Инфоурок Другое СтатьиҚазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалды сауаттылықтарын дамыту жолдары

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалды сауаттылықтарын дамыту жолдары

Скачать материал

Адамбаева Б. Т.

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы,

«ЖББ №5орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалды сауаттылықтарын дамыту жолдары

        Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауларында: Қазақстанның елу елдің қатарына кіруі; тұлғаның ең басты функциялық сапаларының қалыптасуы; белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлауы; шешім қабылдай алуы; кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік; өмір бойы білім алуға дайын тұруы сынды міндеттерді қойған болатын. Осы алдыға қойылған мақсаттардың және ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  бағыттары негізінде «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі  2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл  жоспары» қабылданды. Бұл Ұлттық жоспардың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамытуға жағдай жасау, ал міндеттері - мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу; мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау. Яғни, осы Ұлттық жоспардың көздеп отырғаны білім берудің отандық және халықаралық практикасын зерделеуде PISA, TIMSS сияқты бағдарламаларға сүйену. [1,2,3]

       Оқушыларының  функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Өйткені, еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Сондықтан бұл тұрғыда білім беру жастардың сауатын ашып қана қоймай, оны әлеуметтік бейімделу кезінде пайдалана білуге үйретуі тиіс.

       Функционалдық сауаттылық дегеніміздің өзі -адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. 

Болашақта ең керекті, маңызды  сапалар: 
-белсенділік 
-шығармашылық тұрғыда ойлау 
-шешім қабылдай алу 
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу 
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.  

Осының бәрі пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың  бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып

есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда,  грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ әдебиеті пәнін жүргізудің өзіндік түрі сан қилы.  Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын үлкен  құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені бәрімізге  белгілі. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, бүкіл өміріне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем

шығармаларды  оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарадыОлар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Осыған орай қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамытуды ескере отырып әр түрлі тапсырмалар құрастырылып берілуі керек. Сабақ барысында берілетін тапсырмалар түрлері: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, сәйкестендіру, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпы тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындау, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы,    ғылыми зерттеу жазып қорғауы, мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді жинақтау т.б.

        Өз тәжірибемде "сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс жасау"(PISA, 2009)  екендігін,  оқу сауаттылығының 3 құрамдауышын ( жағдай, мәтін, аспект) [5, 16-17] ескере отырып, оқушыларға бағдарлама бойынша өтіліп  жатқан тақырып аясында барынша толық мағлұматтар беріп, түрлі тапсырмалар дайындаймын  және олады ұстаздарға көмекші әдістемелік құрал ретінде жинақтау жоспарымда бар. Сонымен, бірнеше мәтінмен жұмыстарға мысал келтірейін.

Мәтіннің тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері

          Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу) , сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр. Алматыдағы «Қазақстан» магазинінде, облыс орталықтарында ұлттық киімдер (шапан, мәсі , бөрік, қамзол т. б.) сатылады. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз. (Мәтін алынған ғаламтор сілтемесі://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_ұлттық_киімдері )

1.Мәтіннің мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар дайында.

2.Мына сұрақтарға жауап беру үшін, мақаланың мәтінін және өздеріңе белгілі мағлұматтарды  пайдаланыңдар.

2.1. Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесің? Суреттегі киімдердің атауларын жазып шығыңыз .

 

 


                  

2.2.Қазақтың ұлттық киімдерін суреттегі қазіргі ұлттық ою-өрнектерді кірістіріп жасалған сән үлгілерімен салыстырып, өз ойыңызды жазыңыз.

              

Мәтіннің тақырыбы: Киіз үй

Сұрақтар:

Киіз үйдің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?  Өзің көрген киіз үйді суретте.

Қазіргі кезде киіз үй сұранысқа ие ме? Қалай ойлайсың? Жауабыңды дәлелде.

Киіз үй жыл мезгіліне байланысты құрыла ма?

Киіз үйдің есігі неге «сықырлауық» деп аталып кеткен?

Киіз үйді құру ретімен орналастыр

А)Уықтар    Ә)Кереге    Б)   Сықырлауық  В)Шаңырақ  

1.........................     2............................. 3.......................... 4.........................

3.Сөздердің синонимдерімен сәйкестендіріп төменгі кестеге жаз:

Мәтіннен сөз

Синоним

Нұсқа

1

баспана

есік

А

2

сықырлауық

үй

Б

3

қолайлы

отбасы

В

4

қастерлі

ыңғайлы

Г

5

әулет

сүйегі

Д

6

қаңқасы

қасиетті

Е

Жауабы:

1

2

3

4

5

6

Б

А

Г

В

Е

Д

Мұғалім осындай тапсырмаларды тексеру барысында:

Оқушы таңдаған ұстанымын қолдауда өзінің дәлелін ұсынса, жауабы қабылданады.

Сұраққа қатысты өз ойын айта білсе, жауап есептеледі.

Бала өз ойын аша білсе, жауап қабылданады. [4]

Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, наным-сенімдеріне байланысты мәтіндер бойынша тапсырмалар:

Наным-сенімдерді түсініктермен сәйкестендіріңіз

Наным-сенімдер

Түсініктер

Нұсқа

1

Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды

Олай жасаса, еркектігінен айрылады. 

А

2

Әйел босанып жатқанда жеңіл болсын деп ырымдағанда ...

Жалаңбас отырса, шайтан қайызғағын сәбидің аузына салып жібереді.

Б

3

Халықта бас киімді өте қастерлеп ұстаған. Оны келген жерге тастамайды,аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді.

Соғыс кезінде ғана солай жасауға болады. 

В

4

Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды.

Олай жасаса, адам басы кемиді.

Г

5

Емшектегі баласы бар әйел жалаңбас бала емізбейді.

Қыздың көйлегінің шетін жыртып «жол ашу» ырымын жасайды, немесе ұлдың шалбарының балағын тіліп қояды.

Д

6

Бас киімді айырбастамайды.

Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды. 

Е

7

Бөтен адамға баскиімін бермейді. Бас киімін сыйлауға да болмайды.

 

Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады.

Ж

Дұрыс жауап:

1

2

3

4

5

6

7

Нұсқа

В

Д

Ж

А

Б

Е

Г

        Қазіргі мектептерде оқушылардың бойындағы функционалдық сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтарды дамыту – өмір талабы. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең талаптарына сай болу үшін педагогикалық үрдісті нәтижелілікке бағыттап және оқу мен тәрбиені байланыстыра отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы, 2014.

2. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», 2012.

3. Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2011.

4. М.Б.Айткенова. Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жинағы.Әдістемелік құрал – Қарағанды, 2015.

5. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Тыңдаушының жұмыс дәптері //NIS-PEARSON, 2013.

           

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалды сауаттылықтарын дамыту жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 210 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.06.2016 2517
    • DOCX 194.4 кбайт
    • 37 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адамбаева Бакытгуль Тарибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28023
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе