Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс іс-шаралардың жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс іс-шаралардың жоспары

библиотека
материалов

Мундуинова Асем Ерболатовна

Павлодар облысы,

«Ақтоғай ауданының Ақбидай негізгі мектебі» КММ-сінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІ БОЙЫНША СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ


«Жұлдызды сәт» атты білім сайысының өтілу жоспары


5-сынып аралығындағы оқушылар қатысады.

Құрал-жабдықтар: қоржын (сұрақтарды салу үшін), фишкалар, конкурстық тапсырмалар, әр түрлі түске боялған конверт.


Ойын шарты:

Оқушыларды екі топқа бөлу және ойын бес түрлі турдан өтетіндігін хабарлау. Әр турдың шартын өтілу барысында таныстырып отыру.

Әділқазылар алқасы сайланады.


І ТУР

2 топқа бес-бестен сұрақтар қою.

Қоржыннан (қоржында 10 сұрақ болады) тапсырмалар жазылған қағаздарды кезек-кезек алып, 2 топ қатар, кезектесіп жауап беріп отырады. 1-топ 1-сұраққа жауап берсе, 2-топ 1-сұрақтың жауабын тыңдайды. Сұрақтың жауабы тыңдалып болған соң жүргізуші сұрақтың жауабын өзі оқып береді. Сол сияқты 2-топ та сондай әрекет жасайды. Осылайша, 10 сұрақтың жауабы тыңдалады. Әділқазылар алқасы қолма-қол тиісті бағасын беріп, әділ ұпайын шығарып отыруы тиіс.


ІІ ТУР

Қарсы екі топ бір-бірлеріне сұрақ қояды. Сұрақтары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша болуы шарт.


ІІІ ТУР

Сөзжұмбақ құрастыру

Оқушылардың шапшаңдығы ескеріледі.


ІҮ ТУР

Ертегі құрастыру сайысы

Мұнда оқушыларға 10-15 минут уақыт беріледі.

1-конвертте «Керқұла аттың өсіп-жетілуі» деген тақырыпқа ертегіден тыс ертегі-әңгіме құрастыру тапсырылса, 2-конвертте «Кендебайдың өсіп жетілуі» деген тақырыпқа ертегі құрастыру тапсырмасы жазылған.


Ү ТУР

Көсемдікке ұмтылу

Оқушылардың сөз тапқырлығын, шешендігін байқау.

Қазылар алқасы жеңімпаз оқушыны анықтап, жүлделі орындар дайындайды, салтанатты түрде марапаттайды.


ХХІ ғасыр көшбасшысы


Жоспар:

  1. Бәйге;

  2. 9 жұмбақ;

  3. Жорға;

  4. Көсемдікке ұмтылу


Ойынға 5 оқушы қатысады, ұпай сандары төмендеген оқушы ойыннан шығып отырады.


І. Бәйге


«Бәйге» сұрағына жауап бергендердің

әрқайсысына 10 ұпай қосылады.


«Бәйгенің» сұрақтары:

  1. Ою бастырып немесе жиекпен өрнектеліп сызылған төсеніш қалай аталады? (сырмақ)

  2. Жыл 12 айдың солтаны қай ай? (Рамазан айы)

  3. Жеті қазынаны ата (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік ит (тазы)

  4. Ертедегі көшпелі қазақтар ас сақтайтын ыдыстың біразын мал терісінен жасаған. Ондай ыдыстың ең үлкені қалай аталады? (саба)

  5. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы Қозының әкесі кім? (Сарыбай)

  6. Біржан мен Сара айтысының тақырыбы не? (әйелдер теңсіздігі)

  7. Алты тесікті, үрлеп ойнайтын аспапты қалай атаймыз? (сазсырнай)

  8. Жеті атаны ата (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)

  9. Жылқы малын өсу ретімен айтып шық (құлын – жабағы – тай – құнан – бесті ат)

  10. Ысқышпен ойнайтын, қос ішекті ескі музыкалық аспап (қылқобыз)

  11. Жерұйықты іздеген кім? (Асан қайғы)

  12. Көшіп-қонып жүргенде сүт, ет, құрт, май сақтайтын ағаш тақтайшасынан жасалынып, бетін ою-өрнегімен әшекейлеген сандықша ыдыс қалай аталады? (кебеже)

  13. «Күлтегін», «Тоныкөк» дастандары қай ғасырдың туындылары? (ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ.)

  14. Қазақтың сал-серілері (Біржан, Ақан, Естай ақын)

  15. Күздік соғым қай айда сойылады? (қазан айында)

  16. «Шұбар» деген сөздің мағынасын аш (үйде самауыр қайнататын орын, пешке ұқсас)


ІІ. 9 жұмбақ

Әр сұрақтың жауабын білетін оқушыларға 20 ұпайдан қосылып отырады. Оқушылар ұяшықта берілген сандарды таңдайды.


20


20

20


30


30


30


40


40

40


«20» сұрағы: Тарих пәні бойынша:

«Топонимика» дегеніміз не? («Топонимика» грек сөзінен шыққан сөз, қазақша «мекен», «жер атаулары» деген мағына береді)

«20» сұрағы: Сақ ханзадасының алтын киімі қай жерден табылған? (Есік қорғанынан табылған)

«20» сұрағы: География пәнінен:

Ресейдің астанасы Москваға дейін қай қала болды? (Петербург)

«30» сұрағы: Қазақстандағы ірі көмір орталығы (Екібастұз көмір алқабы)

«30» сұрағы: Қазақ тілі бойынша:

Қай сөз табы математикаға байланысты? (сан есім)

«30» сұрағы: Орыс әдебиеті пәні бойынша:

Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді аударды. «Бородино» өлеңі кімдікі? (М.Ю.Лермонтовтікі)

«40» сұрағы: Музыкадан:

«Менің Қазақстаным» әнінің авторлары кім? (Ш.Қалдаяқов, Н.Ә.Назарбаев)


«40» сұрағы: Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша:

Тіл туралы 5 мақал-мәтел айт.

«40» сұрағы: «Наурыз жыры» ауыз әдебиетінде қай жанрға жатады?

1) тұрмыс-салт жырына;

2) эпостық жырға;

3) лиро-эпостық жырға;

4) аңызға


ІІІ. Жорға

Белгілі уақыт ішінде шапшаң әрі дұрыс жауап беру керек. Оған қалған екі ойыншы ғана қатысады.


1-ойыншыға қойылатын сұрақтар:

1. –дай, - дей жұрнағы арқылы жасалатын көркемдеуіш құрал қалай аталады? (теңеу)

2. «Көксерек» шығармасының авторы кім? (М.Әуезов)

3. Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген? (1845 жылы)

4. Буын нешеге бөлінеді? (үшке)

5. Барыс септігінің сұрағы? (кімге? неге? қайда?)

6. Шығыс халықтарының жаңа жылы қай айдан басталады? (22 наурызда)

7. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

8. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42 әріп)

9. Дауыссыз дыбыс үн мен салдырға байланысты нешеге бөлінеді? (үшке)

10. Жақ қатысына қарай дауысты дыбыс нешеге және қалай бөлінеді? (екіге: ашық, қысаң)

2-ойыншыға қойылатын сұрақтар:

1. Алфавит дегеніміз не? (дыбыстар жиынтығы)

2. Жиренше шешеннің сүйген жары кім? (Қарашаш)

3. Сан есім мағыналық түріне қарай нешеге бөлінеді? (алтыға)

4. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

5. Қарама-қарсы мағынаны білдіретін сөз тобын қалай атаймыз? (антоним)

6. Сөйлем мүшесінің саны нешеу? (5)

7. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

8. Бір дыбыс бір буын құрай ала ма? Дәлелде (құрай алады)

9. Сиыр малының атасын қазақтар қалай атаған? (Зеңгі баба)

10. Күй атасы кім? (Құрманғазы)


Әділқазылардың шешімімен ұпайлары шығарылады. Ең аз ұпай жинаған оқушы соңғы жарысты бірінші болып бастайды.


ІҮ. Көсемдікке ұмтылу

Екі тақырып бойынша ой толғау. Екі оқушы тақырыпты таңдайды, дайындыққа 10 минут уақыт беріледі.


Тақырыптар:

1) «Туған жерге туың тік» (Отан туралы)

2) «Ана тілім – арың бұл»





Қонақ күту рәсімінің өтілу жоспары


1-жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер!


2-жүргізуші: Наурыз мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымызға хош келіпсіздер.


1-жүргізуші: Жер жүзіндегі жұрттың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Мәселен, дін мейрамы, ұлт мейрамы, мемлекеттік мейрамдар секілді.


2-жүргізуші: Жалпы мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол – Наурыз. Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурыз қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі, мәселен Үндістан, Иран, Ауған, Кавказдар да мейрам етеді.


1-жүргізуші: Бірақ бұлардың барлығын салыстырғанда Наурызды біздің қазақтардың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, Наурыздың 22-інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз келіп, шаруа кенеледі.


2-жүргізуші: Жас талапкерді өнер бәйгесіне қоса отырып, қауым оның әрбір сөзін, ақыл-ойын қалтқысыз қадағалап, тиісті бағасын береді.

1-жүргізуші: Ата-бабамыз «адам адаммен бай», «кісі болар баланың, кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар» деп адам арасындағы қарым-қатынасқа зор мән берген.


2-жүргізуші: Үлкенді сыйлау, кішіге қамқоршы болу қазақтың қоғамдық қарым-қатынасының имандылыққа, жалпы адамгершілікке, сүйінген негізін, бір тәртіпке бағынған, жүйелілігін дәлелдейді.


1-жүргізуші: Қазақтың салт-дәстүрлері «қыз қуу», «көкпар тарту», «алтыбақан», «келін түсіру», «беташар» сияқты ойын-тойлар жеткілікті.


2-жүргізуші: Соның бірі – қонақ күту рәсімі. Ендеше, қонақ күті рәсімін тамашалайық.


Үй иелері қонақ күтуге дайындалып жатыр.

Сыныпқа қонақтар кіреді.


Үй иесінің кенже баласы қонақтардың қолына су құяды да, киімдерін шешіп, төрге шығарады. Үстел басына жиналғандар әңгіме-дүкен құрайды.


Қонақтар: Ұлыстың ұлы күні Наурыз келді, көрші болған соң келіп тұрмыз. Қазақтың салты бойынша ауылдың алты аузын айтушы еді, ауылдың алты аузын айта отырайық. Сол ауылдың алты ауызын ала келдік. Ауылдың алты аузын үй иесі бастаса қайтеді?

Үй есінен бір оқушы шығып: Жақсы, ендеше мен бастайсам, ешкім қарсы болмас.


Қонақтар: Әрине, қарсы емеспіз, бастай ғой.

Домбырасын қолына алып, күй шертеді.


Қонақтар: Жарайсың, бәрекелді!


1-жүргізуші: Ойын-тойда қыз бен жігіттер бір-бір ауыз өлеңмен айтысып, сөз қақтығыстырып, ақылдыққа, тапқырлыққа талпынған.


2-жүргізуші: Сол жеңіл айтыс түрлерінен көзге түскен ақындарды көтермелеп, бүкіл ауылдың, елдің атынан ұлы дүбір тойларда сөз сайысына түсіп, сыннан өткізген.


1-жүргізуші: Сонау заманнан өткен Біржан мен Сара айтысын көз алдымызға елестетейікші.


Үй иесі: Дұрыс айтасыз, басымыз қосылғанда шер тарқатып қалайықшы.


Қонақтар: Қай жақтың айтыскері басымырақ екенін көрейік.


Қонақтар: Тарт, Азамат, «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді» дегендей, намысыңды көрсетші бір.


Үй иелері: Біздің де қызымыз ел сенімін жерге тастамас.

Қыз бен жігіт болып айтысады.


Барлығы: Бәрекелді, бәрекелді!


Қонақтар: Біз арнайы биші қыздарымызды алып келдік.

Үй иелері: Билесін!

Биші қыздар қазақ биін билейді.


Үй иесінің үлкен ұлы: Мен де қалыс қалмайын, мен де ән шырқайын (туған жерге байланысты ән орындайды).


Қонақтардың ішінен біреу шығып: Сіздердің ауылдарыңызда Наурыз болып жатыр дегеннен кейін көрші ауылдан аттап өтпейік деп, сіздерге соқпай кету ұяттық болар деген оймен келгенбіз. Енді жол жүрейік.


1-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнінде жұрт жақсы киініп, ауыл аралап, бірін-бірі Жаңа жыл – Наурыз мейрамымен құттықтап, сағынышты көрісулер, ыстық құшақ қауышулар үстінде «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, Қайда барсаң, жол болсын» деп бір-біріне игі тілек тілесіп, адал ниетпен ақ бата беріседі.


Үй иесінің қызы: Сіздерге шашу ретінде мына жыр жолдарын арнайын (домбырамен ән шырқайды).


Қонақтар: Рахмет, өркенің өссін, буының талмасын.

Оқушылар қонақтарды шығарып салып, келесі Наурызға дейін аман-саулығын тілеп қалады.

Жүргізушілер көрермендермен қоштасады.



Абай оқуларын өткізудің жоспары


Жабдықтар: ақын жайында жазған бір оқушының баяндамасы, кітап көрмесі (А.Құнанбаевтың өлеңдер жинағы, басқа да А.Құнанбаев жайында жазған ақын-жазушылардың кітаптары), қанатты сөздер жазылған плакаттар.


1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермен! Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі Абай оқулары сайысына хош келдіңіздер.

2-жүргізуші: Абай атамыз өзінің өлеңінде:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба...» - дегендей орын тап деп отырғаны – алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Бұдан Абай:

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол...» - деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды. Ғалым болудың басты шарты – не нәрсені болсын ақыл таразысына салып өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау екендігін нақтылап, мейлінше дәлелді етіп, шегелеп айтады.

Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. (Мектеп оқушыларын таныстырып өтеді).


1-жүргізуші: Ақын бес нәрсеге асық болудың бірі – еңбек деп көрсетеді.

Бұл дүниеде құдіретті күш діни ұғымда құдай болса, ғылыми ұғымындағы бірден-бір ұлы күш – еңбек. Абайдың тұжырымынша, әуелі құдайға сиынып, сонан соң өз қайратына сүйеніп еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады. «Адамшылдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың, - дейді ақын. Абайдың пікірінше, ерінбей еңбек еткен, ізденген, әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болады.

«Жастықта бір күлгенің бір қаралық,

Күлкі баққан бір көрер бишаралық.

Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе,

Ең болмаса, еңбекпен мал табалық...»

«Еңбек қылсаң ерінбей –


Тояды қарның тіленбей...» - деген жыр жолдарындағы ақынның байламы бойынша еңбектің негізгі атқаратын қызметі, басты мақсаты – жан

сақтау, мал табу, үй ішін асырау. Екіншіден, еңбек арқылы адамның адамгершілік қасиеті танылады.


Жүргізушілер 3 номинация бойынша өтілетіндігін хабарлайды. 1-номинация бойынша ортаға оқушылар шығып, Абай шығармаларын мәнерлеп оқиды.


2-жүргізуші: Абай атамыз «Бес асыл ісінде» нағыз адам болу үшін бес нәрсеге асық болу керектігін айтса, «Бес дұшпанда»:

Адам болам десеңіз,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз...» - деп адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алған. Ақынның түсіндіргеніндей адамгершілікке жат, жаман қылықтар – арамдық, әдепсіздік, әділетсіздік, жағымсыздық, жағымпаздық т.б. толып жатыр.


1-жүргізуші:«Жамантайдың баласы Көжек деген

Әркімге өсек тасып безектеген.

Досын келіп досына жамандайды,

Шіркінде ес болсайшы сезет деген».

Ақын өсекшілікті опасыздықтың, арамзалықтың, екіжүзділіктің ең жексұрын көрінісі ретінде айыптайды. Өсек-аяңға үйір жандарды өлтіре сынап, адамдардың бойындағы өтірік айту секілді кеселді қасиеттерді уытты тілмен әшкерелейді. Ақын өтірікті «Бес дұшпаның» ең бір жиіркенішті түрі ретінде сипаттап, өз халқын осындай бір сұм кесапаттан тазартуды армандайды. Ақты қара деп, қараны ақ деп ант ететін кісілерді Абай атамыз имансыз, азғын адамға жатқызады. Өтірікке ақын шындықты, турашылдықты, ақиқатты қарсы қояды.


2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй – демекші, Абайдың әндері мен күйлерін тамашалайық.


Абай мен Шәкәрімнің әндерін оқушылар орындайды.


1-жүргізуші:

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Абайға арнап шығарған өлеңдерін оқуға ортаға оқушыларды шақырамыз.


2-жүргізуші: Сайыс қорытындысын хабарлауға ортаға әділқазыларды шақырамыз..


1-жүргізуші:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан!


2-жүргізуші:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға.

Міне, Абай оқулыры сайысы да өз мәресіне жетті. Амандықта кездескенше сау болыңыздар.



М.Мақатаевтың мерейтойына арналған

мектепішілік кештің өтілу жоспары


Ақырын күй ойналып тұрады. Ортаға жүргізушілер шығады.

1-жүргізуші:

«Менің анкетамда»:

  1. Туған жерің?

Ұланым деп Қарасаз деп аталатын ауылың.

  1. Туған жылың?

1931 жыл құрдасымын Шәлімнің.

3. Мекен-жайың?

Жерде жүрген ақын деген пендемін,

Қағаз, қалам, уақыт бер аздаған

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін, - деп таныстырған ақын М. Мақатаевты еске алу кешіне хош келіпсіздер.


2-жүргізуші:

Поэзия менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

«Ғажайып даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясы. Бізде енді поэзия дәуірі басталады» деген екен Ә.Тәжібаев бір пікірінде. Ал О.Асқар: «Жұмыр жердің қай түкпіріне барсақ та Мұқағали поэзиясы алдымыздан шығады» десе, «Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұрады» деген екен Лашын Әлімжанова..


1-жүргізуші:

Ортаға бишілер тобын шақырамыз.

Ортаға бірнеше оқушы шығып, Мұқағали өлеңдерін оқып береді.


2-жүргізуші:

Ақын жүрегінің құбыламасы әлеуметтік өзгерістер мен уақыт желіне нәзік бурылып, сондай сезімталдықпен көрсетеді. Ол сезім шумақтарын тамшылатып, не айтса да, бар жан-тәнімен айтады екен:

Басымда иіп, тізімді бүгіп тұрады,

Ажарымды айындай шуақ тұнып.

Отанымды сүйемін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап тұрып.

Оның махаббаты жайлы жарқын көрініс табады.


Ортаға бір оқушы шығып (оқушыларға алдын ала берілген үй тапсырмасы), фотосуреттерін (туған жерін, портретін, бірнеше М.Мақатаевтың суреттерін) интерактивті тақтада көрсетеді.


1-жүргізуші:

Ақын адамдар арқылы өзін, өзін-өзі арқылы адамдарды зерттепті «Алдымен зертте мені» сонан соң «Қиын не бар адам жанын зерттеуден? Мен келемін өз жанымды зерттеумен, бірде аяз, бірде жалын өрт кеудем», одан әрі тағыда: «Басқа жанның жан сырын ұғу үшін, өзімді зерттегенді жөн көремін» деп бар ақиқатын жайып салып, терең толғанады.


Биші оқушы шығып, қазақ биін билейді.


1-жүргізуші:

Кім болса да, оның ауыл адамдарын, әсіресе қарттар мен кейуаналарды қандай сүйіспеншілікпен жырлайтынын байқар еді. Қалжыңдасып отырып, бірген насыбай ататын қарттан «әулиедегі» ақсақалға дейін бір-бірін қайталамайтын қаншама ақылмандар образы бар. Олардың арасында «Төрт баланы тыныштыққа құрбан ғып, төрт келінді төрт адамға ұзатқан» соңынан көксерке маңырар «күреңмен қырға асып бара жатқан» шолпан, «екі тізгін, бір шылбыр қолға ұзатқан» жылқышы аталар бір дегеннен байырғы танысыңдай көзге ыстық басылады.


М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әнді орындауындаға ортаға оқушы шығады.


2-жүргізуші:

М.Мақатаевтың талантының берік тұғыртасы-шаңдағына ауып, тентек өзеніне шомылып, құстар қиқуын тыңдаған туған топырағында ол соған тартып туған. Қайда болып, қайда жүрмесін Қарасаз ғұмыр бойы тепсінген ой, уылжыған сезімнің діңгегіңе айналады. Ақын дала мен тау, атажұрт арқылы Отанды, азаматтың алтын бесігі – жұмыр жерді

сүйеді. Кішкентай жүрекке кең дүниені сыйғызып, әлемдік кеңестікке құлаш ұрады.


Шығармашылыққа бейім оқушы өзінің ақынға шығарған өлеңін оқып береді.


1-жүргізуші:

Ән - «Саржайлау».


2-жүргізуші:

М.Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысымен

тұспа-тұс келді. Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлең жазған. Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Ол өлең боп өмір сүрді, өлең боп өмірден өтті.

Артына мол мұра қалдырған Мұқағали:

Нұр жауып тұрған көктемде,

Гүл тере барсаң бөктерге,

Қоңыраулатқан аспанды

Найзағай шаншып өткенде,

Есіңе мені алғайсың, - деп жыр жолдарын арнаған. Енді сол әнді қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші:

М.Мақатаевтың өгей өксік пен сарғайған сағынышы аптаған «Өмірдастаны» жоғары тақырыптас туындының ішінде шоқтығы биік тұр. Оның 7 бөлімі - «Дариға – жүрек» ғұмырға ғашық жанның терең тебіренісі, талант кемелдігіне куә туынды. Онда уақыттың шамырқандыратын шындығы көкіректі күйдірген ыстық табы жатыр шиыршық атып. Төрт аяғын тең басқан жорға лирик алқынбай, кең құлашты эпиктікке ұласып, қалам қарымын көрсетіп шабытына шалқар айдын ашқан тұсы бұл.


«Сенің көзің» әні орындалады.

2-жүргізуші:

Өшем деп өкінбеймін, жыламаймын,

Жыласам да, жұбат деп сұрамаймын.

Қыранның құдіретін қимасаңдар,

Қайтейін, тағдырын бер құралайдың.

Өшем деп өкінбеймін, қайғырмаймын,

Өткен өшті.

Енді оған қайырылмаймын

Қыран да, құралай да болмақ емен,

Атымнан адам қойған айырылмаймын.


Арпалысып жүргенде өмірмен,

Қай-қайдағы жетпес көңіл деген.

Өлсем, өлем өзімнің жерімде мен,

Қалсам, қалам өзімнің елімде мен!

Жыламаймын, сондықтан көңілденем.


1-жүргізуші:

«Жүрегімнің түбіне кір жасырмай», қалың қазақпен ағынан жарыла сырласқан ақын Мұқағали Мақатаев жырлары еліміздің қиын кезеңінде есейіп, ержеткен бір буын ұрпақтың басынан кешкен өмір - өзенді: қуаныш пен қайғыны, сағыныш пен мұңды, ерлік пен өрлікті шынайы да көркем өрнектейді.


2-жүргізуші:

Мұқағалидың өлеңдері де, өзі де ешқашан өлмек емес. Мұқағали мерейтойына арналған әдеби кешіміз аяқталды. Назар аударып тыңдағандарыңызда рахмет.







Пайдаланған әдебиеттер:


1. Мақатаев М. Өмірдастан. Алматы, 1976. – 240 бет

2. С. Қалиев, М.Оразаев, М.Смайылова Қазақ халқының салт-дәстүрлері (орта мектептің ҮІІІ-ІХ кластарына арналған оқу құралы). Алматы, «Рауан», 1994. – 224 бет.

3. З.Ахметов. Абай. Қалың елім, қазағым... Өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2002. – 224 бет.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров323
Номер материала ДБ-058742
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх