Инфоурок Другое ПрезентацииҚазақ тілі "Дыбыс үндестігі" 5-сынып

Қазақ тілі "Дыбыс үндестігі" 5-сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы Дыбыс  үндестігі

Сабақтың мақсаты : а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ; ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;  б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі :    Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі :   сұрақ – жауап,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі :  үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс :  әдебиет
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
                  Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                    ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
                             Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Үндестік заңы дегеніміз не?                 2.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
3.Буын үндестігі дегеніміз не?                    4.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
5.Буын үндестігіне бағынбайтын қандай қосымшаларды білесіңдер?
6.Фонетика нені зерттейді?                      7.Буын дегеніміз не?
8.Буынның түрлерін ата?
                            б)   Жаңа сабақты түсіндіру :
                       Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауысыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы : қаздар (қазтар емес ), есептер ( есепдер емес ).
  Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді : ілгерінді ықпал,кейінді ықпал.
   Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз : тас-тан,жаз-ға,адам-нан.
  Ілгерінді ықпал бойынша сөздің соңғы дыбысы қатаң болса,оған жалғанатынқосымша қатаңнан басталады.Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса,қосымша ұяңнан,ал соңғы дыбыс дауысты  немесе үнді дауыссыз болса,қосымша ұяң не үнді дауыссыздан басталады. Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз.Мысалы :теп – теуіп.

Жаттығумен жұмыс : 324 – жаттығу.Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап,олардың неге түрліше жалғанатынын қандай дауыссыз дыбыстардан кейін көптік жалғауның бір түлі дыбыстың вариянты қолданылатынын түсіндіріңдер.
  Ана,әйел,әшекей,мерген,көрме,сөз,бұрым,көркемөнер,қзақ,қолғап,көзілдірік,жігіт.

Білімді бекіту : 1.Дыбыс ундестігі дегеніміз  не ?                2.Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?
                            3.Ілгерінді ықпал дегеніміз не?                    4.Кейінді ықпал дегеніміз не?
Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма . 325 – жаттығу.

 

 

 

Ықпалдың түрлері

    Ілгерінді           Кейінді                Тоғыспалы

  /прогрессивті/    /регрессивті/              ықпал.

       ықпал                  ықпал

 

1. Ілгерінді ықпал. (прогрессивті)

 

Аш- са –     аш – ша.                                    ш-с =  шш

 

Қара қой – қара ғой.                                    а – қ = ағ.

 

Жас бала –  жаспала.                                   с – б =сп

 

  Ілгерінді ықпал-алдыңғы дыбыстардың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі.

 

 

2. Кейінді ықпал (регресивті)-прогрессивті ықпалға 

қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.

          

Тарақ   +    ы     –     тарағы.                         қ – ы =  ғы.  

                 

Күрек  +  і –    күрегі.                                    К – і =  гі. 

 

Жан + бады – жамбады.                               Н – б = мб

 

Сөз - жоқ –  сөж жоқ.                                    З – ж = жж.

 

3. Тоғыспалы ықпал - көрші дыбыстардың  ілгері-кейінді қарсы әсері. Бұл сөзбен сөздің  арасында кездеседі.

 

               1.Аман  келді- Амаң - гелді.          нк-ңг

 

                2.Қан  қызыл- қаң  ғызыл              нқ-ңғ

 

                3.Мен  келдім-мең гелдім             нк-ңг

 

                4.Дос   жаран- дошшаран              сж-шш

 

 

2 – кезең

Теориялық материалды бекіту жаттығулары.

Өлең шумақтарындағы сөздерді орфоэпия, айтылуы  бойынша жазу.

 

Мысалы:

 

Мен қазақ қыздарына қайран қалам.

Жанары  жаны жаздай жайраңдаған.   

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді.

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

 

Мең ғазақ қыздарына  қайраң   ғалам.   

        

Жанары  жаны жаздай жайраңдаған.   

 

Қыз өссө елдің гөркү деген сөздү.   

            

Қапысыз қалай айтқан қайрам   бабам.          

3-кезең

Тестпен  жұмыс

Уақыт   шектеулі

 

1.Дыбыс  үндестігінің  неше  түрі  бар?

А.1;       В.2;       С.3;     Д.4;      Е.5;

 

2.Д. ү. Қазақ  тілінің  қай  саласы  қарастырады?   

А.лексика.                               Д.синтаксис

В.фонетика                             Е. стилистика

С.морфология              

 

3.Сөз  аралығындағы  ілгерінді  ықпалды  тап.

А. арыстанда  бар.                   Д.қырық жігіттің

В. күші  бар                              Е.  жігіттің жүрегі 

С. жігіттің  күші                                                                                                                                                                                              

 

4.Кейінді ықпалды көрсет.

А.Көрікбай                              Д.Ашса.          

В.Көк гүл                                 Е.Ала көз       

Е.Жан пейіс.

 

5.Дыбыс үндестіне тән термин:

А алдыңғы ықпал

В Артқы ықпал

С жанындағы ықпал

Д ілгерінді ықпал 

Е шеткі ықпал

 

6. Кейінді ықпалы бар  сөйлемді тап.

А Пияздың дәрулігі адамға ежелден – ақ мәлім. 

В. Оны әр түрлі ісікке, жараға пайдаланып келіпті. 

С. Пияз неге ащы?

Д. Пияздың түрлері көп.

Е. Шөлдің сөлін тартқан пияз, жанның жарасын сормақ.

 

7. Тоғыспалы ықпалды тап

А.бара қалды.

В. ала кел.

С.он бес 

Д. күн кешті

Е. қабы

 

8. Жіктік жалғауы жалғанғанда өзгеріске ұшыраған сөз:

А) дәптер

В) үй

С) қатар

Д) бала

Е) қап

 

9. Сөйлем ішіндегі тоғыспалы ықпалды тап:

А) Еш адамды күндемегін.

В) Аттар жайылып жүр.

С) Адамзаттың ең абзал қасиеттерінің бірі – сөйлей білу.

Д) Оның ерлігіне қайран қалдық. 

Е) Сол сүйікті анаң емес пе?

 

10. Дыбыстық өзгеріске ұшырамаған сөзді тап:

А) бүгін 

В) қағаз – қалам 

С) тастай

Д) бізше

Е) біз келдік                            

 

4-кезең

ВЕНН ДИАГРАММАСЫ

5 –кезең

Сабақты қорытындылау.

Сұрақтар: 

1) Үндестік заңы. Сингорманиз деген не?

2) Тіл үндестігі деген не?

3) Ерін үндестігі.

4) Дауыссыз дыбыстардың бір – біріне ықпалын қалай атаймыз?

5) Дыбыс үндестігінің түрлері.

6) Ілгерінді ықпалдың ерекшелігі.

7) Кейінді ықпал.

8) Тоғыспалы ықпал.

9) Дауысты дыбыстардың жіктелуі.

10) Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі. 

 

 

6-кезең Бағалау

 

 

Қ/С Аты – жөні 1-кезең

үй тапсырмасы 2-кезең

жаттығу жұмыстары 3-кезең

тест Қорытынды

Жалпы бағасы Үлгерімі нашар.

1 Айтбек Қ 3 4 6/3 10 3 +

2 Атақұл А 4 4 8/4 12 4

3 Әлшер А 3 4 9/5 12 4

4 Бейсенәлі А 4 5 8/4 13 4

5 Бейсенбаев Е 3 3 4/3 9 3 +

6 Ерімбетова С 5 5 10/5 15 5

7 Карбозқызы Б 4 5 9/5 14 4

8 Қожамұрат Н 3 4 7/4 11 4

9 Сәрсенбекұлы С 4 5 8/4 13 4

10 Тәңірберген Т 4 4 6/3 11 3 +

11 Омарова Д. 5 5 10/5 15 5

 

 

Үйге тапсырма.

 

1. 5-сыныпқа арналған оқулық пен басқа кітаптардағы үндестік заңы туралы жазылған материалдарды салыстыру.

 

2. Өлең шумақтарындағы дыбыстардың бір-біріне әсерін, ықпалын анықтау. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сайрамбаев Т."Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері" 1991 ж. 92-150б.

2. Мырзабеков С. "Қазақ тілінің дыбыс жүйесі" 1999ж.

3. "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы №7 2007ж.

4. Методикалық газет-журнал басылымдары. 

5. Мектептегі 5-11 сыныптарға арналған оқулықтар.

6. " Мектеп " журналы  2010 № 2

7. Қазақ тілі ҰБТ-ке дайындалу тесттері.Шыныбаева А.К. 2009ж

8. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар.

9. "Оңтүстік ұстаздары" газеті

10. "Болашақ" газеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.
Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады.
Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес).
Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар:
а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады.
Мысалы:
АЙТЫЛУЫ: Жанпейіс, Ермағанбет,
ЖАЗЫЛУЫ: Жампейіс, Ермағамбет,

ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі.
Мысалы:
АЙТЫЛУЫ: асшы, колхозшы
ЖАЗЫЛУЫ: ашшы, колхошшы

б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады.

Мысалы:
АЙТЫЛУЫ:тұз сал, жазса, бозжігіт
ЖАЗЫЛУЫ: түс сал, жасса, божжігіт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі "Дыбыс үндестігі" 5-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 512 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.05.2016 17851
    • DOCX 26.2 кбайт
    • 38 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есбергенова Мереке Онгдашовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есбергенова Мереке Онгдашовна
    Есбергенова Мереке Онгдашовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24241
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов