Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Қазақ поэзиясының Хантәңірі" әдеби поэзиялық кеш
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Қазақ поэзиясының Хантәңірі" әдеби поэзиялық кеш

библиотека
материалов


Қазақ поэзиясының Хантәңірі


Мақсаты: Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыны, қазақ поэзиясының Хантәңірінің Мұзбалағы өлеңдерінің мазмұнын терең ұғындыру; ақын шығармалары арқылы оқушыларды елін, туған жерін, Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейірімділіккке, сөз құдіретін қастерлей білуге, ақынжандылыққа тәрбиелеу; поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге баулу.

Түрі: әдеби-сазды поэзия кеші

Көрнекілігі: ақын шығармашылығына арналған слаидтар, бейнебаян

Өту барысы:


(«Арыз жазып кетейін»)

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті жыр сүйер, өнер сүйер, өлең сүйер қауым!

2-жүргізуші: Армысыздар ардақты ұстаздар, студенттер, қадірлі кеш қонақтары!


1-жүргізуші: Ер ақын, ерен ақын , ерекше ақын , жыр дүлдүлі, ғасыр ақыны атанған, Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған

«Қара өлеңнің Хантәңірі» атты әдеби-сазды поэзия кешіне

1-2жүргізуші: қош келдіңіздер!


1-жүргізуші: Халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін, қазақы ауыл тірлігін сезіммен жырлаған ақынның бірі-Мұқағали Мақатаев.


2-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан , жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген дарын иесі ұрпағымен мәңгі бірге.


1-жүргізуші: Ендеше, қасиетті қара өлеңінің Құлагері Мұқағали Мақатаевтың өміріне арналған бейнематериалға назар аударайық.

( бейнематериал «Өмірі мен шығармашылығы»)


2-жүргізуші:

Қазақтың қыран ұлы, жампоз жырдың дүлдүлі Мұқағалидың халық жүрегінен терең орын алған өлеңдері көпшілік сүйіп орындайтын әндеріне айналды.

1-жүргізуші: «Балалық шағың-патшаның тағы» деп жырлаған ақынның сөзіне жазылған «Бақыт деген...» әнімен сахнада ......... Айзат

Қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Ақын поэзиясының жұмбақ әлеміне бір сәт үңілсек, оның жырларынан көрегендік, данышпандық, керемет бір қасиеті бар екендігін сеземіз.

2-жүргізуші: Ендеше, маржандай тізілген ақын өлең жолдарында «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім» деп өнердің мәңгілік екенін айтып кетті.

( поэзия «Бабаларым, рахмет сендерге» Ерқанат- ЭС-21 , « Санаулы күн» Салауат А-24, «Ұят болды-ау» Ербақыт-Э-22, «Бақыт деген не өзі....» АружанАСУ-21, « Кем болып...» Шырай Э-21 )


1-жүргізуші:

Өлең деген –әр сөздің келісімі. «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» ақынның ақыны ғана келістіре алады.

2-жүргізуші:

Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысы мен, ақиқаттың алдында аласармауымен қымбат, құнды.

( өз даусын тыңдату)


1-жүргізуші: Иә, поэзия-үміт сенімі, жүрек дірілі, жан тынысы, шексіз сезімге толы махаббат» осы құдіреттің бәрі Мұқағали поэзиясынан табылады.


2-жүргізуші: Ендеше ақынның ән-жырын білмейтін адам кем де кем шығар. «Есіңе мені алғайсың» әнін бәріміз қосыла шырқайық.

Нұр жауып тұрған көктемде,

Гүл тере барсаң бөктерге

Қоңыраулатқан аспанда,

Найзағай шаншып өткенде,

Есіңе мені алғайсың.

1-жүргізуші:

Олай болса, ақынның осы өлеңін Илиясов Азаматтың орындауында тыңдайық. Қарсы алыңыздар!


2-жүргізуші:

Ақын әжесі туралы «Мені өлең сөзге, жырға үйір еткен, сүюге тәрбиелеген әжем» десе , анаға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімін жыр өрнегімен зерлейді.

( Поэзия: «Ақ кимешек көрінсе» ОТС-41 Гүлден, «Шеше, сен бақыттысың!» Темірхан Э-14, «Ана туралы Сағдат А-11 , «Бесік басында» Айзат АСУ-21 «Қайран жандар» Аңсатбек М-31)

( Ән «Арулар-асыл жандар» Ақтаң А-23)


1-жүргізуші:

Ақынның туған жерге арнап жазған өлеңдерінде өзгеше жылу, сыршылдық, жан-жүйені шымырлатар қасиет бар.

2-жүргізуші:

Апырмай,

Туған жер-ай!

Теңдесер кім,

Бұл жерге сен болмасаң, келмес едім,

Кіндігімді байлаған қазығым-ай,

Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім-деп жырлаған, Мұқағали ақынның туған жер, Отанға деген одасын тыңдайық.

(Поэзия «Туған жер» Замира ОТС-12, «Отан» Еділ , «Отан» Нұртуған ОТС-12 , «Елім барда» Жеңісбек Э-25,


1-жүргізуші:

Сырым да осы, жырым да осы, алдыңда,

Байқашы бір бықсыдым ба, жандым ба?

Мақаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда»


2-жүргізуші: Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында ақиық ақын Мұқағали ұрпақтарға ұлан ғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім.

( Ақын өлеңдері «Арыз жазып кетейін» Абылай А-13, «Поэзия» Мәдина АСУ-11)

1-жүргізуші: Өлең-өнер, өлең-дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді. Сол ақ қағазда иесін тапқан әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады.

Ән

1-жүргізуші:

Жыр боп ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды. Ақын өлеңдерінің өміршеңдігі олардың мағынасы мен терең мазмұнында, кез келген адамның жүрегіне қона кетер қарапайымдылығында жатса керек.

2-жүргізуші: «Мұқағали –құдіретті ақын. Оның поэзиясы-даналықтың көзі. Бізде поэзия дәуірі басталды» дейді ақын Әбділда Тәжібаев. Иә, Мұқағали өлеңдері мәңгі өлмейтін поэзия.

( Поэзия «Шыда» Нұрхан А-12, «Шаршаймын» Албина Э-13», «Қиын не бар» Назерке Э-21, )


1-жүргізуші:

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы,

Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы


2-жүргізуші: Иә, естеліктер де жазылуда, пікірлер , дастандар жазылып, жылы лебіздер айтылуда. Ақын туралы естеліктерге кезек берейік. ( бейнематериал, естеліктер)

Ән


1-жүргізуші: Ақын табыт боп та, халық боп та сөйлейді, жетімдер мен жесірлердің зарын айтады. Содан соң бесік жыры боп әлдилейді, тербетеді. Соның бәрінде де ақын өмір үнмен үндесіп, жер бетіндегі адамдармен тілдесіп отырғанын көрерміз.


2-жүргізуші:

Халық көңілін сусындатқан ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тірішілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір шуағын, өмір жұпарын жыр етеді. (Поэзия «Пай-пай, өмір!» Рахат Э-14, «Ей, өмір!» Сәнімгүл А-13, «Қызық өмір» Еділ Э-22, «Жоқ , дәрігер» Сырғалым СА-31, «Өмір жайлы» Батырбек Э-14


1-жүргізуші:

Мен –Адам ата, ол-Хауа ана,

Мен де таза, ол да таза, ауа да.

Сағым болып теңселеді тау-орман,

Барлығы да махаббатпен жаралған.


2-жүргізуші: Ақын адамзатпен бірге жаратылып, адамзатпен бірге өлетін мәңгі тақырып-ұлы махаббат туралы асқақ сезіммен жырлаған.

(Поэзия «Мен сені сағынғанда» Тұрар ОТС-21, «Дос болам десең...» Құралбек- А-11, «Аңса, жаным» Гүлсезім- П-22, «Сезбейсің ғой....» Абай Э-47, «Шәмілге хат» Мейрамбек-Са-31, «Жамылып сағыныштың сал шекпенін» Захим АСУ-21, «Махаббат диалогі» Құрал, Айзат)


1-жүргізуші:

Жыр сазы Қарасаздан басталған Мұқағали бүгінде ән болып, аспанда қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау аспан әлемінде қалықтап барады.

2-жүргізуші: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған « Сенің көзің» әнімен « » тобын қарсы алыңыздар!


1-жүргізуші:

«Батар күн, келер түн,

Атар таң, шығар күн.

Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын.

Осы мен сірә да өлмейтін шығармын,

Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын.


2-жүргізуші:

Ақын қалай дәл болжап кеткен десеңізші! 1976 жылы 27 наурызда қалғып кеткен сәтінен бастап, сәл мызғыды да, поэзия әлеміндегі мәңгілік жаңа өмірі басталды.






1-жүргізуші:

«Жалғасы бар жырымның жалғасы бар,

Жырларым жылдарымммен жалғасыңдар.

Сел жырым ақтарылса арнасынан,

Селкілдеп тау мен тас та зорға шыдар.»

2-жүргізуші:

Тебіренген ақын жырының жалғасындай болып , колледжіміздің жас ақындары өз сезімдерін жырмен өрнектеп, ақиық ақынға арнауларын ұсынады. Қабыл алыңыздар! ( Арнау өлеңдері Мәдина-АСУ-11, Аслан-А-34, Айдана-ОТС-11, Албина-Э-13, Қайыржан А-23, Шыңғысхан Т-23, Айша-А-11)


1-жүргізуші:

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден


2-жүргізуші: Абайды үлгі түтіп, сөз құдіретін, ақындық сезіммен қабылдап, Абай сүрлеуімен Мұқағали қазақтың қара өлеңіне жаңаша түр беріп , құдіреттілігін танытты.


Ән «Әдемі-ай» тобы


1-жүргізуші:

Құлпыртып Қарасаздың бар әлемін,

Бөлеген жыр гүліне дала белін.

Мұқаңдай пір тұтқан жан жоқ-ау, сірә,

Қазақтың құдіретті қара өлеңін!


2-жүргізуші:Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Ақын поэзиясы әр заманда ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек!

1-жүргізуші: Қош сау болыңыздар!





Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров164
Номер материала ДБ-010385
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх