Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Рабочие программы / "Қазақ рухының алтын діңгегі" /тарихи-танымдық кеш/
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

"Қазақ рухының алтын діңгегі" /тарихи-танымдық кеш/

библиотека
материалов

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Шелек ауылы

Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі






/тарихи - танымдық кеш/



hello_html_4b2cb93e.jpg





Толегенова Б.Б.


"Бекітемін"

Мектеп директоры: А.М.Қырықбай

"Қазақ рухының алтын діңгегі"

/тарихи - танымдық кеш/

1-жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер, қонақтар!

Білім іздеп, жақсы оқуға, ісіміз көп атқарар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Рұқсат болса тарих кеші басталар.

2-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар және бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтары! "Қазақ рухының алтын діңгегі" атты тарихи-танымдық кешімізге қош келіпсіздер! Бүгінгі кеш:

2-ж: Үш жүздің басын қосқан Данышпан!

1-ж: Алып мемлекеттердің аузына іліктірмей елін сақтап қалған кемеңгер Дипломант!

2-ж: Жаумен айқаста жеңістің жолын таба білген көреген Қолбасшы!

1-ж: Қазақ халқын тар жол, тайғақ  кешулердің талайынан аман алып қалған Батыр!

2-ж: Қазақ рухының алтын діңгегіне айналған бабамыз Абылай Ханға арналмақ.

1-оқушы:

Ұлы Абылай хан алып ием,

Асқар таудай алып ең,

"Қазағым", - деп жанып ең,

"Қазағым", - деп налып ең,

Тосылғанда қалың ел,

Өзіңді-өзің танып ең,

Намыс өртеп жағып ең,

Ұлы Абылай, хан ием!

Қорғаным ең, бағым ең,

Қаптап келген жауларды,

Қалқан болып қағып ең!

2-оқушы: Абылай хан (Әбілмансұр) - қазақтың ұлы хандарының бірі, аса көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Ол 1771 жылы Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Әбілмансұрдың әкесі Уәли Түркістанды билеп тұрған кезінде бір шайқаста қаза тапқан. Жау қолынан туған-туыс, үй іші қырылғанда ханның сенімді көмекшілерінің арқасында Әбілмансұр ғана аман қалады. Осы қырғыннан жас ханзаданы Ораз аталық дейтін адам алып шығып, көшпелі қазақ ішінде жан сақтайды.

3-оқушы: Абылай көпке дейін шыққан тегін, өзінің хан тұқымынан екенін жасырып келген. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, Сабалақ деген ат алады. Төле би үсті-басының тоз-тозы шыққан, шашы өскен оған осы есімді қойыпты-мыс. Алайда көреген дана би Сабалақтың жай тұқымнан емес екенін түсініп, өз батасын берген екен.

Көрініс: "Төле бидің Сабалаққа (Абылайға) бата беруі"

/Қазақ даласы. Кең жазира жайлау. Қойын бағып жүрген Сабалақ астына тоқымын төсеп ұйықтап жатыр. Жолаушылап нөкерлерімен Төле би келеді./

Төле би: - Мына жігіттің жатысы қалай өзі? Екі аяғы мен екі қолын төрт құбылаға керіп жатыр екен. Мына жатысы тегін емес, әлемді бағындырам деп жатыр ғой. Үйдің иесі берген сыбағаны мынаған беріңдер. Егерде өзі түгел жеп алса, үндемеңдер. Басқа бірдеңе жасаса маған айтарсыңдар.

Атқосшылары: - Жарайды, би, айтқаныңызды жасаймыз. (Төле би атқосшыларымен жүріп кетеді. Ұйқыдағы Абылай оянады. Керіліп, жан-жаққа қарап, малдас құрып отырады. Атқосшы Төле бидің сыбағасын ұсынып, қойдың басын береді.)

Атқосшы: - Ей, Сабалақ, малдың барын жайып жіберіп ұйықтап жатқаныңа жол болсын! Би атамның орнында болсам, жоң теріңді тіліп, таспа салар едім. Мә, мынау саған берген бидің сыбағасы.

Сабалақ: /айғайлап, жан-жағындағы қойшыларын түгел шақырады, қойшылар келіп отырады./

- Би ата маған сыбаға беріп кетіпті бірге бөліп жейік. Мә, саған - құлағы, саған - көзі, саған - тілі, саған - таңдайы.

Қойшылар:

- Рақмет.

- Жақсы болды ғой.

- Көп жаса.

/Төле бидің ауылы, дастарқан басында Төле би, бәйбішесі екеуі отырады./

Бәйбіше: - Би-еке, малшы Сабалақтың киесі бар-ау деймін, көзі жайнап, от шашып тұрады. Ол үйге амандасуға келгенде сіздің үніңіз өзгеріп, селк ете қаласыз.

Төле би: - Бәйбіше, көзінде оты бар дегенің жөн болар, бірақ мені "селк ете түседі" дегенің ақылға қонбайды. "Әйелдің шашы - ұзын, ақылы - қысқа" деген осы болар. Жоқ нәрсені әңгіме қылып...

Бәйбіше: - Би-еке, онда тексеріп көрелік. Мына тебен инені тізеңізге қадап қойсам, денеңіз дірілдесе, тебен ине түсіп қалады ғой. (инені тізеге шаншып қояды, үйге Сабалақ кіреді)

Сабалақ: - Ассалаумағалайкүм, би ата! Берген сыбағаңызды алып қуанып қалдық, рақмет сізге (Бидің тізесіндегі ине түсіп қалады. Төле би мән бермейді, бәйбіше жымың ете қалды.)

Төле би: - Кел, отыр, балам. Берген сыбағамды малшыларға бөліп беріпсің, мәнісін түсіндірші.

Сабалақ: - Би ата, мен ұйықтап жатқанда олар менің бағып жүрген малыма қарады ғой. Құлақты берген себебім, мен ұйқыда жатқанымда біреуі құлағым болды, көзді бергенім бірі көзім болды, бірі елмен сөйлесер тілім болды. Естір құлағың, көрер көзің, сөйлер сөзің болса, мен неге жалғыз болайын.

Төле би: - Жөн, балам, мен ойлағандай тегін жігіт болмадың. Сөзің салмақты, арғы жағыңда терең мән мен ой жатыр екен. Ел бастайтын көсем, сөз бастайтын шешен, қол бастайтын батыр болайын деп тұр екенсің.

Сабалақ: - Рақмет, би ата. Реті келіп тұрғанда айтайын. Қазақ сарбаздары жоңғарға қарсы күш біріктіріп, Түркістанға жиналып жатыр екен. Қанжығалы Бөгенбай батырдың да қолы аттанып барады. Соларға ілесе кетейін, елдің жарағына жарайын. Айтар ақылыңызды айтып, батаңызды беріңіз.

Төле би:

Қалидай нұрға толсын оң мен солың.

Рүстем дастандайын машқұр болып,

Қарағым, қайда барсаң болсын жолың.

Халайық қызығыңды көрсін деймін,

Жаныңа сансыз жасақ ерсін деймін.

Секілді Сейтбаттал, батыр Тарғын,

Құдайым өзі рақым берсін деймін, Аумин!

/Видеофильм "Абылайдың ерлігі"/

Көрініс: /Сахнада хан тағында Әбілмәмбет отыр/

Әбілмәмбет: (уәзірлеріне) Жүрегімді шымырлатқан бұл қандай үн? Шақырыңдар "Абылайлап" шапқан баланы. Кім екенін білейік. (уәзірлері Сабалақты шақырып келеді)

Әбілмәмбет:

Шырағым, неге шаптың "Абылайлап"?

Босады жүйкем қатты ағамды ойлап

Әкең кім? Ел-жұртың кім, туғаның кім?

Жөніңді бастап аяқ айтшы жайлап.

Сабалақ:

Жан аға, қазақ-қалмақ ерегесі

Мұндайда ердің қозар делебесі.

Қысылған соң аузыма түсіп кетті,

Абылай - атам, мен оның немересі

Шын атым - Әбілмансұр әкем қойған,

Өз әкем шабындыда басын жойған

Сұрасаң, әкем аты - Уәлихан,

Дариға-ай, көз кеткен соң шығады ойдан.

Әбілмәмбет:

Қарағым, анықсың ба - Әбілмансұр?

Сағынып жүруші еді сүлдерім құр.

Бір баланың қалғанын естуші едім,

Әбілмансұр екенің түріңде тұр.

(Әбілмәмбет Әбілмансұрды құшақтап көріседі)

Әбілмәмбет:

Жамағат, тақ иесі осы емес пе?

Өздерің көрдіңдер ғой қылған ісін.

Халайық, әкесі еді мұның хандық,

Тәңірім жаратыпты артық жан ғып.

Мен-дағы қартайып ем, еріншектен,

Шүкір енді, тағыңа ие болып өзің қалдың.

(Абылайды таққа отырғызады, халық үстіне шапан жауып, басына хан қалпағын кигізеді.)

1-ж:

Абылай 1771 жылы хан сайланады

Алыстан орыс, қытай-ауыр салмақ

Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ,

Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау,

Дағдырған алаш енді қайда бармақ?

Қазақ елін бір арнаға бәрін жиды.

2-ж: Абылай 30-ға жетпей, алғыр, жігерлі, қайрат-қуатымен ел билігіне араласады. Абылай бірінші - ел билігі, екінші қарулы күш болуы керектігін түсінді. Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Бұқар жырау, оның ақ туын ұстаушылар - қаракерей Қабанбай батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр, шапырашты Наурызбай батыр сияқты қолбасшылары болды дейді.

Батырлар "Абылайлап" асығыпты,

Ойына алмайды екен асылықты

Жасап тұрған жауына қарсы шауып,

Қалмақты Алатаудан асырыпты.

1-ж: Тегеуріні темірдей, кірген жерін есік қып, шыққан жерін тесік қып жібергендей кілең әулетті, ержүрек, сайдың тасындай жігіттерді ғана таңдап алып, сан жағынан әлде қайда басым жаумен шайқас сала, хан Абылай халқын бірлікке, елдігіне шақыра отырып, жаудан қазақ жерін азат етіпті.

2-ж: Көрші жатқан қытаймен жақындасып, Ресеймен келісімді сақтау керектігін тапсырған Абылайға аян беріп отыратын әдеттен тыс әруаққа деген сенім қазақ халқына бұрын соңды болмаған өжеттік дарытты. Ол 1770ж. қырғыздарды ойсырата жеңді. Абылай хан Ташкентпен және Ходжентпен соғысып, Жизаққа дейін алумен тыңды. Ол ұзын саны 71-ге жететін ұл-қызына орта жүз, ұлы жүз руларын тапсырды. Өзі әулет басы ретінде өмір сүру үшін Түркістанды қалады.

Көрініс: (Төрде басын ұстаған Абылай хан отыр, жанында Бұқар жырау)

Бұқар жырау: Уа, Абылай, төрт құбылаң сай, 70 тарта ұл-қызың бар, еліңді жаудан азат еттің, енді арманың не? Тыншитын кезің болды емес пе?

Абылай хан: Ия, ия, мені тыншытатындай не хал бар еді? Менің үш арманым бар. Біріншісі, елімді бейбіт өмірге жеткізсем деп едім. Қан көп төгілді. Екіншісі, халық жер емшегін еме алмады, қала, кент сала алмады. Үшіншісі, елдің басын біріктіре алмадым. Қазақтың арқасын тамға, аузын нанға жеткізгем жоқ. Елімнің бірлігін сақтар бірлікке жеткізбедім. Елімді екі бірдей айдахардың ортасында қалдырып барамын.

Бұқар жырау:

Уа Абылай, хан ием,

Асқар таудай алып ең.

"Қазағым" деп жанып ең,

"Қазағым" деп налып ең,

Өзіңді-өзің танып ең,

Намыс отын жағып ең.

Уа Абылай, хан ием,

Қорғаным ең, бағым ең..., (-деп орнынан тұрып шығып кетеді. Абылай орнынан тұрып):

Абылай: Уа, халқым, бірлігіңді сақта, жеріңді сақта, елдігіңді сақта, менің айтар өсиетім -осы. (-деп шығып кетеді)

/Видеофильм көрсетіледі/

1-ж: 1781 жылы Тәшкент жорығынан қайтып келе жатқанда белгісіз себептермен Абылай хан Арыс өзені бойында қайтыс болды. Одан 30 ұл қалды. Оның денесі үш жүздің игі жақсыларының қолымен Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне арулап жерленді.


1-ж: Үш жүздің басы қосылып, ақ киізге көтеріп хан сайлағандағы Абылайдың арманы - күллі түркі жұртының қара шаңырағы атанған, айбынды алты Алаштың алтын ордасы болған ұлы Тұран даласының иесі Қазақ халқын іргесі бүтін іргелі ел атандыру еді. Абылайдың ақ туының астына жиналып, шашақты найза қолға алған баһадүр бабаларымның Тәңірінен бір ғана тілегі бар еді. Ол - қазақия ұлысының қасиетті қара шаңырағын шайқалтпай, қазанын ошағынан құлатпай, бесіктегі сәбиін жылатпай, жетімі жетесіз болмауы үшін қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған мамыражай заманға қол жеткізу болатын.

2-ж: Айбарлы Абылай аңсаған асқақ арманына, ұлы мұратына бүгінгі ұрпақ жетті. Еліміз тәуелсіздік алды, басқа ұлыстармен теңдесіп, көк туымыз желбіреді. Ендеше, Абылайдың арманын қазіргі Қазақстан қол жеткізгенін ерекше мақтан тұтып, ішкі ынтымағымызды, сүттей ұйыған татулығымызды сақтауға қызмет ету баршамыздың парызымыз.

2-ж:

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.

Арқаның селі, желі, шөлі, белі,

Ерлерді ұмытпаса , ел де ұмытпас!

1-ж:

Ел жұртының ойлайтын есендігін!

Ерің болса - сол ханның, осы елдігің.

Қымбат емес алтын тақ, Хан ордасы

Қымбат бізге, Абылай көсемдігің.


2-ж: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет сау-саламатта болыңыздар!







Автор
Дата добавления 16.09.2016
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров93
Номер материала ДБ-197059
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх