Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Қазақ поэзиясының Хантәңірі-Мұқағали"тақырыбындағы тәрбие сағаты /Архив/

"Қазақ поэзиясының Хантәңірі-Мұқағали"тақырыбындағы тәрбие сағаты /Архив/


  • Воспитательная работа

Документы в архиве:

118.71 КБ 8 ақпан мұқағали.docx
1.63 МБ IMG_5457.JPG
1.69 МБ IMG_5459 - копия.JPG
1.69 МБ IMG_5459.JPG
1.72 МБ IMG_5461.JPG
6.31 МБ М а али Ма атаев - Сезбейсі ой.mp3
16.07 МБ Мұқағали Мақатаев.mp4
3.28 МБ Мұқағали Мақатаев.ppt
8.68 МБ Сенің көзің. М. Мақатаев, Kazakh Karaoke, Казахское караоке.mp4

Название документа 8 ақпан мұқағали.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали

Сабақтың мақсаты:

М.Мақатаевтың өмір жолы және шығармашылығымен оқушыларды таныстыру;

Студенттердің мәнерлеп оқу,сөйлеу мәдениетін,сахналық шеберлігін дамыту;

Отанды,туған жерді сүюге,сезімталдыққа,адалдыққа,ақын жырларынан үлгі алу.

Көрнекілігі: Ақынның портреті, нақыл сөздер,ақын туралы естеліктер және шығармаларынан көрме ұйымдастыру, «Мұқағали» журналы.

Сабақтың барысы:

Бүгінгі сабағымыз ақын,поэзияның Хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналмақ.Мұқағали сөз құдіретінің мән-мағынасын терең түсініп,сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелеген ақын.Өзінің естелігіінде ақын«Мені сөзге,жырға үйір еткен халық,сүюге тәрбиелеген әжем»дейді.

Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан.Ол биік адамгершілікті де,достықты да,бауырмашылдықты да,табиғатты да,махаббатты да,тілмен тәуелсізікті де жырлаған.

Өмірге бір-ақ келген асыл едің,

Теңіздей тебіреніп тасып едің

Сағымға еніп кеткен кемедейсің,

Аралап ХХ-шы ғасыр елін


Өмірін өлеңменен өрген ақын,

Тағдырдың тапшылығын көрген ақын

Қазақтың қасиетті қара өлеңі

Жалғаса береріне сенген ақын- деп толғана еске аламыз.

Артында қалың елім,қалсын-деп елінің,жерінің бүтіндігін,қамын ойлап кеткен ақынымыз «Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Тәрбие сағатымыз 3-бөлімнен тұрады.

1-бөлім «Ақын келбеті» Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармалары

2 –бөлім « Поэзия –жүрек тілі» /Ақын өлеңдерін оқу/

3-бөлім Қорытынды

І бөлім

«Ақын келбеті»тақырыбында өмір жолы мен шығармаларына шолу.

Слайд: «Әлі талай жыр болып жазыларсың»

Мұқағалидың ақындық табиғатының көркемдігі мен әсемдігі тіптен бөлекше әлем.Әр өлеңі өзінше бір бояуы қанық сурет,оқи отырып ақын жүрегінің лүпілін сезінесің,жасампаз ой түйіндерінің жайсаңдығына жаныңыз семіреді. Жыр шапағының нұрымен шаттанып,шалқардай шалқисың.Мұның бәріне әсер еткен не? Жырдың құдіреті,семерлі сөздің өткірлігі,жүректерді жылытып,денені қызындырып,көңіл-күйді еліктіріп,

желіктірген жырдың жалынды қып-қызыл шоғының алауы.

Видео « Есіңе мені алғайсың!»,«Поэзия, менімен егіз бе едің?» Өз ойларын айту

ІІ бөлім « Поэзия-жүрек тілі»

Мұқағали-ғажайып,сыршыл,гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін бояулардан,бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Мұқағали поэзиясы-таңғы шықтай мөлдір,сырлы,мұңлы поэзия.

/Ақын өлеңдерін оқу/

1.Ана сен бақыттысың - Тасқымбай Тілектес

2.Өмір- Қалабаева Толғанай

3.Майгүлге- Мусина Жадыра

4.Жұлдыз- Ермашева Күміс

5.Кең дала- Нұрлыбай Айдана

6.Барлығы сендердікі- Шамаева Светлана

7.Ғашықпын- Сисенбаева Қамажай

8.Н-ның монологы –Талғатов Нұрхат

9.Жас ана- Сейілханов Мейірман

10.Сабыр ет досым азырақ- Әділбайқызы Мөлдір

11.Досыма- Дәрібаева Гүлдана

12.Атамекен - Әбілханова Ақбота


Сергіту сәті: Караоке: «Сенің көзің»


Сөзжұмбақ: Мұқағали


Ақынның бейнесі жылдар өткен сайын биіктен тұлғалана түседі.Тау биіктегенімен,теңіз тереңдегенімен,дала кеңдігімен көрікті ,десек Мұқағали жанға жақын жырларымен сүйікті өлеңдерімен көрікті.Ақынға ғасыр ауысқан кезде «Ғасыр ақыны» атағы берілген еді. Мұқағалидың рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын ХХІ ғасырдың жастары сіздер. Мұқағалидың поэзиясы таусылмайтын қайнар бұлақ.

Ендеше, Мұқағали кім?

Топтастыру:Мұқағали

Ол-поэзияның Хантәңірі.Ол-сыршыл ақын.Ол-қара өлеңнің шебері. Ол-қайта өмірге келген ақын.Ол-драматург Ол-ұстаз,сатирик Ол-жазушы Ол-журналист Ол-гуманист ақын Ол-ғасыр ақыны

Естеліктер кітабындағы Нұрғиса Тілендиевтің мына бір айтқанын тыңдап Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім.Жүрегім әлсіреп екі айға жуық емханада жаттым.Арада екі ай өткен жұмысқа киетін бешпентімнің қалтасынан хат шықты.

Мұқағалидің жазуы: «Аға,мен ғой.Дертім қозып барады.не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көрерсіз»

Емханда қатты ауырып жатқанда маған жіберген сол өлең «Есіңе мені алғайсың»Жаным күйзеліп отырып,ақын інім көз жұмғаннан кейінгі екінші айдың ауыр күнінде әлгі өлеңге бір ән жаздым.

Ән: Есіңе мені алғайсың

Осымен сабағымыз аяқталды.





























1.Ақынның қызы /Майгүл/

2.Ақынның өлеңінің бірі /жұлдыз/

3.Ақынның поэмасы /Қашқын/

4.Ақынның өлеңіне жазылған ән /Сарыжайлау/

5.Ақынның шешесі /Нағиман/

6.Ақынның туған жері /Қарасаз/

7.Ақынның жан жары /Лашын/

8.Ақынның өлеңіне жазылған ән /Фариза/







Есіңе мені алғайсың


Дүркіреп тұрған көктемде,

Сіркіреп нөсер төккенде,

Күркіреп жатқан бұлтты

Найзағай шаншып өткенде,

Есіңе мені алғайсың.



Қазбауыр бұлттар маңғанда,

Орманға жазда барғанда,

Арманда,мені,арманда!

Оңаша,жалғыз қалғанда,

Есіңе мені алғайсың.



Қараша келген шақтарда,

Қызарып тұрған бақтарда

Қурайлар сыңсып жатқанда,

Жапырақ жайрап жатқанда,

Есіңе мені алғайсың!



Ақ ұлпа жерді жапқанда,

Ағаштар сырға таққанда,

Бозарып атқан ақ таңда,

Бозарып тұрып ақпанда,

Есіңе мені алғайсың!

Есіңе мені алғайсың!

Название документа Мұқағали Мақатаев.ppt

Поделитесь материалом с коллегами:

Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
Мұқағали Мақатаев – 9 сынып оқушысы. 1947 жыл.
Ақынның жас кезі
Мұқағали отбасымен бірге
Ақынның ауылда орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жүрген кезінен естелік
Мұқағалидың Қазақ радиосында диктор болып жүрген кезі
Ақынның анасы – Нағиман Батанқызы
Мұқағали мезгілсіз қазаға ұшыраған сүйікті қызы Майгүлмен (сол жақта) бірге
Ақынның жары Лашын, қызы Алмагүл, ұлы Айбар
Мұқағали қаламдас жолдас, інілерінің арасында
Мұқағалидың ұлы Жұлдыз және келіні
№140 М. Мақатаев атындағы мектеп-гимназиясы
Қазақ ақын-жазушылары мен ел адамдары Мұқағалидың туған жеріндегі мұражайының...
Мұқағали Мақатаевқа арналған мұражай
1 из 25

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2 Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
Описание слайда:

Мұқағали Мақатаев (1931-1976)

№ слайда 3 Мұқағали Мақатаев – 9 сынып оқушысы. 1947 жыл.
Описание слайда:

Мұқағали Мақатаев – 9 сынып оқушысы. 1947 жыл.

№ слайда 4 Ақынның жас кезі
Описание слайда:

Ақынның жас кезі

№ слайда 5 Мұқағали отбасымен бірге
Описание слайда:

Мұқағали отбасымен бірге

№ слайда 6 Ақынның ауылда орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жүрген кезінен естелік
Описание слайда:

Ақынның ауылда орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жүрген кезінен естелік

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8 Мұқағалидың Қазақ радиосында диктор болып жүрген кезі
Описание слайда:

Мұқағалидың Қазақ радиосында диктор болып жүрген кезі

№ слайда 9 Ақынның анасы – Нағиман Батанқызы
Описание слайда:

Ақынның анасы – Нағиман Батанқызы

№ слайда 10 Мұқағали мезгілсіз қазаға ұшыраған сүйікті қызы Майгүлмен (сол жақта) бірге
Описание слайда:

Мұқағали мезгілсіз қазаға ұшыраған сүйікті қызы Майгүлмен (сол жақта) бірге

№ слайда 11 Ақынның жары Лашын, қызы Алмагүл, ұлы Айбар
Описание слайда:

Ақынның жары Лашын, қызы Алмагүл, ұлы Айбар

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13 Мұқағали қаламдас жолдас, інілерінің арасында
Описание слайда:

Мұқағали қаламдас жолдас, інілерінің арасында

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17
Описание слайда:

№ слайда 18
Описание слайда:

№ слайда 19
Описание слайда:

№ слайда 20
Описание слайда:

№ слайда 21 Мұқағалидың ұлы Жұлдыз және келіні
Описание слайда:

Мұқағалидың ұлы Жұлдыз және келіні

№ слайда 22 №140 М. Мақатаев атындағы мектеп-гимназиясы
Описание слайда:

№140 М. Мақатаев атындағы мектеп-гимназиясы

№ слайда 23
Описание слайда:

№ слайда 24 Қазақ ақын-жазушылары мен ел адамдары Мұқағалидың туған жеріндегі мұражайының
Описание слайда:

Қазақ ақын-жазушылары мен ел адамдары Мұқағалидың туған жеріндегі мұражайының ашылу салтанатында

№ слайда 25 Мұқағали Мақатаевқа арналған мұражай
Описание слайда:

Мұқағали Мақатаевқа арналған мұражай


Автор
Дата добавления 27.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров107
Номер материала ДБ-056078
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх