Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ тілі Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра. Қазақтың әдеби тілі

Қазақ тілі Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра. Қазақтың әдеби тілі


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра.

Қазақтың әдеби тілі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтін мазмұнымен таныстыра отырып, қазақ тілінің әдеби және ғылым тілі ретіндегі дамып, жетілуін түсіндіру, қазақтың әдеби тілі жөніндегі білімдерін толықтыру, кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың қазақ тілінің дамуы, әдеби тілдің мәдениетіміздің ілгерілеуіне әсері жөніндегі пікірлерін тыңдау арқылы өздігінен ой қорытындысын шығару қабілеттерін, сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін, зейіндерін дамыту.

Тәрбиелік: Мәтін мазмұны негізінде ана тілдеріне деген құрметтерін арттыра отырып, өз тілдерінде мәдениетті сөйлеуге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, іздену, проблемалық оқыту, үш өлшемді оқыту

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, Қазақстан тарихы

Қосымша материалдар: Г.Қосымова, Н.Құрманова Қазақ тілі (8-сынып, әдістемелік нұсқау)

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, тақырыпты және мақсатын хабарлау)

2. 7 - сыныпта алған білімдерін тексеру (ауызша сұрақтар қою арқылы)


3. Жаңа сабақ

а). С. Аманжоловтың "Асылымызды ардақтайық!" деген мақаласымен танысамыз. Бұдан бірнеше жыл бұрын жазылса да, мақалада айтылған мәселелер бүгінде өз мәнін жойған жоқ. Оған өзіміз де көз жеткіземіз (мақала мазмұнын оқу).

Проблемалық сұрақтар (интерактивті тақтадан көрсетіліп тұрады):

- Ана тілі жөнінде қырғыз ақыны Сарноғаев не деген?

- Орыс жазушысы В.Г. Короленко: "...Менің тілім өз балаларыма түсініксіз боп қалады-ау дегенді ойласам, жаным түршігеді"- депті, қалай түсінесіңдер?

- Қазақ тілінің дамыған, жетілген, бай, икемді тіл екендігін Абай қалай дәлелдеді?

- Қазақ тілі ғылым тілі ретінде де дамыды делінген. Оны қалай дәлелдейсіңдер?

- Қазақ тілінің байлығын сендер қалай дәлелдер едіңдер?

- Осы мақалада айтылған ойдың бүгінгі күнгі маңызы қандай?

Оқушылар жауаптарын мұғалім өз тарапынан толықтырып отырады.

ә). Жаттығулармен жұмыс

1-жаттығу. Үзінділерге қатысты ортақ ойды әңгімелеңдер. Қазақ тілінің қазіргі қолданылатын орындарын көрсетіңдер. Тірек сөздерді тауып, мағынасын ашыңдар.

- 5-сыныпта өткенді еске түсіре кетейік, яғни әдеби тіл деген не? Әдеби тілдің формалары?

- 1-2 оқушы оқиды. Ортақ ойды өздері табады. Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Мұғалім толықтырады.

Алғашқы мәтін әдеби тілге анықтама беруден басталған. Негізгі ойы - әдеби тілдің халық тілінен, фольклордан, жыраулар поэзиясынан бастау алғандығы, оның тарихи тамыры әріге кететіндігі және әдеби тіл бірте-бірте жетіліп, дамып отырғандығы.

2-мәтін - Ә. Кекілбаевтың "Тіл көгермей, ел көгермес" мақаласынан үзінді. Басты ойы - қазақ тілінің әлеуметтік мәдениетіміздің бөлінбес бір бөлшегі екендігі, оның тек қазақ топырағында ғана ойдағыдай дами алатындығы. Негізгі ойлардың бірі - қазақ тілінің қолданылу мүмкіндігі - сөйлейтіндердің санымен өлшенбей, өмірдің барлық саласында нәтижелі қолданылып жүргендігімен өлшенетіндігі. ҚР "Тіл туралы" Заңының орындалуында мемлекеттік билік орындарының өздері үлгі көрсетуі керек, яғни алдымен билік орындары қазақ тілінде сөйлеп, іс қағаздарын қазақша жүргізулері тиіс деген пікір білдірілген.

- Қазақ тілінің қолданылатын орындары?

Ол-қарым-қатынас тілі, көркем әдебиет тілі, мәдениет тілі, баспасөз тілі, ғылым тілі, т.б. Осы мәселе төңірегінде оқушылар пікірлері тыңдалады (оқулық мәтінін пайдалануға болады).

- Ойға негіз болып тұрған тірек сөздерді табыңдар.

Әдеби тіл, қазақ мәдениеті, өркендеу,Абай, Ыбырай, көркем әдебиет тілі, мәдениет тілі, баспасөз тілі, ғылым тілі, ана тілін ардақтау, сол тілде сөйлеу, тілдің қолданылу аясы, философия мен әдебиеттің, ғылым мен техниканың зерттеу еңбектері, мемлекеттік тіл, мемлекеттік билік орындары, барлық салада қолдану, іс қағаздары, өнеге көрсету, қазақ тілі - бай тіл, жазба әдебиетте пайдаланды, мәдениеттің қуатты құралы, т.б.

4. Жаңа сабақты бекіту

Алғашқы мәтін бойынша мынадай сұрақтар қойылады:

- Ана тілі жөнінде өзге елдің ақын-жазушылары қандай пікірлер білдірген?

- Қазақ тілінің байлығын қалай дәлелдеді, сендер қалай дәлелдер едіңдер?

- Қазақ тілінің қазіргі таңдағы қолданысы қандай деңгейде?

- Әдеби тіл мен халық тілінің айырмашылығы?

-

5. Үйге тапсырма

Мәтінді оқу (3-бет), 2-жаттығу. Екі үзіндіге ортақ тақырыпты анықтаңдар. Ұқсас жағдаяттарды біріктіріп, біртұтас мәтін құраңдар. "Қырық жаны" деген тақырыпта осы мәтін негізінде ойтолғау жазыңдар (жалпы сыныпқа).

1-жаттығудың 4-тапсырмасы (қабілетті оқушыларға).

6. Бағалау



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-090611

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG