(10) 2011ж..

2. Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр. Бабырнама. Алматы: Ататек, - 1993ж.

3. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. Алматы: М.Х.Дулати қоғамдық қоры, 2003ж.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ хандығының құрылуына- 550 жыл"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 324 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 1068
    • DOCX 211.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаймурат Айдын Шаймуратулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаймурат Айдын Шаймуратулы
    Шаймурат Айдын Шаймуратулы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 62905
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 327 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 322 человека

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе