Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / «Қазақ мәдени шығармашылығының шыңы. Киіз үй.» тақырыбында музейде ұйымдастырылған лекция

«Қазақ мәдени шығармашылығының шыңы. Киіз үй.» тақырыбында музейде ұйымдастырылған лекция

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Қазақ мәдени шығармашылығының шыңы. Киіз үй.»

Өткізілетін күні: 12.10.2016ж

Өткізілетін жері: мұражай

Өткізілу әдісі: лекция

Аудитория:

Жауапты:Нурлыбаева Ф.М.

Мақсаты: 1. Қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәлімет беру, киіз үй құрылысымен танысу;

2. Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру.

3. Ата дәстүрін ұмытпауға әрқашанда қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі: киіз-үй жасаулары – суреттер, слайд.



Жүргізуші:

-Мәдениет дегеніміз не?
-Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» «қала, қалалық»деген сөзінен енген.
-Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы. Адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі.
-Мәдениет неше түрге бөлінеді?
-Материалдық мәдениет- (жиһаздары, қолөнер бұйымдары т.б.)

-Рухани мәдениет-
Адам баласының шаруашылыққа Атадан балаға таралған
байланысты күнкөрісінен туған шығармалар(аңыз әңгімелер, жыр,
дүниелері(баспанасы, киім - кешегі, дастан, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер, даналық сөздер)


Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үй

Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.

Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді.Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады.Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі.Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже , қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан , жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қлоайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.



Киіз үй жабдықтары.

  Қазақ халқының сан ғасырлық ақыл-ойының, өмірлік тәжірибесінің, шынайы еңбек пен табиғатты түсіне білуінің, шеберлі пен даналық суреткерлігінің құдіретті туындысы киіз үй десек болады. Киіз үйдің күмбез тәрізді жасалуы,  күн тіке түетін беттің неғұрлым аз, ішкі көлемнің көп басылуы, ақ сөңке сүйекпен борлануы, күн сәулесін өткізбеу үшін қажет. Кереге жоғары жағына қарай тартыла береді де уық арқылы күмбізге айналып кетеді. Үй басу өнері – аса іскерлік пен қыруа еңбекті, шынайы талғамды керек ететініс. Киіз үй сүйегі, яғни  керегесі мен уықтары  көбіне өзен бойындағы  талдардан жасалады. Кейде қайыңнан жасалады. Қайыңнан жасалған үйлердің көлемі үлкен, сүйегі салмақты, берік болады.Шаңырақ үшін дайындалатын ағаш мейлінше түзу және бұтақсыз болуы керек.

hello_html_m15750844.jpg

Кереге-киіз үйдің қабырғасы.Ол арнайы таңдай алынған талдан иіліп, құрастырылады.Иілген керегеге мәнерлі сызықтар салынады.Бұл сызықтар «Қобы»деп аталады.Кереге көз өлшемдеріне қарай «жел көз»,  «тор көз»болып екіге бөлінеді.Кереге биіктігі оның көгімен есептеледі.Көк дегеніміз-қиылысқан екі ағашты біріктіру.



hello_html_79571a66.jpg





Киіз үй есігі арнайы таңдап алынған ағаштан жасалады.Көшіп қонуға ыңғайлы болу үшін есіктің маңдайшасы мен табалдырығын жинамалы етіп жасайды.



Уық-шаңырақ пен кереге басын жалғастыратын, талдан ию арқылы жасалатын киіз үйдің негізгі сүйек мүшелерінің бірі:hello_html_m346307b3.jpg





hello_html_m244a999f.jpg

Шаңырақ-киіз үй сүйегінің негізгі түйіні.Шаңырақ шеңбер тәрізді «бөгеннен», «күлдіреуіштен», «күлдіреуіш бақалағынан» тұрады.



Бақан-шаңырақтың қосалқы бөлшегі.

Ши-екі қанаттан тұрады.Ел ішінде үй жабудың екі түрлі үлгісі қалыптасқан.Біріншісі, тұтас үш туырлықпен жабу да, екіншісі, үзектеп жабу.Киіз үйдің әрбір арқан-бауларының өзіндік атқаратын қызметтері бар.Бас арқан-құрулы кереге қанаттарының басын айналдыра тартатын арқан.Белбеу арқандар-жабулы киіз үйдің сыртын айналдыра, екі жерден тартылатын арқандар.Таңғыш-өзера қайысқан әрбір екі кереге қанатын біріктіретін, ұзындығы 3-3,5 метр шамасында болып келетін,түрлі-түсті құр.Уық бау-уық пен кереге бастарын біріктіру үшін, арнайы түрлі-түсті жіптен есілген бау.Уықтың аяқ бауы-жығылуы киіз үйдің жиналған уықтарын топтан буу үшін,уықтың ұзынбойына арнайы тағылған бау. Жел бау-шаңырақ бөгенінің екі ернеуіне үйдің екі бүйіріне түсіп тұратындай етіп тағылатын, түрлі-түсті жалпақ құр. Кіндік бау-маңдайшаға байланады, ұзындығы 2 метр, жуандығы 1,5 см шамасында есілген бау.Киіз есік-жиналғанда кіндік бау арқылы маңдайшаға байланады да,үй сыртынан жабылғанда кіндік бау бір босағада төменгі белбеу арқаннан өткізіліп,екінші босағаға байланады.Кіндік бауды негізінен ала жіптен есіп жасайды. «Адамның ала жібін аттамау»деген халық ұғымының бір төркіні осында болса керек.Басқұр-бас арқанның үстінен, уық шаншылып, кереге бекітілген кейін тартылатын, жалпақтығы 13-15 см шамасында 2 немесе 3 түрлі жіптен ызып тігілген жалпақ құр.Тегеріш-басқұрдың үстінен үйді айналдыра тартылатын, түрлі-түсті жіптен ою-өрнек салып тоқылған жалпақ терме бау.Киіз үйдің сүйек мүшелерін, жабының жекелеп талдап қарасақ,олардың жасалу техтологиясын, пішімдерінің өте жоғары дәрежелі ғылыми негізі бар екендігін көреміз.Үйдің сүйек мүшелерінің жоғарыдан түскен салмақты шаңырақ бөгеінен бастап кереге аяғына дейінгі аралықта бірдей мөлшерде қабылдау, оған қоса сыртқы табиғи күштерге төтеп беруі, олардың пішімдерінің өте күрделі есептеулер нәтижесінде алынғандығының айғағы.hello_html_m3d489b4a.jpg















Міне, балалар, сабақтың байырғы бастамасы, киіз үй құрылғысымен тереңірек таныстық. Қоршаған табиғат пен ғажайып гармониялық үйлесім тапқан, негізінен төрт түлік мал өнімдері мен жергілікті табиғат байлығының бірі – талдан тұратын, жинақы да жеңіл, қарапайым да қолайлы халық баспанасы – киіз үйдің жалпы құрылысы міне, осындай.







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров22
Номер материала ДБ-379298
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх