Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Қазақ тілі "Одағай" 4-сынып

Қазақ тілі "Одағай" 4-сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Одағай. 1-6 жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға одағай жайлы түсінік беру. Өзге сөз

таптарынан өзгешелігін таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушыларға жаңа білім беру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар‚ «Одағай» кестесі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс:.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

hello_html_2db652c.jpg















  1. Оқушыларға одағай жайлы түсінік беру.

  2. Өзге сөз таптарынан өзгешелігін таныту.


Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті


Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу

Тақырып туралы толығырақ түсiнiк беру

Одағай сөздерiнде кездесетiн мағыналарға тоқтау


1–жаттығу. Сөйлемдерді мәнерлеп оқы.

Қарамен жазылған сөздердің оқылу ерекшелігін байқа. Олардың сөйлемде айтылған ойға қатысты сөйлеушінің қандай көңіл күйін білдіріп тұрғанын түсіндір.


–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл күйін білдіретін

сөзді одағай дейміз.

Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөһйлем мүшесі

болмайды: Бәрекелді, бұл бала жырды жақсы-ақ оқиды екен. Ойпырмай, тайы бар

болғыр тарпаң еді, Төленімді жығып кетпесе игі еді. Келіп қалатын уақыттары

болып еді, бәсе.

2–жаттығу. Түсiнiктi қалыптастыру

  1. Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқы.

  2. Одағайларды тап.

  3. Сөйлемдерді көшіріп жазып, одағайлардың астын сыз.

  4. Одағайлар қандай көңіл күйін білдіріп тұрғанын айт.

  5. Одағайлардан соң қойылған тыныс белгілеріне назар аудар.


3–жаттығу. Берілген одағайларды қатыстырып, жағымды көңіл күйін білдіретін

сөйлемдер құрап жаз. Одағайларға қатысты тыныс белгілерін қалай қойғандарыңды түсіндір.


Одағайлар: По–о, шіркін-ай, түу, ойпырмай, бәрекелді.



Сергіту жаттығулары.


Ребус шешу 5-жаттығу

Топтық жұмыс


1топ берілген одағайларды қатыстырып сөйлем құрастырып жаз.

Әттең, ойпырмай, ой, оу, мәссаған, әй, қойшы.

2топ құрастырған сөйлемдеріңдегі одағайлардың астын сызып, олардың қандай мағына

білдіріп тұрғанын айт.

3топ бұл одағайларды дыбыстық құрамы жағынан өзгертіп айтуға бола ма? Болса, қалай?


Шығармашылық жұмыс. Бес жолды өлең құрастыру


Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Кері байланыс

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау

Үйге тапсырма: Ереже жаттау. 4-жаттығу




Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров312
Номер материала ДВ-305194
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх