Инфоурок Школьному психологу СтатьиАбдулла Нұрай Бауыржанқызы. 5-сынып "Қазақ мақалдарындағы тәлімдік психологиялық мәселелер"

Қазақ мақалдарындағы тәлімдік психологиялық мәселелер

Скачать материал

Қазақ мақалдарындағы тәлімдік психологиялық мәселелер

 

Абдулла Нурай Бауыржанқызы

 

Халқымыз әр  жастағы адамдардың  көңіл-күйі, сезімдері, мінез ерекшеліктері, түсінік-талғамдары, сенім, қызығушылықтары, әдет-дағдылары бірдей болып келмейтіндігі  жөнінде де қызықты  пікірлер айтқан. Мақал-мәтелдерде адамның жас  өзгешеліктері негізінен балалық, жастық, кемелдік және кәрілік шақ  болып, төрт кезең  тұрғысынан қаралатындығын  байқауға  болады.

Адамның моральдық бейнесі, психикасы оның іс-әрекет  үстінде дамиды, ал бұлардың алғашқы ірге тасы балалық кезде қалыптасады. Халқымыз өз ұрпағын жақсы қасиетке баулуды  үнемі негізгі мәселе деп ойлап келген. Осыдан болу керек, сәби, бөбек тәрбиесі мақал-мәтелдерден елеулі орын алған. «Бала тілі балдан да тәтті», «Балалы үй базар»,  «Бала –көңілдің гүлі, көздің нұры»,  «Алты жасар бала, атқа мінсе, алпыстағы шал алдынан шығады» деген сынды т.б. мақал-мәтелдерге  түсінік  берудің қажеті болмас. Халқымыз  тәрбиесі кем  балаға  жаны ашып: «Әдепсіз бала – сорлы бала», «Жаман бала күйік», «Талабы жоқ жас ұлың, жалыны  жоқ шоқпен  тең», «Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы» деп әдепсіз, кісінің де, өзгенің де мазасын кетіретін, талапсыз, ынжық, жалқау, қорқақ, күйгелек, өздігінен еш нәрсе істей алмайтын ебедейсіз балалардың келешегінен күдіктенеді де, ата-анасының  айтқанын екі етпейтін, тіл алғыш  зерек, көп нәрсені танып білуге  құмар, елгезек, ықыласты балаларды   басқаларға үлгі етеді.

Бала біткеннің бәрі де ес білгеннен білсем, естісем, ұстасам, алсам деп әрекетке  ұмтылады. Ол өзін қоршаған ортамен, басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынасқа түсуді қалайды. Бұл – баланың өзін, қоршаған ортаны танып білуге құштарлығы. Олар үшін жәй нәрсенің өзі жаңалық. Бұлар- құмарпаз, әуесқой, тынымсыз зерттеуші. Көптеген мақал-мәтелдердің мән-мазмұны осы байланысты айтылған ойды да бейнелейді. Ата-ана өз баласын өнегелі  сөзбен, жеке басының үлгісімен  тәрбиелейді. Ойын баласында үлкендердің сөзіне, қылығына, іс-әрекетіне еліктеушілік  басым. Бұл жөнінде мынандай мақалдарды еске түсіруге болады. «Балапан ұяда не  көрсе, ұшқанда соны іледі», «Балаға байқап  сөйлесең,  ақылыңа көнер, байқамай көп сөйлесең, көрсетер  бір  өнер» деп  халық  бала  тәрбиесін құрғақ сылдыр сөзбен  жүргізгеннен гөрі, іс-әрекет, үлгі-өнеге арқылы жүргізудің  пәрмендірек келетіндігін, сондай-ақ, бала тәрбиесіне оның  құрбы-құрдастарының, жора-жолдастырының да ықпалы  болатынын   еске  алып   отырған. Сонымен  бірге, балаға деген ерекше мейірімділіктің де,  асқан қаталдықтың да, баланы бір-бірінен алалап  қараудың да теріс екенін, ал  баланың жеке басын   құрметтеп, елеу оның  психологиясының    дұрыс   қалыптасуына  жағдай  жасайтынын   нақыл  сөздер    дұрыс   көрсеткен.

Халық  ұғымында    адамның  негізгі  өмір кезеңінің  бірі – жастық кезең (бозбалалық  шақ). Мақал-мәтелдерден   бұл  тақырып та елеулі  орын   алады. Мәселен, «Ақыл   - жастан»,  «Жастық - жалын», «Жастықты қайтара алмайсың» деген толғаулар  жастық, бозбалалық   шақ – адамның ақыл-ойы   қауырт   өсетін, қажырлы іс-әрекетке, қимылға  құштар албырт роман-тикалық  кезі екенін дәл  бейнелейді.  Жастық   шақтың  басты белгісі – адамның жаны мен  тәніннің  сапалық  жағынан  үлкен  өзгерістерге   түсетіндігінде. Осы жаста адамның  қоғамдық белсенділігі артады.

Халқымыз жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеу жайында да талай сындар-лы пікірлер айтқан. «Баланы таба білсең, баға да біл», «Баланы сүйсең,   тәрбиесін сүй», «Баланы мақтау жетілдірмейді, тәрбилеу  жетілдіреді» деген мақалдар  баланы   құр «айналайын»  дей   бермей, оны адамгершілікке   баулу жағын  ойластыру қажеттігін, от басынан, ұшатын   ұясынан, әке-шешесінен алатын  тәрбие   қандай  болса, көп  жағдайда  оның алдағы  өмірі  де  соған   орай    құрылатындығын аңғартады.

Жас бөбектерге   шынайы   тәрбие   беру де оның  жеке  психологиясын,  жас   өзгешелігін, мінез-құлығының ерекшелігін айрықша  ескеру керек деп  көрсетеді   мақалдар. Бұл жөнінде  халық  бірде: «Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле», «Бала  көктен   шыққан  қызыл  гүл, солдырмаудың  жолын  таба біл», «Қарды   қылау  өсіреді, баланы сылау  өсіреді» дейді. Баланы оқытып-тәрбиелеуде оны жас кезінен бастап   қолға  алса ғана  тәрбие  нәтижелі  болып, жақсы  жеміс  бере  алады. Жас  бала табиғатында  оқып-үйренуге, танып-білуге әуес. Ұстаз да, ата-ана да  осы кезді тиімді пайдаланып   қалуы  қажет.

Халқымыз бала  психолгоиясының  қалыптасуында ойын әрекеті  де елеулі  рөл атқаратындығын  жақсы  аңғарған. Ойынның маңызы жөнінде мақал-мәтелдерден түйетініміз мыналар: ойында  бөбектің  ортамен қарым-қатынасы  кеңейіп,  таным  қабілеті  өсіп, міне-құлқы  қалыптаса  түседі. Бала  ойынының түрі де, мазмұны да сан алуан. Ойын  үстінде бала  достыққа, жолдастыққа,  тапқырлыққа, іскерлікке, ептілікке, адамгершілікке   баулынады.  Бала  табиғатынан қимыл-қозғалысқа  құмар болғандықтан, ойын   балалық шақтың   басты  ерекшелігі.  Мәселен, «Баланың  істегені  білінбес», «Баламен ойнама, шаршарсың», «Ойнай  білмеген, ойлай  білмейді» деген мақалдар баланың  ойынға аса  құмар  болатындығы, ұл мен қыздың ойыны да   түрліше   болатыны, ойын  арқылы  баланың сана-сезімі,  кәсіп таңдауы, ақыл-ойы  өсіп  жетілетіндігі көрсетіледі.

Баланың дүниетанымында, оның психологиясының қалыптасуында  оқу-білімнің ерекше орын  алатынын да мақал-мәтелдер дұрыс   көрсете алған.  «Білімнен асар  байлық  жоқ», «Білек  сүріндіре алмағанды, білім  сүріндіреді»  деген сынды   мақалдардан  осы  ойды анық  көруге  болады. Әрбір жеткіншек   білімді  адамның  жақсы  ісін , әдепті қылығын   өзіне  үлгі етуі  тиіс. Халқымыз  оқу процесінің  еңбекпен де  егіз   екенін аңғарған. «Оқу инемен құдық  қазғандай».

Адам жүйелі, жоспарлы  оқу арқылы  ғана өз  білімін  дұрыстап  толықтыра  алады,  оны кейін   керегіне  қажетінше  жарата  алады.

Мақалдар адамның психологиясы негізінен іс-әрекет үстінде  қалыптасады  дей  келіп, тәлім-тәрбие  процесі  үшін  баланың  кейбір  туыстан берілетін қасиеттерімен  (ғылым тілімен айтқанда оны анатомиялық-физиологиялық  нышандары) санасып  отыруын   ескертеді.  Мәселен «Саусағы  ұзын биші  болар, құлағы  үлкен  күйші болар»,  «Ат  болатын  құлынның бауыры   жазық келер, адам  болар  баланың   маңдайы  жазық  келер» - деген  ғибратты сөздерде   баланың, кейбір  сезім  мүшелерінің, анатомиялық  белгілерінің  нәсіл  арқылы   берілетіндігі, бұлардың  оқу-  тәрбие ісіне аз да  болса қатысы   барлығы, сондықтан  осындай сыртқы  мүмкіндіктермен  санасу қажеттігі сөз  болып  отыр. Халық  даналығы  жас  буындарды  оқытып-тәрбиелеуде   өмір  барысында  меңгерілетін  оқу-білім, дағды  әдеттерге  ерекше  маңыз  берген. Осыған  орай   «Ықылас пен ынтымақ бітер  іске  болсын тап», «Жігіттің  түсіне қарам, ісіне  қарама», «Жігіт түрімен емес, ісімен әдемі» деп  адамның  білім, дүние танымы шыдамдылықты,  ойлап-толғануды, құмарлық, ықыласты керек ететіндігін, берік  білім, өнегелі  тәрбие іс-тәжірибе   үстінде, белсенді әрекет арқылы, қалыптасып отыратындығын әдейілеп ескертеді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Абдулла Нұрай Бауыржанқызы. 5-сынып "Қазақ мақалдарындағы тәлімдік психологиялық мәселелер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 981 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2016 832
    • DOCX 58.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каракожаева Жаухар Тиллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каракожаева Жаухар Тиллаевна
    Каракожаева Жаухар Тиллаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2320
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные проблемы психологической поддержки детей и подростков с учетом концепции развития психологической службы в системе образования в Российской Федерации на период до 2025 года

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 312 человек

Курс повышения квалификации

Творческие ментальные состояния

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 91 человек

Курс повышения квалификации

Основы кризисной психологии

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 325 человек

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе