Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы"Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сайыс" (8 сынып)

"Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сайыс" (8 сынып)

Скачать материал

Сыныбы: 8                 

Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына орай «Қазақ мемлекеттігі: қалыптасу тарихы, деректер және жаңаша пайым» атты сайыс сабақ

Мақсаты:

Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихы және оны басқарған хандар жайында білімдерін пысықтау. Қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін баяндай келіп, оқушылардың өз халқының тарихын толық меңгеруіне ықпал ету.

Дамытушылық: Оқушыларды өз беттерімен ізденуге, тарихи деректерге шолу жасау арқылы шағын зерттеу жұмыстарын дайындауға дағдыландыру. Танымдық тапсырмалар арқылы тарихи ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Өз елінің тарихын білуге, Қазақ тарихындағы хандардың мемлекет қайраткері ретінде халқына сіңірген тарихи еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, өз Отанын, елін - жерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс

Кіріспе сөз.

«Қазақ Хандығы белгілі бір жүйесі бар орнықты мемлекет болды. Жәнібек пен Керейдің құрған мемлекетінің Ақсақ Темір құрған мемлекеттен айырмашылығы осы да еді. Ақсақ Темір құрған мемлекет өзі дүниеден өткен соң ыдырап кетті. Ал, Жәнібек пен Керей құрған мемлекет жүйелі түрде атадан балаға мирас болып келді. Қазақ Хандығының мемлекеттік құрылымы жағынан тағы бір айырмашылығы – орталықтандырылған мемлекет болды. Айталық, Орта Азиядағы өзбектердің мемлекеттік жүйесімен салыстырсаңыз, олар бірнеше хандықтарға бөлінеді. Біздің Қазақ Хандығының жүйесіндегі тағы бір ерекшелік, елдің билеушісі хан болса, оның бақылаушысы билер мен батырлар болды. Ал, таптық тұрғысынан Қазақ Хандығында басыбайлылық деген болған жоқ. Дәл осы уақытта басыбайлылық Ресейде белең алып тұрғанын тарих өзі көрсетіп берді.

1456 жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып қазақтың туын көкке көтергендігі тарихтан аян. Қазақ деп ұран тастағанда рухы көтеріліп намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып қазақ халқының іргесін қалағанын білеміз. Әлбетте одан кейінгі тағдыр сан түрлі азапқа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз бен ар-ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан кешірдік. Бірақ мың өліп, мың тірілген қазақ азаттығын алды. Ал қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту сол азаттық алған бабаларға деген құрмет деп білеміз.

І.Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты 2 топқа бөлу.

І топ. «Керей»

ІІ топ. «Жәнібек»

Бірінші айналым: «Постер қорғау»

Үй тапсырмасын сұрау. «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл» - тарих беттеріне шолу. (оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін айқындау)

Сұрақ: Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы?

Жауап: «Өзбек-қазақтар»

Екінші айналым: «Хандар»

Хандардың суретінің тұсына берілген жылдарды билік еткен жылдарына сәйкес дұрыс жапсыру.

Үшінші айналым: «Бейне сурет»

Сұрақ: Қазақ хандығының жүзге бөлінуі, жүздердің пайда болуы жайлы жазған ағартушы ғалым?

Жауап: Ш.Уәлиханов

Последние новости / Казахстанский агрегатор новостей

Түркістан қамал-қорғаны

ХVI ғ. Соңында қазақ хандығының астанасына айналып, қазақ халқының ұлттық негізі осы қалада бекіген. Қала Меккеден кейінгі ислам дінінің орталығы саналды.

Сұрақ: Түркістан қаласы қай хандардың тұсында астана болды?

Жауап: Қасым хан, Есім хан

 

 

Мавзолей Арыстан-баба Статьи о Казахстане

Арыстан-баб кесенесі

Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Оның басына тұрғызылған кесене құлап қалған. Сол құлап қалған күмбезді Әмір Темір ХIVғ. Қайта салғызыпты. Арыстан баб кесенесі 2 бөлмеден тұрады. Ортасында дәлізі бар. Негізгі бөлмедердің төбесі күмбезбен көтерілген.

Сұрақ: Арыстан баб кесенесі қай қалада?

Жауап: Түркістан

 

 

 

 

Тайқазан

Тайқазан (1399 жылы жасалған) XIV-XV ғ. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі Түркістан қаласының  дәл ортасында салынған.

http://im3.asset.yvimg.kz/userimages/mrojin/h0E711YkIGCSWc2BhBK5tWkHDAj7XR.jpgСұрақ: Кесенені салуға Әмір темір қай жылы бұйрық берді?

Жауап: 1397 жылы

 

http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/mrojin/DnWKg8nvS1980Z9hy1A3mUSRxUvv8L.jpgАлаша хан кесенесі

XIV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған ескерткіш. Орталық Қазақстанда орналасқан. (Ұлытау)

Сұрақ: «Алаш аңызында» айтылатын үш жүздің негізін қалағандар?

Жауап: Үйсін, Болат, Алшын

 

Төртінші айналым: Бейне сұрақ

Сұрақ: «Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы?

Жауап: «Алаша хан»

Сұрақ: ХІІІ ғ. дейін «қазақ»атауының қолданылып келген мағынасы?

Жауап: «Еркін адамдар»

Бірінші бейне сұрақ: /Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Байболсынова Альфия Сабырғалиқызы/ Қазақ хандығының астанасы қай қала болған?

Жауабы: Қазақ хандығының астанасы: Сарайшық қаласы болған.

Екінші бейне сұрақ: /С.Сейфуллин атындағы №11мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің тарих пәні мұғалімі Алышов Бауыржан/ Қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібекті моғолстан ханы есенбұға жер бөліп беріп қарсы алды. Сұрақ, қандай себептерге байланысты моғолстан ханы Есенбұға қазақтың сұлтандары Керей мен Жәнібекке Жетісудың батысынан жер бөліп беріп орналастырды?

Жауабы: Есенбұға тұсында Моғолстанның батыс жағынан, оның ағасы Жүніс қауіп төндірген болатын. Өзінің бауырына қол жұмсаудан бас тартса керек. Осы себепті басшылыққа алған есенбұға Жетісудың батыс бөлігіне қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібекті орналастырды.

Қорытынды: Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.

«Батыр баба ұрпағымыз бүгінде,

Бойында қан, от ойнаған жүзінде,

Осы күнге жеткізу үшін біздерді,

Үйде туып, түзде өлген тегінде».

 

Енді аманат бізге қазақ даласы,

Мен қазақпын намысты бір баласы,

«Қазақ» дейтін өнегелі ұлы атқа,

Болмасыншы енді ешкімнің таласы.

 

Қазақ атты елім бар мақтанамын,

Кең байтақ жеріммен мен бақ табамын.

Елді, жерді сақтап берген бабамның,

Ерліктерін естігенде шаттанамын.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сайыс" (8 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 820 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.10.2015 1468
    • DOCX 657.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиханова Жазира Бисембаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиханова Жазира Бисембаевна
    Казиханова Жазира Бисембаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15917
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 540 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 312 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе