Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / "Қазақ хандығының шаруашылығы" сабақ жоспары

"Қазақ хандығының шаруашылығы" сабақ жоспары


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Сағит Мөлдір Азбекқызы

Күні: 07.04.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

  • ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы шаруашылықтың түрлері мен маусымдық көшу туралы, қолөнердің дамуы мен қалалардың тоқырау себептері туралы оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, карточкалық тапсырмалар

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу. Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1. Тапсырма

  • Қазақ қоғамында ұлттық басқару жүйесінің қандай тармақтары бар?

  • Қазақ ханы қалай сайланды?

  • Қарапайым халықты қандай атаулармен атады?

  • Қазақ қоғамында құл мен күңдер болды ма?

  • Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрамы қандай?

2. Тапсырма. Тест тапсырмасы

1. Қазақ хандығында он немесе он бес аймақтан құрылған:

  1. Ауыл

  2. Ру

  3. Арыс

  4. Ұлыс

  5. Жүз

2. Қазақ хандығында ұлыстың билеушісі:

  1. Рубасы

  2. Би

  3. Сұлтан

  4. Ақсақал

  5. Ауылбасы

3. Хан сайлаудың басты шарты:

  1. Малының көп болуы

  2. Ақсүйек тұқымынан шығуы

  3. Бидің тұқымынан шығуы

  4. Шыңғыс ұрпағы болуы

  5. Феодалдар тобынан шығуы

4. Сайланған ханның мал мүлкін бөліп алу:

  1. «Ханталас»

  2. «Ханталапай!

  3. «Бөліп алу»

  4. «Ханталау»

  5. Бөліске салу»

5. Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді:

  1. Көшіп – қонуға

  2. Соғысты бастауға

  3. Салықты көбейтуге

  4. Егінді жинауға

  5. Жайылымды белгілеуге

6.Бүкіл қауым оның шешімін, билігін орындауға міндетті болды:

  1. Рубасы

  2. Би

  3. Сұлтан

  4. Ақсақал

  5. Ауылбасы

7.Көпті көрген, мол тәжіриебелі, өте білікті, білгір адам болды:

  1. Рубасы

  2. Би

  3. Сұлтан

  4. Ақсақал

  5. Ауылбасы

Жауабы: 1 – В, 2 – С, 3 – Д, 4 – В, 5 – А, 6 – В, 7 – А

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы

  2. Маусымдық көшіп қону

  3. Қазақ халқының егін шаруашылығы

  4. Қазақ халқының қолөнері

  5. Қазақ қалалары және олардың тоқырау себептері

1. Тапсырма Кесте

Маусымдық көшіп-қонудың түрлері

Орналасуы

Маусымдық көштерде атқарылатын жұмыс түрлері





2. Тапсырма.

  1. Күзеу – күзгі мал бағатын жер

  2. Жатақ – малы жоқ, жермен айналысуға мәжбүр болған кедей.

  3. Жұт – малдың қырылып қалуы.

  4. Қыстау – қысқы мал бағатын жер

  5. Атпа – жер суаратын құрал

  6. Шығыр – арық, тоған суымен жер суаратын құрал.

  7. Жер кепе – күн әбден жылынып, көк көтерілгенше жас төлдерді ұстайтын күрке

  8. Тоғыту – малды тоған суымен айдап өту арқылы жуындыру.

  9. Шуда – түйенің жүні

  10. Қорық – қыстау жанындағы шөбі қалың, тоғайы мол жер. Оған малдың басым көпшілігін кіргізбеуге тырысқан.

3. Тапсырма. Сәйкестендіру «Мал аурулары»

1

Ешкі


1

Топалаң

2

Түйе


2

Қарасан

3

Қой


3

Ақшелек

4

Сиыр


4

Жамандат

5

Жылқы


5

Кебенек

Жауабы: 1 – 5, 2 – 3, 3 – 1, 4 – 2, 5 – 4

Сабақты бекіту:

  • Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дегенді қалай түсінеміз?

  • Маусымды көшіпқонудың қандай пайдасы бар?

  • Қазақ қыстауларындағы баспаналар қалай салынды?

  • Қазақтар егін шаруашылығымен қай жерлерде айналысты?

  • Қазақ қолөнерінің түрлерін атаңдар?

  • ХҮІІІ ғ. қалалардың әлсірей бастауына не себеп болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §43. «Қазақ шаруашылығы» атты тақырыпта эссе жазу.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

  • ? ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы шаруашылықтың түрлері мен маусымдық көшу туралы, қолөнердің дамуы мен қалалардың тоқырау себептері туралы оқушыларды жан-жақты таныстыру;
  • ? Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • ? Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Автор
Дата добавления 04.05.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров483
Номер материала 264938
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх