Инфоурок Начальные классы КонспектыҚазақ тілі. Ашық сабақ .Зат есімнің жекеше жіне көпше түрлері /2 сынып/

Қазақ тілі. Ашық сабақ .Зат есімнің жекеше жіне көпше түрлері /2 сынып/

Скачать материал

hello_html_m66e35db5.gifhello_html_37aa3ba2.gifhello_html_m23de5f9b.gifhello_html_m66e35db5.gifhello_html_m2afc2eca.gifhello_html_50d2e4cf.gifhello_html_6dfe5dc.gifhello_html_12307e02.gif«Тасарал жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Сыныбы: 2

Мұғалімі: Майлаякова Гулмира Кокемановна

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету, сөздік қорларын молайту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, пәнге құзіреттеу.
Сабақтың міндеті:
А) Білімділік: оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә) Дамытушылық: ойын түрлері арқылы танымдық қабілеттерін, тілдерін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Б) Тәрбиелік: оқушыларды бірлікке, ынтымаққа, еңбексүйгіштікке, бірін - бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушының жаңа тақырыпты оқып білуге деген ынта-жігері қалыптасады, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету

Сабақтың әдіс -тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, слайд, үлестірмелі тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу, математика.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
:
- Кезекшінің жұмысын қадағалау
Өмірде таңғалатын жайттар өте көп.Балалар сендерді өмірде не таңғалдырады? Ал мен болсам Күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейірімді. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, жылытады. Сиқырлы Күн жердегі барлық тоңды, мұзды ерітіп жібереді. Сол сияқты ол жүрегімізді жылу мен мейрімге толтырады. Кәне, барлығымыз Күнге қолдарымызды созайық.

2.Психологиялық дайындық (3 мин) (1слайд)

Армысың, асыл Күн!

Армысың көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос!

Міне, менің қолым!

3. Үй тапсырмасын тексеру
«Көңілді қалпақ» ойыны.(сұрақ- жауап арқылы ) (10 мин)(2 слайд)

- Зат есім дегеніміз не?

-Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді??

-Жалқы есім дегеніміз не?

-Мысал келтір

-Жалпы есім дегеніз не?

-Мысал келтір

Топқа бөлу(мозайка түрінде)

(Менің алдымда жатқан қиынды қағаздардың ұнаған түсін алыңдар.

Алған түстеріне қарай топтаса отырып, қиындыдағы суретті құрастырыңдар)

-Ал балалар қандай сурет шықты?

І топ (қоян, бала) (3 слайд)

ІІ топ( қояндар ,балалар)

Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай? (Тақырыпты ашу арқылы топқа бөліну), топтардың аттары ( Жекеше және көпше)



Жаңа сабақ

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :Зат есімнің жекеше жіне көпше түрлері

Ережені түсіндіру(4 слайд)
- Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: оқушы, қасқыр, түлкі,құс
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз:
оқушылар, қасқырлар, түлкілер, құстар
Оқулықпен жұмыс (5 слайд)

"Еркін жазу" стратегиясы
І топ.

Өлеңді көшіріп жаз.
Біздің ғалым ағалар,
Біздің ғалым
апалар
Ашты жолды аспанға.
Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс Айға, Марсқа.
( Қарамен жазылған сөздердің астын сыз. Бұл сөздерді түбір күйін тап, салыстыр. Қарамен сызылған сөздер қайсысы?)
О: ағалар, апалар.
ІІ топ

Жаңылпашты көшіріп жаз

Ара ,ара, аралар,

Орманның бойын аралар.

Гүлден сорып бал алар,

Бал тәтті ғой, балалар!

( Қарамен жазылған сөздердің астын сыз. Бұл сөздерді түбір күйін тап, салыстыр. Қарамен сызылған сөздер қайсысы?)
О: аралар, балалар.

«Ойлан тап» ойыны (6 слайд)

І топ

Мәтінді оқып көпше түрдегі зат есімді тап

Қыста жануарларға тамақ тауып жеу оңай емес. Құстар жылы жаққа кетеді. Сауысқандар, ала қарғалар, торғайлар осында қалады. Суықтан сақтану үшін арқар,елік, қарақұйрық,ақбөкен, сияқты аңдардың жүні күзден бастап ұзарып қалындайды.Кейбір аңдардың терісінің астында май қабаты сақталады.

ІІ топ

Мәтінді оқып жекеше түрдегі зат есімді тап

Үрмелі аспаптар ерте заманда пайда болған.Олар хайуанаттар мен құстардың сүйектерінен,мүйіздерінен, ағаштан, саз балшықтан, темірден жасалған. Қазақ халқында үрмелі музыка аспаптары көп. Олар сыбызғы, сазсырнай, үскірік,керней .



«Кім жылдам?» ойыны( 7 слайд)

І топ

Көптік жалғаулардың тиістісін қойып жаз

Ауданда суретші (-тер,-дер,-лер) жарысы өтті.

Бала (-лер,- дар,-лар) сурет салуды жақсы үйренген.

ІІ топ

Көптік жалғаулардың тиістісін қойып жаз

Жеңімпаз(-дар,-дер,-тар)-ға сыйлық (-тар,-дар,-тер) тапсырылды.

Муражайға оқушы (-лер,-лар,-дер) саяхатқа келді.

Сергіту сәті (музыка әуенімен)

І топ (8 слайд)

«Сөз жаса» ойыны

а, д,л,а-

т,р,е,м

ү,й,т,е

е,і,с,к

ІІ топ

а,л,а,т,а,р

қ,с,ұ,р,а,т

с,т,р,т,у,е,р,е

а,ш,а,ғ,т,р,а


Шығармашылық жұмыс (9 слайд)

жекеше



көпше







Қорытынды бөлім

Тест тапсырмалары. (10 слайд)

1. Заттың атын білдіретін сөздер тобы:
А) қалам, дәптер, бала

Ә) ойнады, күледі

Б) әдемі, сұлу

В) үлкен, жеті

2. Зат есім қандай сұраққа жауап береді?
А) қайтті?не қылды? не істеді?

Ә) кім? кімдер? не? нелер?

Б) неше? қанша?

С) қандай? қай?
3. Дәптер сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?
А) – лар

Ә) – лер

Б) – дар

В) – тер
4. Жалқы есімді тап.
А) сырға

Ә) асық

Б) Ақтөбе

В) қалам
5. Жалпы есімді тап.
А)
Қарағанды

Ә) қасық

Б) Ақтөс

В) Асан
6. Оқушы сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?
А) – лар

Ә) – лер

Б) – дар

В) – тер
7. Мына сөздерден зат есімнің жекеше түрін тап

А) балапандар

Ә) қасқыр

Б) сатушылар

В) қояндар

8.Жалқы есім дегеніміз

А) Жалпыға ортақ атау, жалпы айтылған сөздер.

Ә) Кісінің аты –жөні, жер –су аттары , жан-жануарға қойылған атаулар.

Б) Кім?, не? сұрағына жауап беретін сөздер

В) Кімдер?, нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер

9.Жалпы есім

А) Жалпыға ортақ атау,жалпы айтылған сөздер.

Ә)Кісінің аты –жөні, жер –су аттары , жан-жануарға қойылған атаулар.

Б)Кім?, не? сұрағына жауап беретін сөздер

В) Кімдер?, нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер

10.Зат есімнің көпше түрлері

А) Жалпыға ортақ атау,жалпы айтылған сөздер.

Ә) Кісінің аты –жөні, жер –су аттары , жан-жануарға қойылған атаулар.

Б) Кім?, не? сұрағына жауап беретін сөздер

В) Кімдер?, нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер



Тест жауабы (11 слайд)


1.а

2.ә

3.ә

4.б

5.ә

6.а

7.ә

8.ә

9.а

10.в
(өздерін-өзі бағалау)



9-10 ұпай – «5»
6-8 ұпай – «4»
3-5 ұпай – «3»
0-2 ұпай– «2»


Рефлексия «Көңіл күй ағашы»

Үйге тапсырма 127 бет 345 -жаттығу

Бағалау











Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі. Ашық сабақ .Зат есімнің жекеше жіне көпше түрлері /2 сынып/"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 034 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 1643
    • DOCX 32.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Майлаякова Гулмира Кокемановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4208
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 423 человека из 66 регионов

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов