Инфоурок Другое КонспектыҚазақ тілі. Достықты бағалай біл. 5 сынып

Қазақ тілі. Достықты бағалай біл. 5 сынып

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ поуроч достық.docx

Сабақтың тақырыбы: Достықты бағалай біл
Сабақтың мақсаты:
1. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу. Достық туралы білім деңгейін кеңейту, нағыз досты тани білуге үйрету.
2. Оқушылардың өзіндік ойларын еркін жеткізе білуге, досты қадірлеуге және тіл байлықтарын, түсініктерін қалыптастыру.
3. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді сақтай білуге, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Достық деген өмірде ең керегі,
Достық болып дүние дөңгеледі.
Өзендегі толқындар дос боп ақты,
Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.

II Мақсат қою кезеңі

III Жаңа тақырып
Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақын – абзал дос. Жақсы адам жанынан шуақ іздеп, достық шын көңілмен ұсынатын адамдар көп болмақ.
«Доссыз өмір – тұл», «Доссыз өмір – тұссыз ас»- деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Сондықтан да бүгін достық жайлы әңгімелеспек үшін сабағымыздың тақырыбын «Достықты бағалай біл» деп алдық. Біздің сабағымыз бірнеше бөліктерден тұрады.
1. Аққуды атпайды,
Достықты сатпайды.
2. Достық-татулық белгісі
3. Жаман дос – көлеңке
4. Әдебиет – өмір айнасы
    Сахна – оның жалғасы
5. Ағаш жапырағымен көрікті,
    Адамдар достарымен көрікті.
  Біз бүгінгі сабағымызды «Тілек шоғы» ойынымызбен бастаймыз. Қолдарында гүлдері бар балалар дөңгелене тұрады. Мұғалім өзі бастап, оқушылар гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Денің сау болсын, әдепті бол, ақылды бол, білімді бол, жақсы бол, аспаның ашық болсын, елімізде тыныштық болсын, амандық болсын, бірлік, татулық. т. б. Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтіп оралады.
Бірінші аялдама.
«Аққуды атпайды, Достықты сатпайды»
Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу – киелі құс, сұлулық символы. Ал достықты сатпайды деген не?
- Дос алдамау керек
Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек.
Достар ұрыспау керек.
Достар тату болу керек.
- Досы үшін өзінің басын қатерге тосу. Досын құтқару-достық өлкесінің заңы болса керек. Ал Мұхтар Шаханов ағаларыңның осы жайында айтылған «Достық өлкесінің заңы» өлеңін тыңдайық.

 Оқулықта берілген мәтінмен танысайық.

Інімнің досы

 Менің інімнің досы бар. Оның аты – Мұхтар. Олар бірге оқиды. Олар үнемі бірге жүреді. Екеуі мектепке бірге барады, үйге бірге қайтады. Бірін-бірі сыйлайды. Бұлар әрқашан бірге. 
Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

Екінші аялдама: Достық – татулық белгісі.
Бұл аялдама мақал-мәтелдерге тұнып тұрған көрінеді.Біз әдебиет сабағынан мақал-мәтелдерді өткен болғанбыз. Мақал деген не? Қайсың тез достық туралы мақал-мәтел айтасыңдар.

2-тапсырма

Мына кеңестерді аударып, әр уақытта есте сақтаңдар.

1. Достықты бағалай біл.

2. Басқа ұлттың баласына бауырмал бол.

3. Досың қиналғанда, қол ұшын бер.

4. Сыйлағанды сыйла.

IV  Бекіту

Үшінші аялдама.
Жаман дос – көлеңке.
Жағдаятты тапсырма.
А) Досыңның көп өтірік сөйлеп, бір затты жымқырып кету әдеті бар екенін байқап жүрдің. Бірақ оны айта алмай жүрген болатынсың. Бір күні екеуіңе ортақ басқа ешкім білмейтін затың жоғалып кетті. Не істер едің?
Ә) Сенің досыңның мінезі өте нашар. Үлкенмен де, кішімен де болмайтын нәрсеге ілінісіп қала береді. Өзінен кішкентайларға көп әлімжеттік жасайды. Сенің іс-әрекетің?


Деңгейлік тапсырмалар орындау

III деңгей

1. Көптік жалғауларды атаңдар. Мысал келтіріңдер.

2. «Досымның мінезі» деген тақырыпқа 4 сөйлем құрап жазыңдар.

II деңгей

1. Сөздің соңғы дыбысына байланысты көптік жалғаулардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

2. Достарыңмен кинотеатрға барғандарыңды айтып берңдер.

I  деңгей

1 Қазақ тіліндегі жалғауларды басқа тілдерден кездестіруге бола ма? Мысал келтіріңдер.

2. Ең жақын досың кім? Ол басқа достарыңа қарағанда саған несімен ұнайды?

Төртінші аялдама.
Әдебиет – өмір айнасы,
Сахна-оның жалғасы.

Қазір біз сахналық қойылымды көреміз.

V Сабақтың қорытындысы
Бесінші аялдама.
Ағаш жапырағымен көрікті
Адамдар достарымен көрікті.

Достық туралы өлең шумақтары:
1. Нағыз достар бір-біріне ұнаған.
Қиындықта бірін-бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.
2. Досы үшін дос көнеді бейнетке,
Дос деген сөз ең қадірлі жер-көкте,
Жақсылардың айрылмас досы көп.
Қолын берген қиыншылық кездессе.
3. Достарымды сүйемін бірге жүрген,
Бірге ойнап, менімен бірге күлген.
Достар деген жаныңның бір бөлшегі
Орын алған жүректің бір түбінен.
4. Балдырған балалар,
Достықты бағалар.
Есіңе сақтағын,
Адал бол,
Шыншыл бол.
Өтірік айтпағын,
Сөзіңнен қайтпағын.

Балалар өздеріңді көріктендіріп жүрген асыл да адал достарың жөнінде кім айтып бере алады. Өздеріңіздің достықтарыңыздың мықты, берік екендіктерін мысалдар арқылы дәлелдей аласыңдар ма?( достары туралы айтқызу)

Үйге: 54-бет, 3-тапсырма

Бағалау.

 

 

 

 

Пән: Қазақ тілі 
Сынып: 5 
Сабақтың тақырыбы: «Достықты бағалай білу» 
Сабақтың типі: Дәстүрлі 
Сабақтың түрі: аралас 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: грамматикалық тақырып- көптік жалғауына байланысты әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы білімдерін бекіту, дамыту және тереңдету 
Дамытушылық: Сөйлемдер құрау, тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың сөйлеу тілін, ойлау қабілетін, білімдерін көтеру және дамыту 
Тәрбиелік: Бір- бірін сыйлауға, достың қадірін білуге, досына әділ баға бере білуге жол көрсету. 
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап 
Көрнекілігі: 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру 
ІҮ. Қортындылау 
Ү. Үйге тапсырма беру 
ҮІ. Бағалау 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 
Сәлеметсіңдер ме! Кім кезекші? Үйге қандай тапсырма берілді? Дайындауға 3 минут беріледі. Балалардан үй тапсырмасын сұраймын. 
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: 
Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, жаңа сабақтың тақырыбын жазып қойындар. «Достықты бағалай біл» 
1- Тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер. 
Інімнің досы. 
Менің інімнің досы бар. Оның аты- Мұхтар. Олар бірге оқиды. Олар үнемі бірге жүреді. Екеуі мектепке бірге барады, үйге бірге қайтады. Бірін – бірі сыйлайды. Бұлар әрқашан бірге. 

Енді екінші тапсырмаға көшейік. 
2- Тапсырма. Мына кеңестерді аударып, әр уақытта есте сақтаңдар. 
1. Достықты бағалай біл – умей ценить дружбу 
2. Басқа ұлттың баласына бауырмал бол - будь милосерден к лицам другой нации 
3. Досың қиналғанда, қол ұшын бер – помоги другу когда ему трудно 
4. Сыйлағанды сыйла – уважай уважающего 

3- Тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді үлгі бойынша бірте- бірте қысқартып жазыңдар. Көптік жалғауының астын сызыңдар. 
Осы тапсырманы орындамас бұрын, ең алдымен көпті жалғауын шолып өтейік. 
Үлгі: Менің досым – жақсы бала. 
Досым – жақсы бала. 
Досым – бала. 
Менің досым –жақсы бала. Ол өте әділ, қайырымды. Оның достары өте көп. Ол ата- анасының айтқанын орындайды. Әр уақытта оларға көмектеседі. Достықты бағалай біледі. Қиын жағдайларда көмек беруге дайын. 
1) Ол өте әділ, қайырымды. 
Ол- өте әділ. 
Ол қайырымды. 
2) Оның достары өте көп. 
Достары өте көп. 
Достары көп. 

3) Ол ата- анасының айтқанын орындайды. 
Ол айтқанын орындайды. 
Ол орындайды. 

4) Әр уақытта оларға көмектеседі. 
Әр уақытта көмектеседі. 
Оларға көмектеседі. 

5) Достықты бағалай біледі. 
Достықты біледі. 
Бағалай біледі. 

6) Қиын жағдайларда көмек беруге дайын. 
Көмек беруге дайын 
4-тапсырма . Мақал-мәтелдерді жаттаңдар. 
1. Жолдасы көптің – олжасы көп. 
2. Татулық-табылмас бақыт. 
3. Досы жоқ адам- тұзы жоқ тағам. 
5-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орыңдандар. 
ІІІ. деңгей 
1. Көптік жалғауларды атаңдар.Мысал келтіріңдер. 
2. «Досымның мінезі» тақырыбына 4 сөйлем құрап жазыңдар. 
ІІ. деңгей 
1. Сөздің соңғы дыбысына байланысты көптік жалғаулардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер. 
2. Досыңмен кинотеатрға барғаныңды айтып беріңдер. 
І. деңгей 
Қазақ тіліндегі көптік жалғаулардың орыс тіліндегі окончания множественного числа категорясынан қандай айырмашылықтары барын көрсет. Мысал келтір. 
ҮІ.Үйге тапсырма: 
Көптік жалғауларды қолдана отырып «Досымен кинотеатрға барған кезім» деген тақырыпта 5 сөйлем жазу. 
ҮІІ. Бағалау: Әр түрлі белгілер бойынша бағалаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Достықты бағалай  біл. Етістіктің жіктелуі

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                     етістіктің жіктелуін   түсіндіру, сауатты жазуға  және  сөйлеуге 

                                     үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға, 

                                     достыққа адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік  тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: етістіктің жіктелуін меңгеру, өз досы жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

4-тапсырманы  тексеру.

         ІІІ. Жаңа  сабақ

1-тапсырма. «Інімнің досы»  мәтінін оқып, мазмұнын айту.

2-тапсырма. Берілген  кеңестерді аударып, мағынасын  түсіндіру.

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын  түсіндіру.

 5-тапсырма.        Деңгейлік тапсырмалар

          ІІІ  деңгей.

1. Көптік жалғауларын атап, мысал келтіріңдер.

2. «Досымның  мінезі» тақырыбына 4 сөйлем құрап жазыңдар.

            ІІ  деңгей.

1. Сөздің соңғы дыбысына байланысты, көптік жалғауларының жалғануын түсіндіріңдер.

2. Досыңмен кинотеатрға барғаныңды айтып беріңдер.

           І  деңгей

1. Қазақ  тіліндегі  көптік  жалғаулардың  орыс тіліндегі  окончания  множественного числа категориясынан қандай  айырмашылықтары барын көрсетіңдер. Мысал  келтіріңдер.

                 Ережемен  жұмыс

Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін  сөз табы етістік деп аталады. Сұрақтары: не істеді? қайтті?

                               Жіктік жалғауы

                                      Жекеше

І жақ. –мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін : оқушымын, дәрігермін, айтамын

ІІ жақ. –сың, -сің : оқушысың, дәрігерсің, айтасың

- сыз, - сіз: оқушысыз, дәрігерсіз, айтасыз

      ІІІ жақ. –ды, -ді, -ты, -ті:  оқушы, дәрігер, айтады

                        Көпше

      І жақ. –мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз: оқушымыз, дәрігерміз, айтамыз

      ІІ жақ.  – сыңдар, -сіңдер: оқушысыңдар, дәрігерсіңдер, айтасыңдар

-          сыздар, - сіздер:  оқушысыздар, дәрігерсіздер, айтасыздар

      ІІІ жақ. –ды, -ді, -ты, -ті: оқушылар, дәрігерлер, айтады

 

 

              ІV. Бекіту бөлімі

   Сұрақтар қою арқылы  бекіту

              V. Үйге тапсырма

 3-4 тапсырманы орындау

             VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша  бағалау.

             VІІ. Сабақты  қорытындылау

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі. Достықты бағалай біл. 5 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 986 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2016 3106
    • RAR 24.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кусжанова Мейрамгуль Орынбасаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10495
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе