Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ тілі "Есімшенің түрленуі"

Қазақ тілі "Есімшенің түрленуі"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Жумина Самал Орынбасарқызы-

бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы

Қаратөбе ауданы

Батыс Қазақстан облысы


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Тақырыбы: Есімшенің түрленуі.

Мақсаты: білімділік-оқушыларға етістіктің ерекше түрі есімшенің түрленуін меңгерту,бірде етістіктің ,бірде есімнің қызметін атқаратынын ұғындыру;дамытушылық- сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту,тәрбиелік-деңгейлік тапсырмалар арқылы/мақал-мәтел, мәтіндер/еңбекке, адамгершілікке баулу

.Түрі: Жаңа білімді меңгерту.Әдісі: түсіндіру,салыстыру,сұрақ-жауап,топтық,.Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті,тарих.Көрнекілігі:кестелер,тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

1/123-жаттығу.Өлең мәтінін пайдалана отырып, «Қазағым менің»тақырыбында қазақ халқының өзіне тән ерекше қасиеттері жайлы шағын шығарма жазу.

2/Ережені толықтыр:Есімдіктер атау септікте тұрып...............болады./Бастауыш/

Есімдіктер барыс, табыс, жатыс,шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұрып.......................болады. /Толықтауыш/

Есімдіктер ілік септікте немесе сын есім мен сан есімнің орнына қолданылып, ..............болады./Анықтауыш/

Есімдіктер мезгіл, мекен, мағыналарында үстеудің орнына қолданылса ,...............болады./Пысықтауыш/

Есімдіктер жіктеліп қолданылып,................қызметін атқарады./Баяндауыш/

III.Жаңа сабақты түсіндіру.

-Оқушылар ,етістік өте күрделі сөз табы екені бізге белгілі. Етістіктің ерекше категориялары есімше мен көсемше бізге бұрыннан таныс.Есімше- бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі. Есімше

Есімшенің жұрнақтары

Мысалы

  1. ған,-ген, -қан,-кен,

Ал-ған,кел-ген

  1. ар,-ер,-р болымсыз етістік+с жұрнағы

Бар-ар,жүр-ер,оқыма-с

  1. атын,-етін,-йтын,-йтін

Жаз-атын,өр-етін

  1. мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек

Бар-мақ



Есімшенің тәуелденуі

Оңаша

І

Алған-ым

Көретін-ім

Айтпағ-ым

ІІ

Алған-ың

Алған-ыңыз

Көретін-ің

Көретін-іңіз

Айтпағ-ың

Айтпағ-ыңыз

ІІІ

Алған-ы

Көретін-і

Айтпағ-ы

Ортақ

І

Алған-ымыз

Көретін-іміз

Айтпағ-ымыз

ІІ

Алған-(дар)-ың

Алған-(дар)-ыңыз

Көретін-(дер)-ің

Көретін-(дер)-іңіз

Айтпақ-(тар)-ың

Айтпақ-(тар)-ыңыз

ІІІ

Алған-(дар)-ы

Көретін-(дер)-і

Айтпақ-(тар)-ы

Топтық жұмыс. Оқушыларды алдын ала таратылған парақшалар арқылы топқа бөлу/Тарихи терминдері бар парақша алған оқушылар «Тарих»тобы,әдеби терминдері бар балалар «Әдебиет»тобы/

1-топқа: «Тарих» тобына.

1 тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып шық. Өлең қандай шығармадан алынған? Қиын өмір суретін ақын қалай бейнелегенін мазмұндап бер. Шумақты жаттап ал.

Есімше тұлғалы етістіктерді тауып, оларды тәуелде, септе және жікте.

Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген, Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген. Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп, Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген.

(С.Торайғыров)

2 тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып шығып, мазмұнын түсіндір. Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдерге сүйене отырып, шағын әнгіме құрастыр.

Есімшек тұлғалы етістіктерді тауып, олардың қалай жасалып тұрғанын айт.

Ынтымақ

(терме)

Отыз бөлек отауды

Елдестірген-ынтымақ.

Болашаққа, бақытқа

Көз жеткізген-ынтымақ.

Ой жеткізген табысқа,

Қол жеткізген-ынтымақ.

Қиын іспен бетпе-бет

Белдестірген –ынтымақ.

Есіктегі жарлыны

Төрлеткізген – ынтымақ.

Бойда қайрат,жігерді

Кернеткізген – ынтымақ.

Берекелі ырысты

Селдеткізген – ынтымақ.

Жас ұрпақты біліммен

Ер жеткізген – ынтымақ.

Жаңалыққа халқымды

Кездестірген – ынтымақ.

Бір ұлт пенен бір ұлтты

Теңдестірген – ынтымақ.

Шабыт берген ақынға,

Тербеткізген – ынтымақ.



(Серік Әмбияұлы)

3 тапсырма. Мақал-мәтелдің мазмұнына көңіл бөліп, бас кеспек, тіл кеспек сөздердің мәнін түсіндіріп бер.

Есімшелерді тауып, қандай қызметте, қандай тұлғада жұмсалып тұрғанын табыңдар.

  1. Мың асқанға, бір тосқан.

  2. Алыс пенен жуықты жортқан біледі, Ащы менен тұщыны татқан біледі.

  3. Сөз қуған бәлеге жолығады.

  4. Жауды аяған – жаралы.

  5. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

  6. Мал баққанға бітеді.

  7. Өзі болған жігіттің ата тегін сұрама.

  8. Өлетін бала молаға қарай жүгіреді.

  9. Шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боларсың.

2-топқа: «Әдебиет»тобына.

1 тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Ұлы Абайдың дүниеге, ғылымға деген көзқарасына талдау жаса. Есімшелерді теріп жазып, жасалу жолын түсіндір.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге болама ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған.


Ғылым оқып білгенше,

Тыным-тыныштық таппаған.

Дүниені кезіп көргенше,

Рақат іздеп жатпаған.

Абай

2 тапсырма. Мәтінді оқып шығып, Майқы бидің өмірін мазмұндап айтып бер. Оның тағы қандай әңгімелерін білесің?

Есімшенің жұрнағы жалғанып тұрған етістікті тап.

Майқы би

Артына өлмейтін сөз қалдырған Майқы ХІІ ғасырда өмір сүрген. Көне көздерден, жеті тұстыдан қалған шежірелерге келсек, қазақта екі Майқы болғаны байқалады. Майқы – өзін Ұлы жүз санайтын біраз қазақтың атасы.

Айтұлы Майқы іштен бір аяғы кем туған да, ақсап жүретін адам болған. Туа кембағал адамға төрт мүшесінің бірі кемістіктен Майып аты берілген. Кейін қатарынан асып туған, басында бағы, астындағы тағы бар, яғни Шыңғысханның оң тізесін басқан адамды қазақтар Майып деп кемітіп атауға аузы бармай, бұрын өткен, аяқты жол, ауыздыға сөз бермеген, қаусырма жақ, қызыл тілге келгенде алдына жан салмаған осы Майыптың он сегізінші бабасы – Майқының атымен атап кеткен.

Артына, ел аузына сөз қалдырған, ел билеген көсем, басынан сөз асырмаған, топта рай бермеген шешен Майқы Мән баласы, «Арғы атам Әбілқайыр бақтан пәрмен» деп Жамбыл жырлаған Әбілқайыр Бақ, Пәр, Мән. Міне, бұлар Майқының аталары – Жамбылдың да бабалары. Қазіргі оның ұрпағы Майқыдан 58-атадан тұр екен. Майқы Мән баласы, Пәр немересі Айсадан жүз елу жыл бұрын өмір сүрген болса керек-ті...

(«Ана тілі» газеті. 9 тамыз,1990ж)

3 тапсырма.Төмендегі мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мазмұндарына талдау жаса және жаттап ал.Есімшені тауып, тәуелде , септе, жікте.

1.Ел қонбаса – жер азады,

Жер болмаса-ер азады.



2.Қатарынан озатын ұл биікте жүреді,

Ез атанып тозатын ұл иықта жүреді.

3.Ат қадірін білмеген

Есек етер көлігін.

IY. Оқулықпен жұмыс.195,196-жаттығулар.

Y.Бекіту.

1/Есімшенің жұрнақтарын ата.

2/Есімше септеліп, тәуелденіп, көптеліп қандай қызмет атқарады?

3/Есімше жіктеліп қандай қызмет атқарады?

YI .Қорытындылау.Бағалау,оқушыларды мадақтау.

YII.Үйге тапсырма.198-жаттығу Төменде берілген есімшелерді қатыстыра отырып, «Әдептілік әліппесі» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.


Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров168
Номер материала ДВ-393732
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх