Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Статьи / Қазақ сахарасындағы күй өнерінің ең негізгі мектептері

Қазақ сахарасындағы күй өнерінің ең негізгі мектептері

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ сахарасындағы күй өнерінің ең негізгі мектептері.

Құрманғазы атындағы саз колледжінің

халық аспаптары бөлімінің меңгерушісі ,

«Қазақстан Республикасының Білім

беру ісінің құрметті қызметкері».

Батыс Қазақстан облысы



Сахара аймақтарының тарихи, мәдени және жағырафиялық ерекшелігіне, аспапта орындалу техникасына, қазақтың домбырашылық, күйшілік өнеріне жеті түрлі орындаушылық дәстүр мен мектептер қалыптасты. Бұл дәстүрлі мектептер Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау, Батыс мектептері деп аталады. Қазақтың домбыра күйлері орындаушылық ерекшелігіне, күйдің құрылымына байланысты шертпе және төкпе деп жіктеледі.

«Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» жинағына енген күйшілік мектептердің ретін архаикалық сипатымен ерекшеленетін Шығыс күйшілік дәстүрінен бастасақ.

Шығыс өнірінің күйшілік дәстүрі. Шығыс өңірінің күйшілік дәстүрі аймақтық жағынан кең ауқымды қамтиды. Шығыс күйшілік дәстүріндегі ең ірі тұлға – қазақ күй өнерінің, оның ішінде шертпе күй саласының дамып, көркеюіне көп үлес қосқан Байжігіт күйші. Байжігіт күйлерінің тақырыбы әр алуан. Оның «Көк балақ», «Қайың сауған», «Шаңды жорық» сияқты күйлерінен жаугершілік заманның елесі көрініс берсе, «Ерке атан» күйі мұңды тарихымен есте қалады. Біздің заманымызға Байжігіт мұрасының дені Жүнісбай домбырашы арқылы жетті. Байжігіт күйлерін жаздырып, насихаттап жүрген бүгінгі орындаушысы – домбырашы Таласбек Әсемқұлов.

Шығыс күйшілік дәстүрінің бір тармағы – Шыңжаң өлкесіндегі Алтай, Тарбағатай, Іле күйшілік мектептері. Алтай аймағында қалыптасқан күйшілік мектептің көрнекті тұлғаларының бірі – Бейсенбі Дөненбайұлы күйлерінің тақырыбы сан түрлі. Бежең (ел арасында осылай атаған) туындылары Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында, Моңғолияның Баян-Өлгий өлкесінде және Қазақстанның шығыс өңірінде кеңінен тараған. Бейсенбі күйлері осы жинаққа Уәли Бекенов, Ғабдылхақ Барлықов, Тайыр Белгібайұлы, Тұрсын Кәдейұлы сын,ды майталман домбырашылардың орындауында алынып отыр. Шығыс күйшілік дәстүрінің бір бөлігі – Шыңжаң өлкесінің Іле аймағындағы домбырашылық дәстүр. Іле өңіріндегі күйшілік мектептің ірі өкілі – Өшім Дүңшіұлы. Өшім күй шертіп, күй шығарумен бірге, ел аузындағы, халық арасындағы күй аңыздарын жинақтап, жүйелеп тартқан өнерпаз , сондықтан болар оның күйлерінің біразы («Самұрықзары», Желмаяның желісі», «Бөктергі», «Қос келіншек» т.б.) ертедегі аңыз әңгімелерге құрылған.

Жетісукүйшілік дәстүрі. Бұл өңірдің де аспаптық музыкасы қаншалықты қызықты, әрі стильге бай болғанымен, осы күнге дейін түбегейлі зерттеу нысанасынан тыс қалып келеді. Жетісу дәстүрі Шығыс күйшілік дәстүрімен өзектес. Тамырын тереңнен тартатын Жетісу күйшілік өнерінде бертін келе үлкен екі мектеп қалыптасты. Бұл мектептер дәулескер күйші – композиторлар – Байсерке Құлышұлы және Қожеке Назарұлы есімдерімен тығыз байланысты.

Жетісу өңіріндегі тағы бір оқшау көзге түсетін мектеп – Шыңжаң өлкесі күйшілік дәстүрімен сабақтас, Қожеке Назарұлы бастаған домбырашылық үрдіс. Жетісу күйлерін зерттеуші, күйші Б.Мүптекеев Қожеке күйлерін тақырыптық мазмұны жағынан бірнеше топқа жіктейді.

а) ежелгі жыр, аңыз шежіре, ертегі сюжетіне құрылған күйлері («Мұңлық-Зарлық», «Қамбархан», «Жиренше шешен»);

ә) табиғат тыныс-тіршілігіне байланысты күйлері («Ағарсынның ақ толқыны», «Сарбарлы бұлбұл», «Сайрам көл»);

б) жеке бастың көңіл ауғанына қатысты туған күйлері («Кертолғау», «Күй шақыртқы», «Сағыныш», «Шалқайма», «Нұрғазарын»);

Жинаққа Қожеке Сыбанқұл мектептерінің өкілдерімен қатар, Бөлтірік, Қосдәулет, Омархан Керімқұлов, Елемес Таласбай сынды күйшілердің Тіленді Шортанбай сияқты Жетісу өлкесінде өмір сүрген белгілі тұлғалардың шығармалары да қосылды.

Арқа күйшілік дәстүрі. Қазақстанның Шығыс, Солтүстік, Орталық аймақтарын алып жатқан байтақ өңірдің атымен аталатын Арқа күйшілік мектебінің ең көрнекті тұлғасы – Тәттімбет Қазанғапұлы. Небары 45 жас ғұмырында өшпестей мұра қалдырған, қазақтың күй өнерін жаңа саз өрнектермен байытып, түрлі тақырыпты қамтитын 40- тан аса күй шығарған Тәттімбеттің философиялық ой толғамдары құрылған «Қосбасар» (үш нұсқалы), «Саржайлау», «Көкейкесті», «Бестөре»(1,2 түрі), махаббат күйін шерткен «Сылқылдақ», «Көш жинаған», «Балбырауын», т,б, күйлерін үйреніп, кейінгіге жалғастырған – өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай болған. Тәттімбет күйлерінің басым көпшілігі белгілі күйші, домбырашы Әбікен Хасенов арқылы жетті.

Қаратау күйшілік дәстүрі. Қаратау күйшілік мектебіндегі негізгі тұлға – Сүгір Әлиұлы шертпе күй шебері, қазақтың аспаптық өнеріндегі өшпес із қалдырған. Сүгір өзіне дейінгі Тәттімбет, Тоқа күйлерін жетік меңгере отырып, түр мазмұнын көркемдік жағынан байытып, дамыта түсті. Әйгілі қобызшы Ықылас Дүкенұлы өзіне ұстаз тұтқан Сүгірдің қобыз сазын домбыра күйімен қабыстыра білуі үлкен жаңашылық болды,қобыздағы мұңды әуеннің Сүгір күйлеріне домбырамен астасуы күйшілік дәстүрге өзгеше рең берді. Ол өмір сүрген өңір – қарт Қаратау, көне Отырар, Қасиетті Түркістан аймағы – тоғыз жолдың торабы, түрлі мәдениеттің тоғысқан жері. Оның күйлері мазмұны жағынан да, көркемдік жағынан да, бітімі жағынан жа ерекше. «Шалқыма», «Ілме»,»Бесжорға» (5 тараудан тұрады), «Қаратау шертпесі», «Жолаушыынң жолды қоңыры» (2 тарау), т.б. туындыларының қай-қайсысын алсақ та, кешеніне келген көркемдік жаңашылдығымен, сипатымен оқшау тұрады. Сүгірдің күйлерін алғаш республика жұртшылығына таныстырған дарынды өнерпаз әрі домбырашы Жаппас Қаламбаев болды. Сүгірдің «Кертолғау», «Ілме», «Шалқыма», «Ыңғай төк», «Аққу» т.б. күйлері Жаппас Қаламбаевтың орындауында қайталанбас өрнегін тауып, қазақ музыкасының алтын қорында мәңгі сақталып қалды. Сүгір күйлерін асқан шеберлікпен орындап жеткізушілер қатарына күйші, домбырашы Төлеген Момбековтың есімін айрықша атауға болады. Сүгірдің «Қосбасары», «Жолаушының жолды қоңыры» (2 тарау), «Бес жорға», «Қаратау шертпесі», «Телқоңыр», «Шалқыма», «Бозінген» сияқты күйлерін өзіндік мәнерімен орындап, өз жанынан да көптеген күйлер шығарған Төлеген Момбеков – Сүгір мектебінің көрнекті өкілі.

Сыр өңірінің күйшілік дәстүрі. Сыр өңірінде өмір сүрген күйші композиторлардың ішінде үш дәулескер күйшінің есімін атауға болады. Олар Мырза Тоқтаболатұлы, Әлшекей Бекпенбетұлы, Досжан Қарақұлы. Сыр бойы күйшілік дәстүріндегі көрнекті тұлғалардың бірі Мырза Тоқтаболатұлының ғұмыр кешкен, музыкалық мұрасының молынан сақталған жері – Қызылорда облысының Қазалы өңірі. Бүгінгі күні Мырза күйшінің «Асанқайғы», «Бұғының күйі», «Алпыс екі Ақжелеңнің бауыр шешпесі», «Ташауыз» сияқты бітімі, құрылымы бөлек, композициялық жағынан оқшау тұрған 20-дан астам күйлері белгілі болып отыр. Мырза күйлерінің басты ерекшелігі, көбінесе, транспозициялық формада құрылған. Күйдің өзі шағын, 3 бөлімді шығарма іспеттес. Бұны «Жемнің ағыс күйі», «Ташауыз», «Бұғының күйі», т.б. күйлерден байқауға болады. Осындай құрылымдағы күйлер көбінесе сағасыз болып келеді. Яғни, батыс күйлеріндегідей кіші, үлкен сағаларда үстіңгі ішектегі стереотип тартылмайды. Осы әдіс Сыр бойы күйлерінің көбіне тән. Мырза күйлерін, сонымен қатар , Сыр бойында сақталған халық күйлерін Құрманай Төремұрат, Жолдыбай күйшілер мұрасын шашау шығармай, ерекше нақышпен орындап, насихаттаушы дүлдүл домбырашы Нәби Жәлімбетов.

Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрі. Қазақтың күйшілік өнері өркен жайып, ерекше дамыған өлкелердің бірі – Батыс Қазақстан аймағы. Батыс күйшілік дәстүрі күйшілік дәстүрінің көрнекті өкілдері - Махамбет, Боғда, Құрманғазы, Даулеткерей, Дина, Мәмен, Түркеш туындыларын қазақ өнерінің ғана емес, бүкіл түркі әлемі музыкасының жетістігі деп айтуға болады. Батыс күйшілік мектебінің қайнар көзінде күйші әрі жырау, батыр бабамыз Махамбет тұр. Махамбеттің толғау жырларындағы тегеурінді сарындар осы мектептің теңдессіз тұлғасы Құрманғазы күйлеріне де жат емес. 18-19 ғасырлар да Бөкей ордасында аса күшті домбырашылық мектеп қалыптасты. Екі үлкен бағытта дамыған Бөкей күйшілік дәстүрі Құрманғазы, Дәулеткерей есімдерімен тығыз байланысты. Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрінің ең көрнекті тұлғасы, күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлы – әлемдік өредегі алып композитор. Құрманғазының аса күрделі шығармашылығы дыбыстық басуларының қанықтығымен, алапат тегеурін ырғақтық иірімдерінің алуандылығымен ерекшеленеді. Құрманғазының күйшілік тұлғасын, жан жүниесін толық танытатын, қуатты оттай бұрқыраған «Сарыарқа», «Төремұрат», «Кішкентай», «Серпер», «Терісқақпай», «Балбырауын» сияқты күйлерінің әр қайсысы қайталанбас туындылар. Құрманғазы қалыптастырған күйшілік мектептің аса дарынды өкілі Дина Нұрпейісова – 19 ғасыр мен 20 ғасыр дәстүрін біріктірген, сондай-ақ Құрманғазы мектебінің жігерлі екпінін, Дәулеткерей дәстүрінің фәлсафасын, ақсүйектік нәзіктігін терең меңгерген күйші. Осы дәстүрді алға апарушылар қатарында дүлдүл күйшілер Оқап Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Рүстембек Омаров, Төлеген Аршанов, Ғылман Қайрошев, Ғылман Әлжанов, Рысбай Ғабдиев, Әзидолла Есқалиев сияқты күйші-орындаушылардың есімін атауға болады.



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 29.02.2016
Раздел Музыка
Подраздел Статьи
Просмотров217
Номер материала ДВ-494729
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх