Инфоурок Начальные классы КонспектыҚазақ тілі, оқу және тіл дамыту пәнінен ашық сабақ

Қазақ тілі, оқу және тіл дамыту пәнінен ашық сабақ

Скачать материал

Сынып: 2«Б»                                                                                                                                                                                         Күні: 08.12.2016

Пән: Қазақ тілі, оқу және тіл дамыту

Тақырыбы: Үй   жануарлары.

Мақсаты: Оқушыларды үй  жануарларының  түрлерімен  таныстыру.

 Міндеттері:

1.Білімділік: Оқушыларды үй жануарларының түлерімен таныстырып,олардың дыбысталуы және пайдасы  жайлы  түсінік беру.

2.Тәрбиелік: . Үй жануарларына  қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

3.Түзете-дамытушылық: Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: үй жануарлары мен жабайы жануарлардың  суреттері, үн таспа, слайд, жануарлардың мүсіндері.

 

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Нәтиже

I. ПДК

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Шаттық шеңберіне жиналу:

-Балалар,бүгін бізде ерекше күн. Бүгін біздің сабағымызға  қонақтар  келіп отыр.Қане, бәріміз келген қонақтармен амандасайық.

-Сәлеметсіздер ме!

 

-Біз қандаймыз,қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

-Жарайсыңдар,балалар!

-Көңіл-күйлерің қалай?

-Енді жақсы көңіл-күймен біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізді бастайық.

Оқушылар сабаққа дайындалады. Оқу

құралдарын дайындайды.

Қонақтармен амандасып, шаттық шеңберіне  жиналып,қатысады.

 

 

 

 

 

II. Негізгі бөлім

 

 

 

Өткен  сабақты қайталау

-Балалар біз  өткен  сабағымызда  қандай  жануарлар жайлы айттық?

-Жабайы  жануарларға  нелер  жатады?

-Олар  қайда  мекендейді?

-Олар  өз  азықтарын  тауып, жей  ала ма?

Оқушылар  мұғалімнің  көмегімен  сұрақтарға  жауап  береді.Жабайы жануарларды атап, олардың  мекен ортасын айтады.

 

Қызығушылығын ояту

 

Үн таспа тындау.(Үй жануарлардын дауыстары)
-Балалар бұл ненің дыбыстары?

(Үнтаспадан кезек-кезек үй жануарларының дыбыстары  тыңдатылады)
-Сонымен балалар қандай  жануарлардың  дыбыстарын  ажыратып, таптық?

-Енді назарымызды тақтаға аударып, дыбыстарын тапқан, жануарларымызды бәріміз бірге атайық.

-Бұл жануарлар  қайда мекендейді?

 –Орманда мекендейді ме?

-Иә балалар бұл жануарлар адамның жанында өмір сүреді.Адамдар оларды күтіп, жем-шөптерін, азықтарын  дайындап береді.Ендеше біз  оларды  үй жануарлары деп атаймыз.Ендеше біздің  бүгінгі сабағымыз  үй  жануарлары жайлы болмақ.

Оқушылар үнтаспадан  мұғалімнің көмегімен үй жануарлардың  дыбыстарын  тыңдап, ажыратады. Сұрақтарға  мұғалімнің  көмегімен жауап береді.

 

Жаңа сабақ

 

Жылқы, түйе, сиыр,қой, ешкі, ит, мысық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін оларды  үй жануарлары деп атайды.

-Енді  балалар  назарымызды  слайдқа  аударып,  үй  жануарларының  адамға  қандай пайдасы  бар екенін білейік.

Үй жануарлары адамға көп пайда келтіреді.    Жылқыға мінеді, оны арбаға, шанаға шегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қыста күні соғымға сояды, терісін сатып ақша қылады. Сиыр мен қой адамдарды етімен, сүтімен асырайды. Ит қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді.Мысық  үйді тышқаннан қорғайды.Осылардың бәрі  адамдарға тегін қызмет етпейді. Олардың қызмет үшін адамдар оларды асырайды, бағады, қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды.

Оқушылар  мұғалімнің үй жануарлары  туралы  баяндамасын  тыңдайды. Слайдқа  назарларын  аударып,  үй  жануарларының  адамға  пайдасымен  танысады.Суреттен үй  жануарларының  пайдасын  білсе, мұғаліммен  бірге айтып  отырады.

 

Сөздікпен жұмыс

Сиыр, қой, ешкі,жылқы,түйе,ит, мысық, үй жануарлары.

Мұғаліммен  бірге сөздерді қайталайды

 

«Үй жануарын тап» ойыны

Шарты: Оқушыларға бірнеше  үй жануары және жабайы  жануардың суреті  салынған конверт беріледі. Сонымен қатар алдарына үй  жануарының  нобайы  салынған  қағаз  ұсынылады. Оқушылар   алдарынды қандай   үй жануарының  нобайы  екенін тауып, конверттен сол  үй жануарын   тауып, нобайдың  үстіне  жабыстырады.

Оқушылар  мұғалімнің  көмегімен нобайы салынған  үй  жануарын  анықтап, сол үй  жануарын конверттен  тауып,  нобайдың  үстіне  жабыстырады.

 

Сергіту сәті.

 

Жазда атамның аулына

Барып едім қыдырып,

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап, секіріп.

Ақ маңдайлы айма екен

Шекер ме екен бал ме екен.

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен. 

Атам оған жем берді

Әжем су берді

Қошақаным тойып ап

Тастан-тасқа секірді

Оқушылар  музыка  әуенімен бірге мұғаліммен ілесіп,тиісті қимылдарды жасайды.

 

Саусақ жаттығуы

Екі  бұзау   кездесіп

Ән айтты бірігіп –му-му-му

Екі құлын кездесіп

Ән айтты бірігіп –ио-ио-ио

Екі қозы кездесіп

Ән айтты бірігіп  мә-мә-мә

Оқушылар мұғаліммен бірге ілесіп, саусақ жаттығуын жасайды.

 

Дәптермен жұмыс

1.Сиырдың  суретін  бастыру.

2.Бастырған сиыр суретін суретін   бояу.

3.Үлгіні бастыру

Оқушылар мұғалімнің  көмегімен үй жануарларының суретін бастырып, бояиды,дәптердегі  үлгіні   бастырады.

 

 

 

«Мекенін тап» ойыны

Шарты: Тақтада  орман мен үйдің  суреті  ілінген  екі  конверт  ілініп  тұрады.  Оқушылардың  алдына  жабайы және үй  жануарларының  суреттері  беріледі.Оқушылар үй  жануарларын  үйдің  суреті  тұрған  конвертке, ал  жабайы  жануарларды   орманның  суреті  тұрған  конвертке  салу керек.

Оқушылар мұғалімнің  көмегімен   ойынға  қатысып,  жануарлардың   мекен  ортасын   анықтайды.

 

Топтастыру

Оқушылардың  алдарына  жабайы жануарлар мен үй жануарларының  мүсіндері  беріледі.

Оқушылар мұғалімнің  көмегімен үй жануарларын бір бөлек, жабайы жануарларды бір бөлек  топтастырады.

 

Бекіту.

-Бүгінгі сабағымызда  не жайлы айттық?

-Қандай  үй жануарларын білеміз?

-Олардың  адамдарға қандай пайдасы  бар?

-Адамдар  оларға  қандай қамқорлық жасайды?

Оқушылар мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беріп, үй жануарларын, олардың адамға  пайдасын айтады.

 

III. Қорытынды. Рефлексия

-Оқушылар  бүгінгі сабақтағы  көңіл-күйлерін  қандай болды?

Бүгінгі  біздің  сабағымызда өте  жақсы  қатысқан  оқушыларға алтын түсті  жұлдызша береміз. Ал жақсы қатысқан  оқушыларға  күміс түсті  жұлдызша  береміз.

Оқушылар өздерінің  көңіл-күйлерін  смайликтерге  стикерлер жабыстырып  бағалайды.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі, оқу және тіл дамыту пәнінен ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 097 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.05.2017 890
    • DOCX 59.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ергалиева Бакытгул Багадатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 960
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 274 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 280 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 887 человек

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 214 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе