Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Қазақ өлеңінің Қадірі" тақырыбында әдеби-сазды кеш

"Қазақ өлеңінің Қадірі" тақырыбында әдеби-сазды кеш

Скачать материал

Тақырыбы: Қазақ өлеңінің Қадыры

 Мақсаты:             Қадыр Мырза Әлидің өмір жолы, ақындық қызметі туралы әңгімелеу. Поэзияны сүюге, қадір тұтуға   тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақын портреті, слайд

Барысы:    I. Ұйымдастыру

                    II. Мұғалім : Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі « Қазақ өлеңінің Қадыры» атты әдеби кешіміз көрнекті ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналады.

         Қадыр Мырза Әли « Ұсақ-түйек, кішігірім шаруамен шұғылданған жан шарықтап ұша алмайды. Бүкіл өмірі күйбең-күйбең тірлікпен өте шығады, жарық дүниеге неге келіп, неге кеткенін өзі де білмей қалады. Алдына аса биік мақсат қоя білген азамат қана өте алысқа барады. Адамда да қанат бар. Ол- арман» деп ғұмырының әр кезеңін үлкен істерге, халқының қажетіне арнаған ақын.

         Экраннан Қадыр Мырза Әлінің өмірі, шығармашылығы туралы сыр шертетін слайд көрсетіледі.

Ақын 1935 жылы 5- қаңтарда Орал облысының Жымпиты топырағында дүниеге келген.1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.Еңбек жолын сол жылы ашылған « Балдырған» журналынан бастап, ұзақ жылдар « Жұлдыз» журналында, « Жазушы» баспасында, Жазушылар одағында жұмыс істеген. Тұңғыш өлеңі 1954 жылы жарияланған ол содан бері қырықтан астам жыр кітаптарын жариялаған.

         Ақын қаламынан туған « Күміс қоңырау» мен « Ақ отау», « Бұлбұл бағы», « Ой орманы», « Дала дидарын» жинақтаған « Көш», қос кітапты « Домбыра» және « Жерұйық» атты жинақтарында өз тағдыры – халқының тағдыры, халқының тағдыры – өз тағдыры, өз мүддесі екенін мейлінше сезінген. Ол Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік және Тарлан  сыйлықтарының иегері. Тілі шыққан баладан аты шыққан данаға дейін Қадыр есімі – қадірлі.

         1-оқушы « Өмірбаян орнына»

Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,

Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен.

Мырзалының

Үміт артқан өлгенше

Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен.

         Жүз демеймін –

         Түсінеді жөнді ұққан,

         Жалғыз едім мен бір ірі сомдықтан,

         Жалғыз едім өспей қойған атадан,

         Жоғалуға қақым жоқ-ты сондықтан!

Ағайын жоқ ертелі-кеш андыздар,

Бар аздаған ойнамайтын балдыздар.

Бар аздаған жолдастарым,

Достарым,

Олар да сол:

Мен секілді жалғыздар.

         Ә, айтпақшы,

         Жарқылдаған жарым бар,

         Үш балам бар,

         Құдай берген дарын бар,

         Момын да емен көне кетер қорлыққа,

         Асау да емен ала қашып арындар.

Өлең жаздым тоғыз тарау,

Жеті өрім.

Сездім соның жүректерге жетерін.

Жалғызбын деп

Жанға нөкер болмадым,

Өзімнің де болған емес нөкерім.

         Сөйледім бе,

         Сөйлемеймін бекерге,

         Ақылымды алмасын тек кетерде.

         Жағаласпай тыныш жүрсем,

         Әлі де

         Жаман жүрек жарап қалар лекерге!

Ән « Тамаша».

2-оқушы: Ақын өз өмірі туралы былай деп толғанады: « Менің балалық шағым жоқтықпен өтті. Соғыстан кейінгі аштықтың ауыр азабын бастан кешіп өстім. Үйімізде мал, дүние болған жоқ. Әке мен шешеге еркелеуді білгем жоқ. Талонмен жүрек жалғар ғана нан береді. Дүкенде фамилияң жазулы тұрады. Таң қараңғысынан кезекке тұрып, нанға барамыз. Дүкен төбелеу жерде болатын.

         Бір күні нан алып келе жатып, қарным ашқаннан көзім қарауытып құлап қалғанмын».

3-оқушы: « Бір үзім нан»

 4-оқушы: Балалық шағы сұм соғыс жылдарына тап келген Қадыр балалықтың тәтті балын татып та үлгермеді. Соғыс, жоқшылық, қайғы бала Қадырды есейтті. Бұл жылдар туралы Қадыр « Мені сиыры бар үйден шайға сүт алып келуге жібереді. Тостағанымды көрсетпей артыма тығып тұрам. Қас- қабағына қараймын. «Келе ғой» демесе, көрсетпей шығып кетем» деп еске алады. Ақынның достарына « Сендер оқуды әліппеден, ал мен қас-қабақтан үйренгем» деп қалжыңдауының астары да осында.

5-оқушы: « Балалықсыз балалық»

ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы, өз үйі, өз қара шаңырағынан. Өйткені, ақын да кәдімгі бала. Ал ата-ана өздерінің ойда жоқта абайламай айрықша азамат, ұлы перзент әкелгеніне ә дегеннен сене алмайды. Олар үшін бұл – ақылға сыймайтын жұмбақ дүние. Ағайын- туған, ауыл-аймақ та осылай қабылдайды. Басқа-басқа құдай қосқан қосағың да жарының қандай қандай ірі тұлға, қандай айдарлы ақын екенін кездесулерден көріп, елден естіп біледі, бірақ сене қоймайды, өтпелі дүние деп есептейді. Обалы не к ерек, талантты алдымен танитын да, табынатын да оқырман қауым, қалың ел, халық!»

         Иә, ақын түйінінде үлкен шындық бар. Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Талантына табынды. Өзгеге ұқсамайтын жауһар жырларын тұшына оқыды. Қадыр  ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін , тазалығын ту еткен туындылар ұсынды.

7-оқушы: « Қазақ пен қонақ»

8-оқушы: « Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»

9-оқушы: А қынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың, сүйсіндіреді, тамсандырады, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді.

         Қысқасы, басыңнан бақайшағыңа дейін ұлттың асыл қасиеттерімен, құндылықтарымен қаруланасың.

                   Ән « Атамекен»

         « Домбыра» өлеңі

10- оқушы : « Қадыр – найзалы ақын. Дәуірдің, уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын. Оның поэзиясы- өзіміздің өмір сүріп отырған дәуір мінездес»депті Мұқағали ақын.Бұл талантты тану, мойындау, түйсіну десек те сия береді. Қалай десек те қазақ өлеңін Қадыр Мырза Әлисіз елестету қиын болар.

         Ән « Әже туралы»

11- оқушы:  Қадыр ақынның айтуынша, Швецария әдебиетшілері негізінен үш тілде ( итальян, неміс, француз тілдерінде) жазады екен.Жас талапкер қай тілде қалам сілтесе, сол тілдің төркініне қоныс аударып, әбден атақтары шығып, әйгілі болғаннан кейін барып кіндік қаны тамған өз отанына оралады екен. Әйтпесе өз елі, өз отаны оны мойындамайды екен.

танытпай қоймайды. Өз ақындығымен өзін мойындатқан ақынның бірі- Қадыр ақын.

12-оқушы: « Ақиқат пен аңыз»

13-оқушы: Қадыр ақынға бірде « Аға, қазақта уақытты өзіне бағындырған бірден- бір ақын өзіңізсіз. Сло туралы әңгімелеңізші» деп өтініш білдіреді. Ақын « Ол рас. Уақытты дұрыс пайдаланудың нышандары мектеп қабырғасында басталды-ау деймін. Мен әдебиетке ғана емес физика, математикаға да өте зерек болдым. Аштық пен жоқтықтың салдарынан 6-сыныпта оқи алмай қалдым. Сол үзіліс жаныма қатты батты. Сол жазда күн, түн, сағат, минутты қатты есептеп, оқулықтағы теориялармен салыстыра отырып, өзімді-өзім оқытып шықтым. Мен жалпы ойын-тойларға көп бариаймын» деп жауап береді.

Ән « Сыған серенадасы»

14- оқушы: Қазақ прозасының майталманы Әбіш Кекілбаев « Қадыр таланты- қарапайым»деп бағалайды, шынында да Қадыр қарапайымдылығымен халық санасында өзіндік орны бар ақын.

        

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қазақ өлеңінің Қадірі" тақырыбында әдеби-сазды кеш"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 870 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.10.2015 1107
    • DOCX 20 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есмаганбетова Батима Куаншалыевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34926
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек