Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Қазақ хандығының 550 жылдығына баяндама "Қазақ хандығы - қазақ ұлттық мемлекетінің бастауы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Қазақ хандығының 550 жылдығына баяндама "Қазақ хандығы - қазақ ұлттық мемлекетінің бастауы"

библиотека
материалов

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ БАСТАУЫ


Омарова Айгуль Саденбаевна


17 жалпы орта білім беретін мектеп

Жылыой ауданы Құлсары қаласы Атырау облысы Қазақстан Республикасы


«...Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихы үшін белесті кезең...

Бұл оқиғаның саяси Һәм қоғамдық маңызы Қазақ хандығының

Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр».


Н. Ә. Назарбаев


Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауында 2015 жылы елімізде ресми түрде төрт мерекенің атап өтілетінін айтқан болатын. Сол әр мерекенің ел тарихында алатын орны ерекше. Солардың ішінде – Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатын атаулы күн айырықша деуге болады. Өйткені, еліміздің – Қазақстан Республикасы деп, жеріміздің – Қазақстан деп, халқымыздың қазақтар деп аталуының басында Қазақ хандығының тарих төріне көтерілуі тұр.

Қазақ хандығының құрылуы – қазақ халқының тарихындағы аса маңызды белестің бірі, ол халқымыздың есімімен көрінген, этнос ретінде түбегейлі орнықтырған тәуелсіз мемлекеттік құрылымымыз.

Алайда қоғамда тек бір жақты пікір бола бермейді, сондықтан Қазақ хандығы – Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің бастауы емес, қазақ мемлекеті өз бастауын сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан немесе Ақ Ордадан алады деген пікірді алға тартатындар да бар. Қазақстан – біздің аумағымызда дәуірлеп өткен сақ, үйсін, ғұн және басқа да этникалық қоғамдастықтар мен мемлекеттік құрылымдардың мұрагері. Аталған мемлекеттік құрылымдардың бәрі де қазақ мемлекеттілігінің тарихының бастауы екені даусыз. 

Дегенмен де Қазақ хандығын қазақ мемлекетінің негізгі бастауы деуіміздің де бірнеше себептері бар. Атап айтар болсақ: біріншіден, Ақ Орда мемлекеті империялық дағдарысы асқынған Алтын Ордадан бөлектеніп шыққанымен өзінің, халқының тәуелсіздігін қорғай алмады, бірде Ақсақ Темірге, бірде Тоқтамысқа, бірде Әбілқайырға бағынышты күн кешіп, мемлекеттік шекарасы қалыптаспай, этникалық тұтасуы аяқталмай, тарих сахнасынан түсіп қалған саяси құрылым.

Екіншіден, егер Ақ Орданың географиялық-аумақтық орналасуы бір замандарда қазіргі Қазақстан жерін алып жатқан еді, билік басында Қазақ хандығы құрған Керей мен Жәнібек сұлтандардың арғы аталары отырды ғой деген тұжырымдарды басшылыққа алтын болсақ, мемлекетіміздің тарихын бірден Жошы ұлысынан бастауымызға тура келеді. Бұл – Шыңғыс хан жорықтары қазақ этногенезін тежеді деген тұжырымдарға кереғар. Ал мұндай ұстаным орныға қалса, моңғол шапқыншылығынан әріде бастау алған тарихи сабақтасты әлсіретіп, сақ-үйсін, байырғы түркі, оғыз-қыпшақ мемлекеттерінің ұлттық тарихымыздағы мән-маңызын екінші қатарға ысырғанмен пара-пар.

Үшіншіден, Ақ Орданы алғашқы Қазақ мемлекеті ретінде қабылдау ұлт тарихындағы Ноғай Ордасының, Моғолстанның орнын елемеуге соқтыруы мүмкін. Қазақ хандығы құрылмай-ақ тұрғанда-ақ Ақ Орда өмір сүруін тоқтатса, Ноғай Ордасы мен Моғолстан Қазақ хандығын бірде табысып, бірде шабысып, XVII ғасырға дейін мемлекетіміздің тағдырына тікелей әсер ете алды. Әрі-беріден кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандарға хандықты құруға жер бөліп берген Моғолстан билеушісі емес пе?

Төртіншіден, ұлттық мемлекетіміздің тарихын Қазақ хандығынан бастау керектігін кезінде Шоқан да қолдаған еді. «…Предание киргиз считает своим ханом Джанибека, сына Барака, – дейді ол. – Во всяком случае, по преданию, Джанибек был первым ханом казаков из фамилии Джучи-хана… Время управления Джанибека, когда две родные орды ногаев и казаков жили вместе, воспевается в киргизских поэмах, как золотой век. К этому времени принадлежит большая часть преданий, нравственные изречения Джиренчи-Чечена, Аз-Джанибека и ногайского философа Асана Горемычного употребляются степняками до сих пор» [1, 18-19 бб].

Т.ғ.д., профессор Берекет Кәрібаевта бұл пікірді жалғастыра: «жалпы, қазақ жерінде мемлекеттіліктің басталғанына 3 мың жылдай уақыт өтті. Қазақ хандығына дейін қазақ жерінде 20 мемлекеттік құрылым мен  саяси  жүйелер  болған. Және солардың барлығы сол мемлекетті қалыптастырған тайпалардың атауымен аталды: Ғұн мемлекеті, Қаңлы мемлекеті, Оғыз мемлекеті, Түрік қағанаты, Түргеш, Қимақ, т.б. Және бұлардың барлығы Қазақстандағы мемлекеттілік тарихының бір көрінісі, кезеңдері ғана. Ал, Қазақ хандығының ерекшелігі – «қазақ» деген тайпаның емес, Қазақ халқының мемлекеті болды. Яғни, Қазақ хандығының құрамына енген тайпалардың барлығының мемлекеті. Елбасының өзі «Ғасырлар тоғысында» деген еңбегінде «Қазақ хандығы  бүкіл Орталық Азиядағы ең алғашқы құрылған  ұлттық сипаттағы мемлекет» деп өте дұрыс айтқан болатын. Қазіргі күнде Қазақстан мемлекетін құрап отырған қазақ этносы – Қазақ хандығының құрылуымен тарих сахнасына шықты» деген ойларымен нақтылайды [2, 18-19 бб].

Енді алдымен мемлекеттілік ұғымының басын ашып алсақ, мемлекет – белгілі бір қоғамдардағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, басқаратын саяси аппарат, саяси жүйе. Мемлекеттілікке қатысты басты ұстанымдарға тәуелсіздік, аумақтық орналасуы, қоғам мүшелерінің еркіндігі, биліктің тармақталуы, заңның әділдігі мен қолданылуы, жеке тұлғаның тарихтағы рөлі, елдің ішкі-сыртқы бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін жатқызамыз. Қазақстан жерінде «мемлекет болған жоқ» деген теорияны ұстанушылар мынадай тұжырымға сүйенеді. «Қазақстан жерінде көшпелілер тұрған, оларда жер жекеменшік болмаған. Ал жекеменшік болмаған жерде әлеуметтік теңсіздік болмайды. Оларда қоғамдық қатынастар дамымайды, жетілмейді. Олар патриархалды алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген, яғни мұндай қоғамда мемлекеттің болуы мүмкін емес» деп еуроцентристік көзқарасты ұстанып келді. Кешегі ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін Қазақстан тарихын зерттеген орыстың ғалымдары А. Левшин, В. Вельяминов-Зернов, Н. А. Аристов, Н. Гродеков және тағы басқалардың барлығы да қазақ жеріндегі тарихты баяндайды, бірақ саяси құрылымдарды «одақтар», «бірлестіктер», «жүздер» деп қана атап, «мемлекет» деген терминді қолданбайды. Ал бұған соққы берген қандай теория болды? 1934 жылы ленинградтық академик Б.Я.Владимирцовтың «Общественной строй монголов. Монгольский кочевой феодализм» атты монографиясы жарық көрді. Дәл сол жылдары келесі ғалым С. П. Толстовтың көшпелілер қоғамындағы өндірістік құрал-жабдықтар мен өндіргіш күштерге арналған еңбегі жарық көреді. Екі ғалымның да зерттеулерінде көшпелі қоғамда жеке меншіктің, таптық жіктелістің болатындығы, жерге қауымдық меншік, малға жекеменшіктің бар екендігі, яғни мемлекеттің болатындығы алғаш дәлелденіп, мойындалды. Бұдан кейін кеңестік тарихнамада осы теория үстемдік алды. 1943 жылы шыққан академиялық «Қазақ ССР тарихында» Қазақ хандығы мемлекет ретінде мойындалды. Оған арнайы жеке тарау,

тараушалар берілді. 1957 жылы жарық көрген 2 томдық «Қазақ ССР тарихы» еңбегінде Қазақ хандығының құрылуы, көрші елдермен қарым-қатынасы арнайы тарауда қарастырылады. Осылайша, қазақ тарихында мемлекеттіліктің болғандығы толық дәлелденді деуге болады [3].

Қазақ хандығы құрылғанға дейін-ақ қазақ жерінде мемлекеттіліктің басым атрибуттары қалыптасқан. Мемлекеттің территориясы, шекарасы, халқы, халықтың әлеуметтік жіктелісі, ауқатты топтар, билеші әулет, рухани көсемдер, әскер, ішкі тәртіп, билер соты, ту, елтаңба, мөр т.б. болды. ХV ғасырдың ортасы қазақ тарихының ғана емес, бүкіл Еуразия құрлығында екі дәуірдің өтпелі кезеңі іспетті еді. ХV ғасырдың соңына таман Еуразиядағы үлкен оқиға – Алтын Орда деген алып империяның ыдырап, оның орнына Астрахан, Қазан, Қырым, Сібір хандықтары, Ноғай ордасы секілді бірнеше елдердің пайда болуы еді. Еділдің сол жағалауында Ақорда, Әбілқайыр мемлекеті, одан кейін ұлттық сипаттағы Қазақ хандығы құрылды. Неліктен ұлттық сипаттағы дейміз? Өйткені Қазақ хандығының этникалық негізін қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар құрады. Алғашында «өзбек-қазақ» деп аталған Керей мен Жәнібек ханның жақтастары бас-аяғы 13-14 жыл ішінде Дешті Қыпшақтағы саяси билікті шибандықтардан толығымен және түпкілікті алғаннан кейін қазақтар деп аталды. Жазба дерек мәліметінде ХVІ ғасырдың алғашқы жартысында алғаш рет Қазақстан деген термин кездесе бастайды. Ол – қазақ елі деген сөз [3].

Мемлекеттіліктің басты атрибуттарының бірі – шекара екендігі белгілі. «Қазақтарда шекара болмады» деп ауа жайылушылар үшін қазақ та, ағылшын да, басқа да емес, қазаққа бүйрегі бұра қоймайтын Ресей Бас Штабының капитаны Л. Костенконың мына куәлігін келтіре кетейік: «Северную границу киргизких кочевок определить легче, чем южную, потому что здесь еще с прошлого века русское правительство стремилось обозначить пределы набегам степняков устройством укрепленных линий. Таким образом северная граница киргизских кочевок обозначилась: частью Алтайских гор, рекою Иртышем, потом так называемою Горькою Сибирскою линиею от Иртыша до Тобола, или до Звериноголовской крепости, затем от этой последней до устья реки Уя рекою Тоболом; далее р. Уем и потом Уралом, начиная от Спасскаго форпоста (близь Верхнеуральска) почти до Оренбурга, или точнее до Нижняго форпоста, затем далее реками Бердянкою, Уралом и Илеком до устья последнего и потом опять Уралом. Несмотря, однакож, на эти пределы, значительная часть киргизов Малой орды, в числе 7000 кибиков, перешла в 1812 году через Урал и с разрешения правительства поселилась в Астраханской губернии (Внутреняя или Букеевская орда); другая часть, в числе 3200 кибиток, несколько ранее перешла Иртыш и кочует внутри линии Сибирского казачьяго войска. На западе границей киргизских кочевьев считается р. Урал и северовосточный берег Каспийского моря. На юге киргизы примыкают своими кочевьями до Усть-Урта, затем до Хивы, до Заравшана, хребта Кашгар-Даванского, гор Уртак-тау, хребта Александровского и гор Киргизын-ала-тау. На востоке киргизская кочевья доходят до хребта Ала-тау, озера Алакуль, гор Тарбагатайских, озер Нор-Зайсана и хребта Тянь-шанского».

Қасым хан тұсында хандықтың шекарасы оңтүстігінде Сырдарияның оң жағлауымен шектесіп, Түркістан қалаларының біразын, оңтүстік-шығысында Жетісудың тау етектері мен жазықтарының бір бөлігін қамтиды, солтүстік-шығысында Ұлытау және Балқаш көлі өңірі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне дейін, солтүстік-батысында Жайық өзенімен шектесіп жатқандығы жөнінде 1517, 1526 жылдары Мәскеуде дипломатиялық тапсырмамен болған Австриялық дипломат С. Герберштейн де растайды.

Қазақ хандығының шекарасы туралы мағұлматтар орыс патшасы ІV Иванның 1552 жылғы жарлығы бойынша өз мемлекетінің шекарасын анықтауды көздеген материалдар жинастырылып, 1599 жыл шамасында Федор Ивановичтің тұсында жарық көрген «Большой чертеж» кітабында келтірілген. Мұны құрастырушылар «Қазақ Ордасының» «Хвалынск» (яғни Каспий) теңізінен Қарақұмға дейінгі жері мен георграфиялық нысандарына сипаттама береді [4, 5 б].

Қазіргі таңда Қазақстан бес мемлекетпен шекарласа отырып, бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін созылып жатыр. Бұның барлығы кезінде ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша күресіп бізге аманат етіп кеткен қасиетті жерлер.

Қазақ хандығының мемлекеттік атрибуттарының бірі дипломатия саласы болып табылады. Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен бейбіт тиімді қарым-қатынастар орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығы түркі мемлекеттерінің дипломатиялық қатынастар орнату, басқа елдермен келіссөздер жүргізу жөніндегі сан ғасырлық дәстүрін жалғастырды. Хандықта өзіндік дипломатиялық рәсімдер мен ережелер қалыптасты. Оған мысал ретінде, Қазақ хандығының одақтастық қатынас орнатқан тұңғыш мемлекеті – Моғолстан болды, Керей мен Жәнібек хандар қырғыз халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатты, тарихи аңыздарда қырғыздар өздеріне хан болу үшін Жәнібек ханның бір баласын сұрағандығы айтылады.

Қасым ханда Мәскеу мемлекетімен өзара тиімді саяси байланыс орнатты. Ұлы князь Василий өкіметі мен Қасым хан арасындағы елшілік байланыстар туралы «Қазақ кітаптары» («Книги казацкие») Мәскеудегі патша архивінде ХVІІ ғасырға дейін сақталып келген [1, 118 б].

Қасым хан заманынан кейін екінші рет Ақназар хан (Хақназар) Мәскеу мемлекетімен өзара тиімді саяси және сауда байланыстарын орнатты. 1571-1572 жылдары Ақназар хан Мәскеуге өз елшілігін жіберген. ХVІ ғасырдың 60-жылдары Бұқар ханы ІІ Абдаллах пен қазақ ханы Ақназар «дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасқан. Келісім бойынша екі мемлекет бір-бірімен тату өмір сүруге, тығыз сауда қатынастарын дамытуға міндеттеме алды. Ақназар хан тұсында қазақтардың қырғыздар, қарақалпақтар, башқұрттар, ноғайлар, өзбектер және Сефевилік Иран, Османлы, мәскеу мемлекеттерімен байланыстары нығайды. ХVІ ғасырдың 70-жылдары Қазақ хандығы көрші мемлекеттермен соғыспаған. Елдің ішкі басқаруына көбірек назар аударды [1, 134 б].

Тәуекел хан алыс мемлекеттердің ішінде қуат алып келе жатқан Мәскеу мемлекетімен Қасым хан, Ақназар хан замандарындағы тең қатынастарды даму жолдарын іздеді. 1594 жылы Тәуекел хан Мәскеуге Құлмұхамбет бастаған елшілік жіберді. Қазақ елшілігіне жауап ретінде 1595 жылы тәуекел хан ордасы Түркістан қаласына орыс елшісі Вельямин Степанов жіберілді [1, 152 б].

Ал Есім хан болса қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Есім ханға арнап қырғыз жеріндегі Кеңсай шатқалында ескерткіш салынса, Есім хан Ташкентте қырғыз Көкім биге күмбез орнатқан [1, 164 б].

Жәңгір ханның тұсында да ХVІІ ғасырдың 40-жылдарында бастап қазақ-өзбек арасында берік достық одақ орнайды. Екі бауыр халық ортақ жауға күш біріктіреді. Сол уақыттан бастап қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түрікмен халықтарының саяси ынтымағы артып, ортақ мүдде, татулық үстемдік етеді [1, 171 б].

Тәуке хан билік еткен кезеңде Бұқар хандығымен сауданы дамыту мақсатында елшілік алмасып тұрған. 1678 жылы Бұқар ханы Сұбанқұл атынан елшілік қазақ даласына келген. Тәуке көрші жатқан Ресей елімен де мәмілегерлік қатынас орнатқан. 1686-1693 жылдары арасында Тәуке Ресейге бес елшілік жіберген. Кейін 1694 жылы Тәуке хан Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасаған. [1, 176 б].

Мұның барлығы Қазақ хандығының ірі де қуатты мемлекет болғандығын, әскери, дипломатиялық тәсілдерді қолдана отырып, тәуелсіз саясат жүргізгендігін көрсетеді.

Бүгін күні де қазақ «елдестірмек елшіден» дейді. Мұның өзі Қазақ хандығының халықаралық мәселелерді шешуде күш көрсетуге емес, бейбіт жолмен шешуге ұмтылғанын көрсетеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан екен. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Ұлтаралық татулық пен келісім көктен түскен бірдеңе емес. Ол мемлекет пен баршамыздың күнделікті саясатымыз бен практикамыздың нәтижесі» - деп атап көрсеткен болатын.

Қазақ мемлекеттілігі функцияларының бірі – әдеттік ғұрыптар құқықтық нормалар жүйесімен реттеліп отырылды. Оған мысал ретінде «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Әз-Тәукенің «Жеті жарғысын» айтуымызға болады. Халқымыздың ертеңін ойлаған, болашағын болжаған хандарымыз бен билеріміз сол кездің өзінде-ақ еліміздің ынтымағы мен қауіпсіздігін арттыру бағытымен жүріп, оны жалпақ қазақ даласына жариялап отырған. Аталмыш әдет ғұрыптық жинақтардың барлығы қазақ халқының басын біріктіріп, қазақ хандығының нығаюына жұмыс істеді. Мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, елшілік жоралары, жұртшылық заңын тарау-тарауымен талдай отырып, күнделікті өмірге енгізген Қасым ханның ережелер жиынтығы халық арасында жоғары ілтипатпен «Қасым ханның қасқа жолы» атанып, ол ХVII ғасырда хандық құрған Есім ханның «ескі жолына» ұласты. Тарихтан білетініміздей, Есім хан Қасым ханның ғасырлар бойы сұрыпталып, орныққан осынау өміршең ережелерін өзгеріссіз пайдаланып, ел ішінде жаппай қолданды, әрі оны өз заманының қажеттілігіне орай жетілдіріп, жүйелеп, оны халық «Есім ханның ескі жолы» деп атады. Ал Тәуке ханның тұсында халқымыздың дана билері Тәуке хан басшылығымен бес тараудан тұратын Қасым хан, Есім хан ережелеріне тағы да екі тарау қосып, «Жеті жарғы» деп атады. Ол Қазақ хандығының өміршеңдігіне бірден-бір ықпал еткен мемлекеттің Ата заңдары болатын.

Бүгінде ата-бабаларымыз армандап кеткен Тәуелсіздік туы көкте желбіреген біздің кең-байтақ Қазақстанымызда сол хандарымыз бен билеріміздің жолдары мен жарғы-жосындарын қазіргі дәуір талабына сай әртүрлі заманауи заңдар мен жүйелі жоспарлар, сан алуан бағдарламалар алмастырған. Солардың барлығы бүгінде еліміздің өркендеп-өсуіне, алға қойған мақсат-мұраттарымызға жетуімізге қызмет етуде. Бұл ретте басқасын былай қойғанның өзінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барша қазақстандықтарға жыл сайынғы стратегиялық Жолдауларын айтсақ та жеткілікті [5, 7 б].

Қазақ хандығы тұсында да қазақ жерін бірнеше ұлт пен ұлыс өкілдері мекен еткен. Атап айтар болсақ, Хақназар хан тұсында қарақалпақтар мен башқұрттардың бір бөлігі қазақ хандығының қол астына қараса, Тәуекел хан да қарақалпақтарды қол астына алған, ХVІ ғасыр соңында қарақалпақтарға мекен жер Ұлытау аймағы берілген, хан өзінің бір баласын қарақалпақтардың бірқатар руын, ал інісі Шахмұханбетті қалмақтарды басқаруға қойған. Қазақ хандығы дәуірінде де ежелгі түркі қазақтың сайын даласында тату-тәтті ғұмыр кешкен. Бүгінгі күні де республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері бірлікте өмір сүріп отыр. Сонымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған. Биыл осы ҚХА-на 20 жыл толғалы отыр. Елімізде құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өзге елдерге, мелекеттерге үлгі көрсетіп қана қойған жоқ, бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін қалыптастырды. Ассамблея мүшелері қашан да Қазақ елінің ынтымағы мен бірлігін жақтап келеді. Достыққа - дәнекер, ұлағатты істерге - ұйытқы болды. Елбасы бір сөзінде: «Мені небір қиын күндерде де демеп жүретін  халықтың қолдауы, Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың достығы. Біз қоғамда қалыптасқан саяси тұрақтылықты, ұлттар арасындағы ауызбіршілікті, ағайын арасындағы сыйластықты, адамдардың бір-біріне деген мейірімділігін көздің қарашығындай сақтауды балаларымыздың балаларына аманат етіп өтуге тиіспіз!», - деп атап көрсеткен болатын.

Түйіндер болсақ, XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығы Еуразияның сайын даласында кем дегенде екі мыңжылдық тарихты артта қалдырған мемлекеттер мен заңдардың қасиетін, мәнді белгілерін, қағидаларын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, өзіне ғана тән қадір-қасиетімен алғашқы қадамын жасады. Басқаша айтқанда, біздің ұлттық мемлекетіміз өткені бұлыңғыр, алды көк тұман, қу тақырда құрылған, сайда саны, құмда ізі жоқ халықтарды бір шаңырақтың астына біріктіре салған саяси-құқықтық бірлестік емес. Оның мемлекеттілік дәрежесін айқындайтын бірнеше көріністері болды. Оның барлығын жоғарыда атап көрсеттік.

Тарихты жасайтын халық десек те, тұлғалардың алатын орны ерекше. Қай заманда да көсбасшының ұстанған саясаты елдің бірлігі мен тұтастығын сақтап қалуға бағытталды. Қазақ хандығының төрт ғасырға созылған шерлі шежіресінде жиырмадан астам хан билік құрған екен. Ел билігін қолға ұстаған бұл тарихи тұлғалардың талайым тағдырлары да сан қилы, билік құрудағы қабілеттері де әр деңгейде болды. Мемлекет іргесін нығайтып, туған халқының мәңгілік сүйіспеншілігіне бөленгендері де, елін тоздырып, дұшпанға таба қылғандары да жоқ емес. Бірақ олардың бәріне ортақ бір қасиет – өз замандарының қалыптасқан жағдайларына байланысты қал-қадірінше хандық туын жықпауға тырысты. Қазіргі таңда осы бабалар ізін жалғасырушы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев - «Қайтсем Қазақ елін мәңгілік мемлекетке айналдырамын?!» дейтін аса ұлы мемлекетшіл мүдде жолында тынымсыз ізденіс үстінде жүрген халқымыздың аяулы перзенті һәм Ұлт Көшбасшысы. Мәңгілік ел болуды көздеген мемлекет, алдымен өз тек-тамырының тереңнен тартатынын және ата-бабасының өте бай тарихы бар екенін есінен бір сәтке шығармауы тиіс. Ұлттық идеяның өзегі - ұлт тарихында. Мұны Елбасы ешқашан назардан тыс қалдырған емес.

1991 жылдың 16 желтоқсанынан Қазақ мемлекеттігі тарихының бесінші дәуірі есік ашты. Сан ұрпақ аңсаған азаттық таңы атты. Содан бері артта қалған ширек ғасыр ішінде жоғалтқанымызды тегіс түгендемесек те мемлекеттігіміз қалыптасқаны – әлем мойындаған ақиқат. «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, әлеуметтік, экономикалық, саяси жаңару жолына түскен Қазақстан бүкіләлемдік қауымдастықтағы өз орны, өз беделі бар абыройлы мемлекетке айналды» деген еді Президент.



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Аяған Б. Ғ., Әбжанов Х. М., Исин А. И. Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2011. – 320 бет.

  2. Әбдібек Ж. «Қазақ хандығы: мәселелер мен ұсыныстар». // Ақиқат. – 2015. – №7. – қаңтар. – 78 – 86 бб.

  3. Сағидоллаұлы Қ. «Қазақ хандығы ұлттық сипаттағы мемлекет болды» http://alashainasy.kz

  4. Есмағамбетов К. Л. Елдік белестері. // Егемен Қазақстан. – 2015. – қаңтар. 22 – № 13 (28491). – 5 бет.

  5. Молдабаев С. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Нұрсұлтанның нұрлы жолы. // Егемен Қазақстан. – 2015. – қаңтар. – 1 – № 1 (28479). – 7 бет.



Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров817
Номер материала ДВ-191573
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх