Қазақ
тілі мұғалімінің шығармашылық есебі
Елбасымыз
Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы-тарихи маңызы, қоғамда алатын орны
ерекше стратегиялық құжат. Себебі, бұл Жолдауда
елімізді одан әрі дамыту, әрбір отбасының, әрбір азаматтың жағдайын одан әрі
жақсарту, халқымыздың бірлігін, тыныштығын қорғау жолдары нақты атап көрсетті.
Елбасымыз
өз Жолдауында «Дамудың қазіргі кезеңінде адам факторы айқындаушы фактор болып
табылатынын» атап көрсетті. Адам факторы пәрменін арттырудың бірден-бір құралы
– оқу, білім алу. Бұл тұрғыда нәтиженің жемісті болмағы, алдымен ұстаздарға,
оның білім-білігіне, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруындағы шеберлігіне,
келешегіміз жастардың әлеуетін арттыру амалдарын игеруіне тәуелді екенін
мойындаймыз.
Қазақстанның
өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті отыз елдің қатарына
кіруінің негізгі тетігі – білім. Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа
мұғалімдерді талап етеді. Ол шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға,
педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге
ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайды өзінің
білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениетті, іскерлігі, шеберлігі
арқасында шеше алатын педагогикалық үрдістің нәтижесін жаңарта алатын мұғалім
болуы керек.
Мектептегі
еңбек жолымды Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл №2 орта
мектебінде 2004 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастадым. Ал осы
мектепте 2013 жыдан бері жұмыс істеп келемін. 2013 жылдан бастап «Оқу мен жазуда
оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту» әдістемелік тақырыбымен жұмыс істеп
келемін. Бұл тақырыпты алуымның мақсаты: Қазақ
тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау және
тіл мәдениетін дамыту, шығармашылық ізденісін қалыптастыру.
Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:
·
Ақпараттарды қабылдап, есте
сақтайды;
·
Зерттеу, іздену жұмыстарын
жүргізеді;
·
Өзін-өзі бағалайды, бір-бірін
бағалап, ұсыныс таратуға машықтанады;
·
Өзгенің пікірін тыңдап, көзқарасын қоса
білуге үйренеді.
·
Қарама-қайшылықтарды көреді,
түсіндіреді, сипаттайды, машықтанады;
·
Өз бетімен жұмыс жасайды.
·
Соңғы жыл ішіндегі қазақ тілі және
әдебиет пәндері бойынша сапа көрсеткіші:
2014-2015 оқу жылы-74,6
Жыл сайын оқушыларды ҰБТ дайындық жұмыстарын
жүргізіп келемін. ҰБТ нәтижесі:
2014-2015
оқу жылы – 17,2
Оқушыларды сайыстар мен конкурстарға дайындау жұмыстарын
жүргізіп келемін:
·
2011 жылы Мұсаева
Салтанат облыстық « Абай оқуларына» қатысып белсенді қатысқаны үшін
сертификатпен марапатталды;
·
2012 жылы Мұсаева Салтанат аудандық
«Абай оқуларына» қатысып, 1-орынға ие болды:
·
2012 жылы Шаткенова Зариат аудандық
«Абай оқуларына» қатысып, 2-орынға ие болды;
·
2012 жылы Хаалман Бұлбұл аудандық «
Абай оқуларына» қатысып, 2-орынға ие болды;
·
2012 жылы Абаева Дамира аудандық
«Абай оқуларына» қатысып, белсене қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды;
·
2013 жылы Шаткенова Зариат «Абай
және Махамбет оқуларының» аудандық кезеңінде 1-орынға ие болды;
·
2013 жылы Ескендірова Ақмарал
«Мағжан оқуларының» аудандық кезеңінде 3-орынға ие болды;
·
2014 жылы Шаяхметова Париза
республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, сертификатқа ие болды;
·
2014 жылы Жумасатова Дильназ
республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, сертификатқа ие болды;
·
2014 жылы Шаяхметова Париза
республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, сертификатқа ие болды;
·
2014 жылы Аульбеков Ризабек
республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, сертификатқа ие болды;
·
2014 жылы Калиева Саяжан «Зерде»
зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңінде
2-орынға ие болды;
·
2015 жылы Калиева Саяжан «Зерде»
зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңінде
3-орынға ие болды;
·
2015 жылы Аманжолова Салтанат
«Жарқын болашақ» аудандық кезеңінде 3-орынға ие болды;
·
2015 жылы Аманжолова Салтанат
«Мағжан оқулары» аудандық кезеңінде 3-орынға ие болды;
·
2015 жылы Герман Николай
«Тіл-парасат» сайысына белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады;
·
2015 жылы Герман Николай аудандық
қазақ тілі олимпиадасына қатысып, 3-орынға ие болды;
·
2015 жылы Искендиров Алмат «Зерде»
зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңінде
3-орынға ие болды;
·
2015 жылы Шаяхметова Париза
республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, сертификатқа ие болды;
·
2015 жылы Карапина Әлия
республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, сертификатқа ие болды;
·
2015 жылы Мухаметжанов Әділхан
республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, ауданның ең үздік көрсеткіші
сертификатына ие болды.
Біз қашан да «Білім мен тәрбие егіз» дейміз. Шындығында да ,
сапалы білім, саналы тәрбие астасқан ұлт тірегі. Осы тәрбие саласы бойынша 2015 жылдан бері 5-сыныпқа сынып жетекшілік қызметін атқарып келемін. Сыныбымда түрлі тәрбие саласында тәрбие сағаттары өтіледі.
Атап
айтсам, «Я и моя семья», « Мы будущее своей страны» ашық тәрбие сағаттарын өткіздім. Сынып
оқушыларымен бірге әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларға қатысып отырамыз. Мысалы, қыркүйекте тілдер күніне арналған
«Менің тілім – менің мақтанышым» атты мектепішілік линейка өз дәрежесінде өтті.
«Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай
болмақшы», яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді
болмақ. Сондықтан өз білімімді ылғи да көтеріп отыруға тырысамын.
·
2011 жылы «Үздік педагог» номинациясы бойынша аудан әкімінің
алғыс хатымен марапатталдым.
·
2012 жылы аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен
марапатталдым
·
2012 жылы «Мемлекеттік тілді меңгерудің инновациялық
технологиялар жүйесін құру» республикалық семинарға қатысқаны үшін сертификат
берілді
·
2014 жылы қазақ тілінен республикалық қашықтық
олимпиадасына қатыстым
·
2015 жылы «Ең үздік ОМЖ» облыстық сайысына қатыстым
·
2015 жылы қазақ тілінен республикалық қашықтық
олимпиадасына қатыстым.
·
2015 жылы қазақ әдебиетінен республикалық қашықтық
олимпиадасына қатыстым, ауданның ең үздік нәтижесі сертификаты берілді.
·
2015 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ-ны
қолдану» атты аудандық семинарда қатысқаны үшін сертификат берілді.
Ғаламтор желісінде үнемі сабақтарымды енгізіп
отырамын:
2012-
2013
оқу жылы
|
«Мемлекеттік
тілді білу – парыз»
|
№5
«Нұрлы ел» Уәлиханов аудандық газеті
|
2013-2014
оқу жылы
|
«Қазақстан
қалалары» сабақ жоспары 8-сынып
|
Collegy.ucoz.ru
|
2013-2014
оқу жылы
|
«Интернет
деген не?» сабақ жоспары 7-сынып
|
http://teacher
– almaty. clan.su/
|
2014-2015
оқу жылы
|
«Кітапхана»
сабақ жоспары 8-сынып
|
Collegy.ucoz.ru
|
2014-2015
оқу жылы
|
«Тіркескен
сөздер» 6-сынып
|
так
то ЕНТ
|
2014-2015
оқу жылы
|
«Етістік»
сабақ жоспары
|
InfoUrok.ru
|
2014-2015
оқу жылы
|
«Етістік»
сабақ жоспары
|
www.gotovimyrok.com
|
2014-2015
оқу жылы
|
Конспект
|
«Конспекты
уроков» сайты
|
2015-2016
оқу жылы
|
«Тіркескен
сөздер» сабақ жоспары
|
InfoUrok.ru
|
2015-2016
оқу жылы
|
«Күрделі
сөздер» 6-сынып сабақ жоспары
|
InfoUrok.ru
|
2015-2016
оқу жылы
|
«Атауыш,
көмекші, одағай сздер» сабақ жоспары
|
InfoUrok.ru
|
2015-2016
оқу жылы
|
«Зат
есім» сабақ жоспары 6-сынып
|
InfoUrok.ru
|
2015-2016
оқу жылы
|
«Дарынды
балаларды оқыту» рефлексивті есеп
|
InfoUrok.ru
|
2016-2016
оқу жылы
|
Қазақ
тілі мен әдебиеті мұғалімінің шығармашылық есебі
|
InfoUrok.ru
|
2015-2016
оқу жылы
|
«Сыни
тұрғысынан ойлау» рефлексивті есеп
|
InfoUrok.ru
|
Егемен
елдің ертеңі - білімді ұрпақ болса, кемел мемлекетті өркендетері хақ.
Ал озық ойлы шәкіртті жетектеуші – ұстаз болса, білімді шәкірт шоғын үрлеп,
кемел отты, ойлы азаматты тәрбиелейік. Халықымыздың рухани көсемі
А.Байтұрсынұлының «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне
сүйеніш, қол қабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген сөзін әрдайым жадымда
ұстаймын. Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді
ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын
арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми -
ізденіс қабілеттерін қалыптастыру. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры.
Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек
екенін бір сәтте естен шығармағанымыз абзал. «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе
жаның ашысын , азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің
нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де
иесі өзің екенін ұмытпа!» - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дана
сөздерін жас жеткіншектердің жүрегіне ұялатын, көкірегіне қондыру біздің басты
мақсатымыз деп түсінемін.
Шығармашылық
есебімді өзімнің өлең жолдарыммен аяқтаймын:
Жүздері
жылы, сөздері нұрлы шуақты,
Жанының
мөлдір сарқылмас берер қуаты.
Жасырын
жатқан жұмбақтың тауып шешімін
Жағатын
сөнбес жүрекке білім-шырақты.
Ұстазда
бәрі – өсиет, үлгі- өнеге,
Ұстаздан
алар алғашқы бағыт өнерге.
Ұстазда
мейірім, аялы ыстық алақан
Ұстазда
аппақ ананың асыл жүрегі.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.