Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Қазақ тілі лепті сөйлем 2 класс

Қазақ тілі лепті сөйлем 2 класс

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 26.11.2015 жыл 
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлемді қайталау
Сабақтың мақсаты: 
1.Лепті сөйлем туралы түсінігін кеңейту. Сөйлем түрлерін ажырату. Хабарлы сөйлемді лепті сөйлемге айналдыра білу. Лепті сөйлемдердің әр түрлі көңілмен айтылатынын ұғындыру. 
2.Көркем жазуға дағдыландыру, байланыстыра сөйлеуді және жазуда дамыту, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. 
3.Оқушы бойына жарасымды мінез - құлықтың дағдыларын сіңіру, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке, спортқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: қайталау сабақ 
Сабақтың түрі: ойын сабақ 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, ойын 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, медальдар 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
Психологиялық дайындық 
Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!
Қонағымызға: Жақсы көңіл - күй!
Елімізге: Ашық аспан, тыныштық!
Сабақтың мақсатын хабарлау.
Сабақ кезеңдерімен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
ІІІ. Қызығушылықты ояту
Суретпен жұмыс 
- Суретте қандай ойын түрін көріп отырсыңдар? 
- Ал қыста қандай спорттық ойын түрлерін ойнауға болады ?
- Ойыншыларды демеп тұратын көрермендерді кім деп атаймыз? 
- Балалар, спорттың қандай пайдасы бар? 
(Оқушылар топтастыру әдісі арқылы спорттың пайдасын айтып өтеді) 
Төзімділік 
Денсаулық 
Шыдамдылық 
Шапшаңдық 
Әлем таниды 
Ептілік 
«Спортшылар біздің еліміздің даңқын шығарады» деген қалай түсінесің? 
- Спортшылар еліміздің даңқын қалай шығарады? 
Лондон олимпиадасы туралы әңгіме жүргіземін. 
2012 жылдың 27 шілдесі мен 12 тамыз аралығында Ұлыбритания астанасы Лондонда ХХХ жазғы олимпиада ойындары болып өтті. Оған біздің елімізден де спортшылар қатысып, нәтижесінде 7 алтын, бір күміс, 5 қола медальға ие болды. 
Жеңімпаздарымызды атай аламыз ба? (Слайдтан суреттері көрсетіледі) 
Осындай жетістікке жеткенімізге қазақ халқы қандай қуанды десеңізші!

Олар сезімдерін қалай жеткізді деп ойлайсыңдар? 
- Алға, Қазақстан! 
- Алақай, біздің Серік Сәпиев жеңіске жетті! 
- Қандай мықты жігіт! 
- Міне, жігіт! 
- Балалар, осы сөйлемдерге назар аударайықшы. Бұл сөйлемдерден біз нені байқаймыз? Олар қалай оқылады? Соңында қандай тыныс белгісі қойылып тұр? 
- Ендеше осыдан кейін қандай қорытыныдыға келуге болады? (Ереже еске түсіру) 
Лепті сөйлем адамның көңіл - күйін, сезімін білдіреді (бұйыру, таңдану, өтіну, қуану, тілек, ұран). Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады. 

Балалар өткенді қайталап өтейік.

-Сөйлем дегеніміз не? (Сөйлем аяқталған ойды білдіреді)

-Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем)

-Сұраулы сөйлем дегеніміз не? (Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем)

ІҮ. Мағынаны тану.

«Кел, футбол ойнайық!» ойыны 
Шарты: берілген тапсырманы дұрыс орындасақ жеңістеріңе медаль беріліп отырады. 
1)Көркем жазу сәті 
Жұмбақты шеш: Шіркіннің өзіне обал-ақ 
Жүреді аяқта домалап (доп) 
Дд 
Д- ұяң дауыссыз дыбыс 
Оқулықпен жұмыс.

2)Жаттығу жұмыстары 
190-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, лепті сөйлемдерді көшіріп жаз.

-Міне, жігіт!

-Көп жаса!

-Өркенің өссін, қарағым!

-Қатарыңның алды бол!

(Өзара тексеру) 
191-жаттығу. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз.Әр сөйлем қандай мазмұнды білдіретінін айт.

Мына тау қандай биік! Сен қысқы демалыста қайда барасың? Қыста коньки тебу қандай тамаша! Бөлменің ауасын тазартып отырған жөн.
Сергіту сәті.

Топпен жұмыс. 
Келесі ойнымыз «Шаңғы жарысы» деп аталады. Яғни берліген тапсырманы қай топ бірінші орындаса сол тап жеңімпаз атанады. Сол тапқа жеңіс медаль беріледі.

1 - топ. Сөйлемді лепті сөйлемдерге айналдырып жаз.
Ауылдан атам келді. Алақай, ауылдан атам келді!
Даланың ауасы таза. Даланың ауасы қандай таза!
Демалысқа шықтық. Ура, демалысқа шықтық!
2 - топ. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр.
1. Тамаша, күн, бүгін, қандай
2. Орманда, аю, сүреді, өмір
3. Кітапханаға, барасың ба, сен
3 - топ. Суретке қарап әңгіме құрату. Лепті сөйлем қатыстыру.
4 - топ. Сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдырып жаз.

Алақай, біз барлық тапсырманы ойдағыдай орындадық!
Даланың ауасы қандай таза!

Ауа райы қандай тамаша!
V. Ой толғаныс. Денис Тен туралы бейнеүзікті тамашалау. (спортшы туралы ақпарат беру)

Денис Тен - қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері.Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін чемпионы.Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
- Балалар сендерде қандай көңіл-күйді сезіндіңдер?

-Өз әсерлеріңді қалай жеткізер едіңдер?

-Денис Тен сияқты биік шыңдарды бағындыруға менде тілектеспін. Өміріміз тек сәттіліктер толы болсын дегім келеді.

-Келесі тапсырманы біздің чемпиондарымыздың құрметіне орындасақ деймін.

-Ол тапсырма семантикалық карта деп аталады.

-Яғни, сіздер оны топпен орындайсыздар.





Семантикалық картамен жұмыс

Сөйлем түрлері

Хабарлы

Сұраулы

Лепті

 Бүгін мұз айдынына барасың ба?

 

 

 

Ертең шахматтан жарыс болады.

 

 

 

Алақай, бүгін менің туған күнім!

 

 

 

Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлемді...

 

 

 

Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді ...

 

 

 

Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында...

 

 

 

-Ал енді оқушылар мына жұмбақтардың шешуін тауып көрейік.

1.Ойды аяқтап қорытады,

Соңында доп тұрады.

(Сөйлем)

2.Сөзді құрап, доп тіземін,

Қоя салсаң, бір тары.

Жаңалықты жеткіземін.

(Хабарлы сөйлем)

3.Ойды аяқтап орақ тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады.

(Сұраулы сөйлем)

4.Ұранда, шаттықты,

Өкініш аптықты.

Білдіріп ойын талайдың,

Шарға ине қалаймын.

(Лепті сөйлем)

- Сонымен балалар лепті сөйлем дегеніміз не? 
- Лепті сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

-Балалар, біздің спортшы аға - апаларымыздай тек биік жеңістерді бағындырыңдар дегім келеді. Деніміз сау болу үшін спортпен айналысыңдар.
V. Бағалау. 

VI. Үйге тапсырма беру. 194- жаттығу.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров171
Номер материала ДВ-323909
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх