Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Қазақ тілі. Тақырыбы: "Дауыссыз қ мен ғ"

Қазақ тілі. Тақырыбы: "Дауыссыз қ мен ғ"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

2-сынып Пәні: қазақ тілі



Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ

Мақсаттары:

  1. Түбірдің соңындағы п дыбысына дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда қ дыбысы ғ дыбысына өзгеретінітуралы түсінік беру;

  2. Ауызекі сөйлеу және жазбаша тілдерін, есте сақтау қабілеттерін, зейіндерін дамыту;

  3. Ұқыптылыққа, білімнің қадірін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс

Сабақтың типі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Оқушылардың оқу құралдарын тексеру, назарын сабаққа аудары.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

Дауыссыз дыбыстар қалай, нешеге бөлінеді?

Орыс тілі арқылы енген дауыссыздарды ата. Мысал келтір.

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.

1-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, жазылуын есте сақтау. Сөздерге ы дыбысын қосып жазу.

Құрақ – құрағы, қабық – қабығы, жапырақ – жапырағы, қорық – қорығы, торсық – торсығы, топырақ – топырағы, лақ – лағы.

V. Жаңа сабақ.

Қазақ тілінде ғ дыбысына аяқталатын сөз жоқ. Қ дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады. Мысалы: орақ – орағы, шақ – шағы, құлақ – құлағы.

VІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

Сөз соңындағы қ дыбысы ғ дыбысына өзгеру себебін айт.

VІІ. Білімді бекіту кезеңі.

2-жаттығу. Мәтінді оқып, қ,ғ дыбыстары кездесетін сөздерді табу. Олардың қай буында тұрғанын анықтау.

Оқытушы, ағай, салғызды, ағаш, жапырағынан, бұтақтары, аз-ақ, қалыпты, қойды, болдық, тағы, шоқтығы, байқасақ, жақсы.

3-жаттығу. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі әріптердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Егін орағы аяқталды. Үстел үстінде әжемнің ұршығы жатыр. Қазандағы сүт бетіне қалың қаймақ түсіпті. Дәптерді он екі парақ бар. Қыста дала ақ мамық қар жамылады. Жапырақ бетіндегі шық моншақ тәрізді. Борсықтың ізі адамның ізіне ұқсас болады екен.

Сергіту сәті.

5-жаттығу. Қ дыбысынан басталып, қ дыбысына аяқталатын сөз ойла

6-жаттығу. Өлеңді жатқа жазып, қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша жазу.

Үйге тапсырма.4-жаттығу. 47-бет.

Қорытынды: бағалау



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров150
Номер материала ДВ-290381
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх