Инфоурок Начальные классы КонспектыҚазақ тілі құпиясы курсынан сабақ жоспары 4-сынып

Қазақ тілі құпиясы курсынан сабақ жоспары 4-сынып

Скачать материал

4cынып Қазақ тілі құпиясы

Тақ: Ақыл - жастан, асыл - тастан.
Мақсаты: Балалардың «даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;
- бабалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, «Даналық кітабы».
Шаттық шеңбері
- Қайырлы күн, балалар!
- Қайырлы күн, достарым!
- Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
«Бес нәрсеге асық бол!» Арасанбай Естеновтің
• Өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз. Ал бүгін ақыл, ақылдылық, сондай - ақ бала кезен ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
- Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма?
Мәтінмен жұмыс «Жиренше шеше мен Қарашаш сұлу» аңыз.
- Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?
- Басқа балалардың іс - әрекеттеріне көзқарастарың қандай?
- «Ақымақ жауынды күні суға түсер»деген халық мақалынан нені түсінуге болады?
- Қыздың бойынан тағы қандай асыл қасиеттерді байқадыңдар?
- Сендердің да ақылдылықтарыңды көрсеткен кездерің болды ма?
• Дұрыс айтасыңдар. Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан - жағына байыптап, барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын, қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілігін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ, әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылды.
Сахналау «Байлық, бақыт, ақыл» ертегі.
Автор, байлық, бақыт, ақыл, данышпан.
- Байлық, Бақыт, Ақылдың артықшылығы неде екен?
- Данышпан қандай ой түйіндеді?
- Данышпанның орнында өздерің болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?
- Ақылды болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз
Жүсіп Баласағұнидің «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл»
• Балалар сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білесіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.
Дәптерлеріне жазып алады
Тапсырма
1. Ақылды адам ерінбейді.
2. Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос.
3. Ақылдан жақын дос бар ма?
4. Ақыл озбайды, білім тозбайды.
Өзіммен - өзім
- Балалар, ыңғайланып отырайық. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді «Өзін - өзі тану елінде»жүрміз деп елестетіңдер. Бұл елде үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқор бола білетін, Отанын сүйетін, жүректері мейірім мен сүйіспеншілікке толы, денсаулығы мықты, ер жүрек адамдар мекен етеді. Солардың ішінде ең данасы, ең жомарты, ең ақылгөйі – Данышпан ата. Көз алдарыңа Данышпан ата сендерге сыйлық әкеле жатыр деп елестетіңдер. Ол сыйлықтың сендер үшін ең қымбат, ұмытылмас сыйлық екенін сезініңдер. Көзді ашып қараңдар.
Ойын – жаттығу. «Мен ақылды баламын, өйткені............................»
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Данышпан атайдың «Даналық кітабын»қолдарына кезек – кезек ұстап тұрып,
«Мен ақылды баламын, өйткені................» деп жалғастырады.
«Мен ақылды баламын, өйткені................» Ойланып сөйлеймін.
«Мен ақылды баламын, өйткені................»ашуланбаймын.
«Мен ақылды баламын, өйткені................»болашағыма ренжімеймін.
«Мен ақылды баламын, өйткені................»
Жаңа ақпарат
«Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет»
Дәптермен жұмыс
Дәптерге ақылды баланың бойында болатын қасиеттерді жазыңдар.
Дәптерде берілген үкінің тұмсығынан таралып тұрған парақтардағы бос жолдарға адамды ақылды, сүйкімді, әдемі етіп көрсететін асыл қасиеттерді ойланып жазыңдар.
Қорытындылау.
Пішіндердің бөлігін тауып, мақал құрастырыңдар.
Ақыл азбайды, Білім тозбайды.
. Ақылды адам ерінбейді.
Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Ақылдан жақын дос бар ма?
- Ақылды адамның қиялы бай, ойы жүйрік, ұшқыр болады. Ондай адамды халық ерекше қастерлеген. «Ақыл - жастан, асыл - тастан», «Ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар» делінген халық мақалдары балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегінен туған.
Жүректен жүрекке.
Данышпан атаның «Даналық кітабынан» өсиет сөздерді параққа жазып, әр баланың қолына береді.
- Данышпан атай сендердің әрқайсының бойларыңнан ақылдылықты көргісі келеді. Сендерге өз тілегін, батасын арнайы жіберіпті. Балалар Данышпан атаның тілектерін кезегімен оқып шығады. (Әр баланың ерекшелігіне қарай құрастырады)
- Еңлік
- Абылай
- Лұқпан
- Мөлдір қызым,
- Бексұлтан балам, сабақты жақсы оқ

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Құстар. Құстардың көктемгі тіршілігі.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Құстардың негізгі белгілері жайлы түсінік беру, қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемгі тіршілігі туралы, құстарға қатысты халық болжамдары, пайдасы, емдік қасиеттері туралы меңгерту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың тілін, ой - қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Жаңа технологияның әдістерімен жұмыс істей білуге білімдерін арттыру.
3) Тәрбиелік: Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд,«Құстар әлемі» бейнелі суреттер, жануарлар суреті бар буклет.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ойын түрлері, кубизм, венн диаграммасы, семантикалық карта, мәнерлеп оқып, сипаттау, салыстыру, топтастыру. (СТО), 5 жолды өлең, ақпараттық технология.
Типі: Жаңа сабақ.
Пәндік байланыс: Тіл дамыту, биология, көркем әдебиет, қазақ тілі, музыка.
Сабақтың жүру барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық.
1. Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Әрдайым көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Табиғаттай әдемі бол!
III. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Мағынаны тану: Кубизм әдісі.
А) Сыныпты 3 топқа бөлу.
Б) Үй тапсырмасын «семантикалық карта» бойынша сұрау, сипаттау, салыстыру.
- Үйге не берілді?
«Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі»
Слайд №1.
1 - топ: Сипаттайды, анықтама береді.
2 - топ: Салыстырады, айырмашылығын, ұқсастығын, ерекшелігін айтады.
3 - топ: Пайдасын айту.
Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі:
Жыл мезгілі. Табиғаты. Қар ериді. Жер құрғайды Оянады. Балалайды. Көбейеді
Көктем
Наурыз
Сәуір
Мамыр
2 - топ салыстыру: Барлығы омыртқалы жануарлар, аяқтары төртеу, жабайы аңдар, өз беттерімен тіршілік жасайды, балаларын өздері туады, сүтпен емізеді.
Айырмашылықтары: Тұқымдары әр түрлі, әр түрлі тіршілік етеді, жемдерін өзі түрлі тәсілмен тауып жейді.
Пайдасы: Аңдар табиғатпен бірге байланысты. Құстар, аңдар болмаса табиғат құриды, аңдарды атуға болмайды. Табиғат құрыса адамға өте қауіпті.
Қоян, кірпі, аю туралы айту.
IV. Жаңа сабаққа дайындық.
1. Қызығушылықтарын ояту. «Ойға шабуыл» Слайд №2
А) Жұмбақтар шешу. Б) Өзі сақ, өзі ұсақ,
Жер көкті кезіп, Шықылықтап тұрмайды.
Тамағын табады. Құйрығы ұзын, өзі ала,
Үйіме үйін, Бұл қандай құс? (Сауысқан)
Балшықтан соғады. Ол не? (Қарлығаш)
Ә) Құстың мекені? (Ұя)
В) Тоқ - тоқ етеді, Г) Көлдің көркі, сәні екен,
Ағашты ояды. Ұшқанда сазды ән екен.
Тауысып қояды, Адамдар қорғап сақтаған,
Қандай құс орман - емшісі?(Тоқылдақ) Қандай құс - киелі құс?(Аққу)
Д) Қазақ халқы қандай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт.)

1 - топ: Аққулар.
2 - топ: Қарлығаштар. Сөзжұмбақтар шешу.
3 - топ: Қараторғайлар.
Слайд №3.
Қ А Р Л Ы Ғ А Ш
Ұ Я
С А У Ы С Қ А Н
Т О Қ Ы Л Д А Қ
А Қ Қ У
Б Ү Р К І Т

V. Жаңа сабақ: «Мағынаны ашу»
Осы құстардың өміріне қысқаша мінездеме беріп өтейік, ортаға ойымызды салайық. 3топ оқып немесе білгендерін айтады.
1 - топ: Аққулар.
2 - топ: Қарлығаштар. Туралы сипаттама береді.
3 - топ: Қараторғайлар
Мұғалім сөзі: Қыран құсы туралы не білеміз? Қыран қандай құс?
Қайда бейнеленген? Еліміздің рәміздерінде. Туымыздағы бүркіт бейнесі – тәуелсіздік алып, қанатын қомдаған, қазақ елінің қыраны, еркіндік алған қайратты құс.
VI. Оқулықпен жұмыс.(Сабақты бекіту)
1. Оқушылар 1 - топ дауыстап оқу.
2. Оқушылар2 - топ сипаттаманы толықтыру, ерекшелігін айту.
3. Оқушылар 3 - топ1 - топтың сұрағына жауап беру.(Пайдасын айту)
Келесі кезең: Слайд бойынша.
1 - топ: «Халық болжамдарын айту»
ü Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
ü Торғай терезеге қонса, күн суытады.
ü Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.
ü Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылы болады; Аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады.
ü Торғай ерте су ішсе, көктем ерте шығады.
Сергіту сәті:
Қане қанат қағайық,
Біз құстарша самғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық!
Слайд №4.
2 - топ: «Өз ұясына қондыр» ойыны. Әр құсты өз ұясына қондыру керек.
Слайд №5.
3 - топ: Ойын: «Қараторғайдың ұясын жасайық»
Шығармашылық жұмыс:
Слайд №6.
1. Құстардың үнін тыңдайық. (Сергіту сәті).
2. Осы әдемі сазды үнді тыңдай отырып, 5 жолды өлең, мәтін, сөйлем құрастырайық.
Слайд №7.
Құстар қанатты
досымыз орнатты
адамға ұясын
пайдалы құстардың
тосамыз аялап
көктемде табиғатты
асыға қорғаймыз
Слайд №8. Венн диаграммасы.
VII. Сабақты қорытындылау.
Жабайы құстар Үй құстары

1. Жерде, құрлықта, көкте өмір сүреді. 1. Екі аяқты. 1. Қолда күтіледі.
2. Өз бетімен тіршілік етеді. 2. Қанаттары бар. 2. Алысқа ұшпайды.
3. Далада мекен етеді. 3. Балапан басады. 3. Үйде мекендейді.
4. Пайда келтіреді.
5. Көбейеді

v Бүгінгі тақырып қалай аталады?
v Бүгін сабақта не істедік?
v Қандай құстар жыл құстары, жабайы құстарға қандай құстар жатады?
v Құстарды қалай қорғаймыз?
v Қалай көмек береміз?
VIII. Үйге тапсырма беру.
1 - топ: Шығарма шағын мәтін құрастыру. «Менің қанатты достарым»
2 - топ: Сурет салып әкелу, ұя салу.(Үй маңына, ағаш)
3 - топ: Туралы сипаттама береді.
IX. Бағалау. Әр топты бағалау.
X. Қоштасу. «Құстар қайтқанда» әнімен.

 

 

қсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан.

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе.
Мұғалім: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Олай болса, тойымызды «Қара жорға» биімен ашайық.
Би «Қара жорға» оқушылар бір мезгілде билейді.

1-жүргізуші:Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.
2-жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1-жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Хор: «Наурыз той».

1-оқушы: Салт-дәстүрмен жарасса,
Жыр оқиық тамаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық жаңаша.
2-оқушы: Қыс өтіп, қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

Көрініс: «Сүйінші»
Ата-ана сүйінші туралы мағлұмат береді.
Сүйінші. Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мүшелеріне, әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі мен атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды жеткізу үшін ат ерттеп мініп, түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып, сүйінші сұрайтын болған.

Сүйіншіге хабаршы не сұраса соны берген. Ол біріншіден арнайы ат терлетіп қуанышты хабар әкелушінің еңбегін бағалау болса, екіншіден жақындықтың белгісі болып саналған. Тіпті үстіндегі киімін, сауыт-сайманын, астындағы атын да сүйінші сұраушыға сыйға тартқан мырзалар өмірде кездеседі. Бұндай салт-дәстүр көбінесе бала көрмей жүріп, ұл бала туғанда соның құрметіне жасалған.
Бала туғанда баланың әкесінен, атасынан немесе нағашы жұртынан сүйінші сұрай алдынан шыққан адам ұл болса, «Ат ұстар» деп, қыз болса «қырық жеті» деп хабарлаған.

4-оқушы: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр-аңыз.

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себепті наурыз жыл басы саналады.
Көрініс: «Шашу»
Келін түсіру тойында ауылдың әйелдері көштің алдынан шығып шашу шашады.
«Шашу» биі. Орындайтын қыздар тобы.
10-оқушы: Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.

11-оқушы: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта ағы бар,
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
12-оқушы: Наурыз жыры – Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиетінің түрлерінің бір саласы. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.

13-оқушы: Көктем келді. Күн күліп арайланды,
Шын досыңның көктемдей арай жаны.
Күліп аспан, ал дала шаттанғанда
Жылуындай көктемнің тарайды әні.
Көктем! Күн нұрын көктен төккен.
Көктем! Бақыт дәнін сепкен.
Әлемнің көктем – шалқар мерекесі,
Танытар, ырыс – құтын берекесі.
Наурызда думанын ұластырып,
Мәпелеп аялаған ел еркесі.

Киіз үй жабдықтары мен ұлттық тағамдарды таныстыру.
Наурыз бата «Наурыз көжеге» шақырғандарға, жалпы жұртшылыққа, ауылға, көпшілікке беріледі.
Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың оңға, қызың қырға қонсын!
Айың тусын солыңнан,
Жұлдызың тусын оңыңнан,
Бақ берсін, қыдыр дарысын!
1-жүргізуші: Шашу!Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат! Теріп ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір.

2-жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Ән: «Наурыз думан».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Жаным толған жақсылық»
Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- жақсылық жасаудың адами қарым - қатынастағы мәнділігін түсіндіру;
- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
- қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа,
Шаттық шеңбері
Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында үй тапсырмасын сұрау
«Мен мейірімді баламын» тақырыбында құрастырып келген әңгімелеріңді тыңдайық.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Жарайсыңдар, балалар, мен сендердің мейірімді істеріңді естіп, қуанып тұрмын. Адамға, қоршаған ортаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді.

Жақсылық жаса досыңа,
Бірге ойнаған жасыңнан.
Қиналған кезде әрқашан,
Табылсаң болды қасынан.
Болғың келсе жақсы адам,
Жақсылық жаса әрқашан
- Бүгінгі сабағымызда жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.
- Ой қозғау
- «Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесің?
- Өзің қандай жақсылық жасай аласың?
- Жақсылық жасауды қайдан үйрендің?
- «Жақсы ісің алдыңнан шығады» дегенді қалай түсінесің?
- Мұғалім толықтырады
- Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен
қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір - біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады, сыйластықтары артады.
- Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу
«Жан Ана» мәтінін әңгімелеп беру.
Сұрақ - жауап
- Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне көзқарастарың қандай?
- Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
Дәйексөз
«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»

- Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс.
Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.
Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі»
деген екен. Біреуді танымасаң да жақсылық жасау әр оқушының парызы. Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін жақсылық жайлы мақал - мәтел жаттап жүруіміз керек. Негізгі ойды тауып, өмірден мысал келтіру.
Жақсылық қылсаң - жасыр,
Жақсылық көрсең – асыр.
Өзгеге жасаған жақсылығың,

Өзіңе жасаған жақсылығың
Жақсылық жүрген жерде
Тапшылық болмайды.
Өзіммен - өзім
- Балалар ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді жақсылық жасауға асығып барамыз деп елестетіңдер. Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза су жағасында, жайқалған жасыл желек ортасында, сайраған әсем құстар, айнала асқар таулар әдемі табиғат аясында жүргендеріңді сезініңдер. Көрікті, сұлу табиғаттың, ғажап жерлердің ұзақ сақталуына өз қамқорлығыңды көрсетіп жатырсыңдар.

Шығармашылық жұмыс
Оқушыларға алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздарды үлестіріп, сол қағазға өзі жасаған жақсы істерінің суретін салып немесе жазып жеткізу.
- Жұмыстарын қорытындылау.
- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды.(тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін ілу) Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Ойын
Оқушыларды жақсылық жасауға дағдыландыру мен олардың денесін сергіту мақсатында «Ептілік пен жақсылық» атты ойын ұйымдастыру. Ең алдымен ұзындығы 5 - 6 метрге жететін жіп дайындап, оның екі ұшына да жіңішке, ұзындығы 25 - 30см таяқ байланады.. Жіптің қақ ортасын белгілеп, сол жерге басқа түсті жіп байлап қойылады. Ортаға екі бала шығады да, бір - бірінен алшақтап, жіпті кереді. Ойын бастаушы «бастаңдар» деп белгі бергенде әр ойыншы қолындағы таяқшаға жіпті тез - тез орап, әр адым аттаған сайын досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айта отырып, алға жылжи береді. Кім ортадағы белгіге дейін тез орап шықса, сол жеңімпаз деп саналады.

Үй тапсырмасы
Дәптерде берілген « Жақсылық бастауынан» тараған тармақтарға төмендегі сұрақтарға жауап жазу
1. Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?
2. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді санамалап жазыңдар.
3. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге тырысасыңдар?
Жүректен - жүрекке
Барлығымыз ортаға шаттық шеңберіне шығайық. Мына бір шумақ өлеңді қосылып айтайық және өзіміз жақсы көретін жандарға тілектерімізді білдірейік.

Оқушылар барлығы қосылып айтады.
Жақсы сөз, жақсы тілекті
Болайық ізгі ниетті
Жақсылық ойлап кісіге,
Тілейік үлкен - кішіге
- Ата - анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.
- Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
- Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.
- Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.
- Талапты достарыма табыс тілеймін.
- Сыныптастарыма амандық тілеймін.
- Отбасыма бақыт тілеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып, білімін тиянақтау.
Түрі: интеллектуалды ойын
8 - 11 сыныптардан 4 - топ қатысады. Әр топта 4 оқушыдан болады.
Сайыстың барысы:
Мұғалім:
Құрметті оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! « Көшбасшы - биолог» атты 8 – 11 сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскер топтарды таныстырып өтейін:
І - топ – «Білгірлер» тобы
ІІ - топ – «Тапқырлар» тобы

Сайыскерлер таныстырылады.
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
Әділ қазылар алқасы таныстырылады.

Мұғалім:
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды – деп сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастасақ.
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
Топтағы сайыскерлер жаңылмағын.
Уақыт деген зымырап өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.

Әр топқа ортақ 15 сұрақтан беріледі. Жылдам жауап берілген әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
І - топ – «Білгірлер» тобына берілетін сұрақтар:
1. Өсімдіктерге жасыл түс беретін пигмент қайсысы?
2. Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі?
3. Тек қайың, қарағай, шырша маңында өсетін саңырауқұлақтар?
4. Балдыр жасушасына жасыл түс береді?
5. Пенициллин антибиотигі алынатын саңырауқұлақ?
6. Жасушаны алғаш көрген кім?
7. Амебаның қозғалуы?
8. Негізгі өсімдік жүйесінің ең жоғарғы сатысы?

 

 

9. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым?
10. Төменгі сатыдағы өсімдік?
11. Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын арнайы тұтас табиғи аймақ?
12. Тек өсімдік жасушасында болатын денешік?
13. 20 - 30 метр тереңдікте өсетін балдыр?
14. Тостағанша гүлдің қай бөлігінде орналасқан?
15. Фотосинтез барысында өсімдіктерде қандай зат түзіледі?

ІІ - топ – «Тапқырлар» тобына берілетін сұрақтар:
1. Мүктерді зерттейтін ғылым?
2. Гүл дегеніміз не?
3. Туберкулез қоздырғышы?
4. Бір жасушалы саңырауқұлақ?
5. Қай балдырлар бір жасушалы?
6. Қағаз өндірісінде пайдаланылады?
7. Қарағайлы орманда өсетін қына?
8. Күлте ішінде орналасады?
9. Туберкулез қоздырғышы?
10. Бір гүлде аталық пен аналық болса, ол:
11. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы?
12. Топырақты азотты заттармен байытатын бактериялар?
13. Қыналар пішіндеріне қарай неше топқа бөлінеді?
14. Кладофора балдырын пайдаланатын өндіріс?
15. Микроскоптың препаратқа жарық түсіретін бөлімі?

ІІІ - топ – «Білгірлер» тобына берілетін сұрақтар:
1. Қоңыр балдырды ата?
2. Қай балдырлар көп жасушалы?
3. Грекше «Брион» қандай мағынаны білдіреді?
4. Тік сабақты өсімдікті тап?
5. Өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек?
6. Өсімдіктің жер асты қоректену мүшесінің ең ұшы?
7. Гүлдің ең негізің бөлімдері?
8. Тыныс алу мүшелерінің ауруына жатады?
9. Микроскоптың үлкейтетін екі шынысы бар бөлімі?
10. Өсімдікте жемістің түзілетін жері?
11. Қыналарға ең қажетті жағдай?
12. Ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар?
13. Балдыр жасушасына жасыл түс береді?
14. Ботаника зерттейді?
15. Хлорофилл орналасқан?


 

 

ІІ - топ – «Тапқырлар» тобына берілетін сұрақтар:
1. Қызыл балдырды тап?
2. Порфира балдырын қай өндірісте пайдаланады?
3. Жоғары сатыдағы өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
4. Жеуге жарамды саңырауқұлақты тап?
5. Грекше «Микос» қандай мағынаны білдіреді?
6. Аспергилл қандай саңырауқұлаққа жатады?
7. Көзге көрінбейтін ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым?
8. Грекше « бактерион» қандай мағынаны білдіреді?
9. Паразит саңырауқұлақтарды көрсет?
10. Антарктидада қынаның қанша түрі табылған?
11. Жүйенің ең кіші бірлігі?
12. Көкек зығыры деп қай мүкті атайды?
13. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратын өсімдік?
14. Тамырдың өзгерген түріне не жатады?
15. Қай өсімдікте тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кетеді?

 

ІІ кезең «Бәйге» кезеңінде әр топқа ботаника және зоология бойынша 10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 2 ұпайдан есептеледі.
«Білгірлер» тобы

1. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым: ботаника
2. Қазақстанның тұңғыш Қызыл кітабы қашан шықты? 1978 жылы
3. Қазақстанда қанша қорық бар? 10
4. Тек өсімдік жасушасына тән денешік. Пластидтер
5. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы: ұлпа
6. Жасыл эвглена ненің көмегімен қозғалады? Талшық
7. Денесі бір ғана жасушадан тұратын ағзалар: Қарапайымдар
8. Қолайсыз жағдайлардан қорғайтын қабықша. Циста
9. Бунақденелілердің денесі: Бас, көкірек, құрсақ 

10. Ұлуларды қандай ғылым зерттейді? Малакалогия

«Тапқырлар» тобы
1. Өсімдіктің өсімді мүшелері: тамыр, сабақ, жапырақ
2. Жасушаны ашқан ғалым: Р.Гук
3. Жарықта өсімдік жапырағында жүретін үдеріс: фотосинтез
4. Бір гүлде аталық пен аналықтың болуы. Қосжынысты
5. Қарашірік, шымтезек қандай тыңайтқыштарға жатады? Органикалық
6. Амеба ненің көмегімен қозғалады? Жалған аяқ
7. Шаян, өрмекші, бунақденелілердің денесіндегі су, газ өтпейтін қатты қабықша. Хитин
8.Күйіс қайыратын малдардың қарны неше бөлікті? 4
9. Өрмекшілердің денесі: Баскөкірек, құрсақ
10. Жәндіктерді қандай ғылым зерттейді? Энтомология

ІІІ кезең . «Кімнің еңбегі?». Бұл жерде ғалымдардың аты-жөнін табу керек. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай.

 

ІV кезең «Жұмбақтар» шешу. Мұнда өсімдіктер мен жәндіктер туралы жұмбақтар жасырынған. Әр дұрыс жауап үшін 3 ұпайдан беріледі.
1. Улы газ да, су да оның қорегі,
Тіршілікке қоректік зат бөледі.
Сары менен қызыл түске боялып,
Күздің ызғар суығынан өледі. (Жапырақ)

2. Тұщы су оның тұрағы,
Өзгеріп пішіні тұрады.
“Аяғының” саны көп,
Бірақ, жоқ оның “құлағы”. (Амеба)

3. Аналық та, аталық та бір гүлде
Ажырасып көрген емес, ол мүлде
Жарасымды жазылмайтын жұптары
Ондай гүлді көріп жүрміз әр күнде. (Қосжынысты)

4. Көзшесімен жарықты ол сезеді,
Талшығымен судың ішін кезеді.
Асқорыту вакуолі болмайды,
Тереңірек ойланып көр ол жайлы. (Жасыл эвглена)


5. Топырақтың арасында тұрағы,
Топыраққа құнар беріп тұрады.
Жаңбырдан соң жер бетіне шығады,
Ойланған жан оның мәнін ұғады. (Шұбалшаң)


6. Жер астында тұрағы,
Қорегін жұтып тұрады.
Сол қоректің нәрінен,
Жайқалады жапырағы. (Тамыр)

7. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен. (Пияз)

8. Жануарлардың денесінде болады,
Кейбір кезде адам қанын сорады.
Тойған кезде томпайып,
Құрсағы қанға толады. (Кене)

9. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат - қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін? (Орамжапырақ)

10. Төрт қанаты тым әдемі өрнекті,
Тоқымайды бірақ олар өрмекті.
Ұшады олар қанаттарын себелеп,
Оның аты түрлі-түсті ... (Көбелек)

V кезең “Іздеу ұйымы” . Бұл кезеңде әр топқа өсімдіктер туралы қысқаша мағлұмат берілген, ол қандай өсімдік екенін табу керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.
«Білгірлер» тобы

Маған гүлдің барлық бөліктері бекінеді. Мен гүлсағақтың жоғарғы жағының жуандаған жерімін. Пішіндерім алуан түрлі. Мен гүлдің қандай бөлігімін? (Гүлтабан)
«Тапқырлар» тобы
Бұл өсімдікті ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда өсірген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан. 200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған. Бұл өсімдікті ресейге ең алғашқы рет І Петр әкелген. Қандай өсімдік туралы айтылуда? (Картоп)
«Білгірлер» тобы
Мен екі жылдық көкөністік дақылдардың маңыздыларының бірімін. Сыртқы келбетім қабыршақты құрғақ, сары, ақ кейде күлгін түсті болып келеді. Мені шұжық өндіруде, сүрлеме жасауда, асқа дәм беретін зат есебінде пайдаланады. Аршыған кезде көзді ашытып, жылатады. Тұмау, жүрек жұмысын жақсартатын дәрі ретінде қолданылады. (Пияз)
«Тапқырлар» тобы
Мен жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақылмын. Мені дәнді ботқа, палау жасауға пайдаланады. Қайнатпам - асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Мені өсіруден дүние жүзілік рекорд жасаған Ыбырай Жақаев. Сонда мен қай өсімдікпін? (Күріш)

 

 

 

 

Мұғалім: Сонымен сайыстың қорытындысын айту үшін әділ – қазыларға сөз кезегін берсек.
Мұғалім: Заман қанша қиын - қыстау болса да,
Игі істер болып жатыр қаншама.
Үздік биолог танылған,
Жүлдегерді танытпасақ бола ма?
Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Көшбасшы - биолог» сайысы өз мәресіне жетті.
Алда әлі де биік - биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Қош келдің, әз- Наурыз!

Жарияланды 15-03-2014, 06:19 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Сыныптан тыс сабақ
«Қош келдің, әз - Наурыз!»
Ән.
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Той шашуға тойыңдар
Бұдан кейін ойын бар.
(Шашу шашылады).

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар.! Сіздерді ұлыстың ұлы күні - наурыз мерекесімен құттықтаймыз. дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.
Жүргізуші: Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мерекесіне балалар өз білімдерін көрсетпек.
Сарапшылар сайланады. Екі топ саппен ортаға шығып, саппен тұрады.
Таныс болыңыздар «Балдырған арулар» тобы. Әні «наурыз думан»

2. Таныс болыңыздар «Сал - серілер» тобы. Әні «. қазақтың байтақ елі»
«Мәнерлеп оқу сайысы».
1оқушы тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Той дабылын қағып тұрған,
Мұнда думан қауым бар

2 – оқушы: Көктем жетті көл – көсір шуақ құрып,
Қыс барады қиылып, жылап тұрып.
Шатырында үйлердің наурыз жүр,
Мұз пердесін ақпанның лақтырып.

3 – оқушы: Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,
Сұраймыз алғыс та, ақы да біз.
Үй дастарқан, думанымыз - сахнамыз
Ұлы мейрам - наурызға шақырамыз

4 – оқушы: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кенелген,
Мейрам ежелден.
Құтты болсын, наурыз!

5 – оқушы: Наурыз жырын жырлаймыз,
Онымен де тұрмаймыз.
Шыңдалып жеткен бұл күнге
Ел дәстүрін сыйлаймыз
6 - оқушы. Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзделсін бұлақ жалғасы,
Қастерлі менің халқымның
Мереке наурыз жыл басы

7 – оқушы: Түйе сеніп бойына
Қалған ұмыт жылдардан
Жатпа қарап, мойыма,
Талма именіп ділмардан.

8 – оқушы: Ашық болсаң қос қабақ,
Тас атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Ұлттық би билеу сайысы.

«Білгенге маржан»
1 «дүниеде не қымбат?»
2. « қазақта әр түрлі қонақ болады.» Аттарын ата.
3. « дүниеде не тәтті?.»
4 «дүниеде не жетім?»

«Қазақтың тыйым сөзі - тәрбие көзі»
Қазақтың ырымдары мен тыйым сөздерін айту сайысы.
1 топ «Балдырған арулар» 3 тыйым сөз айту.
2 топ «Сал - серілер» 3 тыйым сөз айту.
«Балдырған арулар» тобына Қазақта 7 мен 3 саны киелі, қасиетті сан болып табылады. соларды ата.
«Сал - серілер» тобына - 3 арсыз, 3 - алысты айту.

«Ойнайық та ойлайық» сұрақ – жауап.
«Балдырған арулар» тобына
1 Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
2. Наурыз көже қалай жасалады.?
3. Ұлттық тағамдарды атап шық.
4. қой малын жасына қарай атап шық.

«Сал - серілер» тобына
1 ұлттық ойындарды ата?
2 Қойды бағатын жаятын кісіні кім деп атайды.?
3. түйе сүтінен не жасалады?.
4. қазақтың жаңа жылы қашан?
5. Қазақта қандай ұлттық ойындарын білесің?

«Шынықсаң шымыр боласың»
1. асық ату.
2. қол күрес
3. арқан тарту.
«Аталы ел - баталы ел» әр топ өздерінің жаттап келген баталарын айту.
«Сал – серілер» тобының батасы.
Ниеттеріңіз ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын
Шаштарыңның санындай.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз
Тұнық болсын суымыз. Әумин!

Кері қайту

22 наурыз мерекесіне арналған сценарий – 3

 

Мектеп оқушыларына арналған Наурыз мерекесі қарсаңындағы концерттік бағдарламаның сценариі.

1-жүргізуші:

Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

2- жүргізуші:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады). («Қош келдің, Жаңа жылым!» әні орындалады)

2- жүргізуші:

Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:

1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

Дәл осы кезде төмендегі видеоларды интерактивті тақтаға қою керек:

 

ейрамы (Қош келдің, әз Наурыз!)
Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз! 
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Наурыз - 2012» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.

1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Хор: «Наурыз той»

Ая: Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

Жазира: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.

Айжан: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

1 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.
1 – жұп: Дильназ бен Арсен
2 – жұп: Бержан мен Гүлжан
3 – жұп: Меруерт пен Айдын

1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.
1 – бөлім: «Кел, танысайық»,2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық», 3 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер», 4 - бөлім: «Мені жалғастыр», 5 – бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».
2 - жүргізуші: Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.

Нұрдос: Ақпан кетті араз боп Наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Назгүл: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

1 - жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп «Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

2 - жүргізуші: Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.
1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см)
3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су)
4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)
5 – сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты түрлері бар.)
6 – сұрақ: Жұмбақ
Ағаштардың көсемі
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау өлкені,
Кәусар ауа жұтады. (Шырша)

Альбина: Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.

Берекет: Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән: «Аққуым менің» Орындайтын Оразбаева Ая.

1 - жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)

Ақмерей: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.

Аркен: Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.

Ақниет: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз.

2 - жүргізуші: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады.
Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.
1) Әдепті бала – арлы бала,
.............................................

Өлеңді жалғастыр
................. тоңбаймын,
.................. қорғаймын.
Ойынға бір. ..................
Секеңдеуді . ....................

2) Таулы жер бұлақсыз болмас,
...................................................
Өлеңді жалғастыр.
..................... сайрайды,
..................... жайнайды.
...................... құлпырып,
....................... сыйлайды.
3) Бір тал кессең -. .........................
Өлеңді жалғастыр.
................. атпаймыз,
................. сатпаймыз.
.................. қорғаймыз,
................. ақтаймыз.

1 - жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.

2 - жүргізуші: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.

1 - жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.

2 - жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Хормен: Наурыз!
1 - жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!

2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі.

2-жүргізуші: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.

1-жүргізуші:

Құтты болсын әр күнің,

Сыйла, бақыт баршаға.

Сәбидің әсем шат үнін

Тыңдат абзал анаға.

Наурыз – достық,

Наурыз – күн.

Барша халық бірлігі.

Тағы келді ұлыс күн.

Жалғасып ғалам тірлігі. (Осы жерде «Көрісу» дәстүрі сахналанады). Артынан күй тартылады.

2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше тақтаға назар аударыңыздар(интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі):

«Қамажай» биі биленеді.

1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан қазылар тағайындалады).

1. Асық ойынынан жарыс

2. Арқан тартыстан жарыс

3. Қол күрестен жарыс

4. Наурыз көже ішуден жарыс.

Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. "Алға, қазақ жігіттері" әні орындалады.

2-жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы!

Кезекті қазақша күйге берейік.

Ән-шашу. «Наурыз думан» әні орындалады.

1-жүргізуші: Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

2 -жүргізуші:

Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

(Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз көже таратылады)

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

 

Тақырыбы: Болымды  және болымсыз етістік

Мақсаты:1. Болымды және болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын, мағынасын  меңгерту. Етістік туралы білімді тереңдету.

                  2. Сөздік қорын, тілін дамыту.Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, танымдық-ізденушілік әрекетін белсендіру.

                 3. Әдептілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, ұлттық мәдениетті бағалауға тәрбиелеу.

Әдісі: үш өлшемді  әдістемелік жүйе (ҮӘЖ ) технологиясы, талдау, жинақтау, тірек сызба арқылы оқыту, рефлексия, көрнекілік,топтау.

Көрнекілігі: тірек сызба, деңгейлік тапсырмалар

Сабақ барысы

I кезең

Мотивациялық-  бағдарлау кезеңі ( Ұйымдастыру кезеңі)

Балалар, қазір қай мезгіл?

Ана тілі пәнінен оқыған «Көктем сәні» мәтінін еске түсірейік, сонда көктем сәні нелер деп аңдар айтты?

Неліктен  көктем сәнінің бірі – шуақты күн деп ойлайсыңдар?

Барлықтарыңызға күндей шуақты көңіл күй тілеймін.

 

Сонымен Күн не істейтінін сызбаға түсірейікші

 

ерітеді                                 тірілтеді

жылытады                          қарайды

төгеді                                 жандандырады

 

Осы сөздерге сұрақ қояйықшы, нені білдіреді, ендеше қандай сөз табына жатады?

Етістік туралы анықтаманы қысқаша сызбаға түсірейік?

Не  істеді? Не қылды? Қайтті?

Заттың қимылы

Етістік

«Тірек мәтін» техникасы бойынша етістік түрлерін сызбаға түсіру:

 

дара                                     негізгі

күрделі          етістік           туынды

 

Сабақ тақырыбын, міндетін хабарлау 

 

Үй тапсырмасын тексеру

Деңгейлік тапсырмалар бойынша нәтижесін талқылап, ашық журналға баға қою

26-жаттығудың орындалысын тексеру

Етістік сөзінен баспалдақ жасау 3 қатар өз баспалдағын құрады:

 

Е

 

 

Т

 

 

 

І

 

 

 

 

С

 

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

І

 

 

 

 

 

 

 

К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II кезең  Синтетикалық бөлім (Операциялық –орындаушылық кезең)

а) Өз бетімен тақырыпты меңгеру.

28- жаттығу

 Етістіктерді салыстыру, мағынасындағы өзгешелікті тапқызу, қосымшалы етістікті сөз құрамына талдап, болымсыз етістіктердің жасалуы туралы қорытынды тұжырымдату

29- жаттығу

 Сөйлемдерді көшіріп жазу, болымсыз етістіктерді сөз құрамына талдап, жасалу жолын сызбаға түсірту.


 

б) Жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

30- жаттығу. (Ауызша жұппен жұмыс)

 Берілген етістіктерге сұрақ қойып, болымды екенін дәлелдеу, жұрнақ жалғап болымсыз етістік құрастыру

Көру диктанты (31- жаттығу)

Мақалдарды жатқа жазу, болымды, болымсыз етістіктердің астын сызу, сөз құрамына талдау.

1-нұсқа 1-мақал                        2-нұсқа 2-мақалды

Атаңның баласы болма,           Киіміңе мақтанба,

Адамның баласы бол.               Біліміңе мақтан.  

Терме диктант (32-жаттығу) Қазақтың тыйым сөздерін оқып, етістіктерді табу, олардың болымды, болымсыз екенін ажырату

 

III кезең   Нәтижеге бағытталған кезең

Өзіндік жұмыс (деңгейлік тапсырмаларды орындау, ашық журнал парағын толтыру)

1-деңгей

Семантикалық картаны толтыр:


Етістік

Болымды етістік

Болымсыз етістік

жинады

 

 

есептемеді

 

 

дірілдейді

 

 

сыбырлады

 

 

азаймайды

 

 

сескенбе

 

 

кіріп келді

 

 

оятты

 

 

қақпа

 

 

тазалама

 

 

 

 

Етістік

Болымды етістік

Болымсыз етістік

тігеді

 

 

қорықпайды

 

 

көтермеді

 

 

қозғалды

 

 

көбеймейді

 

 

жасырын

 

 

жүгіріп барды

 

 

күзетпеді

 

 

шақпа

 

 

ұялма

 

 

 


2-деңгей  Сызба бойынша сөзді түрлендір:

Түбір сөз            болымды етістік                болымсыз етістік

Ой- __________________________________________________________________________

Көркем-______________________________________________________________________

Тегіс--________________________________________________________________________

Тұз -_________________________________________________________________________

 

3-деңгей  Болымсыз етістік пен сұраулы сөйлемді салыстыр,  қорытынды жаса

Үйілген сұр төбешік күл ме?

Досыңды мұқатып күлме.

Көліктен секіріп түспе.

Жылтыраған қызыл түс пе?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

  Y. Рефлексиялық – бағалау кезеңі

 «Тірек мәтін» техникасы бойынша етістік түрлерін сызбасын толықтыру

дара                                     негізгі

күрделі          етістік           туынды

      

        болымды              болымсыз

 «Ара ұясы» техникасы

(жаңа тақырып бойынша жұптасып, «Қайсысы артық?» ойыны негізінде 2 сұрақтан дайындау)

Үйге  тапсырма:  33, 34 - жаттығу

Бағалау

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі құпиясы курсынан сабақ жоспары 4-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 964 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2016 1094
    • DOCX 86.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шойынбаева Нургуль Наурызбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7275
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 523 человека

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе