Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қазақ тілі "Күрделі сөздер" (4-сынып)

Қазақ тілі "Күрделі сөздер" (4-сынып)



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов




Қазақ тілі 4 сынып. Күрделі сөздер

Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер
Сабақтың мақсаты: 1. Күрделі сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру, күрделі сөздердің бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратының ұғындыру.
2. Күрделі сөздерді туынды түбір, еркін сөз тіркесінен айыра білуге үйрету.
3. Сөйлем ішіндегі күрделі сөздерді таба білу, сөйлем құрастыруда күрделі сөздерді пайдалана білу біліктерін арттыру. Оқушылардың ғылым – білімге деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық сабақ, жаттығу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте интерактивті тақтада дайындалған слайдтар
VI. Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу құралдарын түгел алғызып, сабаққа назар аудартамын.
- Балалар бүгінгі қазақ тілі сабағымызға қонақтар келіпті қонақтарға жылы лебіздерімізді білдірейік.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз (1 слайд)
II. «Ой қозғау»
- Балалар, бүгінгі қазақ тілі сабағына «Қызықты қазақ тілі» елі хат жіберіпті. Хат ішінде әр түрлі, ойындар, тапсырмалар бар екен.
- «Қызықты қазақ тілі» елі сендердің білімдеріңді байқамақшы.
- Кезектестіре отырып тапсырмаларды орындаймыз. Алғашқы (1) тапсырмасы «Жасырынған суретті тап» суретті табу үшін сұрақтарға жауап беруіміз керек.
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөз мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Қандай?
3. Жаңа сөз қалай жасалады.
4. Сөз тіркесі дегеніміз не?

- Жасырынған сурет кім екен?
- Қожаберген жырау?
- Ендеше мектебіміздің осындай дана, жыршы, батыр атында болғанын мақтан тұтайық. (2 слайд)
- 2 - тапсырма Математикалық ребус шешу
Шешуі: күрделі сөздер (3 слайд)
Дәптермен жұмыс
Күннің реті
Көркем жазу
Қожаберген жырау-тарихи тұлға.
III. Жаңа сабақ
Күрделі сөздер
1 - жаттығу. Екі бағандағы қарамен жазылған сөздерді салыстыр. Оларға сұрақ қой. Қандай айырмашылықтары бар? (4 слайд)

  1. Мылтық даусын естіген арқар лезде жоқ болды.

  2. Жол жүргенде ол үнемі серік
    болып ілесетін.

  3. Малшы қойларды қораға кіргізді.

1. Әжей сырмақтың ортасына
арқармүйіз оюын салыпты.

2. Жолсерік біздің билетімізді
тексерді.

3. Байдың қора - қора қойы болыпты.

Қорыта келе ережемен таныстырамын.


2 - жаттығу. Екі бағандағы сөздерді салыстыру. Қай бағанда күрделі сөздер, қай бағанда сөз тіркесі берілгенін дәлелдеу.
отыз қой --------------------------- отыз сегіз
қызыл шар ----------------------- қызыл ала
ақшыл мата -------------------- ақшыл сары
Күрделі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.


IV. Сергіту сәті
« Кім жылдам » тез жауап беру
1. Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген? (көкжиек)
2. Нені қазып қала болған? (Жезқазған)
3. Екі сөз бірігіп қалай сайрайды? (бұлбұл)
4. Екі қазанның бірі сатылып кеткенде, неше қазан қалады? (бірқазан)
5. Баққаным әрі құс, әрі түйе. (түйеқұс)
6. Суы да ала, тауы да ала,
Бар ма екен осыны білетін бала? (Алакөл, Алатау) (5слайд)


3 - тапсырма. 3 - жаттығу. Топтық, жұмыс. (6 слайд)
1 - топ 2 - топ 3 - топ
Біріккен сөздер Қос сөз Түбірлердің тіркесуі
Шекара, асатаяқ Алуан – алуан жол сілтеуші
итбалық, бума – бума қара торы
егеуқұйрық ауызба – ауыз алпыс тоғыз

саңырауқұлақ жарқ-жұрқ жылы шырай

қолбасшы бірте-бірте


4 - тапсырма Терме диктант. Күрделі сөздерді теріп жазу.

Қараойдың алқабында Сарытауқұм деген жер бар. Әкесі әлденеше күн бойы машинаның жанынан ешқайда кетпеді. Шымкент өнеркәсіп орындары жоспарларын мүлтіксіз орындап отыр. Жаңбыр басылып, кемпірқосақ көрінді. Оның інісі тамағы ауырғанына қарамастан, тағы балмұздақ алып жеді.
5 - тапсырма. Сөзжұмбақ шешу. Күрделі сөздерді тауып орналастыру, қандай сөз пайда болды.
1. Жандос сабақ оқыды.
2. Серік тас жолмен жүрді.
3. Атасының үйінде қора - қора қой бар.
4. Бірқазан көлге қонды.
5. Айгүл сөмкесін алды.
6. Әжем пешке таскөмір салды.
7. Мен Қызылордада тұрамын.
8. Байқоңырда ғарыш айлағы бар.
«Қызықты қазақ тілі» елінен келген хаттағы тапсырмаларды жақсы орындаған-дарың үшін сендерге «жарайсыңдар» деп риза екендігін білдірді. (7 слайд)
V. Қорытынды:
Бүгінгі сабақта не үйрендік, нені білдік?
VI. Үйге тапсырма:
5, 6 - жаттығу
VII.
Бағалау:
Сабаққа жақсы араласқан оқушыларды мадақтау.



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-378055

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>